ӘЛЕУМЕТ
Жылжымайтын мүлікті нотариуссыз, ХҚО арқылы тіркеу |
Қайырлы күн, оқырман! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында сатып алынған жылжымайтын мүлікті нотариуссыз, яғни ХҚО арқылы тіркеп көретін боламыз. Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз; ХҚО операторына келесі құжаттарды ұсыну: сатып алу- сату келісімшартының 2 данасын жасасыңыз: Мүліктің техникалық паспорты; Мүлік меншігіне құқық беретін құжаттар (сатушы тарапынан); Некеде болса, екі тараптың да жұбайының нотариус арқылы рәсімделген келісімі; Егер жылжымайтын мүлік құрылыс компаниясынан сатып алынатын болса, қосымша: Сату жөніндегі шешім; Сатып алушы некеде болса, нотариус арқылы жұбайының рәсімделген келісімі; Есіңізде болсын ХҚО-ға дайын келісімшартпен келулеріңіз қажет. Келісім-шартта міндетті түрде жылжымайтын мүліктің барлық сипаттамасы (ауданы, қабаты, пәтер нөмірі, кадастр нөмірі және басқа да техникалық сипаттамалары) көрсетілуі тиіс. Жылжымайтын мүлікті құрылыс компаниясынан алған жағдайда, ХҚО-ға компания өкілі к... |
Толығырақ... Оқылды: 1134 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.02.2021 |
А.Баталов: «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудағы «Жол картасы» Жетісу өңірінің дамуына үлес қоспақ |
Бүгін, Алматы облыстық мәслихатындағы «NurOtan» партиясы депутаттық фракциясының жиналысы өтіп, күн тәртібінде «NurOtan» партиясы Алматы облысының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы қаралды. Отырысқа облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталов және әкім орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаевоблыстық партия филиалының басшылығы, облыстық мәслихат депутаттары, департамент, басқарма басшылары қатысты. Жиналысты облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық депутаттық фракция жетекшісі Гүлнәр Тойлыбаева ашып жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелерді атап өтті. «Барлықтарыңызға мәлім, «NurOtan» партиясы республика бойынша әр аудан-қала мен облыстық сайлауалды бағдарламасын әзірлеп, қалың бұқараның талқылауынан өткізген болатын. Ерекешелігі бұл бағдарлама әр өңірді жеке қамтып, аймақтың дамуы жолында өз рөлін а... |
Толығырақ... Оқылды: 1163 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.02.2021 |
МӘМС мүмкіндіктері: жүкті әйелдерді, мигранттарды және БЖТ төлеушілерді не мазалайды? |
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өз өзектілігін жоғалтпайтын тұрғындардың сұрақтарына жауап беруді жалғастыруда. Естеріңізге сала кетейік, өтінішті кез келген кері байланыс арнасы - 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-бот @SaqtandyryBot және ресми сайт арқылы қалдыруға болады fms.kz. - Ай сайын БЖТ төлеймін, сонда да «сақтандырылмаған» деген мәртебе беріледі, неге? - Сірә, өтініш берген сәтте ағымдағы ай үшін БЖТ төленбеген немесе алдыңғы үш ай ішінде олқылықтарға жол берілген. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, сақтандыру мәртебесін алу үшін БЖТ-ны үш ай қатарынан төлеу қажет. Сонымен бірге, егер ол төртінші айда медициналық көмек алуға ниет білдірсе, онда ол ары қарай БЖТ төлеуі керек. Мүмкін, адам техникалық себептермен жүйеден «шығып қалған» шығар. Ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіну қажет. Егер мамандар барлық жарналардың бар екеніне көз жеткізсе, мәр... |
Толығырақ... Оқылды: 1225 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.02.2021 |
Жетісуда 1,1 млрд. теңгеге демалыс базалары салынады |
