ӘЛЕУМЕТ
КЕЛЕШЕККЕ КЕМЕЛ БІЛІММЕН |
Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де асығып тұрғандай... Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Санаулы күндерден кейін жаңа серпіліс, жаңа талаптары анықталған жаңа оқу жылы басталады. «Әр iстiң өз iргетасы бар» дегендей, әр жаңа оқу жылының өз жоспар-жобасы болуы заңдылық. Өткен аптада Елорда төрінде барша ұстаздар қауымы күтетін «Тамыз кеңесінің» өткені белгілі. Бұл кеңес отырысында бірқатар келелі мәселелер көтерілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті екенін айта келе, болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет екеніне тоқталып өтті. Президент атап өткен бағдарларды саралаған аудандық білім бөлімінің басшысы Тлеумұрат Сейтниязов жаңа оқу жылымен ұстаздар қауымын құттықтап, алға қойған айқы... |
Толығырақ... Оқылды: 839 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2019 |
«Мектепке жол акциясы» аясында Көксу ауданында 200 балаға көмек көрсетілді |
Осы жылдың 5 шілдесінен бастау алып, қыркүйек айына дейін жалғасатын акцияның мақсаты– мектепке келуге мүмкіндігі жоқ аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қамқорлық көрсетіп, мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауда көмек көрсету және оларға толықтай білім алуға жағдай жасау. Республикалық «Мектепке жол» акциясына барлық деңгейдегі мекеме басшылары, аудан әкімі, ауылдық округ әкімдері, кәсіпкер азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, аудандық білім бөлімі, сондай-ақ, мектеп басшылары атсалысуда. Бүгінгі күні 200 балаға 2 млн теңгенің материалдық көмегі көрсетілді. Республикалық акция әлі де жалғасуда. |
Толығырақ... Оқылды: 360 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2019 |
Ержан Рашев: Блогер болу үшін табандылық қажет. Менің танымал блогер болуым үшін 10 жыл кетті |
Джастин Холл мен Йорен Баргер тұңғыш рет блог жүргізуді бастағанда бірнеше жылдан соң бұл істің мамандық қана емес, талайдың нәпақа табу жолы болатынын сезбеген де шығар. Ал, бүгінде блогер болу – талайды қызықтырған мамандыққа айналғаны сөзсіз. Сонымен, әлеуметтік желіде оқырманды қызықтырып, жоспарлы медиа контент жасау үшін қандай қадамдар істелу керек? Бұл сұраққа Ержан Рашев, Бейбіт Әлібеков және Қыран Талапбек сынды блогерліктің майын ішіп, жілігін шаққандар жауап берді. Осы мамандықтың біразсырын ашты. Alakol Open Air – айдынды өлкедегі дәстүрлі жазғы мектеп. Жыл сайын республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері тәжірибе алмасу үшін Алакөлде бос қосады. Биыл Жетісу жерінде үшінші рет ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты қатысушыларға электронды бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіні тиімді пайдалана білуді үйрету. Биыл ашық әңгіме алаңына 20-ға жуық журналист, баспасөз хатшысы мен сайт редакторы қатысты. Жаһанды жаулаған әлеуметтік желіні игеріп, оның пай... |
Толығырақ... Оқылды: 384 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2019 |
ҰСТАЗ ДЕГЕН ҰЛЫ ЕСІМ |
