ӘЛЕУМЕТ
Сапақ ауылдық округінде мал шаруашылығы қазынаны толтырып отыр |
«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты Сапақ ауылдық округінің әкімі Чигирбаев Арманбекпен өткізілді, — деп хабарлайды Jetisy media ақпараттық алаңы. Ауыл шаруашылық саласы бойынша жер көлемі - 30 733 гектар, оның ішінде егістік жерлері - 5120 гектар, шабындық - 2062 гектар, жайылым жерлері - 23 545 гектарды құраса, жыл қорытындысы бойынша 5120 гектар егістік жерден 23 280 тонна өнім алынған. Оның ішінде жаздық бидай - 835 гектар, арпа - 3 448 гектар, сұлы - 200 гектарға жеткен. Ал майлы дақылдар - 844 гектар, оның ішінде күнбағыс - 422 га, зығыр - 422 гектар, азықтық дақылдар - 185 гектар, картоп - 45 гектар, көкөніс - 10 гектарды құраған. Мал шаруашылық саласы бойынша бүгінгі күні округте мал бастарының өсуі тұрақты. Ірі қара - 1295 бас, оның ішінде 437 бас сиыр, ұсақ малы 3870 бас, оның ішінде саулықтар 1087 бас, жылқы 516 бас, оның ішінде биелер 120 бас, шошқа 115 бас, оның... |
Толығырақ... Оқылды: 230 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.10.2020 |
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 2020 жылдың 9 айындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қорытындысы |
"Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша онлайн кеңес өткізді. Аталған іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жобалық кеңселерінің өкілдері мен басшылары, қоғам өкілдері қатысты. Кездесуді аша отырып, республикалық жобалық кеңсенің басшысы Т.Байғұлов "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету, қоғамдық бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою. Диалог алаңына қатысушыларды Агенттіктің парасаттылық департаментінің директоры Ғ. Асанұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қоғам өкілдерінің жоғары рөлін атап өтті. Мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсету... |
Толығырақ... Оқылды: 224 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.10.2020 |
Әдеп жөніндегі уәкіл дегеніміз кім? |
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12 - қадамын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жаңа әдеп кодексі және этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымы яғни, Әдеп жөніндегі уәкілдің институты енгізілді. Мемлекеттік қызметші қай кезде моральдық-этикалық талаптарды сақтауға міндетті. Алайда, бүгінде мемлекеттік қызметшілердің қызмет аясында түрлі кедергілер мен ұжым арасында түсінбеушіліктері көрініс алады. Бұл ретте ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруда Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің рөлі зор. Ол мемлекеттік қызметшілердің қызмет барысында туындайтын түсінбеушіліктер мен кедергілерін, мүдделер қақтығыстарын шешіп, заң аясында көмек беріп, ұжымдық ортаны дұрыс қалыптастыруға күш салуы керек. Жауапты қызметтерді өз деңгейінде атқара білген уәкіл мемлекеттік қызмет саласының оң имиджде дамуына, мемлекеттік қызметшілердің беделінің артуына үлес қоса алады. Тұтастай алғанда, Әдеп жөніндегі уәкіл функциясын атқаратын қызметші... |
Толығырақ... Оқылды: 313 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.10.2020 |
Мемлекеттік қызметшілердің адалдығы туралы |
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді. Мемлекеттік қызметшілер адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс. Адалдық-бұл адам өзінің шынайы ойлары мен кез-келген жағдайға деген көзқарасын білдіретін жеке қасиет. Адал болу дегеніміз-ешкімді ренжітпей, шындықты тікелей және лайықты түрде айта алатын адам болу. Адал адам бизнесте де, жеке қарым-қатынаста да басқаларға қарағанда үлкен жетістікке жетеді. Біріншіден, ол өтірік айтқанды сезеді, екіншіден, ол қызметкерлер мен отбасына адал болады. Бұл басқ... |
Толығырақ... Оқылды: 231 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.10.2020 |
Мемлекеттік қызметшілердің әдебі туралы |
"100 нақты қадам" Ұлт Жоспарының 12-қадамын жүзеге асыру аясында, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі әзірленіп, бекітілді және оны әрбір мемлекеттік қызметші басшылыққа алуы тиіс. Мемлекеттік қызметшілер қоғам алдында мемлекеттің тұлғасы болғандықтан, аталған кодекс, ең алдымен, қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға бағытталған, кодексте мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қарым-қатынастардағы мінез-құлық, сондай-ақ көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу стандарттары тікелей айқындалған. Қоғамдық пікір көрсеткіштерінің бірі қызметтен тыс уақытта, оның ішінде қоғамдық орындарда олардың мінез-құлқы болып табылатыны құпия емес. Осыған байланысты, қызметтік әдеп қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғ... |
Толығырақ... Оқылды: 281 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.10.2020 |
