Жаңалықтар

14 – 20 ҚАЗАНҒА АРНАЛҒАН ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ

Бұл аптада несімен қызықты? Қандай қуанышты оқиға бар? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз. Тоқтыөзінің туындаған жағдайларға байланысты тәуелділігі азаяды. Өзіне сенімділік, перспективаның айқындылығы - бұл осы кезеңдегі әрекеттеріңіздің негізі. Алда маңызды оқиға күтіп тұр: көптен күткен досымен, туысымен есте қаларлық кездесу бар. Белгілі бір мақсатта сапарға шығуыңыз мүмкін. Жақындарыңыз үнемі назарыңызда болады. Сізді жаңалықтармен, жаңа ақпаратпен алмасатын әңгімелер, диалогтар қызықтыра алады. Ой-тілектеріңіз көбінесе үймен байланысты болады. Достармен сөйлескеннен гөрі, отбасылық қатынас тартымды болады. Әйелден ұзақ күткен сыйлық аласыз. Жұмыстағы әріптестер арасында сабырлы болу керек. Қақтығыс жағдай, даулы мәселелер осы жерде орын алуы мүмкін. Эмоцияға ие болыңыз. Өйткені өз...
Толығырақ... Оқылды: 426 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 14.10.2019

«Барсакелмеске» барған адам неге шынымен қайта оралмайды?

Алайда біраз уақыттан кейін дабыл доғарылады. Үрейленген Фуш ағылшындықтардың артынан үш құтқарушыны жібереді. Олардан қайран болмаған соң, жақын маңдағы Марсабит қаласынан көмекке тікұшақ шақырылады. Есіңізде ме, бала кезімізде адам бір барса қайта келмейтін "Барсакелмес" арқау болатын ертегілерді оқушы едік қой... Ата-әжелеріміздің аузынан еститінбіз. Ертегіге қанығып алған соң: "Қандай қорқынышты... Сонда барған адам шынымен келмей ме? Ол қайда екен? Мен барсам, ондағылардың бәрін жеңіп тастаушы едім..." сынды ойларға батып, ұйқыға кететінбіз. Сенесіз бе, сондай "Барсакелмес" шынайы өмірде де бар екен... Кенияның солтүстігінде жатқан Рудольф аталатын өзеннің алқабында ерекше арал бар. Арал картада Оңтүстік деп берілетіндігімен, жергілікті тұрғындар "Энваитенет" дейтін көрінеді. "Энваитенет" сөзінің қазақша баламасы - "Барсакелмес". Әрине, бұл атау ешқандай заңмен бекітілмеген. Ол өңірдің байырғы тұрғындар...
Толығырақ... Оқылды: 361 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 14.10.2019

Қазақстанда нан бағасы қымбаттайды

Қазақстанның ауыл шарушылық министрі Сапархан Омаров елімізде нан бағасының қымбаттайтынын айтты. «Қазіргі уақытта нан өңірге байланысты 75-78 теңгеден сатылуда. Баға аздап көтеріліп, 80-82 теңгеге жетеді деп топшылаймын», - дейді Омаров. Өз сөзінде министр бұл бағаның аздаған деңгейде ғана қымбаттауы екенін атап өтті. Сонымен қатар министрлік нан бағасы күрт қымбаттамауы үшін, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен» тұрақтандыру қорларынан дәнді дақыл сатып алумен айналысып жатқанын айтты. «Сондай-ақ, әр облысытың әкімдігі тұрақтандыру қорларынан бидай мен ұн сатып алуда. Ішкі нарықтағы тұрақтылық үшін, жыл сайын «Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен» комбинаттар арасында 150-ден 250 мың тоннаға дейін астық сатылуда. Биылғы жылы нан бағасы күрт қымбаттамауы үшін, ішкі нарықта150 мың тонна астық сатылды», - дейді ауыл шаруашылығы министрі.
Толығырақ... Оқылды: 299 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 14.10.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қазан