Аламты облысы табиғаты көз тартар көрікті мекен. Жетісу өлкесі туристік нысандарға бай. Сол себепті, бұл аймаққа туристер ағылып келеді. Алайда, пандемияға байланысты былтыр аса жоғары көрсеткіш тіркеле қоймады. Салдарынан, келуші туристер саны 42 пайызға төмендеген. Дегенмен, туризм саласы тұралап қалған жоқ. Соңғы жылдардағы ішкі туризмнің дамуы оң нәтиже көрсетіп отыр. Сәйкесінше, келушілерге қызмет көрсететін нысан саны 803-ке жеткен жайы бар. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысында туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 21,0 млрд.теңгені құрады, бұл республикалық көлемнің 14,5% - ын құрайды. Оның ішінде, 2020 жылы облыс картасында 24 жаңа нысан пайда болып, осы салада еңбек еткен халық саны – 27 мыңға жетті. 2021 жылы инфраструктуралық жобаларды іске асыруға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 29,2 млд. теңге бөлінуі көзделген. Сонымен қатар, 171 жұмыс орнын құрумен құны 1,4 млрд.теңгеге 10 инвестициялық жоба пайдалануға беріледі. &laq... |
Толығырақ... Оқылды: 1190 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.02.2021 |
«Жас маман» жобасына өңірден 5 колледж қатысуда |
Білім ордаларының материалдық-техникалық базасын жаңарту, сапалы кәсіптік мамандар даярлау мақсатында 2019 жылы «Жас маман» жобасы бекітілген еді. Бұған республика көлемінде 180 колледж іріктеліп алынға. Алматы облысынан 10 колледж осы жобаға енгізілген болатын. «Жас маман» жобасы аясында колледждерде теориялық оқыту кабинеті мен өндірістік оқыту шеберханалары халықаралық «Worldskills» стандарттарына сай замануи құрал-жабдықтармен жабдықталды. Кабинеттер мен шеберханаларда қажетті коммуникациялар мен инфрақұрылымдар жүргізіліп, тиісті жиһаздармен қамтамасыз етілді. Ол үшін облыстық бюджеттен 5% көлемінде қосымша қаржыландыру үшін 80,2 млн.теңге қаражат қарасырылды. Биылғы жылыда аталмыш жоба өз жалғасын таппақ. 2021 жылы «Жас маман» жобасына енген 5 колледжге республикалық бюджеттен 1,3 млрд.теңге қарастырылды. «Жоғарыда аталған колледждердің базасында «Аспаз», «Кондитер», «Нан пісіру,... |
Толығырақ... Оқылды: 1310 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.02.2021 |
Жетісулық 384 жас «Елбасы медалінің» иегері атанды |
Таланты мен талабы ұштасқан үздіктердің жалын атуына ықпал ететін облыстық білім басқармасына қарасты «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығы жұмыс жасайды. Орталықтың мақсаты: шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапты, интеллекті жоғары, кәсіби сауатты жеке тұлғаны қалыптастыру. Аталған орталық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау және дамыту жөніндегі «El Umiti» бастамасы аясында бірнеше жобаларды жүзеге асыруда. Атап айтар болсақ, олар: «Елбасы медалі», «Қабілет» жобасы және «Мың бала» ұлттық олимпиадасы. «Елбасы медалі» жобасына 14-29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Жоба спорт, дарын мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, еріктілік бағыттары бойынша жүргізіледі. Бүгінгі күні, 1121 жас қатысуға өтініш берген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Алматы облысы «Елбасы медалі» жобасында үздік көрсеткіш көрсетіп, 384 адам жеңімпаз атанған. Жоба жүлдегері атанғ... |
Толығырақ... Оқылды: 1325 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.02.2021 |
Студенттік арманын орындады: жас кәсіпкер Қапшағайда дамытушы кілемшелер шығарады |
Алматы облысының тұрғыны Мереке Рамазан Қапшағай қаласында балаларға арналған кілемшелер мен жұмсақ ойыншықтар шығаратын цех ашып, өзінің студенттік арманын орындады. 28 жастағы Мереке Рамазан Балқаш ауданындағы Береке ауылында туған. Оқу орнын it бағыт бойынша сәтті аяқтап, байланыс инженері болып еңбек етті. Алайда, студенттік кезінен бастап жеке кәсібін ашуды армандап келді. Соңғы екі жылда балалар ойыншықтары мен кілемшелерін шығару идеясы туындады, дейді Мереке. Арманын жүзеге асыру үшін 2019 жылы ол «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Бастау Бизнес» бір айлық оқыту жобасының курсына жазылды. Кәсіпкерлер палатасында кеңес алып, бизнес-жаттықтырушыдан тәлім үйренді. «Студенттік шағымда өз ісімді ашуды әрқашан ойлайтынмын. Соңғы екі жыл бойы мен балалар ойыншықтары мен кілемшелер шығару ойымен өмір сүрдім. Осы бағытты қарап, нарықты талдап, сұраныс көлемін зерттедім. Еліміз бойынша және біздің облыста мен шығарғым келген бұйымдар болмады. Бағдарламаш... |
