АУДАН ТЫНЫСЫ
Мұқаншы ауылдық округінде есеп беру кездесуі өтті |
Көксу ауданының әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы мен Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Өмірәлинов Бақытжан Кендірбекұлы 2020 жылдың 23 қаңтарында Мұқаншы ауылдық округі тұрғындарының алдында есеп берді. Жиынға Көксу аудандық маслихат хатшысы Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлы, аудандық мәслихат депутаты Кан Инна Терентьевна, аудандық бөлім басшылары, ауылдық мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды қорытындыласа, Өмірәлинов Бақытжан Кендірбекұлы округ көлемінде 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады және 2020 жылда атқарар жұмыстары жайлы баяндамаларын оқыды. Әсіресе Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасының, «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» реформасының, «Жұмыспен қамту-2020» мен ауыл-шаруашылық бағдарламаларының жүзеге асырылғаны бойынша көрсеткіштер басты назарға ие болды. Есептік жыл табысты болып, округте бірқатар келешегі бар жұм... |
Толығырақ... Оқылды: 435 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.01.2020 |
Есептік кездесу Лабасыда жалғасты |
Елді мекендерді көркейту мақсатында Еңбекшіқазақ ауылындағы Абдамбекова көшесіне орташа жөндеу жұмысы жасалды, асфальт төселді, оған 5 млн.600 мың теңге қаражат жұмсалған. Лабасы ауылдық округі әкімінің есептік кездемуі Мәмбет ауылының мәдениет үйінде өтті. Алдыменен округ әкімі Ерік Тұрғанбаевтың баяндамасы тыңдалды. - Мәмбет ауылының автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмысына 988 мың теңге бөлінген. Шалбаев көшесіне жарық шамдары орнатылып,оған 6 млн.569 мың теңге қаражат жұмсалды. Жамбыл ауылындағы 2 шақырым Шекара тоғанды қазу жұмысы жүргізілген. Аудан әкімі Алмас Қабдулұлы өз кезегінде аудан көлеміндегі атқарылар жоспарларымен бөлісті. |
Толығырақ... Оқылды: 339 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 22.01.2020 |
Аудан және округ әкімдерінің халық алдындағы есебі басталды |
20 қаңтар күні Мұқыры ауылдық округі Бауыржан Егінбаев пен аудан басшысы Алмас Әділдің жылдағы дәстүрге сай халық алдындағы есеп беруі өтті. Алғашқылардың бірі болып өткізген Мұқыры округі әкімі жыл бойы атқарған жұмыстарын баяндап ағымдағы жылға жоспарлаған міндеттерімен бөлісті. Аудан басшысы өз кезегінде аудан көлеміндегі болып жатқан тың өзгерістерді сараптады. Сұрақтар қойылып,әр сала мамандары тұшымды жауаптар берді. Түс ауа есептік кездесу Балпық би ауылындағыҚ.Жалайыри атындағы мектеп-гимназиясында жалғасты. |
Толығырақ... Оқылды: 289 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 22.01.2020 |
ҰБТ тапсыру тәртібі тағы өзгереді |
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мектептен кейінгі білім беру жүйесінде болатын өзгерістерді атады. Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру тәртібі электронды форматқа көшіріледі. Гранттардың бірнеше түрі енгізіліп, жоғарғы оқудың ашықтығы, қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. 2025 жылға дейін 90 мың орынға арналған жатақханалар салынады. Педагогика мамандарын даярлайтын 85 университк қосымша талап қойып, олардың санын әлдеқайда азайтып, олардың материалдық базасын нығайтамыз. Бізде педагогтерді даярлау өте маңызды мәселе, - деді Білім және ғылым министрі. Аймағамбетов колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 60%-дан 75%-ға дейін жететінін айтты. Жоғары білім бағдарламалары кәсіби стандарттарға негізделіп, 100% жаңарады. Шетел студенттерінің саны жалпы контингенттің 10%-ын құрайды. Министр білім гранттарың құны артатынын атап өтті. Білім гранттарын орташа алғанда 340-420 мыңнан 900 мыңға дейін өсіру арқылы профессо... |
Толығырақ... Оқылды: 306 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.12.2019 |
Асығыстық танытуға болмайды – президент латын әліпбиіне көшу туралы |
Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшу мәселесінде асығыстыққа жол бермеу қажет екенін айтты. Латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша асығыстық танытуға болмайды. Егжей-тегжейлі салыстырып, жаңа әліпбидің барлық аспектілерін талдап, олармен жұмыс істеу керек. Латын қарпінің ұсынылған үш нұсқасы жетілдіруді қажет ететінін көрсетті. Сол себепті жеңіл-желпі қарауға болмайтын бұл мәселені ғылыми тұрғыдан қарастыру керек. Мәселе кириллица қарпінен латын әліпбиіне көше салу туралы болып тұрған жоқ. Тіліміздің жаңғыруын қаласаңыздар, қазақ тілін реформалау керек. Ғалымдарымыздың пікірін күтеміз. Осындай ұлт мәселесінде қазақ тілін реформалайтынымызды тағы да мәлімдеймін. Науқаншылық пен жеңіл-желпі қарауға жол берілмейді, - деді Тоқаев Ұлттық кеңес отырысында. Айта кетсек, 2017 жылы ҚР президенті "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Жарлыққа қол қойды. ҚР премьер-министрінің өкімімен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұ... |
Толығырақ... Оқылды: 401 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.12.2019 |
1 қаңтардан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар өседі |
