ӘЛЕУМЕТ
Ұрпақтан айырылып қалмайық |
Бүгінгі таңда қоғамды алаңдататын ең басты мәселенің бірі ана тіліміздің жағдайы, келешегі, тағдыры екені күмәнсіз. Осы тұрғыдан келгенде өткендегі мынадай бір тарих еріксіз еске түседі. 1986 жылдың күзінде, ол кезде республикалық «Жалын» баспасының директоры едім, Орталық партия комитеті шақырып алып, менің республикалық «Казкнига» кітап саудасы бірлестігіне басшы болып баруым қажет екенін айтты. «Қазақша шығатын кітаптардың тиражы, таралымы мандымай, өспей қойды, соны жолға қою керек» деген тапсырма берілді маған. Келген бойда жағдайды зерттеп қарасам, әсіресе солтүстік облыстардағы кітап саудасы мекемелерін басқаратын адамдардың да, қызметшілерінің де барлығы түгел орыстар, өзге ұлт өкілдері екен. Қайсыбір кітап саудасы мекемелерінде қазақша білетін бір адам да болмай шықты. Баспалардан келесі жылдың тақырыптық жоспарына енген кітаптардың тиражы «Казкнигада» күзде бекітілетін. Оны «тиражирование», «тираждау комиссияс... |
Толығырақ... Оқылды: 1692 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
Ұдайы жұмыстар атқарылуда |
Сыбайлас жемқорлыққа тән белгі лауазымды адамның әрекеті мен оған жұмыс берушінің мүдделері арасындағы немесе таңдап алынған тұлғаның әрекеті мен мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды адам жасаған алдау – арбауға ұқсайды және мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыстар қатарына жатады. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрлері қылмыстық іске жатады. Ең алдымен бұған парақорлық жатады. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың бір түрі, бұл лауазымды тұлғаның жеке тұлғаға қандай да бір қызмет көрсетіп, соның өтеуі ретінде пайда табуымен сипатталады. Бұл ретте тек лауазымды тұлғаның пара алуы ғана емес, сонымен қатар пара берушінің заңсыз түрде сыйлық беруі де заңға қайшы әрекет болып табылады. «Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарының сақталуы жөніндегі жұмыстар қатаң бақылауға алынып, жемқорлыққа қа... |
Толығырақ... Оқылды: 1637 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
ЭЛЕКТРОНДЫ СОТ ТӨРЕЛЕГІ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ |
Заман ағымына қарай еліміздің сот саласы ақпараттық технологиялардың көмегімен жұмыс жасауға көшті. Қазіргі карантиндік шектеулер кезеңінде де сот жүйесіне енгізілген заманауи технологиялар өзінің тиімділігін көрсетуде. Соның нәтижесінде халықпен кері байланыс орнату денгейі көтереліп, жұмыс сапасы арта түсті. Осы орайда күнделікті жаңартылып отыратын соттардың ресми сайтары, халыққа қолжетімді «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері», «Сотқа шақыру қазағы», «SMS-хабарлама», «Дыбыс-бейнеге жазу» жүйелері халыққа электронды қызметті тиімді көрсетіп отыр. «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот құжаттардын және істерді іздеуге, мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеуге, істі қарау барысын қадағалауға, «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін ішінара алуға, «Талдау» Форумына (сот практикасын қорыту) ауысуға болады. Одан бө... |
Толығырақ... Оқылды: 1506 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
«Электрондық мемлекеттік қызметтер» |
Елбасы халыққа арнаған Жолдауында ең әуелі рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту керектігіне тоқталды. Электронды үкіметті дамыту, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде қадау-қадау тапсырма жүктеді. Олардың орындалуы – басты назарда. Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін. Яғни ендігі жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс. Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемле... |
Толығырақ... Оқылды: 1456 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӨРШІП ТҰР |
Ауыр қылмыстардың бірі - мал ұрлығы. Мал шаруашылығы қашанда қазақ халқының негізгі тіршілік көзі болып табылған. Еліміздің бірқатар елді-аймақтарында жері шұрайлы, шаруашылық жүргізуге қолайлы жерлерде мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар құрылып, саны артуда. Қазіргі таңда мемлекет мал шаруашылығының дамуына ерекше көңіл болып отыр, оның бірден-бір көрсеткіші мемлекеттен субсидиялар беру арқылы шаруаларды мал асырауға ынталандырып, мал санын көбейтуде. Әрине, мал шаруашылығымен айналысу оңай кәсіп емес. Малға жазғы жайылымы, су табу, ала жаздай жем-шөбін дайындау, қыс азабын айтпағанда, тұрақты малшы табудың өзі үлкен мәселе және тағы басқа қиындықтарды бастан өткеріп жүрген шаруаға мал ұрлығы тағы қосылады. «Мал ашуы – жан ашуы» деп бекер айтылмаса керек, мал ұрлығының көбеюі шаруалардың жан ашуын тудыратыны хақ. Сондықтан, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тікелей бастамасымен, мал ұрлығын тоқтату мақсатында, мал ұрлығына қатысты жауаптылықты қатаңдату жөнінд... |
Толығырақ... Оқылды: 1450 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
САҚТАНСАҢ, САҚТАЙДЫ |
