Жаңалықтар

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 30 шілде

Бүгін – Халықаралық достық күні. Бұл – күнтізбедегі ең жас мерекелердің бірі. Оны атап өту туралы шешімді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылдың 27 сәуірінде өткен 65-інші сессиясында қабылдады. Оған мәдениет және бейбітшілік саласындағы іс-қимыл декларациясы мен бағдарламасы, сондай-ақ 2001-2010 жылдарды қамтыған бүкіл ғаламшардың мүддесі үшін бейбітшілік мәдениеті мен зорлық-зомбылықсыз халықаралық онжылдық себеп болды. Сондай-ақ, Дүниежүзілік адам саудасымен күрес күні аталып өтеді. Оны да БҰҰ Бас Ассамблеясы осыдан алты жыл бұрын бекіткен болатын. Ал Марокко корольдігінде ұлттық мейрам – Тақ күні. Оны 19 жыл бұрын VI Мұхаммед таққа отырған күннен бастап тойлап келеді. Вануату Республикасы да ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнін атап өтіп отыр. Вануату – Тынық мұхитының оңтүстік-батыс бөлігіндегі аралдарда орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 11 округке бөлінеді. Астанасы – Порт-Вила қаласы. Ресми тілі – бислама (пинджин), ағылшын және фра...
Толығырақ... Оқылды: 407 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 30.07.2019

"Кей өңірлерде күн салқындайды": шілденің соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады "Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Батыс пен солтүстік-батыста жаңбыр жауады, кей жерде нөсер құяды, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді – 17-25°С", - деп болжайды синоптиктер.
Толығырақ... Оқылды: 500 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 30.07.2019

КОРЕЙ ДИАСПОРАСЫ КЕҢПЕЙІЛ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА АЛҒЫС АЙТТЫ

Бүгін Қаратал ауданының Бастөбе жотасының бөктерінде барша жер аударып келген кәріс ұлтының алғысын білдіретін «Қазақ халқына мың алғыс» атты монументтің жанында Қазақстан және Оңтүстік Корея Республикаларының арасындағы дипломатиялық, стратегиялық әріптестіктің орнатылуының 10 жылдығына арналған митингі болып өтті. Осынау іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бескемпиров Серикжан Ислямұлы, ҚР мәжіліс депутаты Ким Роман Ухенович, аудан әкімі Қайрат Найманбайұлы , Корея Республикасының бас консулы Ким Хынг Су , Қазақстандағы Кәрістер қауымдастығының президенті Сергей Огай және этно-мәдени бірлестік мүшелері, аналар кеңестерінің төрағалары мен аудан жұртшылығы қатысты. Көпшілік тарихқа тағзым, өткенге құрмет ретінде монументке гүл шоқтарын қойды. Салтанатты ашылуда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бескемпиров Серикжан Ислямұлы «-Құрметті қараталдықтар! Құрметті қонақтар! Зұлматты 1937 жылдары зорлықпен жер аударылған мыңдаған халықтарға құтты қоныс болып, сүйікті ота...
Толығырақ... Оқылды: 312 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.07.2019

Алматы облысында 46 адам судан құтқарылды

Дәл қазір Алматы облысында шомылу маусымы қызған шақ. Сондықтан құтқарушылар жұмысының да қарбалас кезі. Алматы облысында шомылу маусымы басталғалы құтқарушылар 46 адамды құтқарып алған. Арнайы жасақ қызметкерлері жұмысын қаншалықты тиянақты істегенімен, суға түсу ережелерін сақтамайтындар жетерлік. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері баспасөз мәслихаты барысында баяндады. Айтуларынша, күні-кеше Қапшағай су қоймасында екі жасөспірім суға кетсе, Іле ауданында 2007 жылы туылған бала суға кетіп, жан тапсырған. Судағы мұндай оқыс жағдайлар жиі қайталанады, себебі, адамдар судағы қауіпсіздік ережесін елемейді дейді мамандар. -2019 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша облыстың су айдындарында шомылу маусымы кезінде 24 адам суға батып кетті, оның ішінде 9 бала құтқару бөлімшелерінің жеке құрамымен 46 адам құтқарылды. Судағы оқиғалардың негізгі алаңдаушылығын Қапшағай су қоймасы туғызады, себебі оған республикамыздың ірі мегаполисі Алматы қаласының жақын орналысуы және дем...
Толығырақ... Оқылды: 303 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.07.2019

Менингит

Менингококк жұқпасы – түрлі клиникалық көріністермен сипатталатын жіті бактериалды инфекциялық ауру. Сырқаттанушылықтың бірнеше түрлері бар. Менингиттер – серозды және іріңді, қоздырғыш түрлері бойынша вирусты және бактериалды болып бөлінеді. Бұл жұқпаны тудырушы микроб – Neіsserіa menіngіtіdіs деп аталады. Инфекция көзі ауру адам немесе бактерия тасымалдаушылар болып табылады. Бактерия тасымалдаушылар өздері ауырмайды, айналасындағыларға ауруды жұқтырады. Жұқпаның берілу жолы – ауа тамшылы, ауру жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде таралады. Микроб сау адамның ағзасына науқаспен немесе тасымалдаушымен бірге ұзақ уақыт қарым-қатынаста болғанда тыныс жолдарының шырышты қабаты арқылы енеді. Жұққан сәттен бастап 1-10 күн аралығында сырқат пайда болады. Ол айналасындағы адамдарға алғашқы күннен бастап-ақ қауіпті. Сырқаттанушылықты қабылдағыштық өте жоғары. Менингит жұқпаларының белгілері: дене қызуының көтерілуі, бастың қатты ауруы, мұрны біту, жүрек айну, құсу, мойы...
Толығырақ... Оқылды: 449 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2019

