ИМАНАШАР
Не маңызды? |
Адаммен қалай танысқаның маңызды емес, қалай араласқаның маңызды. Адамның қандай қызмет еткені маңызды емес, оның адамдық ізеті маңызды. Доспыз деп жар салғаны маңызды емес, нағыз достығы маңызды. Оның қымбат көлігі маңызды емес, қымбат та адал көңілі маңызды. Қай жерде туғаны маңызды емес, ең бастысы сені ұмытпағаны маңызды. Алыста жүргені маңызды емес, қай жерде жүрсе де қадіріңді білгені маңызды. |
Толығырақ... Оқылды: 290 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.06.2019 |
Қызғаншақтық – бүліктің қызған шағы |
Қызғаншақтық, іштарлық – адам баласының бойындағы, өзгелердің қол жеткізген жақсылықтарын қабылдай алмау сезімі. Басқаша айтқанда, көре алмаушылық бір адамның өзінде болуын қалаған әртүрлі қабілет пен бақ-дәулеттің басқа біреуде болғанын іштей қызғану. Қызғаныш – ашумен білінетін, сосын кекке айналатын ызалану сезімінің нәтижесі. Қызғанышты білдіру және басқалардың төмен болғанын қалау жүректің кемелденуін тежейтін өте нашар қасиет. Жалпы іштарлық сезімі қоғамымыздағы көпшілік адамдарда кездесетін жаман рухани індет. Себебі пенденің бойындағы теріс қылықтары, қашаннан да қоғамға өз кесірін тигізіп келетіні мәлім. Олар кейде жанды жаралайды, бірде бүліктің салдарына айналып жатады. Ал бойдағы бұл қайшылықтарды еңсеру үшін өз-өзіңмен күресу қажет. Себебі, оларға тұсау салынбаса, қызба сезімдер сабырымызға дақ түсіреді. Ал сабырлық – иманымыздың жартысы. Ішкі дүниеде сыр беріп қалатын оспадар олқылықтарымыз, істеген ісіміздің берекесін кетіріп, жан тыныштығын бұзад... |
Толығырақ... Оқылды: 571 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 10.06.2019 |
ҚАНАҒАТ - ҚАРЫН ТОЙҒЫЗАР |
Қызылды-жасыл дүние қызығына беріліп, өмір сүріп жатқан қоғамымызда біз көбіне дәулеті бізден артқан кісіге көз тігіп, соның деңгейіне жетуді аңсап, ғұмыр кешудеміз. Қанағат қарын тойғызады, қанағатсыздық астыңдағы жалғыз атыңды сойғызады. Адам бұл өмірде бақытты болуы үшін, Аллаға шүкір етіп, барға қанағат етуі керек. Екі көз тек топыраққа тоятының естен шығарып, бар нәрсемізге қанағат тұтпай, дүниеге берілуіміз, көлігіміз бола тұра, оданда әдемісін мінгіміз келетіні қанағаттың жоқтығының белгісі. Киімнің ең жақсысын, әшекей бұйымнын ең қымбатын алғымыз келеді. Бұл әрекеттер ашкөздіктен, жүректе қанағаттың жоқтығынан туындайтын дерт. Адамға байыған сайын байысам деген ой келіп, рухани құлдырауға душар болады. Алла Тағала Исра сүресінің 27 аятында: إِنَّ الْمُبَذِّرِينَ كَانُوا إِخْوَانَ الشَّيَاطِينِ ۖ وَكَانَ الشَّيْطَانُ لِرَبِّهِ كَفُورًا «Шүбәсіз, ысырапқорлар шайтандарға бауыр. Ал шайтан болса, Раббысына рақметі жоқ, малғұн!»-деп, ысырап етіп, азға қанағат... |
Толығырақ... Оқылды: 628 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 10.06.2019 |
ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ ҮЛГІСІ |
Алла Тағала барлық адам баласының ішінен хазреті Мұхаммадты (ﷺ) таңдап, оған бағынуды Өзіне бағыну деп, оған қарсы келгендерді Өзіне қарсы келген деп жариялаған. Тіпті, Құран Кәрімдегі «Хижр» сүресінің 72-ші аятында Алла Тағала Пайғамбарымыздың (ﷺ) өмірімен былай:لَعَمْرُكَ«Сенің өміріңмен ант етемін»,-деп серт беріп, Оған (ﷺ) деген махаббатты шыңына көтерді. Пайғамбарымыз (ﷺ) жайлы сөз қозғаған уақытта, адамның ойына бірден Оның (ﷺ) кішпейілдігі, қарапайымдылығы еске түседі. Хазреті Мұхаммад (ﷺ) – Алла Тағаланың бүкіл әлемге рақымды пайғамбар етіп, жіберген ең ұлы нығыметі мен сыйы. Бұған қатысты Жаратушы Иеміз Құранда былай деген: وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَالَمِينَ «/Ей Мұхаммад!/Әрі Біз сені әлемдерге рақым етіп қана жібердік»(Әл-Әнбия сүресі, 107-аят). Осылайша, Алла Елшісінің (ﷺ) дүниеге келуі ғаламды нұрландырып, артынан ерген үмметін үлкен қуаныш пен бақытқа бөледі. Пайғамбарымыздың (ﷺ) ғұмырын, мінез-құлқы мен... |
