ӘЛЕУМЕТ

Әлеуметтік төлем алудың қандай тәсілі бар?

Төтенше жағдай режиміне байланысты табысынан айрылған азаматтарға мемлекет тарапынан 42500 теңге төленеді деп хабарланған болатын.Осыған байланысты әлеуметтік төлемдерін тағайындау ережелеріне өзгеріс орнады.Әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезінде қызметі шектеліп , табысынан айрылған жағдайда ақысыз демалысқа жіберілген шағын және орта бизнес жұмысшыларына , карантин кезінде ірі кәсіпкерлік субьетілерінің жалақысыз демалысқа жіберілген қызметкерлерге, жалдамалы еңбек күшін пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлерге , жеке ісімен айналысатын азаматтарға және мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда, ақысыз демалысқа шыққан коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкелеріне берілетін болады. Қазіргі таңда әлеуметтік көмекке тағайындалғысы келіп жүрген азаматтар документтеріне мұқият болуын сұраймыз.Өйткені әрбір толтырылған тараулар өте маңызды болып келеді.Егерде қате кеткен жағдайда ақша азаматтардың карталарына түспей қалуы мүмкін-деп атап өтті Алматы облысы бойынша жұмыспен қамтудыүйлестіру...
Толығырақ... Оқылды: 225 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.04.2020

42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, іздеу жолағына @Help42500Bot деп жазып, «Start» батырмасын басу қажет.
Толығырақ... Оқылды: 228 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.04.2020

Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы баяндады

3 сәуірде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Елбасы өңірде болып жатқан оң өзгерістерден хабардар екенін айтты. Ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды сұрап білді. Облыс басшысы дер кезінде қабылданған шаралар вирустың таралуын тоқтатуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Мұнда жұмыстар «Nur Otan» партиясымен бірлесіп атқарылуда. Волонтерлар «Біз біргеміз» акциясының аясында аурудың алдын алуға елеулі үлес қосып келеді. Елбасы көктемгі дала жұмыстарының дайындығына ерекше тоқталды. Бұл ретте Жетісу өңірінің ауыл шаруашылығы саласында көшбасшы аймақ екенін де еске салды. «Биылғы жылы 1 миллион гектарға жуық егіс алқабы игеріледі. Яғни өткен жылмен салыстырғанда алқап көлемі 5 мың гектарға ұлғайтылды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес біз қант қызылшасының бұрынғы даңқын қайта к...
Толығырақ... Оқылды: 216 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.04.2020

Азаматтарға арналған үкімет халыққа алаяқтықтың жаңа түрлері жөнінде ескертеді

Бүгінде әлеуметтік желілерде көптеген хабарландыру пайда болды, онда қазақстандықтарға жеке мәліметтерді сұрату арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмектесу ұсынылады. Сондай-ақ кейбір «пысық» азаматтар бұл жағдайды пайдаланып, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандардан ЖСН, ЭЦҚ, банк картасының нөмірін, тіпті оның пин-кодын сұрай отырып, әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеп беру қызметін көрсетуді ұсынады. Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарды мұндай қызметтерге жүгінбей, олардан бас тартуын сұрайды. Жеке мәліметтерін, соның ішінде ЭЦҚ-ны бөтен адамдарға беру арқылы азаматтар өздері жеке деректері мен мүліктеріне қауіп төндіретінін түсінуі керек. Оның үстіне, аталған төлем азаматтардың шотынан өздерінің «қолғабыс етуімен» ұрлануы мүмкін. Электрондық цифрлық қолтаңба мен оның құпиясөзін алған алаяқтар азаматтың egov.kz-тегі барлық жеке мәліметіне қол жеткізе алады. Оған қоса, олар жалған келісімдер жасасу үшін оның атына кәсіпкерлік ашып, бас...
Толығырақ... Оқылды: 211 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.04.2020

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА "ANTIKOR ORTALYǴY" АШЫЛДЫ

Талдықорған қаласында 2020 жылдың 01 сәуірінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанындағы Open Space форматында жұмыс істейтін "ANTIKOR ORTALYǴY" атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталығы ашылды. "ANTIKOR ORTALYǴY"-ның ашылуы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың және Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы Е. Мақажановтың қатысуымен өткізілді. Антикор орталығы – Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында салынған жаңа форматтағы және де барлық талаптарға сәйкес келетін фронт офис. Ескерту: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталықтарды ашу Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Ж. Шпекбаевтың бастамасы болып табылады. Өз кезегінде, Алматы облысының әк...
Толығырақ... Оқылды: 236 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.04.2020

Президент Үндеуі сарқандықтарға серпін берді

«Егін ексең-ебін тап, ебін тапсаң – жерін тап» деген қазақы тәмсіл бар. Бұл сөз Сарыарқаның сайын даласында, ащы терлерінің арқасында тәтті жемістерін көрген шаруашылық өкілдеріне қаратып айтылғандай. Жері құнарлы аймақ болса, ол – Алматы облысы. Бүгінде аргарлы аймаққа айналған өлке де агро өнеркәсіптің тасын өрге домалатқандар жетерлік. Оның барлығы мемлекеттің меншік иелеріне деген қолдауының арқасы. Күні кеше екінші мәрте халық алдына үндеумен шыққан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығына аса басымдылық бергенін атап өтті. Қазынадан қыруар қаржы бөлгені тек жеке тұлғаның емес, тұтастай аумақтың ахуалын жақсарту үшін жасалған жақсылық деп қабылдау қажет. Мемлекет басышысының мәлімдемесі Жетісу жерінің айшығына айналған, сыры саусақпен санарлық жанға белгілі, шарушылық иелерінің төбесін көкке жеткізді десе артық емес. Оның ішінде фермерлер үшін жанар-жағармай бағасын 165 теңгеге төмендеткені аталған салаға ден қ...
Толығырақ... Оқылды: 201 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2020

