Жаңалықтар
Құрметті Жарлыөзек ауылдық округінің сайлаушылары! |
«Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады» Н.Ə.Назарбаев Мен, Оразбаев Қанат Саматұлы, Талдықорған облысы Киров ауданы Бозтоған ауылында 1991 жылдың 23 наурызында дүниеге келдім. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы демекші ата-анам адалдыққа, мейірімділікке,әрдайым шыншыл болуды түсіндіріп, тәлім тәрбие берді. 2012 жылы отбасы құрып, бүгінде 1 ұл және 1 қыз тәрбиелеп отырмын. Еңбек жолымды 2016 жылы Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратында маман болып бастадым. Сол жылы Балпық ауылдық округінің әкімі аппаратына ауысып 2 жыл қызмет атқардым. 2018 жылы аудан әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы қызметіне тағайындалып бүгінгі күнге дейін қызмет атқарудамын. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауларында ел болашағы жастардың қолында екенін айта келе өзімді жас кандидат ретінде, округтің экономикалық-саяси дамуына сонымен қатар ауылдың тұрмыс тіршілігін жақсар... |
Толығырақ... Оқылды: 1073 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2021 |
Алматы облысы, Көксу ауданы Жарлыөзек ауылдық округі əкімінің сайлауына үміткер ТАНТИБАЕВ ҚОЙШЫҒҰЛ ЖОЛАМАНҰЛЫ 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА |
Құрметті Жарлыөзек округінің сайлаушылары! Мен,Тантибаев Қойшығұл Жоламанұлы,Талдықорған облысы Киров ауданыМұсабекауылында дүниеге келдім. Балакезденқазақи ортада өсіп, салт-дәстүрді ұстана келем. 1994 жылы шаңырақ көтеріп, 3 қыз баланың әкесімін. Өз қыздарымның бойларына инабаттылықты, үлкенді құрметтеуді, кішіпейілділікті сіңіріп келемін. Еңбек жолын осы Бозтоған ауылында орналасқан Мұсабек атындағы орта мектептен бастадым. Бастапқыда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып, кейіннен математика пәнінің мүғалімі болдым. 32 жылдық білім саласындағы еңбек жолым осы Мұсабек орта мектебінің қабырғасында,бүгінгі күні атқаратын лауазымым мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Сондықтан, «Дұрыс қанаттанған, түзу ұшар» дегендей, өскелең ұрпаққа ерінбей тәрбие беру жолында мақсатым айқын. Осы ауылдың суын ішіп, отбасылармен етене араласып жүргендіктен, тұрмыс-тіршілігін де көріп, ауылдың жағдайын жақсы білемін дептуындап тұрған мәселелердің болдырмауына атсалыс... |
Толығырақ... Оқылды: 1089 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2021 |
Алматы облысы Көксу ауданы Жарлыөзек ауылдық округі əкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан үміткер САМАТ ТАҢАТАРҰЛЫ ИХСАНОВТЫҢ 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ |
«Ауыл шаруашылығын жаңғырту маңызды мәселе. Біздер үшін басты міндет - фермерлікті, ауылдардағы шағын және орта бизнесті дамыту» Тұңғыш Президент–Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаев Құрметті жарлыөзек ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Самат Таңатарұлы Ихсанов, Қаратал ауданы 1-май ауылында тудым. Өскен жерім Жарлыөзек ауылы. Агроном мамандығы бойынша жоғары білімалған соң,ауылыма келіп Жарлыөзек ауылдық округінің дамуына үлес қосуға бел будым. Сол себепті, еңбек жолымды ауылшаруашылығы саласында бригадир, агроном қызметтерінен бастадым. 2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметке орналастым. 2017 жылдың тамыз айынан Жарлыөзек ауылдық округунің әкімі лауазымына тағайындалдым. Жарлыөзек ауылында футбол алаңы салынуына, Бозтоған ауылы көшелеріне жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал еттім. Қазіргі таңда жол мәселесі, түңгі жарық шамдарының жоқтығы, газдың тартылмауы толғандырады. Мен осы мəселелерді шешудің тетіктерін, ауыл өмірін... |
Толығырақ... Оқылды: 1039 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2021 |
Алматы облысы Көксу ауданы Мұқаншы ауылдық округі əкімінің сайлауына үміткер Мортыкова Жанар Куановна 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ |
