ӘЛЕУМЕТ
АЛДАҒЫ ЖЫЛҒА АРТАР СЕНІМ МОЛ |
Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың жиырма төртінде яғни бүгін Алматы облысы, Көксу аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жарлыөзек пен Мұсабек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, үміткерлер партияның алдағы уақытта атқаратын толымды істерін тілге тиек етті. Нақтырақ айтқанда, партияның сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 бағытын түсіндірді.Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. Кездесуде «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов: «Біздің партия аудан тұрғындарының үмітін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Біз сіздерді аудандық мәслихат сайлауында «Nur Otan»... |
Толығырақ... Оқылды: 1232 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020 |
Алматы облысында I республикалық Press Summit өтті. |
Форумға еліміздің Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан баспасөз хатшылары,журналистер қатысты. Олардың Жетісу жеріне келудегі мақсаты тәжірибе алмасу,сондай-ақ, Алматы облысындағы тарихи-мәдени нысандармен танысу. Басқосу Жамбыл, Қарасай, Талғар, Ұйғыр аудандарында өтті. БАҚ өкілдері іскерлік байланысты,қалыптастыру, аудиториямен жұмыс тақырыптарын талқылады. Жетісу жеріне келген меймандарды облыс әкімінің орынбасары Рустам Али қарсы алды. Өз сөзінде «Бұл саммит ішкі туризмді таныстыру ғана емес, әріптестік байланысты нығайту. Ақпарат алмасуда жаңа механизмдер, алгоритмдерді бөлісу. Мұнымен қоса, өңірде Елбасы, Мемлекет басшысы бастамаларының жүзеге асу барысын таныстыру» деп қосты ол. Press Summit кезінде меймандар Шамалған ауылындағы «Атамекен» музейі, Райымбек ауылдық округіндегі «Батыр бабалар», Үшқоңыр спорт кешені мен Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайына барды. Мұнымен қоса, "Ой-Қарағай"... |
Толығырақ... Оқылды: 1248 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.12.2020 |
ҚАЗТЕЛЕРАДИО: Таулы, тасты жер болса да радиотелевизиялық станция салынады |
«ЦифрлықҚазақстан» мемлекеттікбағдарламасыніскеасыру - бүгінгікүнніңбасымміндеттерініңбіріболыптабылады. Осы бағдарламааясында «Қазтелерадио» АҚ - телерадиохабартаратусаласындағыұлттықоператордыңтікелейқатысуыменжәнеқолдауыменцифрлықэфирліктелевизияғакөшужобасыбелсендітүрдежүзегеасырылуда. Бұл үрдістегі басты міндет – радиотелевизиялық станцияларын салу. Қазіргі уақытта жобаға енгізілген 827 РТС-тің 543-і салынды. Оның ішінде биыл 68 цифрлық радиотелевизиялық станция іске қосылды: 13 - Солтүстік Қазақстанда, 16 - Қызылордада, 6 - Шығыс Қазақстанда, 5 -. Ақтөбеде, 4 - Ақмола, 16 - Қарағанды және 8 - Атырау облыстарында. Осы жылдың желтоқсан айында ғана Қарағанды облысында тестілеу режимінде 5 радиотелестанциясы іске қосылды, жыл соңына дейін тағы үшеун іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар соңғы айда Ақмола облысының Ерейментау қаласында бір радиотелевизиялық станция, Атырау облысында 8 РТС іске қосылды. Келесі жылы 87 РТС-тің құрылысын аяқ... |
Толығырақ... Оқылды: 1190 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |
Алматы облысында «Бұқаралық спорт түрі» федерациялары құрылады |
Бүгінгі қазақстандық қоғамда бұқаралық спортты дамыту – төтенше маңызға ие көкейкесті мәселе. Сондықтан, салауатты өмір салтын мемлекеттік саясаттың бір бағыты ретінде жаппай насихаттау алға қойған стратегиялық мақсаттарымызға жету жолындағы басым бағыттардың бірі саналуы тиіс. 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауының 64-тармағын орындау шеңберінде Алматы облысында спорт және мәдениет саласында ауқымды жастар жобасына көңіл бөлінуде. Бұл мақсатта, облыстың 20 аудан-қаласында «Бұқаралық спорт түрі» (футбол, волейбол, баскетбол және шахмат бойынша) федерациялары құрылмақ. «Алматы облысында 392 855 жас бар. Оның 312 668 ауыл-аймақтардан. Бүгінде облысымызда «бұқаралық спортты» дамытуға ерекше назар аударып отыр. Бұл мақсатта Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлының қолдауымен «Бұқаралық спорт түрінен Жетіс... |
Толығырақ... Оқылды: 1165 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде парасаттылық мәдениетін дамыту |
