Жаңалықтар
Алматылық жастар алмадан чипсы жасамақ |
Алматы облысының жастары алмадан чипсы жасамақ. Қазір олар осы бағытта Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті ғалымдармен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Жас ғалымдар өндірістік мақсаттағы жобасын «Стартап болашақ» Менің арманым» атты байқауға ұсынуды жоспарлап отыр. Жетісулықтар өткен жылы инновациялық идеялар сайысына 250-ден астам бизнес жоспар ұсынған болатын. Соның төртеуі финалдық кезеңге өтсе, екеуі инвесторлар тарапынан қаржылай қолдау тапты. Еліміздің Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыратын байқау осымен төртінші рет өткізіледі. Белсенді жастар оған шикізаттан дайын өнім жасау технологиясын апарады. Әлишер Серікболұлы, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ оқытушысы: – Шетел өндірісіндегі чипсыларды жейміз. Ол зиян. Ал біздің Алматы облысындағы алмадан чипсы жасайтын болсақ, пайдалы болады. Сол үшін осы байқауға ұсынайын деп отырмыз. |
Толығырақ... Оқылды: 357 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 22.04.2019 |
Алматыда кореялық жеңіл көліктер шығаратын зауыт бой көтереді |
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық байланыстың бір бағыты – автомобиль өндірісі. Елімізде кореялық коммерциялық техника және жеңіл көліктер құрастырылатын болады. Ал күні кеше Алматы қаласындағы индустриалды аймақта кореялық жеңіл автомобильдер шығаратын тағы бір зауыттың іргетасы қаланды. Кәсіпорын бірінші кезеңде 30 мың, ал екінші кезеңде жылына 45 мың автомобиль шығаруды жоспарлап отыр. Индустриалды аймақта бірнеше айдан соң заманауи зауыт бой көтереді. Жергілікті билік инфрақұрылымы дайын 25 гектар жер бөліп отыр. Жобаны елдегі жекеменшік компаниялардың бірі өз қаражатына және қарызға алған ақшаға салады. Алғашқы автомобиль конвейерден 2020 жылы шығады деген жоспар бар. Бауыржан Байбек, қала әкімі: – Мұндай зауыттың ашылуы біз үшін өте маңызды. 60 миллион доллар ақша салынады. 700-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Автомобиль саласындағы ынтымақтастық Қазақстанмен қатар, Онтүстік Корея үшін де тиімді. Олай дейтініміз, қазақ елімен жасалған әріпт... |
Толығырақ... Оқылды: 365 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 22.04.2019 |
Наным |
1.Наным туралы. Бірде бүкіл ауыл болып тасаттық жасамақ болады. Белгіленген күні жұрт ауылдағы алаңға ағыла бастайды. Бірақ тек бір балақай ғана өзімен бірге қолшатыр ұстап шығады. Бұл шынайы Нанудың белгісі. 2. Сенім. Баламен ойнап, оны көкке көтеріп, лақтырып, қайта тосып аласыз. Ол қуанып, күледі. Өйткені, тосып алатыныңызды біледі. Бұл нағыз Сенім. 3. Үміт.Күнде кешкілік ертең қайтып оянар-оянбасымызға еш кепілдік жоғын білсек те оятқышты қосамыз. Міне, шынайы үміт осы. 4. Батылдық. Қанша өмір сүретінімізді білмесек те келешекке жоспар құруды жақсы көреміз. Бұл нағыз Батылдық. 5. Сенімділік. Күнделікті қаншама адам қиянаттан жапа шегіп, уайым-қайғымен өмір сүріп, бір-біріне мағынасыз мұң сыйлайтынын көріп-білсек те, мұндай қателікке өзіміз де ұрынып қалуымыз мүмкін екенін толыққанды түсініп тұрсақ та, әр адам баласы үйленуге асығады. Одан артығы жоқтығына Өмір сендіреді. |
Толығырақ... Оқылды: 542 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 22.04.2019 |
Қайғырма! |
Қайғырма! Өйткені, ауру айығады, қасірет ұмытылады, күнә кешіріледі. Қарыз өтеледі, тұтқын босатылады, кеткен адам келеді, күнәһар тәубе жасайды, кедей байиды. Қайғырма! Қара бұлттың қалай сейілетінін, қараңғылықтың ағарып, шығып кететінін, құйынның басылатынын көрмегенсің бе? Ендеше, сенің көріп жатқан қиындықтарың – жеңілдікке, тіршілігің – тұрақтылыққа, болашағың – жақсылыққа ұласады. Қайғырма! Қызған күннің ыстығын көлеңке басады, шөлді мұздай, мөлдір су қандырады, аштықты жұмсақ, ыстық нан тойғызады, ұйқысыздық шаршауын тәтті ұйқы қандырады, дерт күйзелісі сауығумен кетеді. Жаратылыстың қиындығын жаратушысы шешеді. Ендеше, сен аз ғана күт! Қайғырма! Себебі бұйырған,тағдырдағы бар нәрсенің сөзсіз болатынына, дәрігерлер басын шайқап, данышпандар әлсізденіп, ғұламалар тұрып қалып, ақындар бір-бірінен сұрасып таңданысқан. Қайғырма! Себебі, сен егер қайғы-қасіретке жүрегіңнен орын берер болсаң, үздік дәрігерлер мен олардың берген кеңестері, дәрі-дәрме... |
