Жаңалықтар
Томыртқа – қазақша коктейль |
Томыртқа – қыс айларында шөл басатын сусын. Томыртқа сорпаның ерекше бір түрі. Дәмді астан кейін, сорпаны ортаға алып келіп, оны сораптап ішу – дастарқандағы әңгімені үстеуге керемет тәсіл болған. Тойымды асты кейбірі айран қосылған сорпамен аяқтайтын болса, бірі майлы сорпаны қалап жатады. Ыстық сорпа сусындары ішіндегі ең ерекшесі томыртқа атымен белгілі. Ыстық, майлы сорпаның ішіне таза мұзды салып ішетін сусын томыртқа. Елін, жерін сағынғанда «маған жоқ майлы омыртқа, көзден ұшты-ау томыртқа» деген өлең жолдары сақталған. Бұл жол қай ақынның қамыққан кездегі сөзі екені белгісіз, бірақ томыртқа халық арасында кең таралған көрінеді. Қысқы майлы соғымның майлы сорпасының майын басу үшін және сорпаны тездетіп суыту үшін таза мұзды қосып ішу – дәстүрлі томыртқаның пайда болуына негіз болған. “Томыртқалау” сөзі – ыстықты жылы ету деген мағынаны білдіреді. Яғни, томыртқа сусынын жылы сорпа екенін түсінуге болады. Өкінішке қарай,... |
Толығырақ... Оқылды: 515 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 19.06.2019 |
Ер азаматтың 3 намысы бар |
Кез келген мемлекеттің негізгі құраушы ұлты болады. Қазақстан елінің негізгі иесі – қазақ. Демек, отанның болашағы да сол ұлтқа тікелей байланысты. Ұрпақ ауысқан заманда, отанның мығымдылығын кім сақтап қалады деген ой мазалайды. Міне, бұл ой, бұл заманның келер заманның жастарының болашағына, оның тәрбиесіне мән беруден басталуы қажет деп ойлаймын. Данышпан Абай айтқан «толық адамды», жасампаз қазақ жасын қалай рухани құндылығын сақтай отырып, отанның иесі етіп қалай тәрбиелейміз деген ой бүгінгі заманның негізгі мәселесіне айналып отыр. ХХ ғасырдың ұлы ойшылы Алберт Энштейн былай депті: «Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, мақсатқа тәуелді болыңыз». Ойшылдың ешқашан үмітіңнен айырылма, үмітсіз шайтан ғана болады деген ойы шығар. Біз қазақ бұны осылай түсінеміз. Біздің түсінігімізде қараңғылық деген болмайды, «қараңғылық жарықтың түспеуінен» деп Алаш қайраткерлері айтып өтті. Жаңа кәсіп иелері, ғылымға бет бұрған қазақ жастары деген ұғымдар б... |
Толығырақ... Оқылды: 447 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 19.06.2019 |
Отағасын разы қылудың 6 жолы |
1.Құрмет. Бәрінен бұрын, әрбір ер кісі әйелінің құрметтегенін қалайды. Құрмет көрсету оны тыңдауда, нақты бір мәнермен сөйлеуде және дауласудан аулақ болуда көрінеді. Сонда, сіздің құрметіңізді сезінген күйеуіңіз сізге екі есе құрмет көрсететін болады. 2.Бағалау. Еріңіздің барлық қырын бағалаңыз. Оның келбетін, ақылын, қабілеттілігін айтып мақтап, тәнті болып жүріңіз. Сіздің қасыңызда ол өзін ерекше жаралған адамдай сезінсін. Сонда отағасы сізгебар жылуын төгіп, аса бағалайтын болады. 3.Разы болу. Күйеуіңіздің сіз үшін, отбасы үшін жасап жатқан күнделікті жұмыстарына ризашылығыңызды білдіріп отырыңыз. Оның ынта-ыждаһатын, отбасына деген қамқорлығын әрдайым бағалайтыныңызды білдіріп, ризашылығыңызды көрсетіңіз. Сонда, еріңіз сіздің демеуіңізді сезініп, арқалана әрекет ететін болады. Сәйкесінше ісі берекелі, тірлігі табысты болады. Әрбіл ұлы еркектің артында ұлы әйелдің тұратынын ұмытпаңыз. 4.Сүйіспеншілік. Күйеуіңізге оны қаншалықты жақсы көретіндігіңізді көрсетіп о... |
Толығырақ... Оқылды: 410 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 19.06.2019 |
Жұмыстың жаңа форматы парасаттылық идеологиясына негізделген |
