ӘЛЕУМЕТ

АЛАКӨЛ АУДАНЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ 75 ТЕН АСА ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Ел Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көктем мерекесі – Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін тұжырымдама жасауды ұсынған болатын. Мәдениет және спорт министрлігі Президент тапсырмасы негізінде «Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы» үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жобада Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс – шараларды 10 күн бойы өткізу жоспарланған. Наурыз мейрамын тойлаудың басты міндеті – ұлттық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту, рухани жаңғыру құндылықтарын кеңінен айту. Бүгінде ұлттық мейрамымыз ерекше форматта ұлықталып жатыр. Айта кетейік, думанды мейрамды атап өту барысында 14 наурыз көрісу күнінен бастап, ауданға қарасты 24 ауылдық округте іс – шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Шаралардың легі: аудандық жастар ресурстық орталығының «Бұлақ көрсең көзін аш», аудандық З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінің «Шежіре күніне»...
Толығырақ... Оқылды: 1527 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2021

АНТИКОР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ РӨЛІН КҮШЕЙТУДЕ

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық бірқатар себептермен пайда болатын және бірнеше түрлерді қабылдайтын күрделі және көп қырлы құбылыс болып көрінеді. Ұзақ уақыт бойы сыбайлас жемқорлық мәдени, адамгершілік және тарихи мәселе болып саналды, бірақ бүгінде ол мемлекеттік органдардың да, азаматтардың да белсенді қатысуын талап ететін саяси, институционалдық мәселе ретінде қарастырылады. Қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, сондай-ақ оны іске асыру кезеңдері Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрініс табады. Онда ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық сипаттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені қамтылған, ал оның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін...
Толығырақ... Оқылды: 1485 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2021

Алматы облысында Наурыз мейрамын қалай тойланады?

Ұлыстың ұлы күні осы жылы ерекше аталып өтпек. Қастерлі мерекемізді ұлықтау,10 күндік іс-шаралар негізінде жүзеге асырылуда. Осы орайда мейрамның мағынасын ашатын «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесімен арнайы бейнеролик түсірілді. Қазіргі таңда облыс орталығындағы Назарбаев және Біржан сал көшелерінің қиылысындағы үлкен лед экраннан әр 7 минут сайын қайталанып беріліп тұр. 10 күндік шара аясында қала аумағындағы ауылдық округтерде, еріктілердің қатысуымен ескерткіштер маңында тазалық жұмыстары жүргізіліп, асық, тоғызқұмалақ, дойбы, хан дойбы түрлерінен және қалалық спорт мектептерінде жасөспірімдер арасында қазақша күрестен қалалық турнир ұйымдастырылады. «Наурыз мейрамын мерекелеу барысында, ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді істер атқарылады. Нақтыласақ, қала мектептерінде ежелгі әдет-ғұрыптарды жаңғырту саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, эссе жазу, дискуссиялық ток-шоу және ақындар мен ж...
Толығырақ... Оқылды: 1476 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2021

Алматы облысында көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді

Наурыз айы, мейірімділік пен қамқорлыққа толы мезет. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз мейрамының 10 күндігін белгілеп берген еді. Соның ішінде 18 наурыз- «игі істер күні» деп жарияланған болатын. Бұл күнде, текті қазақтың қанына сіңген қайырымдылық пен жақсылық жасалып, қоғамның әлеуметтік осал топтарына барынша көмек көрсетіледі. Аталған шарапаты мол бастамадан, жетісулықтарда қалыс қалмады. Қайырымды істі бұл жолы Алматы облыстық жауынгерлік өнер ассоциациясы ұйымдастырды. Олар, көп балалы 6 отбасына азық-түлік пен қатты отын жағынан көмек қолын созды. Солардың бірі,4 балалы Назира Нұрғалиева. «Ұйымдастырушыларға өз алғысымды білдіремін. Бұл әлемде мейірімді адамдар жетерлік. Бізге қажетті заттарды алып келді. Отбасымыз үлкен болғандықтан, бізге үлкен көмек болды»,-дейді Назира Нұрғалиева. Алматы облыстық жауынгерлік өнер ассоциациясының басшысы Айдос Искаковтың айтуынша, олар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Тұрақты түрде мұқтаж азаматтарға қол...
Толығырақ... Оқылды: 1474 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2021

«Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысуға 26 мың оқушы өтінем берген

Білім бәскесінде балғындардың бәсі жоғары болуы үшін, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы түрлі зияткерлік додаларды жүзеге асырады. Соның ішіндегі ірі жобалардың бірі – «Мың бала» Ұлттық олипиадасы. Жарыс ауылды жерлердегі 5-6 сынып оқушылары арасында өткізіледі. 2020 жылы аталған сайыс бірінші рет бастау алған болатын. Өткен жылы, олимпиадаға Алматы облысынан 65 мыңға жуық оқушы қатысты. Нәтижесінде 196 бала жүлдегерлер қатарынан көрініп, 107 жеңімпаз облыстағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мекемелерге емтихан тапсырмастан қабылданып, қазіргі таңда оқып жатыр. «Жобада үздік шыққан өрендерге, Алматы облысындағы 9 бірдей мамандандырылған білім мекемелерінде оқу үшін грант алуға мүмкіндігі беріледі. Бір ескертерлігі, аймақтағы үздік оқу орындарына 6 сынып оқушыларының арасындағы дарындылар ғана қабылданады. Ал, 5 сынып оқитын балар арасында топ жарғандар Елбасы Академиясының «Бірге оқу» онлайн-мектебінде пәндік дайындықт...
Толығырақ... Оқылды: 1480 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2021

