ӘЛЕУМЕТ

Жас келсе - іске

«Әкім бол, халқыңа жақын бол»,- деген аталы сөз тегін айтылмаса керек-ті. Қарапайым халықпен тығыз байланыс орнатып, ақсақалдарынан жөн сұрайтын, өлкенің өркендеуі мен өрлеуі үшін аянбай тер төгетін әкім қашан да халық тарапынан қолдау көретіні анық. Жергілікті тұрғындар арасында «Батырлар ауылы» атанып кеткен Еңбекші ауылдық округі - Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбай және еңбекқор халқымен аты шыққан, сәні мен салтанаты жарасқан құтты мекен. «Әркімнің туған жері Мысыр шаһары» дегендей, бұл ауылдан бір жылдары 78 мың тонна қант қызылшасы жиналып, бір аудан орындай алмайтын мөлшерді осы ауыл азаматтары орындағаны жайында ел аузында әлі күнге дейін зор мақтанышпен және абыроймен айтылып жүр. Аптаның дүйсенбісінде аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы Зылиха Тамшыбай ауылында болып, жаңадан Еңбекші ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалған Асқар Алпысбаевты тұрғындарға таныстырды. Бұл таныстыру рәсіміне аудандық мәслихат хатшысы Әлди...
Толығырақ... Оқылды: 594 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.04.2018

Алматы облысының түрмелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қарқыны артып келеді

Ағымдағы жылдың ақпан айында Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА 155/16 колонияларының бірінде колония қызметкері сотталушыға ұялы телефон сатып, ақшасын алмағаны жайлы факт анықталды. Оқиға бойынша Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыныс жолданған болатын, ұсыныста қамауда ұсталғандарды апта сайын медициналық қарауды және камерада бейнекамерамен жабдықтау туралы көрсетілген. Департаменттің мәліметі бойынша, 2016 жылы сотталғандардың және олардың туыстарының Қылмыстық-атқару жүйесінің лауазымды тұлғаларынің заңсыз әрекеттері үшін 5 өтініш келіп түскен, ал 2017 жылы өтініштер саны 16 есе болса, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 17 өтінішке өскен. Осы және өткен жылдардағы талдау барысында, Ұлттық бюросына және прокуратура органдарға қамауға алынған және сотталғандардың шағымдар көбейген. О...
Толығырақ... Оқылды: 549 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.04.2018

Кәсіпкерлер мәселелері қаралды

Жуырда аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Алматы облыстық кәсіпкерлерінің өңірлік Кеңесі төрайымы Римма Салықованың төрағалық етуімен Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысы және есептері жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған Көксу ауданының кәсіпкерлері, облыстық кәсіпкерлер Палатасының төрағасы Беньямин Файзулин қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев жиында сөйлеген сөзінде ауданымызда ауыл тұрғындарының жеке бизнесін ашуға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығынатап өтті. Атап айтқанда, сүтті, етті бағыттағы қосалқы шаруашылықтарды кеңейту, ұлғайту мақсатында 5 кооператив құрылып, 92,4 млн. теңгеге мал сатып алынды, 32,5 млн. теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынды. Орта және шағын бизнес өкілдерінің саны 2017 жылы 7,2 пайызға артты. Орта және шағын бизнестің жергілікті бюджет түсімі 8,5 пайызға артып, жалпы үлесі 37,9 пайызды құрады. Заманауи талапқ...
Толығырақ... Оқылды: 590 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.04.2018

Атқарылған жұмыстар айтылды

Жуырда аудандық мәслихаттың кезекті 29-шы сессиясы өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Қайрат Исаев және мекеме, бөлім басшылары, саяси партия өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралса, бірінші мәселе бойынша аудандық қаржы бөлімінің басшысы Әлия Қалиева баяндама жасады. Ауданда 2017 жылға арналған бюджеттің атқарылу барысына тоқталған ол жыл бойы бюджетке бекітілген өзгерістер туралы, аудан бюджетінің кіріс бөлігі мен шығындардың орындалуын және бюджеттік кредиттер бөлігі мен оларды өтеу бойынша жұмыстарды жеткізіп, білім беру, әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт және тағы да басқа салаларға бөлінген қаражаттарды баяндады. Күн тәртібінде бекітілген екінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Айдын Жүнісов ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың...
Толығырақ... Оқылды: 563 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.04.2018

Сенбілік жұмыстары жалғасуда

Алматы облысы 2018 жылы 1 наурызындағы «Облыс елді мекендерін санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру көктемгі-күзгі айлықтарын өткізу туралы» №87 қаулысына сәйкес, Көксу ауданында аудан әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы №82 өкімімен «Елді мекендерінде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу туралы» жарияланып, тазалық айлығын өткізу жөніндегі штаб құрылды және іс-шаралар жоспары бекітілді. Аудан аумағында 34 елді мекен орналасқан. Елді мекендердегі бүгінгі күнге 25 көше күл-қоқыстан тазартылды. Аудан бойынша 8456 аула бар, оның ішінде 1210 ауласы тазаланды. Арық жүйелерінің 25 км; автомобиль жолдары жағаларының 27 км. жері тазаланды. Тазалық жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі таңға дейін 10 ауылдық округтерден 763 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы күл-қоқыс төгетін полигондарға шығарылды. Сәуір айының 4 күні Ақшатоған ауылына барар жол бойы тазаланды, оған мемлекеттік және бюджеттік мекемелерден шамаме...
Толығырақ... Оқылды: 652 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.04.2018