Қазір жаз мезгілі. Ал жаздың сәні – суға түсу. Күннің ыстығында бір сергіп, суға шомылған жақсы-ақ! Алайда, суға түсудің соңы қайғылы жағдайға душар ететінін қаперден шығармау керек. Мәселен, биыл өңірде ата-ана бақылауынсыз қалған бір бала тілсіз жаудың құрбаны болды. Жиырма сегізінші мамыр күні Көксу бекетінде бір үйдің 5 жасар кенжесінің суға кеткені естіген адамды есеңгіретті. Тапа-тал түсте ата-аналарынан ойнауға кеттік деп сұранып шыққан бір үйдің төрт баласы судың жағалауында ойнаған. Осылайша оқыс оқиға орын алып үйдің кенжесі өзенге батып, ажал құшты. Артынан інісін құтқармақ болып он жасар ағасы суға секірген. Алайда, қаршадай бала тілсіз жауға қарсы тұра алмады. Өкініштісі туған інісі көз алдында көз жұмды. Оқиға куәгерлерінің шақыруымен құтқарушылар кешікпей жеткенімен, балдырғанды құтқарып қалу мүмкін болмады. Байқасаңыз, оқиға өзенге жақын орналасқан ауылда болған. Оның үстіне, балалар бақылаусыз жүрген. Орын алған оқиғаларда бала қауіпсіздігі туралы қанша... |
Толығырақ... Оқылды: 1471 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
Қос жеңіске қол жеткіздік |
Қазіргі кездегі пандемияға байланысты көптеген байқаулар, жарыстар онлайн бойынша ұйымдастыруда. Жуырда Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен облыс оқушылары арасында әскери-спорттық «Сардар» олимпиадасы және «Айбын» сайысы офлайн бойынша өткізілді. Бұл екі байқауда Талдықорған қаласындағы №7 Ушинский атындағы орта мектеп базасында ұйымдастырылды. «Сардар» олимпиадасы бойынша аудан намысын Жамбыл, Ж. Егінбаев, Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектеп оқушылары қорғап қайтты. Бұл олимпиада да оқушылар, АӘТД, математика, физика, тарих пәндері бойынша тест тапсырып, келесі күні 100, 3000м жүгіру, кермеге тартылу, қаруды шашып, қайта жинау түрлері бойынша күш сынасты. Барлығы 52 оқушы қатысқан осындай олимпиаданың қорытындысы бойынша Жамбыл атындағы орта мектеп оқушысы Иемберген Айбек жалпы қорытындыда жүлделі 2 орынды иеленсе, Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектеп оқушысы Құрманов Медеубай қаруды шашып жинау номинациясында 1 орынды жеңіп алды. Әскери... |
Толығырақ... Оқылды: 1369 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
БИЫЛ АЛАКӨЛГЕ МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ТУРИСТ КЕЛЕДІ ДЕП КҮТІЛУДЕ |
Әлемде дамуы жағынан дес бермей келе жатқан ауқымы кең саланың бірі – туризм. Алакөл ауданы осы саланы қалыптастыруға және дамытуға географиялық картасы да, орналасу аумағы да, табиғаты да сай келеді. Арысы мұнаймен, құмды даламен сабақтасатын, берісі Арқа, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларымен шектесетін елдің орталығы да, солтүстігі де ең керемет байлыққа толы. Орманды алқаптарды да кездестіруге болады. Айдынды көл мен өзеңі, мөлдір бұлағы толастамайтын, табиғатымен ерекеше. Жалпы, Алакөл республикамыздағы тұйықталған көлдердің ішіндегі суы терең жалғыз көл. Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының шегінде орналасқан Алакөл солтүстік шығысында Балқаш-Алакөл ойпатындағы Жоңғар Алатауының шығыс жоталары мен Тарбағатай жоталарының арасында жатыр. Көркі көз тартар аймақ жанға жайлы, демалысқа таптырмас жер. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да отандық туризм саласын дамыту туралы кеңінен тоқталып өткен өткен болатын. Осы ретте, Алакөл ауда... |
Толығырақ... Оқылды: 1389 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
Әкімді сайлай білген жұрттың кетіруге де құқығы болады – Ауыт Мұқибек |
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заңға қол қойды. Осыған орай танымал ақын, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек пікір білдіріп, сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деп жазу өте дұрыс бастама екенін айтады. Ол бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Жалпы, реформаның қарапайым аты - қозғалыс немесе әрекет. Қозғалыс пен әрекет бар жерде даму мен кері кету болады. Президент шешімдеріне аздап көңілі толмайтындар бар шығар. Қоғам болған соң, ол – заңды құбылыс. Ал, қате, дұрыс емес деген ешкім жоқ. Соның бірі – осы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңына енгізіліп жатқан толықтырулар – ауыл әкімдерін сайлау, сайлау босағасын бес пайызға түсіру және сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын!» деп жаз... |
Толығырақ... Оқылды: 1417 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
Алматы облысының прокурорлары қылмыстық процестің үш буынды моделінің жұмыс істеу қағидаларын түсіндірді |
Қылмыстық процестің үш буынды моделі барлық дамыған елдерде қолданысқа енген құқық қорғау саласындағы жүйе. Аталған үш буынды құрушы – полиция, прокуратура және сот. Бұл құрам қылмыстық процеске жауап береді. Үш буынды жүйенің әр кезеңі іс сотқа жолданбас бұрын өтуі қажет сүзгі ретінде қызмет етеді. «Үш буынды модельге көшу сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәсілдері мен прокурорлардың да, тергеушілердің де ұйымдастырушылық тұрғыдан дағдыларын өзгертуді талап етеді. Осыған байланысты Бас прокуратура барлық сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен бірлесіп қылмыстық процестің үш буынды моделіне кезең-кезеңімен «жеңіл» ауысуды бастап кетті»,- Қылмыстық қудалау басқармасы бастығының орынбасары Жандос Ысқақов. Үш буынды модельдеу прокурордың қылмыстық істі тергеп-тексерудегі жауапкершілік жүгін екі есе арттыра отырып, оның шешімі қылмыстық процестегі басты шешімнің бірі болатынын айқындап берген. Енді күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралауды белгілеу,... |
Толығырақ... Оқылды: 1458 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2021 |