ӘЛЕУМЕТ

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау

Қоғамның ерекше мүшелеріне мейілінше жағдай жасау зайырлы мемлекеттің басты ұстанымы. Сандық технологияға көшкен уақытта, кез-келген қызмет түрі қандай қашықтыққа қарамастан қол жетімді болуы шарт. Бәз баяғыдай, сансыз есікті тоздырып, қисапсыз қағаз толтырып, жауаптылардың жауабын күту келмеске кетті. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, жаңашылдыққа бет бұрған қоғамдағы бұл бастама біршама жұмысты жеңілдетері анық. Алматы облысында 67 мың кембағалы адамдар тұрады. Енді олар « әлеуметтік қызмет» порталының қызығын көре алады. Тағдыры сын тезіне салғанымен қоршаған орта оларды сыртқа теппейді. Сол үшінде үкімет қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, оларды қоғам өміріне белсенді тарту үшін барлық жағдайды жасауда. Осы мақсатта заңнамада мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және қолдау негізінде жәрдемақылардың 4 түрін төлеу, оңалту қызметтері мен құралдарын ұсыну, санаторий-курорттық емдеу, көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтері сынды шаралар кешен...
Толығырақ... Оқылды: 1193 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.02.2021

БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

Қайырлы күн, оқырман! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында білім туралы құжаттардың, яғни мектепті бітіргеніңіз туралы аттестаттың не кез келген оқу орны дипломының телнұсқасын алу жолдарын айтатын боламыз. Сонымен білім туралы құжаттардың телнұсқасын алудың екі жолы бар: Еgov.kz арқылы: Ең алдымен порталға кіріп, іздеу жолы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» деген қызметті табыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз; Бірінші қадамда өзіңіз туралы мәліметтерді, қайта қалпына келтіретін құжаттың түрін таңдаңыз; Оқу орны жайлы мәліметтерді ұсынылған нұсқалардан "қосу" батырмасын басу арқылы көрсетіңіз; Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз; Қызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден тексеріп отырыңыз. Есіңізде болсын Бұл қызмет түрін электронды алу үшін сіз міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелген болуыңыз керек. Қызмет көрсету уақыты – 15 жұмыс күні. ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін: Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңы...
Толығырақ... Оқылды: 1266 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.02.2021

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры"

Күнделікті "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалына халықтан сақтандыру мәртебесі бойынша сұрақтар мен қоңыраулар түседі, өзекті сұрақтарға Қор филиалының орынбасары Қарлығаш Құрманалиева жауап берді: -Ай сайын БЖТ төлеген, бірақ мәртебесі сақтандырылмаған болып шығатын азамттар пайда болады, неге? Бұл жағдайда өтініш берген сәтте ағымдағы ай үшін БЖТ төленбеген немесе алдыңғы үш ай ішінде төленбеген болар. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңға сәйкес, сақтандыру мәртебесін алу үшін БЖТ төлеуді кем дегенде үш ай қатарынан жүргізу қажет. Сонымен қатар, егер ол төртінші айда медициналық көмек алуға ниет білдірсе, онда ол БЖТ төлеуі керек. Яғни, әр ай сайын үздіксіз БЖТ төлеу қажет. Мүмкін, адам техникалық себептермен жүйеден "шығып кеткен" шығар. Ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіну қажет. -Мәртебесі, «сақтандырылмаған» жұмыссыз азамат қай кезеңнен бастап төле...
Толығырақ... Оқылды: 1246 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.02.2021

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫНЫҢ СЕРИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ бірлесіп квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша алғашқы оқыту семинарын өткізді. Семинар жұмысына мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары қатысты, барлығы 1000-нан астам адам. Айта кету керек, квазимемлекеттік компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу бойынша міндет өткен жылдың соңынан бастап заңнамалық деңгейде енгізілді және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейді. Іс-шараны ашқан Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов бизнесті парасатты жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Транспаренси Қазақстан социологиялық зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес, сұралған бизнестің тек 8,2%-ы 2020 жылы сыбайлас жемқорлық тәжірибесі туралы хабарлады. Кәсіпк...
Толығырақ... Оқылды: 1140 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.02.2021

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫНА АРНАЛДЫ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» тақырыбындағы кезекті адалдық сағаты өтті. Онлайн дәрістің негізі ретінде әділеттілік пен адалдыққа, патриотизмге және елге деген құрметтен өрнектелген ұлы ақынның шығармалары алынды. Биыл 9 ақпан күні жыр мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931–1976) толды. Мақатаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қоры болып табылады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келген, рухы мен бар бітімімен халықтың қайнар көзін сіңірген дарын өз халқының ең сүйікті ақыны болды. «Поэзия – махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиіс» деген Мұқағали ақынның өлеңдері ең әуелі адамдарды адалдыққа, тазалыққа, мейірімді болуға, жас ұрпақты Отанды сүюге, туған жерді құрметтеуге, ана тілімізді ардақтауға, қарттарымызды қадірлеуге және дәл осындай бейбіт күннің қадірін білуге шақырады. Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның патриотт...
Толығырақ... Оқылды: 1187 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.02.2021

Толығырақ... Оқылды: 1596 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.02.2021

Толығырақ... Оқылды: 1881 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.01.2021

Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алу және оны палатаның талқылауына шығармау туралы шешім қабылдады. Заң жобасына депутаттар 2019 жылғы Президент Жолдауынан кейін бастама көтерді. Ол бойынша елдегі отбасылық-тұрмыстық жанжалдар санының өсуі туралы айтылған. Заң жобасы 10 айдан астам уақыт Парламентте талқылануда. Жұмыс топтары тоқтамай заңнама аясында жұмыс істеуді жалғастырды. Көпті алаңдатқан заң жобасына Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев та өз пікірін білдірді. Президенттің айтуынша, өзекті мәселелер кеңінен талқылануы тиіс. «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау"-, деп жазды Мемлекет басшысы Тwitter парақшасында....
Толығырақ... Оқылды: 1877 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.01.2021

ЖШС тіркеуі

Сәлем достар! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктердің (өкілдіктерді) есептік тіркеуі (қайта тіркеу) туралы айтып бермекпіз.
Толығырақ... Оқылды: 1897 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.01.2021

Алматы облысы Дін істері басқармасы ескертеді

Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату орын алған кезде 453 баптың 1бөліміне сәйкес, жеке тұлғаларға – 20 АЕК (58340 тенге), лауазымды адамдарға – 25АЕК(72925тенге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 50 АЕК(145850тенге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК (291700тенге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК (583400тенге)мөлшеріндеайыппұл салуға әкеп соғады. 2 бөліміне сәйкес, жеке тұлғаларға – 20 АЕК(58340 тенге), лауазымды адамдарға – 25 АЕК(72925тенге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 50 АЕК(145850тенге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК(291700тенге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК (583400тенге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3 бөліміне сәйкес, жеке тұлғаларға – 100 АЕК(291700тенге), лауазымды адамдарға – 1...
Толығырақ... Оқылды: 1999 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.01.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.