ЖАҢАЛЫҚТАР
«Наурыз жұмыскер» бағдарламасы іске қосылды |
Биыл жұмысшы мамандықтары жылы. Сондықтан оларға қолдау көрсетіп, ыңғайлы жағдай жасау басты міндет. Әсіресе, еңбек адамдарының баспаналы болуына көмектесу кезек күттірмейтін мәселе. Бұл туралы «Отбасы банк» облыстық филиалының директоры Жасұлан Құрманғалиев пен аталған банктегі бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Булегенов айтып берді. Сондай-ақ, тілшілер сұрағына да жауап қайтарды. Белгілі болғандай, отбасы банк 17 наурызда «Наурыз жұмыскер» бағдарламасын іске қосып, өтінім қабылдауды бастайды. Ол банк бөлімшелерінде өтеді. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін банк 72 миллиард теңге қаражат бөлмек. Нәтижесінде 2 440 жұмысшы мамандық иелері тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік алады. Банк қызметкерлері қолжетімді несие шарттарын жан-жақты түсіндіру үшін жыл басынан 350-ге жуық кәсіпорын еңбеккерлерімен кездесу өткізген. ШАРТТАРЫ Пайыздық мөлшерлеме. «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы бойынша ипотека 9%-бен (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 9,4%-д... |
Толығырақ... Оқылды: 2 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.04.2025 |
Колледж бітіргендер жұмыссыз қалмайды |
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өңірде жоспарланып жатқан іс көп. Осы ретте колледждер мен облыстағы жетекші кәсіпорындар арасында 10 меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум жұмысшы мамандықта оқып жатқан студенттердің жұмыссыз қалмайтынын аңғартады. Облыс орталығында ұйымдастырылған «Жұмысшы мамандықтар: жаңа кезең, жаңа мүмкіндіктер» атты форумға жұмыс беруші кәсіпорындар, білім беру мекемелерінің өкілдері мен студенттер қатысты. Шара шымылдығын облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев түрді. Айтуынша, бұл форумның басты мақсаты – жастарды жұмысшы мамандыққа тарту. – Қазіргі жастардың көбісі бірден жоғары білімге жүгіреді де арнайы орта білімге аса көңіл бөлмейді. Бірақ негізгі жұмысшы мамандықтар – қазіргі ел экономикасының негізгі драйвері. Адамның күнделікті өмірі негізі жұмысшы мамандықтан басталады,– деді ол. Форум аясында аспаз, сантехник, электрик, құрылысшы, тігінші, орманшы мамандықтарында оқып жатқан 27 колле... |
Толығырақ... Оқылды: 2 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.04.2025 |
Жетісу облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған индустриялық колледжінде пресс-тур ұйымдастырылды. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай қолға алынды. Іс-шараның негі |
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында облыстық кәсіпкерлер палатасы Талдықорған қаласындағы 2 мектептің 9-сынып оқушыларына кәсіпорындардың жұмысын көрсетті. Оқушылардың кәсіпорындарға баруы «жұмысшы мамандықтар жылына» орай ұйымдастырылды. Жасөспірімдер Талдықорған қаласындағы «JLC Сүт» ЖШС мен «ТК Метакон» ЖШС-індегі жұмысты көрді. Сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорынның отандық нарықта өз орны бар. Балалар әр цехты аралап, сүт өңдеуден бастап, өнім дайындауға дейінгі жұмыстармен танысты. Олар бұл жердегі тіршілікке қызыға қарап, мамандарға сұрақтарын қойып, жауап алды. Бұдан әрі оқушылар «ТК Метакон»ЖШС ірі өндірістік компаниясына барды. Кәсіпорын электржелілік, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс қажеттіліктеріне арналған металл мен құрылыс конструкцияларын, металл бұйымдарын өндіруге маманданған. Мұндағы жұмысты серіктестік қызметкері Алена Федоренко көрсетіп, өндіріс істерінің қалай атқарылатыны туралы әңгімеледі. – Кәсі... |
Толығырақ... Оқылды: 2 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.04.2025 |
Талдықорған индустриялық колледжінде пресс-тур өтті |
