ӘЛЕУМЕТ

Құқық бұзушылыққа жол бермеу

Бас прокуратурамен әлеуметтік желіде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының арандату хабарламалары мен бейнероликтерінің тарағаны анықталды. Онда аталған ұйымның басшысы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын 2018 жылғы 23 маусымда митингтерге шығуға шақырады. «ДВК-ның» идеялары мен митингтерді үгіттеу үшін Әбілязовқа шетелде қазақстандық сот төрелігінен жасырынып жүрген Жанар Ахметова, Бота Джардемали және басқа адамдар көмектесуде. Олардың іс жүзіндегі мақсаты – қылмыстық қудалауды саясаттандырып, Қазақстанда ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылықтан жалтару. Жарияланған бейнероликтерді түсіру үшін Әбілязовтың ақшасына Киев қаласында жарнамалық агенттік және азияттық келбеті бар кәсіби актерлар мен модельдер жалға алынған. Негізінде олар Қазақстан Республикасының азаматтары емес. Бейнероликтердің мазмұны шындыққа жанаспайды және қазақстандық қоғамда әлеуметтік алауыздық пен араздықты тудыруға б...
Толығырақ... Оқылды: 540 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.06.2018

Халық үшін маңызды бастама

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Үндеуі миллиондаған қарапайым адамның көкейінде жүрген өзекті мәселелердің оң шешімін табуға мүмкіндік беріп отыр. Елбасы айтқандай, «Қазақстан – ортақ үйіміз» идеясы жаңаша мағынаға ие болуы тиіс. Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан игі істердің бәрі Қазақстан халқына арналады. Сондықтан, Мемлекет басшысы Парламентте жаңа әлеуметтік бастамаларын таныстырды. Бұл – әлеуметтік жаңғыруға арналған ауқымды бастама. Олар тұрғын үй алу, салықты азайту, жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігі, шағын несиелеу және елді газдандыру. Осы орайда Елбасының Үндеуін насихаттау барысында З.Тамшыбай ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Халық үшін жасалған маңызды бастама» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Еңбекші ауылдық округінің әкімі Асқар Алпысбаев, әкімшілік қызметкерлері, ауыл жастары және кітапхана оқырмандары қатысты. Кітапханашы бастаманың басты бағы...
Толығырақ... Оқылды: 536 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.06.2018

Оқырмандармен кездесу

Тарихы тереңнен бастау алатын облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттері биыл ғасыр тойын тойлағалы отыр. Қос газеттің мерейтойы қарсаңында аудан әкімдігі кіші мәжіліс залында оқырмандармен кездесу өтті. Аталмыш шараға «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Жанәділов, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев, «Огни Алатау» газетінің бөлім меңгерушісі Хасан Еспанов, Көксу ауданы әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков және ауданның тұрақты оқырмандары қатысты. Жиынды ашып, алғашқы сөзді алған Ұлан Әлдибекұлы 100 жасаған газеттердің тарихына көз жүгіртті. - «Облысымыздағы бұқаралық ақпарат құралдарының көшбасшысы болып тұрған қос газеттің тарихы сонау 1918 жылдан бастау алады. Үлкен өзгерістерді, қоғамдағы түбегейлі бетбұрыстарды бастан өткеріп жатқан алмағайып жыл еді, бұл «Огни Алатау» газеті 8 наурызда «Заря Свободы» болып, маусымда «Жетісу» газеті «Жетісу...
Толығырақ... Оқылды: 815 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.06.2018

Дабыл 2018

БАҚ үшін ақпарат 2018 жылғы 4 маусымда «Дабыл-2018» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары басталды. Оның мақсаты – төтенше жағдайларда күштік құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдардың арасындағы үйлестіруді арттыру. Оқу-жаттығудың барысында қабылданған бірлескен бұйрықтарға сәйкес күштік органдардың іс-қимылдарын пысықтау жоспарланған. Күштер мен құралдардың қызметтік-жауынгерлік дайындығы тексерілетін болады. Сондай-ақ, олардың бірлескен іс-қимылдарының үйлесімділігі мен реттілігі, басқару мен өзара іс-әрекеттердің ұйымдастырылу деңгейі де сыналады. Мұндай оқу-жаттығулар жоспарлы негізде жыл сайын өткізіледі. Биылғы оқу-жаттығу жиынының ерекшелігі – бірнеше күнге созылады және еліміздің барлық өңірін қамтиды. Оған автотехника мен көліктік авиация қатысады. Күштік құрылымдар әрекетінің тиімділігін Қауіпсіздік Кеңесінің инспекциясы бағалайтын болады. ПРЕСС-РЕЛИЗ 4 июня 2018 года началось командно-штабное учение «Дабыл-2018&ra...
Толығырақ... Оқылды: 485 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2018

Бас инспектормен басқосу

Жуырда Алматы облыстық әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторы бөлімінің бас инспекторы Айжан Оралбекова ауданға келіп, мекеме, бөлім басшыларымен жиналыс өткізіп, ауданның бірнеше құрылыс нысандарын аралады. Ең алдымен ауданның кіші мәжіліс залында мекеме,бөлім басшыларымен басқосқан Айжан Тұрсынқызы олардың жұмыс жоспарымен танысты. Облыстан арнайы келген бас инспектор өзінің ауданға келгендегі негізгі мақсаты проблемалық мәселелердің шешімін қарастырып, облыстық басшыларға жеткізу екенін айтты. Ал, жиналған бірнеше бөлім басшылары өз салаларының күрделі мәселелерін жеткізді. Олардың қатарында ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мәди Карбаев Алматы-Өскемен республикалық трассаның ауданға қарасты бөлігінің құрылысын қозғады. 2013 жылы басталған аталмыш жолдың құрылысы әлі күнге дейін бітпеген, бұған қоса, құрылысқа жауапты компания басшылығы жоспар бойынша былтырғы жылы аяқталуы тиіс болатын. Осылайша, Мәди Мырзатайұлы 5 жылға созылған республикалық...
Толығырақ... Оқылды: 657 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2018

