Жаңалықтар
Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылармен сұхбаттасты |
Еліміздің сайлау жүйесін жаңа өзгерістер күтіп тұр. Осыған орай ең алдымен жұртшылықтың саяси сауаттылығын, белсенділігін арттыру қажет. Себебі, қоғамдағы саяси мәселелерге немқұрайлы қарайтын жұртшылық дауыс беру процесіне қатыспайтын болған. Мұндай мәліметті аудан тұрғындарымен кездесу өткізген Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан ӘБДІРОВ айтты. Көшпелі топ алдымен Мұқыры ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, жақында сайланған ауыл әкімінің жұмыс барысымен танысты. Жергілікті халықтың сайлауға деген көзқарастарын біліп, толғандырған сұрақтарын, ұсыныс - пікірлерін тыңдады. Ауылға әкім болып сайланған Жандос Жұмағұлов- халықтың өз таңдауын жасап, сайлаған әкімі. Сондықтан да болар, халық пен әкімнің арасында жақсы қарым-қатынас орнаған. Ауыл азаматтарының атынан сөз алған Мұқыры ауылының тұрғыны Күрішбай ағамыз сайлаудың әділ өткенін, өздері сайлаған әкім Жандос Елтайұлына көңілдері толатындықтарын жеткізді. Тек жергілікті бюджетке көбірек ақша бөлінсе, көптеген шаруалард... |
Толығырақ... Оқылды: 2838 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2022 |
Қоғамдық кеңесте қабылдау өтті |
Аптаның сейсенбісінде облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Ерғазы Қошамбеков кеңес мүшелерімен, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Орынхан Нұртаевтың қатысуымен мәслихаттың кіші залында көшпелі отырыс жиынын өткізді. Жиынның басталғаны сол еді қатты дауыл соғып, электр жарығы өшіп қалды. «Бұл біздің емес, сіздер жақтың дауылы» деп жиынды бастаған төраға қоғамдық кеңес мүшелерімен таныстырып, қабылдауға жазылған азаматтардың мәселелерін тыңдады. Балпық би ауылының тұрғыны Абильмажин Байсуанов Қоғамдық кеңес төрағасына зейнетақысының тағайындалуын қайта қарауды сұрады. Бар ғұмырын ауданда мемлекеттік қызметке арнаған азаматтың бейнетінің зейнетін көрем ғой деген шағында талай жылғы еңбек өтілінің есепке алынбай, керісінше ең төменгі зейнетақы мөлшерлемесімен тағайындалғаны дұрыс емес екенін дәлелдеуге сол қырық жылдан кейінгі өмірін арнаған бармаған есік, соттаспаған заң органдары қалмаған. Алайда нәтиже жоқ. Құрамы қайта жаңартылған қоғамдық кеңес әділеттілікті анықтап, тиісті ш... |
Толығырақ... Оқылды: 709 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2022 |
Ауданды дамытуға нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды |
Ауыл - ел бесігі. Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстан қалыптастырудағы бір тармағы әртүрлі деңгейдегі әкімдерге халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, көшпелі жиындар өткізуді аса жауапкершілікпен тапсырған еді. Биылғы жылы жаңа форматта басталған әкімдер есебі де өзгеше. Наурыз айының 30-ы күні Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Көксу ауданына арнайы іс-сапармен келді. Өңір басшысы алдымен облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев пен аудан әкімі Алмас Әділмен аудандағы бірқатар нысандарды аралап, түстен кейін жергілікті тұрғындар алдында есеп берді. Аймақ басшысы бірінші аудан орталығы Балпық би ауылындағы халыққа қызмет көрсету орталығына бас сұқты. Орталық ескі ғимаратта орын тепкен. Шағын ғана ғимарат аудандағы 40 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетуге таршылық етуде. Оның үстіне тозығы да жеткен. Осыған орай жаңа ғимарат салу мәселесі көлденеңдеп тұр. Ол үшін орталық жанында бос орын да бар. Бұл мәселемен жете танысқан Қанат Алдабергенұлы жаңа ғимарат салынатын орынды көрі... |
Толығырақ... Оқылды: 691 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2022 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ" |
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» Қымбатты отандастар! Қадірлі қауым! Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Баршаңызға мәлім, былтыр егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда 30 жыл тым көп уақыт емес. Халқымыз Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен осы кезеңде ауқымды жұмыс атқарды, көптеген табыстарға қол жеткізді. Алайда, береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. Қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті. Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендігімізге зор қауіп төнді. Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, т... |
Толығырақ... Оқылды: 2362 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2022 |
Президент Жолдауы - 2022 |