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру туралы шешім қабылдап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асыруды бастап кеттік. Институционалдық өзгерістерге қарамастан, парасаттылық идеологиясына негізделген жұмыстың жаңа форматы біз үшін басым болып қалуда. Алайда, сыбайлас жемқорлық шенеуніктерді ұстау көңіл-күйді ешкімге көтермейтіндігін жақсы түсінсек те, жұмысымызды әлсіретуге ниетті емеспіз. Бүгін мемлекеттік аппараттағы келеңсіз құбылыстардың бірі - ел ішіндегі іссапарлар барысындағы қызметшілердің теріс қылықтары және отырыс, алым-салық, дастархан жаю және тарту жасау қоса жүретін тамыр жайған, төмен құрылымдарды жаппай тексерулерге назар аудартқым келеді. Бұл проблеманың өткірлігі, әсіресе облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көптеген шағымдарымен расталады, мысалдар да жеткілікті. Біз стандарттарына бой түзейтін ЭЫДҰ елдерінде мұндай мәселе жоқ, ешкім еш... |
Толығырақ... Оқылды: 371 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.06.2019 |
Әкенің қадірін тірісінде біл! |
Күндердің күнінде дәулетті отбасында еркелеп өскен жалғыз жігіт университет бітіріп, диплом алғалы жатады. Ол әкесіне оқуды бітіргенде көлік алып беруін бұрыннан сұранған еді. Күндер өтіп диплом да қолға тиеді. Әкесі баласын жеке кабинетіне шақырады. Жігіт іштей көптен күткен көлік сыйлайтын болды деп қатты қуанады. Кабинетке кірген бойда әкесі оған сырты безендірілген Құран Кәрім кітабын сыйлайды. Бала ашуға бой алып: — Осындай дәулетің бола тұра маған бір ғана кітап ұсынып тұрсың ба?-деп Құранды кітап сөресіне қойып, есікті қағып шығып кетеді. Арада бірнеше жылдар өтеді. Әлгі жігіт үлкен мансап иесі болып, зәулім үйі мен бірнеше көліктері болады. Алайда, ол әкесімен осы уақытқа дейін қатынаспаған еді. Содан бір күні екі қолы өзіне жеткенде әкесін есіне алады да бір рет жағдайын сұрап, кіріп шығу үшін қарашаңыраққа бет алады. Әкесі ол уақытта дүниеден өтіп кеткен болатын. Артындағы бар дәулетін жалғыз ұлына мирас ретінде қалдырыпты. Жігіт мирастың құжаттарын реттейін де... |
Толығырақ... Оқылды: 403 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 18.06.2019 |
Жақсы қасиеттер көп, бірақ ашуды жұту бөлек |
Ибн Аббас деген танымал тәпсірші: «Алланың құзырында жұтылған ашудан артық сүйкімді нәрсе жоқ. Кімде кім ашуын жеңіп, оны жұтып қойса, Алла оның кеудесін иманға толтырады…», – дейді. Көрдіңіз бе, Алла назарында ішілген су емес, желінген ас емес, жұтылған ашу сүйкімді. Неге аятта да, хадистерде де «жұтылған» деген сөзді қолданады. Осы жағына бүгінгі жаңа ғылым мамандары көңіл бөлулері керек. Ашудың келуі таза рухани дүние ме, әлде ол физиологиялық процеске жата ма, оның адам бойында айналып жатқан қанына қандай қатысы бар, ашуланғандағы қуаттың түпкі өзегі қай жерде, ағзадан бөлінетін сөлдердің ашуға қандай қатысы бар деген секілді көптеген сұрақтар өз шешімін табуға тиіс. Енді мәселенің тағы бір қырына келейік. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Нағыз күштілік тастарды көтеретіндей балуандықта емес, өз ашуын жеңе білуде» деген хадисі көпшілікке белгілі. Нағыз күш немен өлшенетінін осыдан-ақ байқаймыз. Алайда ашуды жұтудың Қиямет... |
Толығырақ... Оқылды: 470 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 18.06.2019 |
Адам ұйықтап бара жатып неге селт ете қалады? |