«АДАЛ ЖОЛ» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Бүгінде төрткүл дүниені толғандырып, бүкіл әлемнің назарын аударып отырған басты мәселенің бірі – жең ұшынан жалғасқан жемқорлық екені белгілі. Адамзат қауымы көне дәуірден бері арыла алмай келе жатқан бұл жағымсыз құбылыстың қоғамға тигізер қаупі қай кезеңде де қомақты болған. Көп ғасырлық күрделі шежіреге ой жүгіртсек, осы індеттің кесірінен көптеген айбынды хандықтар мен алып мемлекеттердің іргесі сөгіліп, шаңырағы шайқалған. Бектері азып, бірлігі тозып, бейбіт қоғамының берекесі қашқан. Бұл әрине, біз үшін өткен заманнан жеткен тарихтың ащы сабағы болуы тиіс. «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады», - дейді бабалар нақылы. Осынау ұлы қағиданы қашан да қаперінде мықты ұстаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығының арқасында егемендіктің алғашқы күнінен бастап елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты жолға қойылып, жүйелі түрде жүргізіліп, жүзеге асып келеді. Әсіресе, соңғы жылдары елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті к...
Толығырақ... Оқылды: 599 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2018

ЕГІН ЕККЕННІҢ ЕҢБЕГІ АҚТАЛАДЫ

Қант қызылшасы – Жетісу өлкесінің төл дақылы. Республика бойынша өндірілетін тәтті түбірдің едәуір көлемі біздің облысқа тиесілі. Бұл ретте елімізде тәтті түбір ең алғаш рет Талдықорған өңірінде өсірілгенін айта кету керек. Ауданымыздың шаруашылық субъектілері қант қызылшасының тұқымын себуді жалғастыруда. Биыл аудан диқандары 2 мыңға жуық гектарға тәтті түбір егуді жоспарлап отыр. Оған күн райы да қарайласып тұр дейді, алқаптарды аралаған аудан әкімі Алмас Қабдулұлы. Қазіргі таңда «Балпық», «Қыдырәлі» және «Қайнар-Көксу» сынды ірі шаруашылықтар қант қызылшасын себу жұмыстарын толығымен аяқтады. Аудан бойынша жалпы бүгінгі күнге дейін 1880 га жерге қант қызылшасы себілді. Өнімді өндіруге дейінгі тұқым алу, арзандатылған бағамен жанар-жағармай алу, техникамен қамту, қызылша себу мен оны күтіп-баптап, өнімді зауытқа өткізуге дейінгі жұмыстар үнемі бақылауда болады. Жалпы Алматы облысында өткен жылы қант қызылшасының алқабы 9 мың гектарға жеткізі...
Толығырақ... Оқылды: 634 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2018

БЕРЕКЕ БАСТАУЫ - БІРЛІК, ЕЛ ІШІ - ТАТУ ТІРЛІК

Дана халқымыз ықылым заманнан-ақ, «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген. Берекені көздеген ел — мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан болса керек, мызғымас болашағы бар мемлекетіміз 23 жылдан бері ынтымақ, ауызбіршілік күнін айрықша арқа-жарқа, жұмыла атап өтеді. Қуантарлығы — бір атаның баласындай, татулығын ту еткен жерлестеріміз мамыр айының алғашқы күнінде әдеттегідей аудан орталығындағы аудандық Мәдениет үйінің алаңына жиналып, мерекенің мерейін асырды. Бұл күні сіркірей жауған жаңбыр жерлестеріміздің көңіл-күйін түсірген жоқ. Тиісінше, мұны кездейсоқ емес, Алланың нұры, талай еңбек ерлерін тәрбиелеген Жер-Анамыздың диқандарына танытқан ықыласы деп қабылдады олар. Татулық пен бейбітшілікті басты орынға қойып, бақытты бағалай білген ағайын, жүздері бал-бұл жайнаған жұртшылық қазақ халқына деген ризашылығын білдіріп, мәре-сәре құттықтап жатты. Алғыстарын айтып, ақ тілектерін жолдады. Сахна төріне де әдеттегідей бір-бірлеп емес, бұл жолы жұмыла көтері...
Толығырақ... Оқылды: 1003 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2018

Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының аудан тұрғындарын 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті Отан қорғаушылар! Біздер, күллі қазақстандықтар үшін мамыр айы мерекелі ай. Қаһармандық дәстүрдің жарасымды жалғасы іспетті еліміздің бейбіт болашағы үшін жарияланған 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын! 7 мамыр – егемен еліміздің Қарулы күштерінің мерейін асқақтататын, Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың, болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы. Бұл күннің мемлекетіміздің болашағы үшін маңыздылығы жоғары, себебі әрбір қазақстандықтың ұлы да, құрметті міндеті – Отан қорғау. Отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді. Қазақстан әскерлері қатарында қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, жауынгер – интернационалистерді, кез келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызды атаулы мереке...
Толығырақ... Оқылды: 2543 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2018

Саяси бюро отырысы

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының саяси кеңес бюросы отырысы өтіп, саяси бюро отырысына аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, саяси бюро мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері қатысып, үш мәселе қаралды: 1. Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы атқарылған жұмысы жайлы және 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес атқарылатын жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды. 2. Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Көксу аудандық филиалының «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы атқарылған жұмысы жайлы және 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес атқарылатын жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды. 3. Көксу аудандық кәсіпкерлер бөлімінің «Нәтижелі жұмыспен қам...
Толығырақ... Оқылды: 604 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.04.2018
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.