Толығырақ... Оқылды: 418 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 10.06.2019 |
Хасан Әл-Басридің өнегелі сөздері |
Көп сөйлеуді тастаған адамға даналықбберіледі де, басқалардыңкемшілігін іздеуді тастаған адамғаөз кемшіліктерін түзеуге мүмкіндік беріледі. 1. Адамдар ортасында сұрақ сұралмаса, жөнсіз сөйлеме! 2. Жастық шағыңда білімге ұмтыл. Өйткені жастық шағың – көңіл-зейінің таза болатын сәт. 3. Әрдайым Алладан қорық, аманатты орында. Адамдарға үгіт-насихат жаса. 4. Ешкімді өзіңнен төмен санама. Өз орныңды білгеніңдей, басқалардың да орнын, қабілетін тани біл. 5. Білімсіз адамдармен, әсіресе, діни тақырыптарда талас-тартысқа түспе. 6. Пікірталас ережесіне бағынбайтындармен және таластан пайда көздейтіндермен тартыспа. 7. Біреу сенен сұрақ сұраса, нақты жауап бер. Көп мәлімет бермек болып сөзіңді шашыратып алма. 8. Кәсіпсіз-нәсіпсіз он жыл қалсаң да, білімнен бет бұрма. 9. Шәкірттеріңе өз балаңдай мейірлен, олардың білім-ғылымға ынтасы артсын. 10. Адамдардың айыбын іздеме, керісінше жақсылықтарын көр. Тек діни тақырыптарда қателері көрінсе, көргендеріңді басқа адамдарға одан сақта... |
Толығырақ... Оқылды: 411 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 07.06.2019 |
АҚЫЛ АРТЫҚ ЕТПЕЙДІ |
☆. Ерте тұруға үйрен! ☆. Майда нәрселерді дерт етпе! ☆. Барлық кезде жаңа нәрсе үйренуге бейім бол! ☆. Қызмет етуді әдетке айналдыр! ☆. Қарсыласқан әрбір нәрседе Жаратқанның ізін назардан қалдырма! ☆. Жете алмай жүргеніңді емес, қолың жеткен нәрсені ойла! ☆. Ешкімнің сөзін бөлме, сөйлемін аяқтама! ☆. Басқа пікірлерден аз да болса дұрыстық үлесін ізде! ☆. Істеген жақсылықтарыңды жасыр! ☆. Қайтпай ұстанатын пікірлеріңді жұмсартуға тырыс! ☆. Адамдардың әртүрлі болатын түсін, сыпайы бол! ☆. Анда-санда болса да, көңіл-күйіңнің түсуіне рұқсат ет! ☆. Барлық нәрселерді иемденуге тырыспа! ☆. Кемшіліксіз бола алмайтыныңды мойында! ☆. Күнде алғыс пен рахмет айтуға да , уақыт бөл! ☆. Бір уақытта бірнеше нәрсе жасауға тырыспа! ☆. Адамдарды сынға алудан тыйыл! ☆. Қазіргі жағдайыңмен бақытты болуға тырыс! ☆. Өзіңнен басқалардың бәрін білімді деп ойла! ☆. Жақсы не жаман ой қар сияқты барған сайын үлкейіп таудай проблема шығаратынын естен шығарма! ☆. Сезімге адал бол, серігің секем... |
Толығырақ... Оқылды: 363 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 07.06.2019 |
Ер мен әйел тең бе? |
Заты ер адам әйелдің қожайыны болып есептелінеді. Осы себепті де әйел ерін өзінен жоғары қоймағы ләзім. Тіпті, ол әйел нәпіл намаздарын да күйеуінің рұқсатынсыз жасай алмайды. Одан бөлек, ерінің ешбір рұқсат-қалауынсыз өздігінен бір нәрсе істеуге құқы жоқ. Бұл енді әйелдің барлық құқығынан айырып, не оны басқарылатын тетік деп қарау емес. Мұнда үлкен бір хикмет, ерекше құрмет пен ізет жатқандығын білуге тиіспіз. Адамдардың бір-біріне құрметі көбіне-көп жасының жасамыстығына, яғни үлкендігіне қарай екшеліп, аражігі айқындалып жатады. Бұған талас жоқ енді, мұны құптағаннан басқа теріс көремесіміз анық. Алайда ер мен әйел тең құқықты дегенге толық келіспейміз. Негізі ер мен әйелдің арасында бадырайып көрінер айырмашылықтан тыс, олардың бір-бірінің алдындағы талайлы міндеттерін бажайлай келіп, билігін сөзсіз жүргізуге құқықты ер адамның орны өте-мөте жоғары деп білеміз. Бүгінде базбір еркектер бір нәрсе сұрай қалсаң, " үйдегі біледі немесе кемпірім шешеді" дегенді жасырмайды.... |
