Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті |
Мен Абдрұзақ Айнұр неліктен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін таңдадым? ҚазҰУ еліміздегі және Орталық Азиядағы ең мықты және ең үлкен оқу орны болып табылады.Себебі, университетте жоғары дәрежелі ұстаздар білім береді. Нақты айтсақ, онда 1000 нан астам ғылым докторлары мен кандидаттары, 100 академик пен 50 философия докторлары жұмыс істейді. Қазіргі таңда уиверситетте 16 факультет, 32 ғылыми зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк пен әскери кафедра бар. Оқу орны 86 мамандық даярлап шығарады. Оқу орнының беделін көтеретін жетістіктері көп, оның бірі осы 2021 жылғы QS World University Rankings жаһандық рейтингісінде 800 университтердің ішінен 165-ші орынға көтерілуі. Университте студенттің өмірін қызықты әрі тиімді өткізуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Орта Азиядағы ең үлкен кітапхана, Интернет орталығы, Студенттер сарайы, Спорт кешені, кинотеатр, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Фуд-корт. Ия, ия, осының барлығы Әл-Фараби университетінд... |
Толығырақ... Оқылды: 1216 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2021 |
Қазақстанда медициналық ұйымын еркін таңдау науқаны жалғасып жатыр. |
Қазақстанда медициналық ұйымын еркін таңдау науқаны жалғасып жатыр. Ол үшін жеке куәлік қана керек. Ал жеңілдігі бар азаматтар үшін мәртебесін растайтын құжат (зейнетақы куәлігі, қорғаншылық құжаттар, туу туралы куәлік және т.б.) болса жеткілікті. Емханаға тіркелу үшін келесі үш тәсілдің бірін пайдалана аласыз: 1. медициналық ұйымға тікелей жүгіну; 2. egov.kz порталы арқылы; 3. ХҚО-ға келіп өтініш беру арқылы. Әрине, мұны egov.kz порталында жасау оңайырақ, әрі жедел. Электронды порталда авторизациядан өткен соң, басты беттегі «Денсаулық сақтау» бөлімінен қызметтің атауын табасыз. Ары қарай қызметке онлайн тапсырыс берңп, ЭЦҚ-мен қол қоясыз. Жауап жеке кабинетіңізге бір күнде келіп түседі. Емханаға еркін тіркелу 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында жүргізіледі. Қызмет тегін көрсетіледі. |
Толығырақ... Оқылды: 2033 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2021 |
Әлеует жүгін арқалаған әлеуметтік сала |
Мүмкіндігін тағдыр тарылтқан жандардың көңілін аулау - кімнің болса да кісілік парызы. Бұл ретте, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің рөлі ерекше. Олар жан жылуын сыйлап, шамаларынша кез келген жәрдемін жасайды. Сондықтан, көмекке мұқтаж жандар мен әлеуметтік сала өкілдерінің өзара байланысы да бекем, мерекелері де мазмұндас. Жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтеді. Əлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда қоғамда болып жат¬қан оқиғалардың дені осы əлеуметтік мəселе төңірегінде туындап жататыны шындық. Əсіресе, «əлеуметтік» ұғымымен қорғау, көмек, қызмет, оңалту, ортаға əсер ету, қамсыздандыру, паналау орны, диагноз, қолдау, педагогика, қызметкер секілді қатарлас қолдан¬ылатын тіркестер құлବғымыз¬ға сіңісті болып кетті. Десек¬ те,¬ бұлардың бəрінің астарында қоғам өмір¬інде болып жат¬қан мəселелерге атүс¬ті қарамай, мем¬лекет... |
Толығырақ... Оқылды: 1509 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2021 |
АТА-АНАНЫҢ БАЛАҒА БЕРЕР ЕҢ ЖАҚСЫ СЫЙЫ - ТӘРБИЕ |
«Ел болам десең, бесігіңді түзе», дейді ұлы Мұхаң (М.Әуезов). Осы орайда еске түсетін жайт, халқымыз ежелден бала тәрбиесіне көңіл бөлген, болмысынан бекзат, тумысынан текті халық. Осы тектіліктің түп негізінде ұрпақ тәрбиесі, яғни ұлттық тәрбие деген ұғым жатқаны ойға оралады. Бұл ұғым да біз үшін аса қасиетті де қастерлі. Өйткені, біздің ұрпақтарымыз – ата салт-дәстүрмен сусындаған, осы ұлттың тәрбиесімен жетіліп, туған тілімен санасы оянған азаматтар. Халқымыздың қанында жер жүзіндегі басқа халықтарда сирек кездесетін теңдесі жоқ адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, қонақжайлылық сияқты адами қасиеттер басым екендігі даусыз. Ерте кезден-ақ әрбір халық балаға тәрбиені оның бесікте жатқан кезінен бастап, халықтық жырлар мен әңгіме, ертегілер арқылы бере бастаған. Олар өскен соң, қоршаған ортаның ішкі құпиясын ғылым жолымен сезініп білмесе де, жапан дала, құла түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап бағыт алып, адаспай кете беретін болған. Жастайын... |
Толығырақ... Оқылды: 1502 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2021 |