Бүгін қонжық Винни-Пухтің туған күні. Өйткені 1926 жылы дәл осы күні Кристофер Робин Милннің сүйкімді серігі туралы алғашқы кітап жарыққа шыққан еді. Кейбірі шығарма кейіпкерінің туған күнін 1921 жылдың 21 тамызы деп санайды. Бұл күні Лондон драматургі Алан Милн сүйікті ұлына жұмсақ ойыншық қонжық сыйлаған екен. Кристофер оны Винни-Пух деп атап, сол сәттен бастап қонжық оның досына әрі серігіне айналады. Баласының ойыншық қонжығымен ойынын сырттай бақылап жүрген әке Винни-Пух туралы бірнеше кітап жазуға бел буады. Рождество қарсаңында, 1925 жылдың 24 желтоқсаны, Лондонның London Evening News газетінде шығарманың бірінші бөлімі жарияланады. Ал бір жылдан кейін жеке кітап болып басылады. Алан Милннің қонжық Винни-Пух туралы шығармасы көптің көңілінен шығып, оқырмандар оның жалғасын асыға күтеді. Шығарманың танымал болғаны соншалық, әлемнің 25 тіліне аударылды. Сондай-ақ, бүгінгі күн Бүкіләлемдік батпырауықтар күні ретінде танымал. Бұл күні бүкіл әлемде адамдар батпырауықтарды...
Толығырақ... Оқылды: 380 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 14.10.2019

Алматы облысындағы қарттардың жағдайы қандай деңгейде?

Алматы облысының «Талдау және болжау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қыркүйек айында Алматы облысындағы қарт адамдардың жағдайын анықтау үшін онлайн, телефон сауалнама жүргізді. Мемлекетіміздің саясаты халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын: көпбалалы отбасылар, қарт адамдар, зейнеткерлер, әйелдер мен жастарға жағдай жасауға бағытталғаны белгілі. Соның ішінде, әрбір азаматтың қарттық шағын лайықты етіп қамтамасыз ету, қарт адамдар өмірінің сапасы мен әлеуметтік стандарттарын үнемі жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Сауалнамаға нәтижесінде «Біздің қоғамымызда қарт кісілерге құрметпен қарай ма, әлде сыйламай ма? деген сауалға жауап берген респонденттердің 53% құрап, сенімділіктің жоқтығын білдіргендей «құрметпен шығар» деген жауапты таңдаған. Қазіргі кезде қоғамымызда қарт кісілерге жеткілікті көңіл бөленетіндегіне 44% респонденттер жеткілікті шығар деп күмәнмен жауап берсе, 31% же...
Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.10.2019

Күрішті өңір өркендеп келеді

Жетісудың ақ маржанын ору қызу жүріп жатыр. Бүгінде астықтың жартысынан жуыға қамбаға құйылған. Бұл туралы «Jetysu Media» коммуналдық мекемесінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Балқаш ауданының әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы мәлімдеді. Әкім жиын барысында ауданның ағымдағы жылдың 9 айы аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, атқарылған жұмыстар жайлы толық баяндады. Облысымыздың басты драйвері – ауылшаруашылығы. Халықтың 80 пайызы ауылдық жерде тұрады. Сондықтан ауылдарға жағдай жасау – басты міндетіміз болуы керек. - Бүгінде аудан ауыл шаруашылық саласы бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Мәселен, егін шаруашылығы бойынша барлығы 29809 га жерге егіс егіліп, оның ішінде күріш 8861 гектарының 7521 га шабылып, 6473 га бастырылды. 27963 тонна өнім алынған. Сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту және сүт өндіру мақсатында 2018 жылы «Динара ранч» ЖШС-і жеке қаражат есебінен 1500 бас «Гол...
Толығырақ... Оқылды: 343 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.10.2019