Өткен жұма күні жыл сайынғы үрдіске сай келетін, барлық ұстаздар асыға күтетін "Тамыз кеңесі" өтті. Биылғы Тамыз кеңесі жылдағыдан өз форматы бойынша ерекшеленді. Шешімін таппай келе жатқан бірқатар келелі мәселелердің шешімі табылып, Президент тарапынан нақты тапсырмалар берілді. Соның ішінде педагог кадрларының құрамы мен кәсібилігі, білім сапасын көтеру үшін кешенді шаралар ретінде мұғалімдердің біліктілігіне қатысты айтылған Президенттің тапсырмасы өте орынды болды. Ал «Педагог мәртебесі» туралы заңның қолданысқа енгізілу мерзімі бекітілді. Бұл – барлық ұстаздар асыға күткен аса маңызды құжат. Бұдан бөлек, білім беру жүйесін цифрландыру, заманауи ғылым және оны дамыту жолдары төңірегінде министрлік бірқатар міндетті айқындады. Аталған мәселелер – кезек күттірмес шешімді қажет ететін өзекті тақырыптар. Мұғалімдердің жалақысын көтеріп, 5 күндік жұмысқа көшіру - бұл да ұстаздардың мәртебесінің көтерілгенін айғақтайды. Ұстаз еңбегі қызықты да,... |
Толығырақ... Оқылды: 432 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2019 |
ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ЖИЫН |
Тамыз кеңесі - бұл тамыры терең, тағылымы мол, айтары айқын, мақсаты тың тақырыптарды талқыға салатын - жауапты жиын. Жыл сайынғы өтетін дәстүрлі тамыз кеңесі биылда өз деңгейінде жақсы өтті. Президенттің ағылшын тіліне байланысты ұсынысы көпшіліктің қолдауына ие болып, қызу талқылануда. Мені де қуантқаны осы жағдай. Мемлекет басшысы ағылшын тілін 3 немесе 5 сыныптан бастап оқытуды тапсырды. Менің ойымша, қазіргі балаларға 3 сыныптап бастап оқытылғаны әлбетте дұрыс деп ойлаймын. Себебі, жаңадан оқуға келген бала бірден үш тілді меңгере алмайды. Білім министрінің "қайтадан Әліппені енгіземіз" дегені қуантты. Өйткені, Әліппе - біздің бала күніміздің естелігі, алғашқы оқулығымыз. Сондықтан да, әр бала ең алдымен осы Әліппеден сусындауы керек деп ойлаймын. Айгерім АРТОМОНОВА, аудандық "Жастар ресурстық орталығының" маманы. |
Толығырақ... Оқылды: 416 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2019 |
СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚТЫ ЖАНДАР |
Тамыз кеңесі – ұстаздар арасында көп жылдан бері дәстүр болып қалыптасқан алқалы жиын ғана емес. Бұл –білімінің заман талабына сай даму бағыттарын айқындайтын, ұлт ұрпағын тәрбиелейтін тұлғалардың пікір алмасып, ой бөлісетін ортасы. Өткен аптада Елордада Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен дәстүрлі "Тамыз кеңесі" өтті. Бұл жолғы отырыс білім атты қайнар бұлақтың жанашырлары - ұстаздардың мәртебесін асқақтатқан жиын болды деп айта аламын. "Білім сапасын көтеру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Бұл, алдымен, мұғалімдердің біліктілігіне, оқулықтардың сапасына, заман талабына сай инфрақұрылым мен материалдық қорға байланысты мәселелер. Аталған бағыттар бойынша тиімді жұмыс істеу қажет, яғни туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсыну керек", – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев. Оған қосымша, үштілділікті қайта қарауды тапсырды. Бұл дегеніміз - мектеп табалдырығын енді аттағалы отырған бүлдіршіндер үш... |
Толығырақ... Оқылды: 352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2019 |
«AQYL» білім беру депозиттері – болашақ кепілі |
Бүгін әрқайсысымыздың және балаларымыздың болашағы тікелей білімнің деңгейіне байланысты. Алайда көптеген қазақстандық ата-ана баласының ЖОО-да оқуын төлеу мәселесін соңғы сәтке қалдырады, сөйтіп ақыр соңында банктен кредит не біреуден қарыз алып оны төлеп болғанша қиналады. Осы ретте ақшаны жоспарлы түрде жинақтау – үйде, банктің ұяшықтарында және әртүрлі депозиттерде жинау бұл мәселені шешудің оңтайлы жолдарының бірі болуы мүмкін. Депозиттер нарығында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің шеңберінде іске асырылатын «AQYL» білім беру депозиті мемлекет тарапынан жыл сайынғы ақшалай көтермеленуінің арқасында ең тиімді қаржы құралы болып табылады. «AQYL» білім беру депозиттері бұл: 1. Мемлекеттен жыл сайын ақшалай сыйлықақы алу «AQYL» білім беру депозитіне банктің сыйақысынан бөлек жинақталған сомадан 5-7 % мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы есептеледі. Бұл ретте мемлекеттің сыйлықақысы мен банктің сыйақысы капиталға айналады, яғни негізгі с... |