«ХАЛЫҚҚА КӨМЕК» - САУАПТЫ ІС

Ағымдағы жылдың 20-шы ақпанынан бастап, «Nur Otan» партиясының өңірдегі барлық филиалдары «Халыққа Көмек» акциясы іске асыруды қолға алды. Осы науқан барысында жергілікті атқарушы органдар өкілдері қоғамдық қабылдау өткізіп, әлеуметтік жағдайлары төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуде. Елбасы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа әлеуметтік саясатты жариялады. «Көпбалалы, толық емес және аз қамтылған отбасыларды, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін қолдау, денсаулық сақтау саласын дамыту, бизнесті және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, жергілікті жолдар желісін жөндеу, салу және кеңейту әлеуметтік доктринаның негізі болып табылады. Енді біз қоғамдық бақылаудың жаңа пәрменді тетіктерін әзірлеуіміз керек» - деген болатын. Атаулы жоба бойынша аудан көлемінде де жұмыстар жандана бастады. Атап айтсақ, Т.Исабаев көшесінің тұрғыны, 4 баланың анасы Нәзира Турдиеваға аудандық мәслихаттың депута...
Толығырақ... Оқылды: 586 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2019

ЕКІ АЙ БҰРЫН АНАСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН 6 БҮЛДІРШІНДЕР ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Елімізде жомарт жандар аз емес. Алматы облысы Еңбекшіқаақ ауданы, Түрген ауылында осыдан 2 ай бұрын анасынан айырылған 6 бүлдіршіннің жан-айқайына бей-жай қарамаған Республикамыздың жомарт жандардың бірі Эльмира Ешниязованың бастамасымен, қайырымды жандардың қолдауымен, Жумадилов Мурат ағаның отбасына күні кеше ғана Жаңашар ауылдық округінде 5 бөлмелі үйді сыйға тартты. Бала-шағасымен жаңа үйге қоныс аударған әке «Барша халқыма алғысым шексіз, Түрген а/о аппаратына жұбайымның қайтыс болған күнінен бастап қолдап жүргендеріне, алғашқы көмек көрсеткендеріне, Эльмира ханымның бастамасымен басталған жүйелі жұмысқа ризашылығымды білдіремін. Бала-шағасының қызығын көріп, көп жасасын» деп ағынан жарылды ағамыз! Басына түскен қиындықты елі боп көтергеніне Мұрат Бұланбайұлының қуанышында шек жоқ. Көпбалалы Жумадиловтар отбасы бұған дейін Түрген ауылындағы 2 бөлмелі жұпыны үйді 15 мың теңгеге жалға алып келген болатын. Қайғысына ортақ болған ауылдық округ әкімшілігі, ауылдың ізгі...
Толығырақ... Оқылды: 301 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2019

Комиссия отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 22 шілде күні аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында комиссия отырысы өтті. Отырысты жүргізген аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков, ауылдық округ әкімдері және мекеме, бөлім басшылары қатысты. Комиссия отырысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру бойынша 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қаралды. Бүгінгі таңда Көксу ауданы әкімдігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда нақты жұмыстар жоспарға сай атқарылуда, 2019 жылға жалпы 13 жоба, атап айтқанда: «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша – 10 жоба, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша – 1 жоба, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша – 2 жоба. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауда жоспарға сәйкес 70 шара және жоспардан тыс 24 шара, барлық жерде 2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша барлық кіші ба...
Толығырақ... Оқылды: 469 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2019

ІSKERLІK KEZDESÝ

Ағымдағы жылдың 22 шілде күні Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров келіп, ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Ең бірінші ат басын қант зауытына бұрды. Кәсіпорын басшысы Алтынбек Абатов: «2015 жылы Көксу қант зауыты 4 млрд теңгеге қайта жөнделіп, іске қосылды. 2017 жылы 1,5 млрд теңге сомаға зауытты жаңғырту жүргізіліп, шетелдік өндірістің жоғары өнімді жаңа жабдықтары орнатылды. 2 бұрғы төсейтін машиналар сатып алынып, 3 га кагат алаңы асфальтталды. Қазіргі таңда зауыт тәулігіне 2 мың тонна шикізат өңдеп, 260 тонна дайын өнім өндіреді. Жылдық қуаты жылына 180 мың тонна шикізат шығарады. Жұмысшылардың саны 450 адам. Негізгі шикізат жеткізушілер Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандарының, Талдықорған, Қапшағай қалаларының қызылша шаруашылықтары», - деп қысқаша айтып өтті. Бағдат Сайланбайұлы «Уыз Май Industry» ЖШС жұмысымен танысты. Зауыттың атқарушы директоры Ербол Тоқтағұлов өз сөзінде: &la...
Толығырақ... Оқылды: 379 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2019

QOǴAMDYQ QABYLDAÝ ÓTTI

«Жетісу – адалдық алаңы» жобасының мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету бағытында сыбайлас жемқорлықты азайту, халықтың билік органдарына деген сенімін арттыру. Бүгінде бұл кеңсе қызметкерлері әр өңірлерге барып, халықтың әл-ахуалымен танысып, мұқтаж жандарға көмек қолын созуда. Өткен аптада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің» басқарма басшысы Данияр Тұрғанбаев бастаған топ Көксу ауданына келіп, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев пен тиісті мекеме басшылары қатысты. Алғашқы сұрақ, жарық шамдарына байланысты қойылды. Балпық би ауылының тұрғыны Мырзабек көшесіне жарық орнатып беруін сұрады. Бұл сауалға «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Айдос Көкетаев жауап берді: - Биылғы жылға аудан орталығындағы 5 аулаға көше шамдарын орнат...
Толығырақ... Оқылды: 458 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.