Ең төменгі күн көріс құны шамамен 1500 теңгеге артып, 31 183 теңгені құрайды. Қазақстанда "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер айтты, деп хабарлайдыzakon.kz. Ең төменгі жалақы 42 500 теңге деңгейінде қала береді. Ал ең төменгі күн көріс құны шамамен 1500 теңгеге артып, 31 183 теңгені құрайды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттен қамсыздандырылған зейнетақы 7 процентке өседі, ал оның ең төменгі мөлшері 38 636 теңге болады. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 процентке өсіп, оның ең төменгі мөлшері 16 839 теңгені құрайды. Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері күнкөріс деңгейінің мөлшеріне, мүгедектіктің тобы мен оның себебіне, асыраушысынан айырылған жағдайда - асырауындағы адамдар санына және республикалық бюджет туралы заңда белгілен... |
Толығырақ... Оқылды: 300 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.12.2019 |
Елімізде қандастарды қолдауға арналған жаңа заң жобасы қабылданады |
Келер жылы елімізде қандастарды қолдауға арналған жаңа заң жобасы қабылданады, деп хабарлайды «Хабар 24». Сол арқылы тарихи Отанға оралғысы келгендер құжаттарын «бір терезе» қағидасы бойынша реттеуге мүмкіндік алады. Бұл жөнінде бүгін Отандастар қорының жылдық есебі талқыланған жиында айтылды. Мамандардың айтуынша, білім беру және мәдениет салаларында байланыс беки түседі. Жыл сайын қандастарға мемлекеттік грант есебінен жоғары оқу орындарында білім алу үшін 4%-тік квота бөлінеді. Жазғы лагерьлерде 300 өрен тегін тынығады және өзге де бүлдіршіндер ұлы дала жеріне саяхаттайды Мағауия Сарбасов, Отандастар қорының вице-президенті: - Әртүрлі мәліметтер бойынша сыртта 5 миллионнан 8 миллионға дейін қандастарымыз тұрады. Нақты мәліметін шығару үшін жұмыстар атқарып жатырмыз. Заң жобасын әзірледік. Комиссия құрылған еді. Оның басты мақсаты – сыртта тұрып жатқан бауырларды қолдау. |
Толығырақ... Оқылды: 363 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.12.2019 |
Елімізде ҰБТ электронды форматқа ауысады |
Ұлттық бірыңғай тесті тапсыру тағы өзгереді. Мектептерге бейнебақылау камераларын қою 2 жылда толық шешіледі. Бұл туралы еліміздің бас мұғалімі үкімет отырысында 2025 жылға дейін білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын таныстыру кезінде айтты. Асхат Аймағамбетов жиын барысында балалар арасында өршіп тұрған суицид оқиғаларына да тоқталды. Сондай-ақ, 20 жылдап орнын босатпай, білім ошақтарын басқарып отырған директорлардың да мәселесін қарастыратынын жеткізді. Министр тағы не деді? Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының басты тақырыбына сұранып тұрған жаңалықтарды үкіметке Асхат Аймағамбетов ала келді. Енді ше, 2025 жылға дейін Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлепті. Ішінде не жоқ дейсің. Көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелердің бірі - балалардың қауіпсіздігі еді. Министр бағдарлама алдағы бес жылды қамтыса да, негізгі деген шаруаларды кезектен тыс шешуді көздейді. «Мемлекеттік бағдарлама 2025 жылға дейін есе... |
Толығырақ... Оқылды: 401 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.12.2019 |
2020 жылы «Ерекше адамдар» жобасы басталады |
Келесі жылы «Рухани жаңғыру» Қазақстан қоғамдық даму институты бастамасымен «Ерекше адамдар» жобасы басталмақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы Нүрия Кубенова жерлестерін жобаға белсенді қатысуға шақырады. «Жобаға өзінің қызмет саласына қарамастан кез-келген азамат қатыса алады. Біз ұлттық мәдениетті, әдебиетті, өнерді, қолөнерді, халықтың салт-дәстүрін насихаттайтын адамдар туралы оқиғалармен таныс болуға қуаныштымыз, - дейді Нүрия Кубенова. Қатысушылардың жас ерекшелігі бойынша шектеу жоқ. Ruh.kz республикалық порталында, өмірі қызықтырған, кішкентай, тіпті, үлкен сенсация жасаған кейіпкерлер туралы материалдар жарияланатын болады. «Ерекше адамдар» айдарына қойылатын талаптар жоғарыда айтылған құндылықтарды дәріптейтін, Отаны үшін қызмет етіп жүрген адам болуы қажет. Сондай-ақ, өзінің ерекшелігін толық сипаттайтын нақты материалдар жіберілуі керек.... |
Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 22.11.2019 |
Министр табысы 92 мың теңгеден аспайтындар үшін жағымды жаңалық болатынын айтты |
Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының жобасын мақұлдады Табысы 92 мың теңгеден аспайтын азаматтар "5-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдіктерден кредиттік баспана ала алады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында белгілі болды. "Табысы 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі азаматтарға (92 мың теңге) "5-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік баспанасын алу мүмкіндігі беріледі", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында. Министр елімізде тұрғын үйге қолжетімділік сатысы енгізілетінін атап өтті. Оның басты айқындаушы факторы халықтың табысы болмақ. "Әрбір отбасы мүшесіне шаққанда табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтарға (29,7 мың теңге) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана ұсынылады. Олар жетім балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, зейнеткерлер және тағы басқалары", - деді ол.... |
Толығырақ... Оқылды: 321 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 19.11.2019 |