Президент: «Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік» ⚡ Мемлекет басшысы: «Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық» ⚡ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен қашанда бәрін ашық айтып жүрмін. Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым. Кешегі қатерлі күндерде Мемлекет басшысы ретінде халыққа арнап бірнеше үндеу жасадым» ⚡ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал тура... |
Толығырақ... Оқылды: 2324 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2022 |
Күрделі мәселелер көтерілді |
Мәжіліс депутаттары ел аралап жүр. Көксу ауданының халқымен жүздесіп, өңірдің бүгінгі жағдайын білмекке ақпанның 21-і күні Парламент мәжілісінің депутаты Данияр Алимбаев жұмыс сапарымен арнайы келді. Алдымен халық қалаулысы «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы ғимаратында аудан тұрғындарымен кездесті. Қоғамдық қабылдауға аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, облыстық мәслихат депутаты Секенбай Шеңгелбаев қатысты. Азаматтарды қабылдауда төмендегідей мәселелер көтерілді: Мәмбет ауылының тұрғыны Алыбай Базаралин көкейкесті екі сауалын жолдады. Бірінші, «Қасіретті қаңтар» оқиғасында бейбіт шеруге шығып, жазықсыз қамалған азаматтардың ісін заң аясында қарастырып, әділеттілік танытуға, жазықсыздарды босатуға ықпал етуін сұрады. Екіншісі, Мәмбет ауылындағы өзі негізін қалаған «Үлгілі балалар» халық оркестріне 2 штат бөлуді сұрады. Келесі ретте, «Көксу Қайнар» шаруа қожалығының жетекшісі Әшімхан Оразбаев шаруа қожалықтарының күрд... |
Толығырақ... Оқылды: 3333 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2022 |
Аудандағы секторлар жұмысын қайта бастады |
Алматы облысында Талдықорған қаласының автоХҚО-ғы және аудандағы секторлар жұмысын қайта бастады Бүгін, 17 қаңтардан бастап Алматы облысының мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей бастады. Жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында). Мемлекеттік қызметтердің 80% -дан астамын онлайн алуға, сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламыз. АвтоХҚО-ларда кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес береміз |
Толығырақ... Оқылды: 5088 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.01.2022 |
Алматы облысының ХҚО-лары жұмыс істей бастады |
Алматы облысының ХҚО-лары жұмыс істей бастады Алматы облысының ХҚО-лары 12 қаңтардан қызмет көрсете бастады. Клиенттерге барлық мемлекеттік қызмет қолжетімді. ХҚО-лардың жұмыс кестесі дүйсенбі жұма аралығында сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін үзіліссіз. Әзірге облыс бойынша барлық мамандандырылған ХҚО-лар жұмысы тоқтап тұр. Сонымен қатар автоқызметтердің қайта көрсетіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады. |
Толығырақ... Оқылды: 5269 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.01.2022 |
Бала күтімі бойынша жәрдемақыны қалай онлайн алуға болады |
Бала күтімі бойынша жәрдемақыны қалай онлайн алуға болады. Әрине, бала дүниеге келгеннен кейін аналардың бос уақыты болмайды. Мемлекет тарапынан бала күтімі үшін бір реттік жәрдемақы төленетінін ұмытпаңыз. Соңғысын Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бірнеше минут ішінде ресімдеуге болады. Төменде толық нұсқаулық көрсетілген:⠀ ⠀ 1. Egov.kz порталына кіріңіз⠀ 2. Іздеу батырмасы арқылы «Баланы бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау» қызметін табыңыз⠀ 3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз⠀ 4. Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз⠀ 5. Өтінімде жеке шот нөмірін (IBAN) көрсетіңіз⠀ ⠀ Ескерту: Дербес шот өтініш берушінің атына ашылуы тиіс.⠀ ⠀ 6. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламамен танысыңыз.⠀ ⠀ Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келіп түседі. |
Толығырақ... Оқылды: 7831 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2021 |
ХҚО-ға бармай-ақ, ЭЦҚ қалай алуға болады? |
ХҚО-ға бармай-ақ, ЭЦҚ қалай алуға болады? Оңай! Қандай да бір анықтамаларды алу үшін бұрын ХҚО-ға бару керек болатын. Бірақ қазір бұл қажет емес, барлығын ЭЦҚ көмегімен онлайн алуға болады. Бұл қысқа нұсқаулық сізге ЭЦҚ-ны бірнеше минут ішінде алуға көмектеседі: 1. eGov.kz-те «Сервистер» санатында «ЭЦҚ қашықтықтан алу» бөлімін таңдаңыз 2. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз 3. «Жеке куәлік» таңдаңыз 4. ЖСН енгізіңіз 5. телефон нөмірін көрсетіңіз және веб-камера арқылы жеке тұлғанызды сәйкестендіріңіз 6. ЭЦҚ сақтау үшін папканы таңдаңыз 7. Парольді орнатыңыз 8. ЭЦҚ қолдануға дайын Маңызды! Осы қадамдарды орындамас бұрын компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз және веб-камераға қосылуын тексеріңіз. |
Толығырақ... Оқылды: 7793 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2021 |