ӘЛЕУМЕТ
Қордайдағы қақтығыс: айыптылар анықталуда, жағдай бақылауда |
Жұма күні кешқұрым Жамбыл облысының Қордай ауданы Масаншы ауылы тұрғындарының арасында топтық төбелес орын алды. Полицияның күшімен ауылдағы төбелес тоқтатылып, жағдай бақылауға алынды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, облыстық Тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабы, яғни бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды « Jetisu Media» ақпараттық алаңы egemen.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша назар аударып, өзінің Twitter-дегі парақшасында «Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», деп жазған болатын. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы қақтығыс кезінде қаза болған азаматтард... |
Толығырақ... Оқылды: 265 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2020 |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туркфильм» фестевалі өтеді |
Ұлттық саясат ұлттың рухани жаңғыруына негізгі басымдылықты беріп отыр. Еліміздің эволюциялық дамуын қамтамасыз ету жолында қоғамдық сананы жаңғырту үшін жалпыұлттық құндылықтарды тереңдетуге мән бере отырып, рухани саланы түпкілікті түрлендіру «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының ел перзенттерінің алдына қойған тапсырмасы деуге толықтай негіз бар. Мемлекеттің жүктеген міндеттерін айрықша екпінмен орындау ұлттың ұландарына парыз. Туған топырағынның қадірін түйсіне білетін азамат үшін рухани құндылықтарды дәріптеп, жаңғыру жолындағы жаңа қадамдарға аяқ басу бұл еліне деген өлшеусіз құрметі болып табылмақ. Бүгінгі таңда тұтас елдің болашағын бағдарлауға арналған, бағытын айқындаған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы біз сөз басында айтып өткен ұлттық сипаттағы саяси сарынды саралау мен сапалы қызмет атқаруға шақырады. Осы тұста Алматы облысыда қалыс қалмақ емес. Мәселен, 2019 жылы «Рухани ж... |
Толығырақ... Оқылды: 253 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.02.2020 |
Есіңізде болсын! |
Егер сіз шетелге жол жүретін болсаңыз, міндетті түрде паспорт жасатуыңыз керек! Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қалаған уақытта рәсімдеуге болады. Бұл құжатты алу үшін ХҚО-дағы миграция қызметінің мамандарына келесі құжаттардың бірін ұсынасыз: ✅ туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк); ✅ҚР азаматының паспорты (паспорт ауыстыратын кезде); ✅ жеке куәлiк ✅ iшкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы ҚР азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама; ✅ Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi берген қайтып оралу куәлiгi; ✅ еркін түрдегі жазбаша өтініш (азаматтың хал актісіне туу туралы, туған жері, ұлты туралы өзгерістерді енгізе отырып айқындамалық деректерді өзгерткен, жоғалған жеке куәлік және (немесе) паспортты қалпына келтіру мәселесі бойынша жүгінген кезде). Егер балаға паспорт рәсімдейтін болсаңыз: |
Толығырақ... Оқылды: 244 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.02.2020 |
Президент тағы бір жарлыққа қол қойды |
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні жазылған. Қаулының мәтіні Ақорда сайтында жарияланды Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және азаматтарды 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралыАқорданыңбаспасөз қызметі хабарлады. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан республикасының қарулы күштері, ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында қарулы күш... |
Толығырақ... Оқылды: 219 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.02.2020 |
Көксу ауданында Президенттің аттасы тұрады |
Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін, кейбірі ежелгі есімдерді қояды. Ал көксулық жас отбасы Нұрсұлтан мен Жұлдыз Досымбековтер дүниеге келген тұңғыштарының есімін азан шақырып, Президенттің құрметіне Қасым-Жомарт деп атаған. Отағасы тұңғышынабелгілі себептермен қойылған есімнің тарихын айтып, ұқсатып қойған адамның жақсы жетістіктерін айтса, бала соған еліктеп өседі дейді. Айтуынша, өзінің Нұрсұлтан деген есімін Елбасы құрметіне атаған екен. "Адамның тағдыры атына сай қалыптасады дейді. Сондықтан ұлыма есім таңдарда көп ойландым. Кішкентай Қасым-Жомартым биікке қарыштап, қазақтың атына сай ұл болуын тілеймін, - дейді нәрестенің әкесі. Періште сәби өскенде атына заты сай болсын дейміз. |
Толығырақ... Оқылды: 238 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.02.2020 |
Алматы облысында коммуналдық қызмет тарифтері тұрақты |
2020 жылдың қаңтар айының басында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары бекіткен Мемлекет басшысының тариф құрудың ашықтығын қамтамасыз етуге және бағалар мен тарифтерді арттыруға және табиғи монополистердің қызметтеріне қарсы күресті күшейтуге бағытталған тапсырмаларын орындау бойынша Жол картасын бекітті. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Коммуналдық қызмет тарифтерінің жағдайы жұртты алаңдатары сөзсіз. Қалтаға салмақ салатын аталған қызмет түрінің құнының өсуі базыналы ел үшін басты мәселе болғалы қашан. Жыл санап өсіп келе жатқан баға бағамы коммуналдық қызметке әсер етеді ма? деген көптің сауалынына сала мамандары жауап берді. Экономиканың монополиялық секторын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімді жұмысы, инвестициялық тартымдылық, энергия үнемдеу, ресурстарды үнемдеу мәселелерін шешу, халықтың мүдделерін қорғау Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қ... |