МАЛЫ ҚОҢДЫ – ӨРІСІ ТӨЛДІ

«Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» деп аманат еткен ата-баба кәсібі өңірде жанданып келеді. Сөзіміздің айқын көрінісі, биыл облыс шопандары сақманға 1,5 млн. саулықпен кіріп отыр. Қазірдің өзінде төл саны 300 мың бастан асқан. Бұл мал төлдету науқанының қыза бастаған тұсы. Қазір Көксу ауданының Лабасы ауылдық округіне қарасты «Шаңырақ» серіктестігінде де малшы өмірінің нағыз қарбалас сәті басталды. Биыл аталған серіктестік бес мыңнан астам саулық қойдан төл алуды жоспарлаған. Тұп-тура тоғыз отар өргізген ұжым бұл. Тоқтысы ойнақтап, қозысы туатын осы бір бұйра-бұйра құмның да қасиеті бөлек. Соның арқасында мал да қоңды. Қора төңірегіндегі төбе-төбенің етегінде төлдеп қалған қойдың да саны көбейді. Бірер күнде мұнда жаппай төлдеу басталмақ. Осы орайда биыл қыс жайлы болғанын, малшылардың қыс қырынан қысылмай шыққанын тілге тиек еткен аға шопан Бауыржан Жақыпов: – Нағыз қарбалас шақ енді басталады. Біз төл алып, бағып-күтуден шаршамаймыз. Тек со...
Толығырақ... Оқылды: 624 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.04.2018

Сайлау өтті

Сәуір айының 10-ы күні Еңбекші ауылдық округі әкімі лауазымына сайлау өтті. Көксу аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өткен сайлауға аудандағы мәслихат депутаттарының-таңдаушылардың барлығы қатысып, өз таңдауларын жасады. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков ашып, дауыс беру барысын түсіндіру үшін сөзді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ғани Ағыбаевқа берді. Айта кетейік, өткен жұмада Еңбекші ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткерлер Асқар Алпысбаев, Төлеген Қожабеков және Санат Шаухаров аудандық мәслихаттың депутаттарымен, яғни таңдаушыларымен кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында үміткерлердің әрқайсысы өз сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, округтегі келелі мәселелер және оларды шешу жолдары жөнінде өздерінің пікірлерін білдірген еді. Аудандық мәслихат депутаттары– таңдаушылары мен округ әкімі лауазымына үміткерлер арасындағы әңгіме округке қарасты елді мекендердегі санитарлық тазалық, көше жарығы, ауылішілік жолдар, көгалдандыру-а...
Толығырақ... Оқылды: 655 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.04.2018

Тазалық сенбіліктері өтуде

Өткен аптада аудан әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы №82 өкімімен «Елді мекендерінде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу туралы» жарияланған аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, тазалық айлығын өткізуге құрылған штаб бекітілген іс-шара жоспарымен сенбілікке шықты. Аудан аумағында 34 елді-мекен орналасқан. Елді-мекендердегі 190 көшенің бүгінгі күнге 23 көшесі немесе 12 пайызы күл-қоқыстан тазартылды. Аудан бойынша 8456 ауланың 1046 ауласы тазаланды. Арық жүйелерінің 23км, автомобиль жолдары жағаларының 25 км тазаланды. Тазалық жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі таңға дейін 10 ауылдық округтерден 751 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы күл-қоқыс төгетін полигондарға шығарылды. 2018 жылдың наурыз айынан бастап Көксу ауданы бойынша 3 рет сенбілік өтті. Наурыз айының 20-сы күні жалпы аудандық сенбілік өткізілсе, наурыз айының 28-і күні М.Сеңгірбаев атындағы орталық саябақта «Таза сәрсенбі» атты тазалық күні өткізіліп, ағ...
Толығырақ... Оқылды: 755 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.03.2018

Парламент депутаты келді

Өткен аптаның жұмасында ауданға ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұлов ауданға келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиынға аудандық «Нұр Отан» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халелов қатысты. Балпық би ауылындағы Б.Құндақбаева атындағы №1 орта мектепте, Теректі ауылындағы уызмай зауытында және Теректі ауылындағы ФАП-та халықпен кездесу өткізген депутат Елбасының жақында жарияланған «Бес әлеуметтік бастама» жайында нақтырақ тоқталып, түсіндіріп өтті. -«Біздің Ата Заңымызда бірінші бапта Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деген сөздер бар. Елбасымыздың бүгінгі сөзі сол қағиданың тамаша дәлелі. Президент «Бес әлеуметтік бастаманы» жария етті, оның әрқайсысы біздің халқымыз үшін үлкен берекенің бастауы. Баспананың қолжетімді болуы, жастарға жатақхананың салынуы, жұмыскерлер жалақысын...
Толығырақ... Оқылды: 669 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2018

Баспана алу мүмкіндігі күшейеді

2018 жылдың 5-ші наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті қос палатасының бірлескен отырысында халыққа өзінің әлеуметтік саладағы бес бастамасын ұсынды. Елбасының бес бастамасын іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың міндетін және бағытын нақтылау мақсатында жиын өтті. Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы төрағалық еткен жиынға ауданның мәслихат хатшысы және депутаттары, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары құқық қорғау органдары, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері, кәсіпорындар, қоғамдық, саяси ұйымдар мен кәсіпкерлер басқосты. Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы Елбасының бес бастамасы туралы баяндама жасады. Әр бастамаға жеке-жеке тоқталған аудан әкімі: - «Елбасы ұсынған бес бастамада халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге, төмен жалақы алатындарды қолдауға, жастардың білім алуына және әр адамның кәсіпк...
Толығырақ... Оқылды: 857 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2018
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.