Жаңалықтар
Талап бұзғандар бар ма? |
Көксуда «күнде жиын, күнде рейд». Иә, мобильді топ санитарлық талаптардың қадағалануын әлі де бақылап жүр. Қуанарлығы, ереже бұзушылар күн санап азайып келеді. Тұрғындар айыппұл төлеп шаршады ма әлде расымен індеттің жүріп жатқанына көз жеткізді ме, ол жағы беймәлім. Әйтеуір айыппұл мөлшері азайып келеді. Осыған дейін санитарлық талап сақтауда салғырттықтарымен өңірге танылған «Самал» дүкені жұртты бұл жолы таңғалдырды. Барлық талаптар сақталған. 7 шілде күні мониторингтік топ 270 нысанды аралап, тексеріп қайтты. Бірақ талап бұзған тұрғындарды ұстай алмады. Себебі бәрі бетперделерін тағып, арақашықтықты сақтап жүрген көрінеді. Балпық би ауылының төменгі бөлігінде де сол жағдай. Ал Айнабұлақ, Алғабас, Қабылиса ауылдары жайлы жақ ашпасақ та болады. Себебі аты аталған ауылдарда осыған дейін де талап бұзушылар жоқ болған. Рейд қорытындысын көріп, бір қуанып қалыңыздар. Егер дәл осылай қайталана берсе, індеттің де беті қайтары анық. Ай... |
Толығырақ... Оқылды: 898 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Жазғы демалыс өз мәресіне жетті |
Мұқаншы ауылдық округіне қарасты «Қарлығаш» балалардың демалыс және дамыту орталығы биылғы жазғы лагерді өз деңгейінде ұйымдастырды. Жаз басталса болды мектеп оқушыларының асыға күтетін қуаныштарының бірі жазғы лагерь. Биыл карантин жағдайында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып лагерь ауданның балаларын жазғы демалысқа қабылдады. Бұл 4 ауысымда демалған 300-ге жуық бала үшін ажырамас достықтың, жаңа таныстықтың, ойын-сауық пен жарқын балалықпен қайта қауышудың ұмытылмас оқиғасы болды десек артық айтқандық емес. Биыл еліміз үшін пандемиямен күресудің екінші жылы болғандықтан, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалған шектеу шаралары білім саласына да өз зардабын тигізбей қоймады. Аудандағы мектептер бала саны мен орналасуына байланысты бірі онлайн оқыса, келесілері қашықтықтан оқуға мәжбүр болды. Сәйкесінше ойын-сауықтар, спорттық, мәдени іс-шаралар тоқтатылып, мектеп бітіру кештері де онлайн өткізілді. Бұл жағдайлар оқушылардың көп уақытын үйде және интернетте өтуіне... |
Толығырақ... Оқылды: 875 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Ауырып төсекке таңылғандар - той тойлап, сабылғандар |
Күн сайын құбылған көрсеткіш. Біресе «сарғайып» сары уайымға салған, артынша «қызарып» құтымызды қашырған аймақтардың түстері. Адамдардың санасын көрінбейтін «жаудың» үрейі билеп алғандай. Сіз бәлкім оны сезбеуіңіз де мүмкін алайда, байқайсыз ба, күлкінің өзі күңіреніп шығатын секілді. Бір мазасыздық бар. Әйтеуір, ала-құла күйбең тіршілік. Бір отбасы ет жақынынан айырылып қара жамылса, керісінше келесі бір шаңырақ шаттықтан шадыман күй кешіп, әлі де алаңсыз қалпы тойға шақыру таратып шапқылап жүр. «Тапқанымыз тойға шашылсын», «Шақырған жерден қалма» дейтін қазақы бейқамдығымыз бен «бармасаң, ұят болады» дейтін жалған көңіл вирустың таралуын күшейткенін мойындағымыз келмейді. Қаншама адам ажал құшып, қаншасы аурухана төсегінде дәрменсіз күйде жатса да, бізді тоқтата алатын түрі жоқ. Неге?! «Қой» деп шектеу қойған сайын қасарыса түсетініміз қалай?! «Барма» деген сайын сабылып, шабылуымызды қо... |
Толығырақ... Оқылды: 874 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 14.08.2021 |
Қыстың қамын жаз ойла |
