ӘЛЕУМЕТ

Жемқорлықты болдырмау басты міндет

Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Кез – келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселел...
Толығырақ... Оқылды: 1633 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021

Коронавирустың екінші түрі пайда болғаны рас па?

Біраздан бері халық арасында «Коронавирустың екінші түрі пайда болыпты, Алматыдан шығыпты, жоқ Нұрсұлтаннан шығыпты, ауру қайта көбейіпті, карантин басталады екен...» деген сияқты қауесеттер желдей есуде. Ендеше коронавирустың екінші түрі пайда болғаны рас па? Оның белгілері қандай? Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандарының зерттеуінше, Ұлыбританияда тез тарап жатқан вирус – коронавирустың мутацияланған түрі. Оған VOC-202 012/01 деген атау берілді. Қазіргі уақытта бұл штамның ерекшелігі – оның жұғу ықтималдығының жоғарылығында. Мамандар коронавирустың жаңа түрі бұрынғыдан 50-70 пайыз жылдам таралатынын айтып отыр. Вирус мутациясы Ұлыбританияда шапшаң жайылғаны салдарынан аталған елде кейінгі күндері бір тәулікте 50 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бұл бұрын-соңды тіркелмеген жоғары көрсеткіш. Осының кесірінен билік қайтадан жаппай локдаун енгізуге мәжбүр болған. Коронавирустың «британдық штамм» қазірге дейін әлемнің 40-тан астам елінде аны...
Толығырақ... Оқылды: 1513 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021

Алматы облысында кәсіпкер заманауи күртешелер мен пәлте шығарады

Алматы облысында тігінші Кәмилә Байматова мемлекеттік бағдарлама бойынша ұлттық және заманауи стильде сыртқы киім мен интерьер бұйымдарын тігетін жеке тігін цехын ашты. 58 жастағы Кәмилә Байматова Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында тұрады. Кәсіпкерлікті үш жыл бұрын бастаған. Мамандығы бойынша байланысшы, алайда тігін ісінде он бір жылдық тәжірибесі бар. Ательде тігінші болып қызмет атқарған. Сол орында жұмыс істеп жүріп, ұлттық нақышта киім мен үй бұйымдарын тігетін жеке ісін ашуды мақсат етті. «Мен тігін цехында сегіз жылға жуық жұмыс істедім. Мол тәжірибе мен білім жинадым. Тұрақты клиенттерім болды. Сатып алушылар менің жасаған дүниелерімді әрдайым жоғары бағалайтын. Дәл осы қолдау мені бизнесті бастауға итермеледі. Барлық кемшіліктер мен артықшылықтарды есептеп, өз ісімді ашамын деп шештім. Осылайша, мемлекеттік қолдаудың арқасында ойлағанымды жүзеге асырдым, қажетті жабдықтарды сатып алып, бірнеше адамды жұмысқа қабылдадым», - дейді кәсіпкер. 2018 жылы Кәмилә...
Толығырақ... Оқылды: 1628 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2021

Алматы облысында 47 мыңнан астам бала 1 сыныпқа қабылданады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы сәуір айынан бастап білім беру ұйымдары 1 сыныпқа балаларды қабылдайды. 1 сыныпқа алты жастағы балалар қабылданатын болады. Оқушылардың ата-аналары өтініштерін сәуір және тамыз айларында бере алады. Қажетті құжаттарды egov.kz порталы арқылы және қағаз жүзінде тапсыруға рұқсат. 2020-2021 оқу жылында 1 сыныпқа 47 007 бала қабылданса, ағымдағы жылға 1 сыныпқа 47 700 баланы қабылдау жоспарланып отыр. «IV тоқсанда Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №6 Қаулысына сәйкес санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға, 1-5 сыныптарды қоса алғанда кезекшілік сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін, мектеп бітіруші 9,11 сыныптар аралас форматта (сыныпта 15 адамнан артық емес) оқыту жоспарланып отыр&raqu...
Толығырақ... Оқылды: 1621 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2021

Жаңа көлік сатып алдыңыз ба?

Оны автоХҚО-ға бармай, kaspi.kz қосымшасы арқылы рәсімдеп көріңіз. Ол үшін сатушы қосымшаға кіріп, Мемлекеттік қызметтер бөлімінен «Автокөлікті қайта рәсімдеу» қызметін таңдауы тиіс. Әрі қарай көлікті тіркеуден шығару батырмасын басып, айыппұл мен салық берешегі барын тексеруге болады. Бұдан кейін көлікті сатып алушының ЖСН нөмірі мен көліктің сатылымға қойылған бағасы толтырылады. Егер көлікті сатушы нөмір белгісін сақтап қаламын десе, тиісті жерге белгі қоюы тиіс. Соңында сатушы электронды қолтаңбасы арқылы көлікті тіркеуден шығарады. Бұдан кейін сатып алушы тарап қосымшада «Автокөлікті тіркеуге қою» батырмасын басып, көлік жайлы мәліметтерді растайды. Көлікті сатып алу құнын төлеп, мемлекеттік тіркеу нөмірін қай автоХҚО-дан алатынын көрсетеді. Бұдан кейін нөмір бегісі мен техпаспорт, тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу қажет. Көліктің тіркелгендігі жайлы хабар Kaspi қосымшасына 3 сағат ішінде келеді. Қызмет құны: Техпаспорт - 3646,25 тг, Кө...
Толығырақ... Оқылды: 1588 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2021

