ӘЛЕУМЕТ
Алматы облысында өрт оқиғасы 20,7%-ға төмендеді |
Ағымдағы жылы Алматы облысында 799 өрт оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 64 млн. 236 мың теңге материалдық залал келтірілген. Дейтұрғанмен, қызыл отқа орану жағдайы өткен жылдан қарағанда 20,7% -ға азайған. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Биылғы жылы тұрғын үй секторында 526 өрт оқиғасы тіркелген. Ал, қатты отынды пайдалану кезінде тағы да өрт шығып, ұзын-саны 126 жағдай анықталған. Жылыту маусымы кезінде оқыс оқиғалардың тіркелуінің басты себебі, азаматтардың жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбауы, сақтық шараларына немқұрайлы қарауы болып табылады дейді мамандар. Осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін облыс аумағында тұрғын үй секторында қазіргі уақытта мүдделі органдармен бірлесіп профилактикалық шаралар өткізілуде. Аталмыш жұмыстар 15 тамыздан бастау алған. Қоғамның осал топтарын құрайтын азаматтарға тиесілі 3315 үйге бақылау жүргізілген. Жұмыс барысында 3 800-ден астам бұзушылық анықталы... |
Толығырақ... Оқылды: 251 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.10.2020 |
ЖК тіркеу бойынша жаңа сервис іске қосылды |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Kaspi.kz ЖК тіркеу бойынша жаңа сервис іске қосылды. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) және Kaspi.kz қазақстандықтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді онлайн түрінде тез және оңай алуға көмектесетін жаңа сервистер бірлесіп әзірленуде. ЖК тіркеу үшін енді осы қызметті Kaspi.kz қосымшадан таңдап, сауалнаманы толтырып, Kaspi ЭЦҚ көмегімен қол қою жеткілікті. Осындай алғашқы жоба Kaspi.kz мобильді қосымшада ЖК тіркеу сервисі болып табылады. Сервис құжаттарды қашықтықтан тексеруге, кәсіпкерді сәйкестендіруге, тіркеуді растауға арналған бірқатар заманауи техникалық шешімдерді қамтиды. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин: «Бизнес арқылы мемлекеттік қызмет көрсету идеясы Министрлік командасына тиесілі. Одан кейін «ҰАТ» АҚ мен Kaspi... |
Толығырақ... Оқылды: 211 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.10.2020 |
Ұйғыр ауаданында 19 тұрғын үй апатты деп танылған |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен, басталған «QYZMET LIVE» жобасы аясында Ұйғыр ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Серикы Дунгешовпен онлайн баспасөз-мәслихаты өткізілді, деп хабарлайды «Jetisy Media». Ұйғыр аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне жыл басынан бері азаматтардан 22 өтініш тіркеліп, бөлім тарапынан барлығы 198 тұрғын үй мен 10 өндірістік орындарға қабылдау актісі тіркелген. 19 апатты жағдайда тұрған тұрғын үйлерге бұзу актілері беріліп, мемлекеттік қызметтер регламенті бойынша 262 сәулеттік-жобалау тапсырмасы қарастырылған. «Мекен-жай тіркелімі бағдарламасына тіркету үшін аудандық халыққа қызмет көрсету мекемесі арқылы жаңадан алған жер телімін және жаңадан салған үйін тіркетіп анықтама алу үшін 40 өтініш келіп түсіп толығымен қанағаттандырылып бағдарламаға енгізілді»,-дейді Серик Оқасұлы |
Толығырақ... Оқылды: 252 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.10.2020 |
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу |
Парақшамыздың #oqy&toqy айдарында бүгін біз АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолы жайлы айтып береміз. Ондай болса: |
Толығырақ... Оқылды: 250 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2020 |
Адалдық пен адамдық қоғам айнасы |
Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес құрылған Текелі қалалық ақпараттық, үгіт-насихат штабының "Адалдық пен адамдық" тақырыбында кезекті тікелей эфирі өтті , деп хабарлайды «Jetisy Media». Сәрсенбілік сұхбатта Текелі қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ақпараттық, үгіт-насихат штабының төрағасы Сері Болысбайұлы онлайн эфир арқылы жастармен тілдесіп, жемқорлықсыз қоғам құру, адалдық пен адамдық ұстанымдары жайлы ой тарқатты. Жиынға қатысқан жастар тарапынан да тақырып шеңберінде көкейтесті сұрақтар қойылып, жас буын өкілдері ойларын ортаға салды. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. “Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық... |
Толығырақ... Оқылды: 250 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2020 |
Текелі қаласында 202 нысанға арнайы рейд жүргізілді |