Үндеу өркендеуге бастайды

Алматы облысы тәтті түбірдің отаны. Бүгінде құт дарыған мекенімізде екі бірдей қант зауыты жұмыс істейді. Бізді асырап отырған қант қызылшасы екені жасырын емес. Аймақ халқы «ақ алтынға» теңейтін бұл өнімді эспорттау қамбаны қампайтып отыр. Дайын затты алудың артында қара тер мен қызу еңбек жатқаны баршаға мәлім. Еңбек табысты болуы үшін заман талабына сай жаңа технологияның күші де қажет. Бұдан біз кенде емеспіз. Осының барлығы Үкіметтің қолдауының арқасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа Үндеуінде ауыл шаруашылығы саласына басымдылық бергені бізді қатты қуантты. Бұл өңір экономикасының дамуына ықпал ететіні анық. Кешегі Үндеу халықтың үніне құлақ асатын мемлекет екендігінің айқын көрініс болды. Себебі, барлық назар қараша халықтың әлеуетіне аударылған. Бұған дейінде аталған шаруашылыққа көңіл бөлінді соның арқасында гектарына 600 центнер өнім алдық. Бұл мемлекеттің сенімі мен қолдауының және ұлттың бірлігінің арқасында қол жетк...
Толығырақ... Оқылды: 218 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2020

Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды

Коронавирус індеті жаһандық экономикаға қатты ықпал етуде. Қазір ғаламның экономикасы секем алып, көптеген мемлекет абдырап отыр. Осындай ауыр кезеңде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына мәлімдеме жасап, Үкімет тарапынан іске асырылуы тиіс шұғыл шараларды тапсырды. Мәлімдемеде ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетіні де айтылды. Атап айтқанда, бюджеттен​ 70 миллиард​ теңге, көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша​ 100 миллиард​ теңге бөлінетіні белгілі болды. Өңір басшысы Амандық Баталов ауыл шаруашылық саласына ерекше көңіл бөлуде. Тиісінше, Алматы облысы агросекторда көш басында келеді. Осы орайда, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері аграрлық сала экономиканың драйвері екенін ескере отырып, бұл маңызды шешім деп біледі. «Асыл тұқымды сиырды өсірумен айналысатын «Тәжікеев» ШҚ басшысы Жеңіс Тәжікеев «Қызығы мен қиындығы мол кәсіппен айналысатын шаруаларға бұл ү...
Толығырақ... Оқылды: 200 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2020

"Электрондық үкімет" порталы арқылы 1 ЕТЖ беру

"Электрондық үкімет" порталы арқылы 1 ЕТЖ беру 1-қадам: өтінішберуші ЭҮП (электронды үкімет порталы) авторизацияланады 2-қадам: "ТЖ кезеңіне 42500 төлеу" қызметінтаңдайды» 3-қадам: өтінішнысанынтолтырады, қызметкерлердіңдеректерін/өздеректерінкөрсетеді. Өтінішке ЭЦҚ немесе СМС арқылыжіберілгенбірреттікпарольгеқолқояды 4-қадам: өтініш "еңбекнарығы" АЖ-не түседі, штаб тексеруденөтеді1 күнішіндеқорытындышығарады. 5-қадам: Өтінішті1 күнішіндеқарауүшінқорытынды "Е-Макет" АЖ-не келіптүседі.. 6-қадам: ЗЕЙНЕТАҚЫ мен жәрдемақытағайындауүшін.ҰАҚ-ның АК-ніңөтінішжолдайды 7-қадам: ЭҮП әлеуметтіктөлемдітағайындау/бастартутуралыжауапжіберіледі. 8-қадам: Төлемдіжүзегеасыру ЕДБ-ғаалушыныңесебінаударуарқылыжүргізілетінболады " TelegramBot»Мессенджеріарқылы 1 ЕТЖ беру 1-қадам: өтінішберушітелеграммағакіріп, " EgovKzBot2. 0»іздептабады 2-қадам: "ТЖ кезеңіне 42500 төлеу" қызметінтаңдайды&raqu...
Толығырақ... Оқылды: 271 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі

Құрметті отандастар! Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады. Бүгінде177мемлекетте800мыңғажуық адам осы дертке шалдықты. Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда. Біз төтенше жағдай жариялап, Қазақстанда вирустыңжаппай таралуынажол бермедік. Соның арқасында ахуалды бақылауда ұстап отырмыз. Халқы Қазақстанмен шамалас кейбір елдерде коронавирусқа шалдыққандар ондаған есе көп. Мен елорда мен Алматыда ғана емес, еліміздің барлық өңірінде карантинді күшейтуді тапсырдым. Барша қазақстандықтарға сабыр сақтап, түсіністік танытқаны үшін алғысымды айтамын. Біздүрбелең тудыруға жол бермейміз. Дәл осы кезде халық мемлекетке қолдау көрсетуі керек. Бұл – аса маңызды. Коронавирус – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын қауіпті дерт. Дегенмен, біз індетке шалдыққан адамдарға барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда. Олар –...
Толығырақ... Оқылды: 224 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.