Мен, Мортыкова Жанар Куановна 1981 жылы 13 желтоқсанда Алматы облысы, Көксу ауданы, Злиха Тамшыбай ауылында (бұрынғы Амангелді ауылы) дүниеге келдім. Еңбек жолымды 2002 жылы Кеңарал ауылындағы С. Қырықбаева атындағы орта мектепте ағылшын тілі пәнінің оқытушысы ретінде бастадым. 2005-2006 жылдары Алакөл ауданы Бескөл бекетіндегі №14 орта мектепте ағылшын тілі пәнінің оқытушысы; 2008-2009 жылдары Текелі қаласындағы № 17 лицейінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары; 2009 жылдың қыркүйек айынан Көксу политехникалық колледжінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болып қабылданып, 2010 жылдың қаңтар айынан директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарып келемін. Отбасылық жағдайым: тұрмыс құрғанмын. Екі ұл, бір қызым бар. Қымбатты жерлестер! Сіздер өз таңдауыңызды дұрыс жасайды деп үміттенемін! Туған жеріміздің болашағын бірге қалайық! Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, әкім деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, Мұқаншы ауылдық ок... |
Толығырақ... Оқылды: 960 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2021 |
Алматы облысы Көксу ауданы Мұқаншы ауылдық округі əкімінің сайлауына үміткер Шаяхметов Махсат Берликашевичтың 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ |
Мен, Шаяхметов Махсат Берликашевич 1964 жылы 12 тамызда Нәдірізбек ауылында дүниеге келдім, 1984-1989 жылдары Алматы қаласы Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтында оқыдым. 2002 жылдвн бері «Сымбат» шаруа қожалығының басшысымын Қазіргі таңда 2014 жылдың қыркүйек айынан бері Көксу политехникалық колледжінің арнайы пәндерінің мастері болып жұмыс атқарудамын. Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, әкім деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, Мұқаншы ауылдық округінің мынадай өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға жұмыстанатын боламын: Жергілікті жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамту; Денсаулық сақтау мен білім берудің үздік әлемдік стандарттарына қол жеткізу; Жастар бастамаларын барынша қолдай отырып, олардың тегін оқып, мамандық алуына жағдай жасау. Қай салада да жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру. Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлікте қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға атсалысу; Қымбатт... |
Толығырақ... Оқылды: 922 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2021 |
Алматы облысы Көксу ауданы Мұқаншы ауылдық округі əкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан үміткер БАҚЫТЖАН КЕНДІРБЕКҰЛЫ ӨМІРӘЛИНОВТЫҢ 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ |
«Ауылдарды өмір сүруге қолайлы мекенге айналдыруымыз керек» Тұңғыш Президент–Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаев Құрметті Мұқаншы ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Өмірәлінов Бақытжан Кендірбекұлы, Көксу ауданы, Көксу бекетінде дүниеге келдім. Зооинженер мамандығы бойынша жоғары білім алып, Еңбек жолын «Қазақ ССР-нің 50 жылдығы» атындағы совхозда жұмысшы болып бастадым. «Жетіжал» қой совхозында зоотехник, «Қазақ ССР-нің 50 жылдығы» атындағы совхозда сүт-товарлы фермасының меңгерушісі, «Игілік» колхозында зоотехник, «Құралай» ЖШҚ – ның төрағасы, 2006 жылдан бері Мұқаншы ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келемін. Жұмыс жасаған кезінде ауылға инвесторларды тарту арқылы мешіт, дәрігерлік амбулатория салынуына ықпал еттім, ауыл көшелеріне асфальт төселді. Сонымен қатар, әлі де атқаратын жұмыст... |
Толығырақ... Оқылды: 930 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2021 |
Құрметті Қабылиса ауылдық округінің сайлаушылары! |
Мен, Мухаметченов Куандык Асқарбекович, 1985 жылы 21 маусымда Алматы облысы Көксу ауданы қазіргі Ақтекше ауылында дүниеге келдім. 1991 жылы Ақтекше ауылындағы Ақын Қабан жырау атындағы орта мектебіне бардым. 2002 жылы мектепті тәмамдап, сол жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің «бейнелеу, сызу мамандығы мұғаліміне» түстім. 2006 жылы оқу орнын бітіріп, Сол жылдың қыркүйек айынан осы күнге дейін Ақтекше ауылындағы Ақын Қабан жырау атындағы орта мектебінде жұмыс істеймін. 2008 жылдан бейнелеу, сызу мамандығымен қоса директордың оқу ісінің орынбасары қызметіндемін. Әскерге барған жоқпын. 1988 жылы 26 шілдеде дүниеге келген Жұмағұлова Жазира Нүсіпахметқызымен некелескенмін. Ақтекше ауылында туылған. Мұғалім мамандығы бойынша жоғары білімі бар, мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Тұрғылықты мекен жайымыз Ақтекше ауылы Мақұлбеков көшесі 31-үйде тұрамыз. Балалармыз: қызым Асқарбек Камила 2011 жылдың 11 қаңтарында дүниеге келген. Балам Асқарбек Айсұлтан... |