Толығырақ... Оқылды: 467 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 07.06.2019 |
Күнәміз таудан үлкен, тастан қатты... |
Күнә істеу пендеге жараспаса да, Жаратушы иеге әрдайым кешірім ету жарасқан. Күнәлары үшін құлдардың Алла Тағаладан жалбарына кешірім тілеуі араб тілінде «истиғфар» деп аталады. «Астағфируллаһ» (астапыралла) деген сөз осыдан туындап, Алладан өзіме кешірім тілеймін дегенді білдіреді. Сөз арасындағы «Құдай өзі кешірсін» деген де осы мағыналас. Құран мен хадистерде кешірім тілеуге ынталандыратын сөздер көп кездеседі. Айталық,«Раббыларыңнан кешірім тілеңдер, Ол көп кешірім етуші»; «Ағаттығыңа кешірім тіле! Раббыңды ертелі-кеш мақтап, ұлықта»; «Мінсіздігіңді айтып Сені ұлықтаймыз. Мен өзіме кесір қылдым, кешіріміңді тілеймін»деген аяттар осының айғағы. Ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да (күнәдан пәк бола тұра) үнемі аузынан истиғфарын тастамай жүруді өзіне әдет еткен. Бір ерекшелігі – оны үзбей, белгілі бір саннан аз айтпағандығы. Әбу Хұрайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте«Ант етейін, мен күн... |
Толығырақ... Оқылды: 436 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 04.06.2019 |
ӨТІРІК АЙТУҒА БОЛАДЫ... |
Иә, өтірік айтуға болады. Бірақ, тек зәру жағдайларда ғана. Ол қандай жағдайлар? Төменде айтатын боламыз. Ислам – туралық діні. Туралық – адамның сөзі мен ісінің, ішкі жан дүниесі мен сыртқы келбетінің жасанды қылықтар мен негізі болмаған сөздерден тазарып, табиғилық шеңберінде өмір сүруін білдіреді. Ал, жалған сөйлеу Алла Тағаланың әміріне қарсы келу болып табылады. Себебі, Алла Тағала: «Өтіріксөзденсақтаныңдар», – деген. Фақиһ ғалымдар: «Зәрулік жағдайда жалған сөйлеуге рұқсат бар» деп, бүлікке бастайтын ұрыс-керісті тоқтату мәселесінде рұқсат берген. Алайда зәрулік шегінен шықпау керектігіне баса мән берсе, кейбір ғалымдар зәрулік себепті айтылған жалған сөздің өтірікке жатпайтынын айтқан. Исламда өтірік айтуға болатын зәрулік жағдайлар: Ренжіскен адамдарды татуластыру. Ұрыс-керістің алдын алу немесе тоқтату үшін ерлі-зайыпты адамдардың бірі екіншісіне өтірік сөйлеуі. Соғыс майданында дұшпанды айласына түсіру. Ибн Шиһ... |
Толығырақ... Оқылды: 391 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 04.06.2019 |
ӨЗІҢІЗГЕ ЖАҚСЫЛЫҚ ҚАЛАСАҢЫЗ... |
Алла Тағала қасиетті Құранда «Қаф» сүресінің 18-аятында:«Ол қандай сөз айтпасын, оның жанында дайын тұрған бақылаушы бар», - дейді. Сонымен қатар, аз сөйлеу дінімізде әмір етілген:«Садақа беру, жақсылықты әмір ету және адамдарды татуластырудан басқа сөйлеуде, сыбырласуда қайыр жоқ" Алла Елшісі (с.ғ.с.) Миғраж түні өте кішкентай шұңқырдан шыққан үлкен бұқаны көреді. Бірақ ол шыққан жеріне қайта кіре алмай қиналып жатады. Сонда Жәбірейілден (ғ.с.):«Бұл кім?»– деп сұрайды. Ол: «Бұл – адамның айтқан сөзі, ол сөзін қайтадан қайтарғысы келді, бірақ жасай алмады», – деген екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Ақиқатында, құл өзі байқамастан Алла Тағалаға ұнамды нәрсе айтуы мүмкін, осы үшін Алла Тағала оның дәрежесін көтереді. Ақиқатында, құл байқаусызда Алла Тағаланың ашуын тудыратын сөз айтып қоюы мүмкін, осы үшін Алла Тағала оны Тозаққа тастайды–дейді.Осы хадис есіме түссе, расында, адам баласынаөз тіліне... |
Толығырақ... Оқылды: 446 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 04.06.2019 |