Мал шаруашылығы – халқымыз үшін азық-түлік пен ішіп-жемді қамтамасыз ететін негізгі тіршілік көзі. Дана халқымыз «Қыстың қамын жаз ойла» деп бекер айтпаған. Бұл - төрт-түлік малдың қамымен көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздың отырықшылдыққа көшкен кездегі даналығы, қыс мезгіліне дайындықты жазда жаса, мал азығын дайындап ал деген нақыл сөзі. Қытымыр қысқа қамданып алғанды жөн көретін шаруалар көктем мезгілінде егін салып, жайдары жаз ортасынан ауғанда малдың жемшөбін жинауға кіріседі. Қазіргі таңда Алғабас ауылдық округінде 1080 жылқы, 2500 ірі қара, 12000 ұсақ мал өсірілуде. Мінсең көлік, саусаң сүт, жесең азық болып табылатын төрт-түлікті қысқы жемшөппен қамту оңай шаруа емес. Бірақ қолында қайраты бар, еңбексүйгіш округ шаруалары тың алқаптарды игеру мен мал азығын дайындауға белсене кіріскен. 507 гектардан көп жылдық шөп, 490 гектардан бір жылдық шөп, жалпы 997 гектардан шөп шабылуда. Ал жем әзірлеу бойынша 997 гектардан жаздық, 590 гектардан күздік арпа мен бид... |
Толығырақ... Оқылды: 993 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Тәуелсіздік бәрінен қымбат |
Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл! Халқымыз сан ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен ел болдық! Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Тәуелсіздік бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең.Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Қазақстан Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара, дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. 1991 жылы 16 желтоқсанда әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Қазіргі таңда өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді елміз! Ең алғаш тәуелсіздікті мойындаған түбі бір Түркия елі.Тек бір ғана емес, барша әлем е... |
Толығырақ... Оқылды: 898 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Кітапхана - руханият ордасы |
«ХХІ» ғасыр білім мен ғылымның ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана» Н.Назарбаев Қазіргі кезеңде мәдениет саласы адамдардың өскелең талабын қанағаттандыруға, рухани байлығын, жалпы қабілетін дамытуға, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруға тиісті болса, бұл міндеттерді іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше. Қазақстанда кітапхана ісінің дамуы еліміздегі мәдени құрылыстың жарқын беттері болып табылады. Көксу ауданы әкімінің аудандық кітапханасы аудандық мәдениет үйінде орналасқан. Орталық кітапхана 1944 жылдан бері жұмыс жасайды. 1998 жылға дейін орталықтанған кітапхана жүйесінің басқарушы орталығы болып келді. Ол кезде ауданымызда 41 кітапхана болды. 1998 жылы ауылдық кітапханалар мен мен орталық кітапханалар бөлімдері қысқарды. Әр жылдары ауданымыздың кітапхана саласында В.Савченко, Ғ.Серкенова, М.Абдухаирова, Қ.Жақсылықова, Е.Сташкова, Е.Журавлева, С. Белашова, А.Бөлегенова, К.Күнчаева, К.Еселбаева, Қ.Жақсыбаева,А.Баймұратов... |
Толығырақ... Оқылды: 810 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Қастерлі ұғым |
Тәуелсіздік. Әр адамның, әр халықтың көздейтіні – еркіндік, азаттық. Сондықтан да әрбір қазақ үшін тәуелсіздіктен асқан қастерлі ұғым жоқ. Биыл тәуелсіздікке- 30 жыл. Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін ең алдымен өзіміздің ата- бабаларымыздан мирас болып келе жатқан салт– дәстүрімізді, шұрайлы тіліміз бен мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтай отырып, өскелең ұрпақты осы асыл қазынамыз арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеу кезек күттірмес міндеттердің бірі. Өскелең ұрпақтың азаматтық тектілігін қалыптастыру мақсатында оларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, отбасылық құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу басты парызымыз болып санлады. Тәуелсіздік алған жыдардан бері жыл сайын облыс, республика бойынша мерейлі отбасы байқауы өткізііп, жүлдеге ие болғандар қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталып келеді. Байқауға қатынасушылар отбасы саны жылдан жылға көбейіп келеді. Бұл кеңестік империя тұсында болмаған жағдай еді. Дінге қарсы атейстік тәрбие деген ж... |
Толығырақ... Оқылды: 811 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 14.08.2021 |
Спорт - денсаулық кепілі |
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауын мұқият тыңдап, ұжымда талқылау, біз үшін, дәстүрге айналған. Соңғы мемлекет басшысының жолдаудың ерекшелігі - даму жолындағы мақсат-міндеттердің барлық сала бойынша нақты айқындалуы. Әсіресе спорт саласындағы мақсаттар мен орындалатын жұмыстар нақтыланып берілді. Біздің мақсатымыз осы бағытта тынбай еңбек ету болып табылады. Қазір әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Сондықтан әр маман өз саласындағы жетістіктерді саралап, өзін-өзі қамшылап, заман талабына сай жаңаны үйренуге тырысып жүруі керек. Спорт құрылымдарының көптеп салынуы аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануына және облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда спортшыларымыздың көк туымызды желбіретіп, жеңіске жетулеріне жақсы мүмкіндік туғызады. Елбасының сенім артып «Жастар – ел болашағы» деп жариялап жатқанына қуаныштымыз. Елбасының сенімін ақтап, еліміздің өркендеп өсуіне сүбелі үлес қосамыз деп сенім білдіргім келе... |
Толығырақ... Оқылды: 857 Санат: СПОРТ Уақыты: 14.08.2021 |
Алаш азаттығының арысы |
Исатай Тайманұлының туғанына 230 жыл Дархан даланың төсінде тұяғы тасты уатқан тұлпарды тақымдап, ұлтының азаттығы үшін отқа түскен асыл ерлер аз емес. Сан ғасырлық тарихымызға көз жүгіртсек, халқын аңсаған арманына жеткізуге талпынған талай тұлға алдыңнан атойлап шығады. Есімі елдің есінде жаңғырған баһадүр батырымыздың бірі һәм бірегейі – Исатай Тайманұлының туғанына биыл 230 жыл толып отыр. 1838 жылы Ақбұлақ өзенінің жағасындағы патша әскерімен болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан Исатай батырдың жерленген жері – Ақтөбе облысы Қобда ауданының аумағындағы Шейітсай қорымы. Бұл дерек төңірегінде талай даудың болғаны рас. Алайда, елге белгілі тарихшылар, исатайтанушы ғалымдар мен сөз зергерлерінің соңғы пайымына сүйенсек, Исатай батырдың жерленген жері Шейітсай екені даусыз. Тарихи деректер де осыны құптайды. 2014 жылдың 20 қарашасында Исатай батыр мен ұлы Оспанға алыстан менмұндалап көрініп тұратын ақкүмбез кесене бой көтерді. «Өлгеніміз тірілді, өшкенімі... |
Толығырақ... Оқылды: 848 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 14.08.2021 |
Балаларға да паспорт қажет |
Емізіктер, памперстер, сылдырмақтар – бұның барлығы жас ата-анаға кішкентай баласымен саяхаттау үшін толық қажетті тізім емес. Ең маңыздысы, саяхатты алдын-ала жоспарлау. Әлбетте, балаларға да паспорт қажет, ал оны алу оңай. Сәбиіңізбен бірге ХҚО-ға бірінші рет барғанда төмендегі құжаттар болуы қажет: - туу туралы куәлік - ата-анасының біреуінің жеке куәлігі - 8 АЕК көлемінде паспорт үшін мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек Ата-аналардың бірінің болуы міндетті. Ал егер олардың біреуінің басқа азаматтығы болса, баланың ҚР азаматының паспортын алуға нотариалды куәландырылған өтініш-келісімі қажет. Сондай-ақ, еліміздің ХҚО-лары азаматтарды алдын ала брондау бойынша қабылдайды, сондықтан істерді алдын ала жоспарлаңыз. Жақындарыңыз бен өзіңізге сақ болыңыз! |
Толығырақ... Оқылды: 1285 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.08.2021 |