«Мерейлі отбасы»

Алматы облысында өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі. Конкурс 15 мамырдан Халықаралық отбасы күніне орай басталады. Конкурсқа қатысуға өтінім арқылы, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар (үміткерлер) қатысады. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатысады (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі. Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін мүшелері бар, бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды. Конкурс екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалы...
Толығырақ... Оқылды: 1502 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2021

Үйдің жанындағы дүкендерге арналған пилоттық жоба 3 жыл күшінде болады

Пандемия кезінде елімізде шағын дүкендермен қоса бизнестердің 70-80% зардап шеккен болатын.Осыған орай ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде қарапайым халыққа деген жаңа орнатуларды заңға еңгізді. Бұдан әрі,пилоттық жоба шеңберінде сатып алушыларға бақылау-касса машинасының чегін бере отырып, тауарларды тек жеке тұлғаларға өткізуді жүзеге асыратын үйдің жанындағы дүкендерге арналған тауарға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу бойынша талап жойылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығымен бекітілген тауардың ілеспе жүкқұжаттарын (ТІЖ) рәсімдеу жөніндегі Пилоттық жобаны іске асыру қағидалары, бұдан былай 7-тарауында бөлшек саудада ТІЖ рәсімдеу жөніндегі ерекше ережелер белгіленген, оларға сәйкес электронды шот-фактуралары (ЭШФ) АЖ-да ТІЖ бойынша рәсімдер бөлшек сауда субъектісінің қатысуынсыз берілген алгоритмдер бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтып кеткендей, жеңілдетілген декларациялар бойынша жұмыс істейтін салық төле...
Толығырақ... Оқылды: 1556 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.03.2021

Әйел адам үшін ана болудан асқан бақыт жоқ шығар

Әйел адам үшін ана болудан асқан бақыт жоқ шығар. Босанар алдындағы машақаттардан бөлек, мемлекет төлемдерін рәсімдеу жағын да ойластыру керек. Пайдалы ақпаратпен бөлісе отырып, біз өмірлеріңізді жеңілдетпекпіз. Кірісінен айырылу жағдайындағы төленетін әлеуметтік төлем болашақ ананың жұмысқа жарамсыз күндерін, орташа айлық кірісін және зейнетақы төлемінің тиісті көлемін ала отырып есептеледі. Бұл төлемді рәсімдеуге ХҚО-ға келесі құжаттар қажет: - Жеке басын куәландыратын құжат; - Банк шоты жайлы мәлімет; - Жұмысқа жарамсыздық парағы; - Егер болашақ ана жеке кәсіпкер болса, кәсіптің мемлекетік тіркеуі туралы куәліктің көшірмесі. *Құжаттарды тіркелген мекенжайына қарасты ХҚО-ға, еңбекке жарамсыздық парағын алған сәттен бастап 1 жыл ішінде өткізуге болады. Құжаттар толық тапсырылған соң 8 жұмыс күні ішінде төлемдердің тағайындалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді.
Толығырақ... Оқылды: 1592 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.03.2021

Алматы облысының тұрғыны қарапайым сатушыдан жеке кәсіпкерге айналды

Алматы облысында сатушы болып жұмыс істеп келген 30 жастағы Айман Жапарова «Бастау» жобасының көмегімен көкөністер мен жемістер дүкенін ашып, кәсіпкер атанды. Айманның айтуынша, ол халық арасында, азаматтармен етене байланыс жұмыс істегенді жаны қалайды. Үлкен-кішіге қамқор және арманшыл жан. Жеке ісім болса деген мақсаты болды. Сатушы болып жұмыс істей жүріп, жеміс-жидектерден себеттер мен гүл шоқтарын әзірлеу ойына келді. «Тұрмысқа шыққаннан кейін Үшарал қаласына көшіп келдім. Жолдасыма өз ісімізді ашып, кәсіпкерлікпен айналысуды ұсын,анымда бірден қолдады. Көкөністер мен жемістерден себеттер мен гүл шоқтарын жасауды, сонымен қатар шағын дүкен ашуды жоспарладым. «Атамекенге» барғанымда мұның бәрін қалай жүзеге асыру керектігін түсіндірді. Қолдау шараларының бірі «Бастау» жобасы болды. Карантиндік шараларға байланысты оқу онлайн түрде жүргізілді. Дегенмен де, өзім үшін көптеген пайдалы және қызықты нәрселерді үйрендім», - деді кәс...
Толығырақ... Оқылды: 1645 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2021

Өнім сапасы назардан тыс қалмауы тиіс

Ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұлттық стандартқа деген сенімді дамытып, сертификаттау жүйесінжолға қою қажет. Осы мақсатта "Техникалық реттеу туралы" ҚР Заңын жаңа редакцияда дайындау және оны жыл соңына дейін қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды. Техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган "Техникалық реттеу туралы" Заңның жаңа жобасын әзірледі, оған 2020 жылғы 30 желтоқсанда қол қойылды. Аталмыш заң жобасы 2021 жылдың 1 шілдесінен, бастап өз күшіне енеді. «Мамандандырылған заң жобасына өзгеріс енгізудегі мақсат өнімнің сапасына жіті мән берумен, нарықты бақылау, тауарды айналымға шығару кезінде бекітілген талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету», - дедіҚазақстан Республикасы Интеграция және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология департаментінің Алматы облысы бойынша басшысының орынбасары Бибігүл Омарова. Бүгінгі күні,...
Толығырақ... Оқылды: 1672 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.