Жетісу облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған индустриялық колледжінде пресс-тур ұйымдастырылды. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай қолға алынды. Іс-шараның негізгі мақсаты – колледжде даярланатын жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттап, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру. Пресс-тур аясында қатысушылар оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, білім беру үрдісіне жан-жақты баға берді. Шараға «Жетісу» телеарнасы, «Жетісу» газетінің руханият бөлімі және облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Қонақтар колледждің заманауи материалдық-техникалық базасын аралап, студенттердің кәсіби дағдыларды игеру жолымен танысты. Сонымен қатар, виртуалды дәнекерлеу аппараты арқылы тәжірибелік жаттығу жүргізіп көрді. Бұл пресс-тур жұмысшы мамандықтарының маңызын көрсетуге және жастардың техникалық білімге деген... |
Толығырақ... Оқылды: 2 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.04.2025 |
КӘСІПТІК БІЛІМ САПАЛЫ БЕРІЛЕДІ |
Биыл Жетісу өңіріндегі 11 колледжде 14 жаңа мамандық ашылады. Ол үшін білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын жабдықтауға облыстық бюджеттен 488 млн. теңге бөлінген. Игілікті іс алдағы оқу жылынан бастап қолға алынғалы отыр. Енді аймақтағы оқу орындары нарық сұранысына қарай өңдеу өнеркәсібі, энергетика, ауылшаруашылығы және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салаларына маман даярлайды. Осы ретте Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Талдықорғандағы бірнеше орта кәсіптік білім беру мекемесіне пресс-тур ұйымдастырылды. Талдықорған жоғары медициналық колледжінде 1300 студент 9 мамандық бойынша білім алады. Мұнда 78 оқу кабинеті бар. Оның 54-і тәжірибелік мақсатта ашылған. Заманауи білім ордасында жастардың алаңсыз оқып, медициналық білімін жетілдіруге барлық жағдай жасалған. Мұнда виртуалды шындық аппараты, 3D форматындағы интерактивті тақталар бар. Білімгерлер онда көрсетілген бейнелерді емін-еркін зерттеп, тәжірибе жинайды. Виртуалды шындық аппараты арқылы түрлі жағдайға т... |
Толығырақ... Оқылды: 2 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.04.2025 |
Өлмейтін өнеге |
Ағaштaн бұйым жacауды жaңғыpтып, қaзaқтың өнepiн дaмытқан қoлөнep шeбepлepi бүгінде көп. Coлардың бiрi – жетісулық Алпысбай Ахметов. Алты қыздың әкесі өз ісінің майталманы. Жас ұрпаққа білгенімен бөлісіп, ұлттық өнерді ұлылығымыздың белгісі етуде. Алпысбай Ахметовтың мамандығы – агроном. Өмір иірімі ұстаздық қызметке жетелепті. Сарқан ауданындағы Мұқан Төлебаев атындағы орта мектебінде еңбек пәнінен 30 жылға жуық сабақ беріпті. Отын ағаштан оқтық мүсін жасаған шебер. Ағаш жонуға он жасынан құмартқан. О баста әжесіне сүт құятын қасық, атасына тостаған жасап берген. Кейін келе-келе қолынан түрлі бұйым, сыйлық-кәделер шығыпты. Сан алуан, әрбірін қазақы оюмен айшықтай түскен. Әр бұйымының өзіндік мәні бар. Түптеп келгенде: еркіндік, махаббат, береке-бірлікті, елге-жерге сүйіспеншілікті насихаттайды. Мәселен, бір ағаштың діңгегінен бөлмей-жармай жонып шыққан астаулары ағайынның ауызбірлігін меңзейді. – Бұл өнімсіз еңбек қой. Асықпай баппен жасамасаң, бүлдіріп қоясың.... |
Толығырақ... Оқылды: 2 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.04.2025 |
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы |
Қазақстанда мүгедектігі бар 737 мыңнан астам адам тұрады. Әлеуметтік қолдау және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын мүгедектігі бар 737,4 мың адамның 415,9 мыңы еңбекке қабілетті жастағы (56,4%), 206,8 мыңы зейнеткерлік жастағы (28,0%) азаматтар болса, 114,7 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар (15,6%). Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда мемлекеттік көмек және жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі қолдау; әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді. Мүгедектігі бар адамдардың медициналық көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, мемлекеттік бюджет қаражаты е... |