Адам ұйықтап бара жатып өздігінен селт етуінің бірнеше себебі бар. Соның бірі адам тез ұйқыға еніп, тыныс алуы баяулағанда ағза «адам өліп бара жатыр» деп ойлап қалуы әсерінен қорғаныш қызметі автоматты түрде қосылады. Ми лефлекторлық деңгейде аяқ-қолға жиырылып, «адамды оят» деген белгі береді. Ол ұйықтап кету мен өліп кету арасындағы айырманы білмей, өзін –өзі сақтау инстинкті әрдайым іске қосылады. Сол себепті «селт» еткен денеден адам жылдам оянып, бәрі дұрыстығын анықтау үшін оянады. Ойдағыдай екеніне көз жеткен адам қайта ұйықтап кетеді. Мұның алдын алу үшін ұйықтар алдында денені бос ұстап, байсалдылықпен ұйқыға ену керек. Мысалы, ыстық ваннаға қабылдап, массаж жасатып, миға күш түсірмей, тынығу керек. Адам денесі суықтан қатты дірілдеуі де мидың қорғаныш қызметтерін қосып, механизмдерді қосу әрекетінен іске асады. Яғни, бұлшық еттердің жиырылуы арқылы энергия бөлініп, дене жылынады. |
Толығырақ... Оқылды: 571 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.06.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 маусым |
Бүгін – Дүнижүзілік үйлесімділік (гармония) күні. "Гармония" сөзі грек тілінен аударғанда "тәртіп, үйлесімділік" деген мағынаны білдіреді. 18 маусым – Гастрономия күні. Гастрономия - тамақтану салты мен мәдениет арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. Бұл мерекенің негізгі мақсаты – тұрақты даму үшін гастрономияның маңызын түсіндіру. Сондай-ақ, бүгін – Балалар арбасының күні. Тарихи деректерге сүйенсек, алғашқы балалар арбасы 1730 жылы қолданылды. Девоншир (Англиядағы дворян титулы) герцогының ұрпақтары арбаға жатқызылған. Балалар арбасын шотландиялық пони жегіліпті. |
Толығырақ... Оқылды: 446 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.06.2019 |
Қазақстанда экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды |
Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарады, деп хабарлайдыStan.kzақпарат агенттігі. Қазақстанда экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды. Қазақстан Республикасының президенті "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы"Жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес Қазақстан Республикасында экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды. Жаңа министрліккебірнеше министрліктің функциялары мен өкілеттіктеріне беріледі: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру және енгізу, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды бақылау, қадағалау және бақылау саласы; Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстарын пайдалану, қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы саласы; Қазақстан Республикасының Инду... |
Толығырақ... Оқылды: 442 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.06.2019 |
Біз біле бермейтін қарапайым әдептілік ережелері |
Қолшатырды дұрыс құрғатыңыз Жаңбырлы ауа райында кез келген жерге кіре салғанымызда бірден қолшатырды жайып қою біз үшін қалыпты әдет. Ия, шынында да, ол солай тез құрғайды, бірақ этикеттің ережелеріне сәйкес бұл әдіс толықтай қолайсыз. Неліктен? Барлығы өте қарапайым: кеңседе немесе кез-келген қоғамдық жерде қолшатырды ашсаңыз, басқалар да солай жасайды, қолшатырлар бүкіл кеңістікті алатын болады және бұл кеңістік ішінде қозғалысты қиындатады. Сондықтан сізге қолшатырды бүктеу керек. Қаттылап байлап қоюға да болмайды. Жағымсыз иіс тудыруы мүмкін. Едендегі сөмке Еуропаның барлық тұрғындары сөмкелерді еденге қояды, бұл көбінесе бізді таң қалдырады. Алайда таң қалатын ештеңесі жоқ. Біз әрдайым сөмкемізді құшақтап отырып үйренгенбіз, алайда бұл барлық этикеттің ережелеріне қайшы келеді. Кішкентай сөмке болса жанымыздағы орынға қоюға болады, ал басқа сөмкелерді орындықтың артына іліп қойған абзал немесе еденге қою керек, олар ешкімге зиян келтірмейді. Бөлмеде бас киімді шешу керек... |
Толығырақ... Оқылды: 413 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 17.06.2019 |