Толығырақ... Оқылды: 948 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2021 |
Құрметті Қабылиса ауылдық округінің сайлаушылары! |
Мен, Мыктыбаева Бахыткуль Мирамаловна 1983 жылы 10 қазанында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ынтымақ ауылында дүниеге келдім. Бала кезден мені адалдыққа, еңбек сүйгіштікке, туған жерді сүюге үйретті. Менде үш баламның бойына осы құндылықтарды дарытуға тырысамын. «Тараз» институтына тарих құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша білім алдым. Еңбек жолымды 2006 жылы Тараз қаласында М.О.Ө.К зертханашы болып жұмыс атқардым. 2007 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Тұрғанбай ауылында №30 мектепте тарих, құқық пәнінің мұғалімі болып қызмет атқардым. 2007 жылы Көксу ауданы Ақтекше ауылына тұрмысқа шықтым. 2008 жылдан бері Ақтекше ауылының «Ақын Қабан Жырау» атындағы мектебінде тарих құқық пәнінен мұғалім болып қызмет атқардым. 2016 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарам. Елмен етене араласып жүргендіктен де ауыл тұрғындарының күн сайынғы қиындықтарын бір кісідей білемін. Жол мәселесі бəрімізді де толғандырады, ауылдың дамығ... |
Толығырақ... Оқылды: 973 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2021 |
Алматы облысы Көксу ауданы Қабылиса ауылдық округі əкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан үміткер ЕРКІН АМАНБАЙҰЛЫ БЕЙСЕНОВТІҢ 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ |
«Қазақстанда әр ауылдың да өзінің әлеуеті бар» Тұңғыш Президент–Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаев Құрметті Қабылиса ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Еркін Аманбайұлы Бейсенов, Қабылиса ауылдық округінің Ақтекше ауылында туып, өстім. Мені де, отбасымды да бəріңіз жақсы білесіздер. Зооинженер мамандығы бойынша жоғары білім алғаннан кейін, Қабылиса ауылдық округінің дамуына үлес қосуға ат салыстым. Еңбек жолымды ауыл шаруашылығы саласынан бастадым. «Сарыой» шаруа қожалығын құрып, ауыл шаруашылығын дамуға өз үлесімді қостым. Іскерлік, ұйымдастырушылық қабілеттерімнің арқасында ауылдық ақсақалдар кеңесінің ұсынысымен Қабылиса ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалдым. Округте жеке инвестор тарту арқылы интернет желісі орнатылды, көпір орнатылды және ардагерлер аллеясы жөнге келтірілді. Сонымен бірге, ауыл аумағында өртке қарсы бекетінің құрылысы, түнгі жарық шамдарының орнатылуы қажет. Мен осы мəселеле... |
Толығырақ... Оқылды: 931 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2021 |
Алматы облысы Көксу ауданы Айнабұлақ ауылдық округі əкімінің сайлауына Әлішер Нұрболатұлы Әбіловтың 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ |
Қымбатты ауылдық округ тұрғындары! Мен, Әбілов Әлішер Нұрболатұлы1992 жылы Мұқыры ауылында қарапайым отбасында өмірге келдім. Осы ауылдың мектебінде оқыдым, 2015 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша білім алдым. Еңбек жолымды Көксу ауданы «Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде қызмет атқарудан бастадым. Содан кейін «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің және «Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы болым жұмыс істедім. Қазіргі уақытта «Мұқыры ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де жұмыс істеймін. Қазіргі уақытта өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың үлкен әлеуеті бар, алайда ауыл шаруашылығына қатысты проблемалар да аз емес. Өзім қарапайым ауыл азаматы болғандықтан тұрғындардың және шаруалардың өзекті мәселелерінің оң шешімін тауып, ма... |
Толығырақ... Оқылды: 912 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2021 |