Толығырақ... Оқылды: 2 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.04.2025 |
Президент: |
«Әр жылдары елімізде түрлі диалог алаңдары мен қоғамдық органдар құрылды. Алайда бүгінгі мерейтойлық жиында Ассамблеяның қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыру мен ұлттық бірегейлікті бекіту ісінде баламасы жоқ басты платформаға айналғанын және алдағы уақытта да солай болып қала беретінін атап өткім келеді. Ассамблея – мемлекеттігімізге арқау болған аса маңызды құрылым. Бұл – Ассамблеяға артылатын жүктің салмағы да жеңіл емес деген сөз. Ұлттық мүдделерімізді қорғап, егемендігімізді нығайту – қастерлі парыз. Мұны Ассамблея мүшелері терең сезінеді деп ойлаймын. Ассамблея барша азаматтарды ортақ құндылықтар мен мақсаттарға жұмылдыратын жалпыхалықтық орган ретінде жұмыс істеуі керек. Басты міндет – Қазақстан халқының татулығы мен ауызбіршілігін, мемлекетіміздің тұтастығы мен киелі Тәуелсіздігімізді нығайту. Алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Біз болашақта да осы бағытта нақты шаралар қабылдаймыз. Мен 2022 жылы Ассамблеяны дамыту тұжырымдамасын бекітті... |
Толығырақ... Оқылды: 61 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.04.2025 |
Мемлекет басшысы: |
«Ассамблея қоғамда кәсібилік және еңбекқорлық құндылықтарын дәріптеуге белсене атсалысып келеді. Александр Папп Ассамблеяның Жұмысшы мамандықтары жылын өткізуге белсене кіріскенін атап өтті. Өткен жылы Еңбек күнінде Сенат пен Мәслихат депутаттары Ассамблея мүшелерімен бірге еліміздің ірі кәсіпорындарына барып, өндіріс ардагерлеріне құрмет көрсетті. Бұл бастаманы Еңбек күнін атап өтудің жаңа дәстүрі ретінде биыл да жалғастыруға болады. Осылайша, ҚХА бүгінде қоғамдық келісімнің бірегей инфрақұрылымын қалыптастырған қуатты тармақтары бар институтқа айналды. Жер жүзінде мұндай бірегей ұйым құра білген мемлекет кемде-кем. Ассамблеяның арқасында еліміздегі барлық этностар Қазақстандағы оң өзгерістердің бел ортасында жүр. Қазақстанның Еңбек Ерлері Георгий Прокоп, Владимир Розметов, Юрий Пя, Иван Сауэр, Борис Князев, Алина Соловьёва, Вадим Басин, Александр Хмелёв, Геннадий Зенченко және басқа да тұлғаларды азаматтық жауапкершілік пен Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі... |
Толығырақ... Оқылды: 62 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.04.2025 |
Қасым-Жомарт Тоқаев: |
«ҚХА мүшелері күн сайын көзге көрінбейтін, бірден нәтиже бермейтін, алайда ұзақ мерзімді, стратегиялық тұрғыдан тиімді, ауқымды жұмыс жүргізеді. Өткен жылдың өзінде Ассамблея барлық өңірде 15 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырды. Оған 1 миллионға жуық адам қатысты. Былтыр көктемгі су тасқыны кезінде азаматтарымыз зардап шеккен жандарға көмек қолын созып, ырысты ынтымақ пен бірліктің тамаша үлгісін көрсетті. Ассамблеяның «Жүректен жүрекке» жобасы аясында 12 мыңнан астам ерікті ортақ іске жұмыла кірісті. Олар гуманитарлық көмек пен жылу жинады. Қираған үйлерді қалпына келтіруге атсалысты. Жалпы, ел бірлігін нығайту ісінің стратегиялық маңызы ерекше. Соның айқын дәлелі ретінде Ассамблеяның «Ел бірлігі» ордені атты жаңа мемлекеттік награда тағайындалды. «Бірлік» ұғымы қазіргі дүние жүзіндегі тұрақсыз жағдайда аса маңызды. Әлемде, әсіресе, біздің айналамыздағы кейбір елдерде не болып жатқанына бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан шын мәнінде, &l... |
Толығырақ... Оқылды: 63 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.04.2025 |