Арқарлы ауылдық округінде 120 тонна ет өндірілді |
«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты бүгін Архарлы ауылдық округінің әкімі Ерлан Төкеновпен өткізілді. Арқарлы ауылдық округінің жалпы жер көлемі — 63351 шар.км. құрайды. Оның ішіндегі суармалы егістік-389 гектар, шабындық жер үй-1370 га, жайылымдық 57801 га. 2020 жылдың 1 қаңтарына округ бойынша 1479 мүйізді ірі қара малы, 7358 бас ұсақ мал, 520 бас жылқы тіркелген. 2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 120 тонна ет, 20 т жүн, 6500,000 лит сүт өндірілген. Ауылда 12 жеке шаруа қожалығы бар. Округ бойынша қысқа мал азығын дайындау науқанында биылғы жылы 40-қа жуық ауыл шаруашылығы техникасы тартылып 4800 тонна ірі сабақты шөп, 600 тонна жоңышқа дайындалған. Арқарлы ауылдық округіндегі ағын су мәселесі бойынша бүгінгі күнде Шілікті өзегіне бас каналға тазалау жұмыстары жасалынуда. Ауыл шаруашылығы малдары жұқпалы ауыруларға қарсы профилактикалық ек... |
Толығырақ... Оқылды: 344 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.10.2020 |
АЛИК ШПЕКБАЕВ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІМЕН ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ |
А.ж. 14 қыркүйегінде Алик Шпекбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесті. Сондай-ақ, кеңеске АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы ұйымның орталық кеңсесінің мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандары қатысты. Тараптар Қазақстанда жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту және еліміздің Дүниежүзілік Банк анықтайтын «Мемлекеттік басқару индикаторлары» бойынша қол жеткізген жетістіктері мәселелерін талқылап, ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жоспарларын белгіледі. Кездесу барысында Агенттік төрағасы екінші тараптың назарын Қазақстанның саяси жаңғыруының негізгі аспектілеріне аудара отырып, жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті новеллаларын таныстырды. А. Шпекбаев Мемлекет басшысының саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жүргізіліп, жемқорлыққа қарсы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттар жоспарлы түрде енгізіле отыра, пәрменді қылмыстық-құқықтық шаралар іске асыр... |
Толығырақ... Оқылды: 279 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.10.2020 |
Қасым-Жомарт Тоқаев абайтанушы ғалымдармен кездесті |
Қазақстан Президенті алдымен мәдени-спорт кешеніндегі көрмені тамашалады. Мемлекет басшысына Абайдың сирек кездесетін кітаптары, «Абай әлемі» сериясы бойынша шыққан кітаптар мен филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының ақын шығармашылығына арналған көптомдығы ұсынылды. Сондай-ақ көрмеге Шығыс Қазақстан өнер мұражайы мен Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының қорларындағы 18 сурет қойылды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы Дала алтыны» археологиялық көрмесін аралап көргеннен кейін абайтанушы ғалымдармен кездесті. Президент ұлт зиялыларымен қасиетті топырақта, тарихи маңызы зор Семейдің төрінде жүздесіп отырғанына қуанышты екенін жеткізіп, Абайдың 175 жылдық мерейтойы әлемдік пандемияға тап келсе де, ұлы баба рухы алдындағы перзенттік парызымызды адал атқаруға күш салғанымызды атап өтті. Сонымен қатар бұл мерейтойдан той тойлауды емес, тағылым алуды мақсат еткенімізді айтты. – Биылдан бастап 10-тамыз &laq... |
Толығырақ... Оқылды: 272 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.10.2020 |
Екпінді ауылында ауыл шаруашылық жері 68 мың 675 га-ны құрайды |
Толығырақ... Оқылды: 325 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.10.2020 |
Кербұлақ ауданында күрделі жөндеуден өткен жаңа мектеп қолданысқа берілді |
Сарыбастау ауылындағы орта мектептің 1979 жылы іргетасы қаланған. Құрылыс жұмыстары ЖҚЖК арқылы жүзеге асты. Оған өңір қазынасынан 467 млн 395 мың тенге бөлінген. Аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің арқасында зор қолдауымен жөндеу жұмыстары биыл жасалды. Орта мектеп 640 орынға лайықталған. Бүгінгі таңда 153 бала оқып жатыр. 39 мұғалім қызмет етеді. Мектепке дейінгі шағын орталығы да бар. Баралар оқуына бар жағдай жасалған. Интернетпен қамтамасыз етілген. ИНформатика, физика, химия кабинеттері жұмыс жасайды деп қуанышымен бөлісті орта мектеп директоры Фаризат Жанысбекова. Айта кеткен жөн қазіргі таңда ауданда 52 жалпы білім беретін мекеме бар. Оның бастауыш, 7 негізгі, 33 орта мектеп. Бүгінгі таңда 8523 бала оқып жатыр. 7 балабақша мен мектептер жанындағы 26 шағын орталықта 1 954 бала қамтылған. Аудан бойынша мектепке дейінгі біліммен қамту 99,2% құрайды. Бүгінгі күні аудан бойынша 33 мектепте қалыпты режимде, ал 19 мектепте аралас (1-4 бастауыш сыныптар кәдімгі режимде, 5-9 сыныптар о... |
Толығырақ... Оқылды: 360 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.10.2020 |