Министр: Көпбалалы отбасыларға микрокредит беру мерзімі ұлғайтылмақ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Атырау қаласының тұрғындарын қабылдады. Сонымен қатар, Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары туралы айтты. Қала тұрғындарымен кездесуден кейін Еңбек министрі Атырау қаласының жұмыспен қамту орталығында болды. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен әңгемелесу барысында Біржан Нұрымбетов Президенттің Жолдауында бизнесті қолдаудың жаңа түрлерін белсенді түрде енгізу қажеттілігі айқын көрсетілгенін, бұл әлеуметтік аспектілерге – бірінші кезекте көпбалалы және табысы аз отбасылар үшін отбасылық бизнес құруға баса назар аударылатынын атап өтті. Сондықтан жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері осы отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін нәтижелі жұмысқ...
Толығырақ... Оқылды: 346 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.10.2019

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайдыVesti.kz. TheAthletic мәліметі бойынша, Головкин келесі жекпе-жегінде поляк Камил Шереметамен кездесуі мүмкін. Бұған дейін қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер Шереметаны ықтимал қарсыластар тізіміне қосқан еді. "Головкин титулдарын Шереметаға қарсы жекпе-жекте қорғау үшін келісімшартқа отырды, енді ол міндетті жекпе-жек саналуы үшін IBF-тің келісімін күтіп отыр. Егер Сауль Альварес үшінші кездесуді мамырда өткізуді қаламаса, бұл жекпе-жек келесі жылдың басында болады", – деді журналист Майкл Бенсон Twitter-парақшасында. Головкиннің соңғы жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткен. Кездесу 12 раундқа созылып, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңген болатын. Осылайша, Головкин IBF және IBO титулдарын иеленген еді.
Толығырақ... Оқылды: 313 Санат: СПОРТ Уақыты: 11.10.2019

Ашық турнир өтті

Ағымдағы жылдың қазан айында Балпық би ауылындағы М.Құрманов атындағы орта мектебінде баскетболдан 2005-2006 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында облысымыздың үздік дене тәрбиесінің мұғалімі Байтулақов Сталинбек Олжабайұлының жүлдесіне арналған аудандық ашық турнирі өтті. Көксу жерінде спорттың қай түрін алмасақ та, онымен шұғылданушылардың саны күннен күнге артып келеді және түрлі бәсекелі жарыстарда ауданымыздың спортшылары жақсы өнер көрсетіп, намысты қолдан жібермеуде. Жарыстың басты мақсаты – спортшылардың спорттық шеберліктерін арттыру және баскетбол спортын аудан, облыс, көлемінде дамыту болып табылады. Сталинбек Олжабайұлы 1953 жылы 7-наурызда Жамбыл қаласында теміржолшылар отбасында дүниеге келген. 1960 жылы №260 орта мектептің 1-сыныбына барып, 1970 жылы оқуын аяқтап, осы мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған. 1990 жылы Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы университетіне «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынш...
Толығырақ... Оқылды: 446 Санат: СПОРТ Уақыты: 11.10.2019

Брифинг өткізілді

2019 жылдың 8 қазан күні аудандық төтенше жағдайлар бөлімі от жағу маусымы кезеңі бойынша брифинг өткізді. Аудан аумағында 2019 жылдың 9 айында 27 өрт жағдайы тіркелген. Оның ішінде 4 өрт жағдайы тұрғын секторда орын алған. Төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында үй секторларында өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі айлықты өткізіп тұрады. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың меншігін, жеке мүліктерін және өмірін өрттен, улы газдан уланудың алдын алу болып табылады. Айлықты өткізу кезінде Балпық би ауылының №8 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп аудан аумағында орналасқан 1154 тұрғын үйді аралап, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу барысында 2308 адамға тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Аудандық ТЖБ қызметкерлерімен Көксу ауданының «Халыққа қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері арқылы 400 дана жаднамалар таратылды. Қазіргі таңда тұрғын секторда адам өліміне әкелетін өрттер көбеюде. Олардың негізгі себептері: пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ереж...
Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.10.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.