Тәуелсіздік-тірегім |
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Тәуелсіздік-тірегім” атты онлайн концерт өтті. |
Толығырақ... Оқылды: 1601 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.10.2021 |
Қазыналы қарттарға құрмет |
«Қариясы бар ел - қазыналы ел» демекші, қарттардың ақыл-парасаттылығына кейінгі ұрпақ– біз әрдайым мұқтажбыз. Қарт дегеніміз– ағып жатқан дария іспетті. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қариялардың да білетіні соңдай терең. Соғыс жылдарында ата-бабаларымыз сонау ел басына қиын-қыстау күн туып, «ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» аласапыран заманда халқының тыныш өмір сүруі үшін қасық қаны қалғанша ел қорғаған. Ал бүгінгі қарияларымыз сол батырлықты, отаншылдықты ту еткен, елі үшін аянбаған ардагерлеріміздің тікелей ұрпақтары, соғыс аяқталса да соғыстан кейінгі кезеңді бастан кешкен, ауыр еңбекпен, жоқшылықпен есейген ұл-қыздарымыз. Кеңес жылдарында қай ауылда болмасын бос отырған жас буын болмады, оқуға бейімдері институттарда оқып білім алса, орта білімділер кәсіптік училищелерде оқып мамандық иелері атанды. Сол кездері еңбектеніп, уақытын текке өткізбегенінің арқасында ұрпақтары бейбіт өмір кешуде. 1 қазан – Халықара... |
Толығырақ... Оқылды: 1730 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.10.2021 |
Бақыт - біздің қолымызда |
«Қазақ елі – өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел» - деген Ғабит Мүсіреповтің асыл сөздерінен «қазақ» этнонимі мен этносына тән ең бір ерекшелікті айқын аңғаруға болады. Сонау заманнан қалыптасқан халықтың қанша жүз ғасыр қиын-кескі заман өткергендігі бәрімізге дерлік тайға таңба басқандай айқын жеткізіліп, тарихта жазылып қалған. Қазақ хандығы құрылған қасиетті күнге дейін де, одан кейін де межелеген дәл осы «Тәуелсіздік» мәресіне жеткенше қан мен тер бірдей төгіліп, қилы заманды өткеруі бірімізге үлгі, бірімізге шеті-қиыры жоқ тарихтың түбі, тамыры. Түркітілдес этностардың бір бөлігін құраған қазақтың қаны бойымызды шымырлатып, «тек алға» деп атой салатындай, тіпті. Керей мен Жәнібек бастап салып берген қасиетті жол мен бағыт, қазір де «Мәңгілік ел» болуымыздың бірден-бір әрі түпкі себебі. Хандық құрылғаннан соң қазаққа қара бұлт үйірткен жоңғарлардың кесірі тым көп те еді. XVIII ға... |
Толығырақ... Оқылды: 925 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 25.10.2021 |
Қайтыс болу туралы анықтаманы қалай алуға болады? |
Жақын адамынан айырылу әр адамның өміріндегі қайғылы оқиға. Қайтыс болған адамды жерлеу, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау, оның зейнетақы жинақтарын алу және мұраны ресімдеу кезінде ұсыну үшін тиісті анықтама қажет болады. Жақындарынан айырылған қазақстандықтар оны онлайн режимінде ала алады. |
Толығырақ... Оқылды: 1463 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.10.2021 |
ХҚО-ға бармай-ақ 5 минутта қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алуға болады |
ХҚО-ға бармай-ақ 5 минутта қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алуға болады. Ол үшін бірнеше қарапайым қадамдар жасау керек: egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алу» қызметіне онлайн сұраныс беріңіз. Ары қарай деректерді толтырып, ЭЦҚ немесе бір реттік смс-парольдің көмегімен өтінімге қол қойыңыз. Анықтамаңыз 5-10 миинутта дайын болады. |
Толығырақ... Оқылды: 1433 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.10.2021 |
Жылжымайтын мүлікті екі сағат ішінде тіркеуге болады |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бастамасымен ҚР Әділет министрлігі Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізді. Енді нотариуста жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жасалған мәміледен кейін клиент қалауы бойынша қосымша ақы төлеп, қызмет нәтижесін төлем жасалған сәттен бастап екі сағат ішінде жеделдетілген тәртіппен ала алады. Қызмет көрсету уақытын қысқарту әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді. Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» Каѕрі компаниясымен бірлесіп, жылжымайтын мүлікті нотариустарда тіркеген клиенттер үшін Кaspi.kz қосымшасында қызмет ақысын төлеу мүмкіндігін іске асырған болатын. Анықтама: Әділет министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер 2021 жылғы 17 қыркүйектен б... |
Толығырақ... Оқылды: 1444 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.10.2021 |