Текелі қаласы әкімдігінің жанындағы «Тіл және ономастика» жұмысшы тобымен қаладағы халыққа қызмет көрсететін орындардағы яғни 8 дәмхана, 123 дүкен, 7 шаштараз, 6 дәріхана, 58 мекеме, кәсіпорындарға жалпы саны 202 нысандағы көрнекі ақпарат тілдерін зерделеу үшін 6 рейд жүргізілді, деп хабарлайды «Jetisy Media» . Қалада ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК қызметкерлерінің қатысуымен диагностикалық тестілеу өтті. Аталған шараға 50 қызметкер қатысқан. Сонымен қатар, «Ұлт тарихындағы маңызды бетбұрыс», «Қанекей, жаңа әліпбиді үйренейік» тақырыптарында дөңгелек үстел, «Ел ертеңі үшін қажетті қадам» тақырыбында тапқырлар сайысы, «Латын қарпіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» атты жастармен кездесу, «Жырдың сұлу шебері» тақырыбында латын қарпінде эссе жазу байқауы, «Латын қарпі: бі... |
Толығырақ... Оқылды: 190 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2020 |
Бюджет қаражаты қайда жұмсалады? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алма |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті бюджет қаражатының шығысы бойынша ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін арттыру, сондай-ақ тиімді диалог платформасые құру мақсатында "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" (publicbudget.kz) жобасын жүргізуде. Бүгінгі күні Карта қоғамдық бақылау мен Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудың пәрменді тетігіне айналды. Бұл бастама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша жүзеге асырылатын ТМД кеңістігіндегі бірегей жоба екендігін айта кету керек. Аталған Карта нақты уақыт режимінде бөлінген бюджет қаражаты туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді халыққа қолжетімді нысанда көрсетеді, осылайша мемлекеттік шығыстарды бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Алматы облысының мемлекеттік органдары мен ұйымдары жұмсалған 1 трлн. теңге бюджет қа... |
Толығырақ... Оқылды: 230 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2020 |
Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы «Antıkor Ortalyǵy» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталығына барды |
Мемлекет басшысы өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Бұл тәсіл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуы мен мемлекеттік аппараттың азаматтардың сұраныстарына ден қоюын арттыру жөніндегі одан әрі жасайтын қадамы. Осыған орай, Президент Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ә. Исекешев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының сервистік үлгісімен танысып, оның арнайы мониторингтік тобы, ақпараттық – ағарту штабы, ардагерлер кеңесі мен «Астана-Адалдық алаңы», «Protecting Business and Investments», «Ашық бюджет» жобаларының жетекшілерімен және қоғам өкілдерімен кездесті. Қоғам өкілдері қолданыстағы жемқорлыққа қарсы жобаларды жетілдіру, азаматтық қоғамды, сондай-ақ белсенді жастарды тарту жоспарла... |
Толығырақ... Оқылды: 203 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2020 |
Ынталы ауылында ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған |
Бүгін «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-маслихаты Ынталы ауылдық округінің әкімі Рамазан Мамырбековпен өткізілді, — деп хабарлайды «Jetisy media» ақпараттық алаңы. Ынталы ауылында ауыл шаруашылығы саласы бойынша, 2020 жылы 3485 гектар суармалы жер игерілген. Оның ішінде, мақсары - 45 гектар, арпа-320 гектар, картоп-12 гектар, көкеніс-12 гектар, қант қызылшасы 57 гектар, бақша-19 гектар, (көп жылдық шөп) 370 гектар, алма-бақ-6 гектарға жуықтаған. 2650 гектарға Майбұршақ себіліп, 40 000центнер жоңышқа шабылған. Сонымен қатар, 6400 центнер арпа өнімдері алынған. Ал, мал шаруашылығы бойынша, барлық ірі-қара (бұқа) 2702 бас, сиыр (аналық) 1297 бас, қой-ешкі 6017 бас, аналықтары 3141 бас, жылқы 532 бас, 225 (аналық) бас болған. Құстар саны 5118-ге жеткен, оның ішінде жұмыртқалайтын құстардың саны-3758-ді құраған. Білім беру саласы бойынша мектеп оқушыларының саны 158-ге жетк... |
Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2020 |
РЕНАТ БЕКТҰРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа форматтағы «Адалдық сағатын» өткізді. Бұл «Адалдық сағаты» қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, замандас және табысты жас көшбасшы Ренат Бектұровты танытқанымен ерекшеленді. Ренат Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Astana International Exchange Басқарма мүшесі. Қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар. Ол ТМД аймағындағы сукук (ислам бағалы қағаздары) алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысқан. Ренат Лестер университетін үздік бітіріп, банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесін иеленген, сондай-ақ сертификатталған қаржы аналитигі дәрежесіне ие (CFA Charter Holder). Президенттік жастар кадр резервінде бірінші орынға ие болды. Р.Бектұров өз сөзінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Парасаттылық деген талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым сияқты адами қасиеттердің жиынтығы»... |
Толығырақ... Оқылды: 179 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.09.2020 |