Алматы облысында 25 мыңнан астам адам салықтан босатылған

Жыл сайынғы жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі 1 сәуірге ауыстырылды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды. «Алматы облысы бойынша 593434 көлік тіркелген. Аталмыш тұлғалардан түсетін салық мөлшері 8,8 млрд. теңгені құрауы тиіс. 2020 жыл қорытындысы бойынша салық төлеушілерден қажетті мөлшердің тек 1,2 млрд. теңгесі төленген. Төленбеген салық 6 млрд-тан астам берешекті қамтып отыр»,-деді Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Ләззат Айтахунова Жеке тұлға көлік салығын мүлдем төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда уәкілетті орган қарызды өнідіріп алу бұйрығын іске қосады. Ескере кететін жайт, азаматтардың салығы тұрғылықты орнымен белгіленеді. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «eSalyq Азамат» мобильдік қосымшасын іске қосқан болатын. Мобильді қосымша салық төлеушілерге үйден шықпай-ақ қызметтерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған қосы...
Толығырақ... Оқылды: 1699 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021

Вопросы межконфессиального согласия обсудили на международной конференции

После обретения независимости наша страна, расположенная на стыке западной и восточной цивилизаций, стала Родиной для представителей более 130-ти национальностей и 18 конфессий. Благодаря Елбасы Нурсултану Назарбаеву наша модель межэтнического и межрелигиозного согласия – это реальный вклад Казахстана во весь мировой процесс взаимодействия различных конфессий. А Касым-Жомарт Токаев, в статье «Независимость превыше всего», подчеркнул, что межрелигиозное согласие в Казахстане- великая ценность, которую мы должны сохранить и развивать. В честь 30- летия Независисмости Республики, в Египетском университете исламской культуры Нур-Мубарак, состоялась онлайн- конференция, посвященная межконфессиональному и межэтническому согласию в Казахстане. В ней приняли участие более 10 спикеров из разных стран, среди которых ученные, профессоры, представители институтов религии, такие как председатель ДУМК, муфтий Наурызбай Кажы Таганулы, междуродный имам Шовосил Зиядов, ректор универ...
Толығырақ... Оқылды: 1692 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021

Конфессияаралық келісім мәселелері талқыланды

Тәуелсіздік алғаннан кейін батыс және шығыс өркениеттерінің тоғысында орналасқан біздің еліміз 130-дан астам ұлт пен 18 конфессия өкілдері үшін алтын ұя Отанына айналды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «біздің этносаралық және дінаралық келісімнің моделі дегеніміз – ол әртүрлі конфессиялардың өзара әрекеттесуі бүкіл әлемдік процессіне Қазақ Елінің қосқан шынайы үлесі»,-деп санайды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Қазақстандағы дінаралық келісім - біз сақтауға және дамытуға тиіс ұлы құндылық екенін атап өткен болатын. Республикамыздың Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Қазақстандағы конфессияаралық және этносаралық келісімге арналған онлайн-конференция өтті. Оған әр елден 10-нан астам спикерлер қатысты, олардың ішінде ҚМДБ төрағасы, мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, дін институттарының өкілдері,ғалымдар, профессорлар, дінаралық имам Шовосил Зиядов, РФ Ислам...
Толығырақ... Оқылды: 1701 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021

Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-сі жаңа логотипті таныстырды

Кез келген ұйым бірлестігі үшін логотиптің маңызы ерекше. Ұйымның атауын мақсат мүддесінен хабар беретін бұл дүниенің символикалық астары тереңде жатыр. Халықтар достастығының жаршысы саналған «Қоғамдық келісім» үшін жаңа леп қажет болды. Сол себептен, арнайы конкурс ұйымдастырылды. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Сандуғаш Дүйсенова хабарлады. Қазан айынан бастау алған байқауға 15 адам қатысып, әртүрлі нұсқадағы үлгілер ұсынылған. Соның ішінде «Q Print» агенттігінің өкілі Шалқар Сембековтің туындысы ерекше деп танылып, жүлделі марапатқа ие болды. 10 жылдан бері осы салада жүрседе, ол логотип жасау бойынша алғашқы рет жобаға қатысқан. Ал логотиптің сәтті шығуына дәл осы мекеменің өзі шабыт сыйлаған көрінеді. Дизайнердің сөзінше, логотиптің ортасында бейнеленген шаңырақ ортақ мекенді, отбасылық үлкен жылулықты дәріптесе, жан жағындағы өрнек пен түстер жиынтығы этникалық топтарды көрсетеді. Қол...
Толығырақ... Оқылды: 1707 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021

Мамандар су басу қаупі жоғары аймақты айқындады

Жер аяғы кеңігенімен көктемгі күні ауа райының мың құбылатыны тағы бар. Жауын-шашынның көбейгені бөгеттердегі су деңгейінің шамадан тыс көтерілуіне әкеп соғады. Төтеншеліктер, метеостанциялардағы көпжылдық бақылаулардың деректері бойынша наурыз айының соңында, сәуір айларында жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін, бұл қауіпті стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстардың, яғни су тасқынының туындауына әкеп соғуы мүмкін екендігін айтып дабыл қағуда. Алматы облысында су басу қаупі бар 42 учаске бар. Қауіпті учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда төмендеген. 2020 жылы бұл көрсеткіш 48-ді құраса, 2019 жылдары 134 су тасқыны қауіпті учаске тіркелген болатын. Мамандар, Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары су басу қаупі жоғары аймақ деп айқындап отыр. Ал, Панфилов, Балқаш, Іле аудандары және Талдықорған қаласының қызыл судың астында қалу қауіпі, жоғарыда аталған өңірлерге қарағанда анағұрлым төмен. Облыс бойынша, табиғи апаттың алдын алу мақсатында 13,...
Толығырақ... Оқылды: 1710 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.