Толығырақ... Оқылды: 227 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.02.2020 |
«Қайырымдылық сөресі» рухани құлдырауға қарсы |
«Мейірімділік толқыны» Талдықорған қаласында да жүзеге асты. «Қайырымдылық сөрелері» қаладағы азық-түлік дүкендеріне қойылды. Онда қамқор адамдар мұқтаж жандарға көмектесу үшін астық, нан немесе қант сынды басқада тағам түрлерін әкеліп қойған. Тегін өнімдер - зейнеткерлерге, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға көмектесу үшін беріледі. Бұл туралы «Jetisý media» ақпараттық алаңы «Огни Алатау» аймақтық саяси газетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. «Қайырымдылық акселераторын» ұйымдастырушылар қала кәсіпкерлерімен бірге «Жетісу - адалдық аласы» жобалық кеңсесі. Аз уақыттың ішінде «SMALL» супермаркеттерінде, «Жетісу», «Жастар» және «Қаратал» ықшам аудандарында «қайырымдылық сөрелері» орнатылды. «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Марлен Бурашев мұндай «қайырымдылық сөрелері» қазірдің өзінде елімізд... |
Толығырақ... Оқылды: 248 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.02.2020 |
Талдықорған қаласы 93 % газбен қамтамасыз етілген |
Бүгінгі таңда Талдықорған қаласы 93% газбен қамтамасыз етілген. 860 километрден астам газдандыру желісі салынды. Бұл туралы Талдықорған қаласының әкімі, Ғалымжан Әбдірайымов халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді. Қала басшысының айтуынша, көгілдір отынға жеке сектордағы 7 мыңға жуық абонент, 38 көпқабатты үй, 2 мың пәтер және 54 коммерциялық нысан қосылған. "9 мыңнан астам абонент көгілдір отынды пайдаланады. 926 шақырымның 863-інде газдандыру желісі салынды, жұмыс белсенді жалғасуда. 5 тоқсандық қазандықтарды газға ауыстыру жоспары негізінде ағымдағы жылы №3 қазандық ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін табиғи газға көшіріледі. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланды",- деді Ғалымжан Әбдірайымов. Айта кету керек, мемлекет қолдауының арқасында Талдықорғанның 150-ден астам үйі табиғи газға тегін қосылған. Ал 137-не бөліп төлеу арқылы газ қосылған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге бөлінді. |
Толығырақ... Оқылды: 250 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.02.2020 |
Әлеуметтік көмек әр отбасына көрсетілуде |
Әлеуметтік салада, әрине көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға барынша жәрдем көрсетілуде. 5632 әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына жалпы 3,2 млрд.теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер берілген. Бұл туралы Ғалымжан Әбдрайымова баяндады. Өткен жылы мектептерде көп балалы отбасылардан шыққан 2 687 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілсе (117,4 млн. теңге), 1 596 көп балалы аналар қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүрген, қалада барлығы 4 066 көп балалы аналар бар, әр жанұяның жағдайы мониторингке алынған. Көп балалы 148 отбасы үйлерін табиғи газ желісіне тегін қосуға мүмкіндік жасалды, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табуда. Коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу үшін 635 отбасына 16,3 млн. теңге тұрғын үй көмегі көрсетілді. Мемлекет тарапынан 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылардың балаларына 11 әлеуметтік қолдау және қызмет шаралары кіретін көмек көрсетілетін болады. Атпа айтсақ, 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қам... |
Толығырақ... Оқылды: 268 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.02.2020 |
Алматы облысында 598 баспананың кілті табысталған |
Базыналы елдің бас ауруына айналған баспана мәселесін қала басшысы Ғалымжан Әбдірайымов халықпен есепті кездесуінде көтерді. Мәліметтерге сүйенсек, пәтер алу кезегінде қалада 17170 азамат кезекте тұрса, ипотекалық несие арқылы пәтер алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 17290 қаржы салымшылары тіркелген. Бұдан басқа жеке тұрғын үй құрылысының жер теліміне кезекте 28,7 мың азаматтар тұр. Үстіміздегі жылы Жастар-3 шағын ауданында 500-ден аса жер телімдерін беруге дайындаудамыз, бірақ ол өте аз,- деп айтты Ғалымжан Райылұлы. Облыс әкімінің осы бағытта берген тапсырмасын орындау мақсатында, жоғарыда айтылған кезек тізімін тек тұрақтандыру үшін жылына 1500 пәтер пайдалануға берілуі қажет, ал кезек санын қысқарту үшін жыл сайын 2000 пәтер құрылысы жүргізілуі тиіс. Бюджет есебінен, көпқабатты үйлерден 250 пәтерді, коттедж қалашығынан 155 үйді мерзімінде қолданысқа берсе, жеке құрылыс компаниялар есебінен 192 пәтер өткізіліп, жалпы 2019 жылы 598 пәтер өз иелерін тапқан. Көпб... |
Толығырақ... Оқылды: 235 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.02.2020 |