Толығырақ... Оқылды: 1266 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.02.2021 |
Алматы облысында 11 192 медицина қызметкері вакцина қабылдайды |
Коронавирусқа қарсы екпе салу әліде жалғасуда. Алматы облысында айналасы он күннің ішінде 920 адам вакцина қабылдаған. Оның 410-ы Талдықорған қаласының азаматтары. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында белгілі болды. Жетісу өңірінде 26 медициналық мекемеде 29 егу кабинеті дайындалған. Вакцинаны тасымалдауға арналған тағы 9 мұздатқыш пен 11 белсенді термоконтейнерлер жеткізіледі деп күтілуде. Қазіргі уақытта 35 мұздатқыш және 29 белсенді термоконтейнер бар. «Алматы облысына ағымдағы жылы "Спутник V" вакцинасының 150 мың дозасын жеткізу жоспарланған. 2021 жылғы ақпанда 6 000 доза, наурызда - 9 000, сәуірден маусымға дейін - ай сайын 45 000 доза жеткізуді жоспарланып отыр»,-дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Джансеңгіров . Індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері бірінші кезекте екпе алады. Вакцина салдыратын ақ халаттылардың саны 11 192. Ал, шалғай елді мекендерде вакцинация жү... |
Толығырақ... Оқылды: 1258 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.02.2021 |
Ұлттық комиссия отырысы |
Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті. Бейнебайланыс форматында өткен отырыста бағдарламаны іске асырудың ағымдағы қорытындылары талқыланып, одан әрі атқарылатын жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Қырымбек Көшербаев отырысты аша келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі дамытудың құнды бағдарларын айқындағанын атап өтті. Біріншіден, Тәуелсіздігіміздің қастерлі құндылықтарын қорғау мен қастерлеу, екіншіден, қоғамдық дамудың өзекті мәселелері бойынша нақты мемлекеттік ұстаным екенін айтты. Мемлекеттік хатшы жаһанданудың заманауи сын-қатерлері мен тегеуріндері жағдайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы адам капиталын дамытудың басты бағдары әрі қоғам үшін... |
Толығырақ... Оқылды: 1178 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.02.2021 |
ҚАРАҒАНДЫ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КЕШЕНІНІҢ БАЗАСЫНДА COVID-19 ҚАРСЫ ВАКЦИНА ӨНДІРУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА |
Қарағанды өндірістік кешенінің базасында вакцина өндіру туралы шешім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (ҚР ДСМ) және Ресейдің Тікелей Инвестициялар Қорының (РТИҚ) арнайы мамандар тобының қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындарына жүргізілген сараптамаларының нәтижесінде қабылданды. Сарапшылардың деректері бойынша ҚФК ресейлік субстанциядан дайын өнімді өндіруге анағұрлым дайын болып шықты. РТИҚ мамандары жүргізген техникалық аудит нәтижесі өндірістік алаңның коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын түрін шығару үшін барлық талаптарға сәйкес келетінін растады. Бүгінгі таңда ҚФК халықаралық GMP стандартына сай, биотехнологиялық препараттарды өндіруге толық мамандандырылған, барлық қажетті инфрақұрылымға ие, әлемдік жетекші өндірушілердің технологиялық және зертханалық жабдықтарымен жабдықталған Қазақстан Республикасындағы алғашқы және әзірге жалғыз фармацевтикалық кәсіпорын болып табылады. Ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру шеңберінде ҚФК мен вакцина өндірісінің лицензиясы... |
Толығырақ... Оқылды: 1226 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.02.2021 |