Толығырақ... Оқылды: 443 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.08.2019 |
Қазақстанда Е-Шаңырақ ақпараттық жүйесі енгізіледі |
Ол барлық тұрғын үй қатынасына қатысушылардың өзара іс-әрекетінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Заң жобасының негізгі жаңалықтарының бірі - Е-Шаңырақ деп аталатын шартты түрдегі атаумен тұрғын үй қоры мен ТКШ-на ақпараттық жүйесін енгізу. «Бұл жүйенің тұжырымдамалық архитектурасы тұрғындардың, басқарушы компаниялардың, табиғи монополиялар субъектілерінің, басқару органдарының, жергілікті атқарушы органдардың жеке кабинеттерін біріктіреді. Осылайша, Е-Шаңырақ КҚТҮ (көпқабатты тұрғын үйлер) басқару органдарының ашық қызметін қамтамасыз етеді, тұрғындар шығындар мен кірістер бойынша есептілікті көре алады; электронды дауыс беру арқылы үйді басқару және ұстау бойынша шешім қабылдай алады. Сон... |
Толығырақ... Оқылды: 355 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.08.2019 |
Елімізде өнім өндіру артуда |
Биылғы алты айда елімізде сүт өндірісі ұлғайып, 2,9 млн тоннаға жеткен. Бұл бағытта Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында көш бастадық. Елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 3,8 процентке артты. Еуразиялық экономикалық комиссия ұсынған дерек бойынша жыл басынан бері көршілес Ресейдегі өсім -1,2%, Қырғызстанда – 1,7%, Беларусьте 0,2%-ке жеткен. Ал, Армениядағы көрсеткіш керісінше 6,5%-ға төмендеген. Айта кетейік, елімізде алғашқы жарты жылдықта 870 мың тонна мал мен құс еті өндірілді. Бұл да одақтағы жоғарғы көрсеткіш. Жалпы қаңтар мен маусым аралығында одақ аясындағы ауылшаруашылық өнімінің көлемі 32,5 млрд долларға жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2%-ға артық. |
Толығырақ... Оқылды: 317 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.08.2019 |
Цифрландыру ауыл шаруашылығын қалай дамытты |
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық ауылшаруашылығы жерлеріне аудит жүргізуді және жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыруды тапсырған болатын. Ал, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстандағы аграрлық-өнеркәсіптік кешенді цифрландыру жұмыстарын таныстырды. «АӨК-ті цифрландыру климаттың өзгеруіне бейімделу сын-қатерін азайтады, егінді арттырып, мал басын көбейтеді, бизнес-процестерді дер кезінде жоспарлауға мүмкіндік береді. «Ақылды» басқару шешімін қабылдау үшін фермер спутникпен түсірілген суреттер, жер өңдеу алгоритмдері, жоғары технологиялы датчиктер, мобильді қосымшалар мен GPS жүйе сынды цифрлық технологияларды меңгеруі тиіс», - деп атап өтті министр елордада өткен ХІІ Астана экономикалық форумында. Оның айтуынша, өткен жылы бекітілген е-АӨК бағдарламасы мемлекеттік қолдау шараларын автоматтандыруға, дәлме-дәл ауыл шаруашылығы жобаларын жүзеге асыруға және бизнес пен АӨК өкілінің өзара ынтымақтасуына бағытталған. «Ауыл шару... |
Толығырақ... Оқылды: 511 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.08.2019 |