Алматы облысында жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты ауыздықтау жұмыстары жылғасын тауып келе жатыр. Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, зерделеу және талқылау бойынша шараларды жүргізуде қоғамдық бірлестіктерде атсалысуда. Осыған орай, ««Мархабат.KZ Мүгедектер Қоғамы» ҚБ-мен Алматы облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп мемлекеттік-әлеуметтік тапсырманың аясында онлайн-семинарлар мен кездесулер өткізілген. Іс-шараның мақсаты- жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және парасаттылық мәдениетін дамыту болып табылады. Расында сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқару тиімділігінің, елдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне алып келеді. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді. Сондықтан да, келеңсіз құбылыспен күресте тұтас қоғамның күш біріктіргені маңызды. Осы бағытта жұмса жұдырық болып, қызмет ету тіпті еліміздің басты құжаттарының бірінде айқын көрсетілген. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014... |
Толығырақ... Оқылды: 982 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |
Заңды тұлғалар үшін алынатын анықтамалар тез, әрі жылдам ! |
Сіз заңды тұлғасыз ба? Онда бүгін біз заңды тұлғаларға анықтама алудын бірнеше жолын айтып береміз. 1️⃣ Egov.kz порталы арқылы: |
Толығырақ... Оқылды: 981 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |
Алматы облысында тәуелсіздік күніне арналған басты сыйлық 150 сәбидің дүниеге келуі |
Алматы облысында Тәуелсіздік күні туған сәбилерге ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы логотипі жазылған орама көрпе үлестірілді. Ұлық мерекедегі бұрын соңды болмаған ерекше бастаманы облыс әкімдігі жүзеге асырды. Дәл осы айтулы күні облыста барлығы дүниеге 140 сәби келді. Оның 10-ы Талдықорған қаласында. Жаңа туылған нәрестелердің ең көбі - Қарасай және Іле аудандарында тіркеледі деп күтілуде. Жоспар бойынша айы-күні жетіп отырған аналар 30 және 25. Атап өтсек, жыл сайын өңірде бала туу көрсеткіші артып келеді. Жалпы, жылына 50 мыңға жуық сәби дүние есігін ашады ", - дейді "облыстық перинаталдық орталық" басшысы Қанат Жұмашев. Шыр етіп, дүниеге келген нәрестенің үнін есту анаға да, дәрігерге де үлкен бақыт. Міне, осындай бақытты сәтті бастан кешіріп Ескелді ауданында 3, Кербұлақ ауданында -4, Сарқан ауданында-10 әйел тура 16-шы желтоқсан күні ана атанып отыр. Олардың сөзінше, бұл жәй сәйкестік емес. Отбасылар үшін маңызы зор қуаныш. Енді олар қос мерекені қатар тойлай... |
Толығырақ... Оқылды: 1021 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |
Облыс және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлауалды бағдарламасын таныстырды |
Бүгін Алматы облысы мәслихатының депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев пен Көксу ауданы мәслихатының депутаттығына үміткер Әлдибек Досымбеков Зылиха Тамшыбай ауылының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Таңатар Әбдірахмановтың үйіне арнайы барып қайтты. Ақсақалмен кездесудің басты себебі партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, хал-жағдайын білу болатын. Таңатар Әбдірахманов – Зылиха Тамшыбай ауылының Құрметті азаматы, егін шаруашылығының үздік еңбеккері және Зылиха апаның оң қолы болып адал қызмет еткен жан.Ақсақалдың жасы 80-нен асса да елінің болашағы мен халқының қазіргі жағдайына бей-жай қарамайды. Олүміткерлердіңәрбір айтқан сөзі мен жұмыс жоспарына өзінің ұсынысын айтып, қолдауын білдіріп, атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі! |
Толығырақ... Оқылды: 965 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |
"АДАЛ" ПАРТИЯСЫ АУДАНДА |
Бүгін аудандық кітапханада «Адал» партиясының сенімді өкілі, депутаттыққа үміткер Ләззат Шыңғысбаева Балпық би ауылының тұрғындармен кездесті. Ләззат ханым кездесу барысында тұрғындарды сайлауға үміткер 16 үміткермен жеке-жеке таныстырып, олардың алға қойған мақсаттарын, осы уақытқа дейін тындырған тиянақты шаруаларын түсіндірді. Бұдан бөлек, «Адал» партиясы бес партияның ішіндегі бірден-бір цифрлы жүйеге өткен партия екенін айта келіп, тұрғындарды сайтқа кіріп, цифрлы жүйеде өздері тұрған өңірлердің жалпы тыныс-тіршілігін бақылау керектігін де түсіндіріп өтті. Сонымен қатар партияның жалпы сайлау алды бағдарламаларымен таныстырып, тұрғындардың «Адал» партиясы мүшелігіне өтінштерін қабылдады |
Толығырақ... Оқылды: 1012 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |
Ауылшаруашылығы өкілдерімен кездесті |
Желтоқсанның он төрті күні облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер «Zoom» әлеуметтік желісі арқылы онлайн форматта ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесті. Кездесуге жоғарыда айтып өткеніміздей депутаттыққа үміткер Секенбай Шеңгелбаев пен Қизат Абиров және ауыл шаруашылығы өкілдері қатысты. Аталмыш жиында үміткерлер сайлауға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Онлайн басқосудың соңында үміткерлерге ауыл шаруашлығы саласының еңбеккерлерінен түрлі сауалдар қойылды. |
Толығырақ... Оқылды: 977 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |