Жаңалықтар

Қандай жағдайда өтірік айтуға болады?

Расында Алла Тағала адамзатқа көптеген ұлы нығметтерді сыйлады (берді). Бұл нығметтердің ішінде ислам нығметінен кейінгі ең ұлысы – тілмен сөйлеу нығметі. Тіл екі қырлы құрал. Егер оны Құран оқу, жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтару және жәбірленген кісіге көмектесу сияқты т.б. Аллаға бағыну жолында қолданса, онда ол әрбір мұсылманның дұрыс құлшылық жасағаны, нығметке шүкіршілік еткен болады. Ал, мұсылмандар жамағатын бөлектеу (ажырату), өтірік, ғайбат, өсек, мұсылмандардың намысын таптау сияқты т.б. Алла және Оның елшісі харам еткен нәрселермен шайтанға бағынуда (шайтан жолында) қолданса, онда ол әрбір мұсылманға тыйым салынғанды жасап, нығметке шүкірсіздік еткен болады.Тілде екі үлкен апат бар: 1.Өтірікті сөйлеу апаты. 2.Шындықты сөйлемеу апаты. Шындықты сөйлемеген (айтпаған) адам – мылқау шайтан, Аллаға күнәһар. Ал, өтірікті сөйлеген адам – сөйлеуші шайтан, Аллаға күнәһар. Адамдардың көпшілігі сөйлеу мен сөйлемеуде осы екі түрде адасып жүр. Ал, нағы...
Толығырақ... Оқылды: 427 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 18.07.2019

Жастар саябағы ашылды

Оңғаров Батыржан Нұрбекұлы 1959 жылғы 1 - мамырда Талдықорған облысына қарасты Киров ауданындағы Алғабас колхозында дүниеге келген. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында Батыржан аға жас та болса, бас бола білді. Ескелді, Балпық билер сынды таңдай тілді шешендер мен маңдайы жарық көсемдер ат суарған Көксу өңірінде кіндігі кесілген боздақ бала тасқа тамыр байлатар талабымен қаршадайынан жұрттың көзіне түсіп, аузына ерте іліккен еді. Кішілігі кісілігіне төр берген қарапайым қалыбы мен қара сөзден қаймақ айырып, көкейдегіні көмейден танитын ағамызды жер жәннаты Жетісудағы жасампаздықтың жалау ортасы жастар қауымының жетекшілігін өрлетті. Кербұлақ аудандық, содан соң Талдықорған облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшылығын абыроймен атқарды. Мәртебелі мінберлерден айтылған иірімге толы идеяларға, алтынкүрек ой ағынына жүрек үнін жалғаған, аңсары алысқа самғаған жас-желең топтың арасында жасындай жарқылдап жүріп, Көксу ауданы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалып, кемеліне келер, к...
Толығырақ... Оқылды: 614 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.07.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 шілде

Бүгін БҰҰ-ға мүше елдер Нельсон Мандела күнін атап өтеді. Мерекені 2009 жылдың қараша айында БҰҰ-ның бас ассамблеясы бекіткен. Халықаралық мерекелер күнтізбесіндегі бұл дата Африканың бұрынғы президенті Нельсон Ролихлахла Манделаның құрметіне пайда болды. Ол адам құқығы үшін күрескен белсенді тұлғалардың бірі. Бұл үшін өмірінің 26 жылын түрмеде өткізген. Тек 1990 жылы ғана бостандыққа шықты. Ал 1993 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алды. Бейбітшілік – соғыссыз өмір деген түсінік емес, ол түрі мен тіліне, діні мен діліне қарамастан, барша халықтың бейбіт өмір сүруі. 18 шілдеде АҚШ-та Ұлттық хот-дог күні аталып өтеді. Америкалықтар өздерінің ең сүйікті тағамдарына арнап мереке күнін бекіткен. Бұл күні тұрғындар жаппай хот-дог жейді. Хот-догты сүйіп жейтіндердің ұлттық кеңесі де бар екен. Әр қалада әзірленетін хот-догтың өз ерекшелігі бар. Бірақ мұндай мерекеден кейін бір-екі күн асқазанға ауыр болатын тағамдарды жемеген абзал. 2011 жылдың 18 шілдесі күні интернет...
Толығырақ... Оқылды: 326 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.07.2019

Талдықорғанда мемлекеттік қызметкерлер арасында караоке байқауы өтті

Тың бастаманы Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Кірістер департаменті ұйымдастырды. Дала дауысы деп аталатын байқау өңірде алғаш рет өткізіліп отыр. Қалалық мәдениет және демалыс паркінде өткен тартысты сайысқа облыстың әр аймағынан 28 қатысушы келіп, қатысқан. Ашық аспан астындағы караоке батл еркін форматта өтті. Әнге жаны құмар тұрғындар ән салып, мәз-мейрам болды, өзгелерге де көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қатысушыларға өнер саласында жүрген аға буын өкілдері қазылық етті. Озып шыққан әуесқой «әншілерге» бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілер арасында осыған дейін әртүрлі спорт түрлерінен және интелектуалды ойын түрінен жарыстар ұйымдастырылған.
Толығырақ... Оқылды: 310 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.07.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 шілде

Бүгін Диснейлендтің туған күні. Таңғажайып ертегі әлемінде сан түрлі кейіпкерді көруге болады. Диснейлендке бару әр баланың ғана емес, ересек адамдардың да арманы. Ол 1955 жылы 17 шілдеде Калифорния штатындағы Анахайм қаласында пайда болды. Бұл күні кәсіпкер, екі қыздың әкесі Уолт Дисней балаларға арналған өзінің бірінші саябағын ашты. Жобаға 17 миллион доллар жұмсалған. Сондай-ақ, 17 шілдеде сыйлық сыйлау күні. Бүгін жақындар мен туған-туысқандарға, тіпті бейтаныс адамдарға да сыйлық беруге болады. Бастысы, қымбат тарту жасау емес, көңіл-күй сыйлау. Бұл мереке көптеген елдерде аталып өтеді. Кімге сыйлық ұсыну керек екенін өзіңіз шешіңіз. 17 шілде күні Оңтүстік Кореяда Конституция күні аталып өтеді. Алғашқы Оңтүстік Корея елінің негізі қағаз жүзінде 1948 жылдың 18 тамызында қаланды. Бүгін - Ресейде этнограф күні. Кәсіби мереке ресми түрде бекітілмеген. Алайда этнографтар кең ауқымда атап өтеді. Мереке орыс этнографы, саяхатшы Николай Миклухо-Маклайдың құрметіне белгіленген. Ор...
Толығырақ... Оқылды: 370 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 17.07.2019

ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА

Биыл Жастар жылына орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет арнайы "Жол картасын" әзірлеген болатын. Негізгі басымдық жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, олардың өз кәсіптерін ашу үшін қолдау шараларын жүйелі түрде жүргізуге беріліп отыр.Жалпы елімізде мемлекет тарапынан жастардың әлемдік деңгейге сай білім алуына, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған азамат болып қалыптасуына баса назар аударылып келеді. Соның бірі - 2009 жылдан бастау алған "Дипломмен ауылға" бағдарламасы. Мемлекет басымдылық берген «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы елді мекендердегі маман тапшылығын шешуге сеп болуда. Ауылдық аймақтағы сұранысқа байланысты медицина, білім беру және мәдениет саласына білікті, білімді жас мамандар келуде. Олар бүгінде ауылды көркейтуге өз үлестерін қосуда. Еліміз еркіндік алғалы бері, елді дамыту үшін түрлі бағдарламалар орын алып, ғарыштап дамуына қарқынды қадамдар жасалуда. Соны...
Толығырақ... Оқылды: 624 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 17.07.2019

Сүйел қайдан пайда болады және одан қалай құтыла аламыз

Ғаламторда банан қабығынан бастап, скотчты қолдануға дейін сүйелден құтылудың әр түрлі әдіс-тәсілдері көрсетілген. Бірақ, оның бәрі тиімді көмектесе ме және олар денсаулыққа қауіпті емес пе? Сүйел деген не Сүйел бұл – теріге шығатын нәрсе. Ол негізгі терінің түсіне қарағанда ашық немесе күңгірт және дөңгелек, не сопақша тәрізді болады. Сүйелдің ішінде ұрық деп аталатын қара дақтар болуы мүмкін. Бұл тығындалған кішігірім қан тамырлары. Сүйел қайдан пайда болады Сүйел теріге және шырышты қабаттарға әсер етіп, зақымдайтын папиллома-вирусының салдарынан туындайды. Мысалы, ауызда және жыныс органдарында. Вирустың 150-ден асатын көптеген түрлері бар. Әрқайсысы дененің түрлі бөліктерінде сүйелдің әр түрлі түрлерінің пайда болуына әкеледі. Қарапайым сүйел дененің кез-келген бөлігіне шығады, бірақ бәрінен де саусаққа, алақанға, тізе мен шынтаққа жиі шығады, себебі бұлар үнемі жарақаттанатын жерлер. Папиллома вирусы тасымалдаушымен тікелей байланыста болған кезде жұғады, бір...
Толығырақ... Оқылды: 423 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 17.07.2019

Ықылық не үшін тиеді және онымен қалай күресуге болады?

Ерте ме, кеш пе әрқайсымызға ықылық тиеді. Ғалымдар тіпті анасының жатырында жатқан балалардың да ықылықтайтынын анықтады. Бұл қолайыздық не үшін болады және ол қаншалықты қауіпті, жалпы одан қалай құтылуға болады. Ықылық тию себебі белгісіз Осы уақытқа дейін неліктен біздің ешқандай себепсіз ықылықтайтынымызды ешкім білмейді. Мұнда, бұл проблема қанша уақытқа созылады және ықылықтың ағзаға қандай пайдасы бар деген тағы бір риторикалық сұрақ туады. Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс диафрагма арқылы өтетін нервтік түйіндердің тітіркенуі нәтижесінде пайда болады. Бірақ бұл тітіркенудің не үшін туатыны әлі де құпия болып қала береді. Кейбіреулері ықылық – жұқпалы аурулардың бір түрі деп санаса, ал басқалары мида өңеш спазмасын тудыратын ықылық орталығының бар екенін және бұл механизм бізді зиянды артық тамақтану мен ішуден қорғайтынын айтады. Бірақ, дәрігерлердің көбісі ықылықты ағзаны қақырықтан тазартатын жөтелге қарағанда бұл құбылыстан ешқашан құтылмайсың, оның ешқандай...
Толығырақ... Оқылды: 342 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 17.07.2019

Ешқашан айтуға болмайтын 9 сөз!

Кейбір кездері ойламаған жерден ұрыс шығаратын сөздерді айтып қаламыз, ғалымдар мұны конфликтоген деп атайды екен. Отбасында және жұмыста бейбітшілік орнатып, тыныш өмір сүру үшін мына сөздерді айтудан аулақ болған жөн екен. 1. «Бұл менің міндетіме кірмейді», «Маған бұл үшін ақша төлемейді». Жұмыс істемеудің ең танымал сылтауы. 99%-да бұл бастығыңыздың жынына тиіп, сіздің жұмысқа деген енжарлығыңызды білдіреді. Сондықтан оның орнына былай жауап беріңіз: «Бүгіндікке жұмыстарым көп. Қайсысын бірінші жасайын?». 2. «Сізбен сөйлесетін уақытым жоқ», «Бос емеспін». Мұндай жауап – тәрбиесіздіктің белгісі. Оның орнына «Кешіріңіз, қазір шұғыл жиналыс болайын деп жатыр, сондықтан асығыс болып тұрмын. Сіздің мәселеңізді кейінірек талқыласақ жөн болар еді» немесе «Бір сағаттан кейін хабарласайықшы: сол уақытта жұмыстарым да бітіп қалар» деп жауап берсеңіз, әдепті болар. 3. «Бәлкім, айтарым орынс...
Толығырақ... Оқылды: 341 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 17.07.2019

Үйшіктің бірін таңдаңыз: Сіздің отбасыңызды не күтіп тұр? (психологиялық тест)

Алдыңыздағы суреттегі үйшіктердің бірін таңдап, сіздің отбасыңызды жақын арада не күтіп тұрғанын біліңіз. Суреттерге асықпай зер салып қараңыз, өзіңізге ұнаған үйшікті таңдаңыз. Сіз таңдаған үйшік отбасыңызда жақын арада болатын жаңалықтың жаршысы болмақ. Таңдасаңыз, іске сәт! Ескерту! Бұл тек психологиялық болжам ғана. Ақиқаты тек Аллаға ғана аян екенін ұмытпаңыз. Жақсы сөз - жарым ырыс! №1 Үйшік Бірінші үйшік көзіңізге оттай басылса, сіздің отбасыңыздың мүшелері өте қарапайым жандар. Сол себепті де ешкімді қараламайтын, адамдарды алаламайтын жақсы қасиеттері бар. Үлкендерді сыйлау, отбасылық құндылықтарды бағалау сіздің отбасыңыздағы басты ұғым. Алдағы уақытта отбасыңызда болатын жақсы жаңалықтардың бірі де - үйіңіздегі үлкендердің біріне қатысты болмақ. Бәлкім ол жақсы жаңалық айтады, не болмаса үлкен ұтыс иегері атануы мүмкін. Әйтеуір жақын арада жаныңызға жағатын жақсы жаңалығымен бөлісетінін ұмытпағайсыз. Сондай-ақ, үйдегі балаларға көбірек көңіл бөліңіз. Қазір ола...
Толығырақ... Оқылды: 324 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 17.07.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.