Толығырақ... Оқылды: 522 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 22.04.2019 |
1 минутта жасалатын 10 жақсы амал |
1. Алланы дәріптеу Алла Тағаланың адам баласына нәсіп еткен шексіз нығметтері үшін Алланы дәріптеуге 1 минут уақытыңызды жұмсаңыз. Бір минуттың ішінде 100 мәрте«СубханАллахи уа бихамдихи» деп зікір айтуға болады.Алла Елшісі (ﷺ) кімде-кім күніне 100 рет осы зікірді айтатын болса, оның күнәсі теңіздің көбігіндей көп болса да кешірілетіндігін айтқан болатын. 2. «Әл-Фатиха» сүресін оқу Бір минуттың ішінде «әл-Фатиха» сүресін 3 рет айтып шығуға болады. Осы сүрені оқыған мүмінге 600-ден артық жақсы амал жасағандай болып жазылады. 3. Алладан кешірім сұрау Жасаған қателік, кемшілік, күнәларымыз үшін Алладан кешірім сұрап, тәубемізге келу – ешқашан кеш болмайды. Алла Тағаланың кешірім беруін тілеп, бір минутта«Астағфирулла» зікірін қанша рет айта алсаңыз, сонша рет айтыңыз. Алладан жиі кешірім сұрау – екі дүниеде де пайда әкелетін амал. 4.Құранның үштен бірі Бір минутта «Ықылас» сүресін шамамен 20 рет о... |
Толығырақ... Оқылды: 541 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 22.04.2019 |
22 сәуір – халықаралық жер күні |
Халықаралық Жер күні 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын аталып өтеді. Бас Ассамблеяның 63-інші сессиясының төрағасы Мигель д'Эското Брокманның атап өтуінше, қарарда Халықаралық бұл күннің жария етілуі Жер мен оның экожүйесі адамзатқа өмірді қамтамасыз ететін біздің ортақ үйіміз екенін мойындау, сондай-ақ 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі конференциясында қабылданған міндеттемелерді растау болып табылады. Жер күнін атап өту дәстүрі 1970 жылы АҚШ-та пайда болды, ал 1990 жылы бұл дата халықаралық акцияға айналды. |
Толығырақ... Оқылды: 674 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.04.2019 |
Құлаққапты қолдану есту қабілетін нашарлататыны рас па? |
Үлкен қала тұрғындары 75% уақытын құлаққаппен өткізеді. Олар метро, автобуста музыка тыңдайды, кеңсе қызметкерлері артық шудан қашу үшін немесе өзге әріптестеріне кедергі келтірмеу құлаққапты қолданады. Жұмыстан соң құлаққапсыз жаттығу залына бармайды. Күні бойы құлаққапты қолданғанымызбен, оның зияны жайында сөреге қойып жатып ойланамыз. Дыбыстың қандай түрі есту қабілетін бұзады? 2015 жылы Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) 1,1 миллион жас музыканы өздерінің құрылғылары арқылы қатты тыңдайтындықтан, есту қабілетін бұзуы мүмкін деген мәлімдеме жасаған болатын. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы орташа және жоғары табысты елдерге жүргізген сараптама бойынша, 12 жас пен 35 жас аралығындағы тұрғындардың 50%-ы өздерінің смартфондары мен плеерлерінің әсерінен естіу қабілеттерінің нашарлағанын алға тарса, 40% тұрғын себебін кешкі бар, концерт пен спорт алаңдарының шулы аймақтарымен байланыстырған. Дыбыс қай кезде қауіпті болады? Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бойынша, 8 с... |
Толығырақ... Оқылды: 490 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 19.04.2019 |
|
Қасиетті Құранның «әл-Хамду лиллаһ» (Аллаға мақтау болсын) сөзімен басталуының өзіндік мәні бар екені ақиқат. Сондай-ақ, Күнделікті бес уақыт намазымызбен қатар әрдайым қасиетті Құранды оқыған сайын беташар ретінде басталатын «Фатиха» сүресінің алғашқы сөзі болған «әл-Хамду лиллаһ» сөзімен бастаймыз. Құранға зер салған әрбір жанның санасына Хақтан түскен осы бір мағыналы Ұлы кітап (Құран) неге «әл-Хамду лиллаһ» сөзімен басталып тұр, мұның адам баласы үшін көрсетер бағыт-бағдары қандай? деген сұрақтардың туындауы әбден мүмкін. Адам баласы өзін жоқтан бар етіп, күллі жаратылысты игілігіне тарту еткен Жаратушы Иесіне рахметін «әл-Хамду лиллаһ» сөзімен жеткізеді. Күллі жаратылыс да өз тілімен Жаратушы Хақты «әл-Хамду лиллаһ» сөзімен ұлықтайды, шүкірін білдіреді. Демек, «әл-Хамду лиллаһ» сөзі саналы адамға өзіне берілген сансыз нығметтердің Иесі болған әлемдердің Раббысын сүюді, сол нығметтер үшін қарызда... |
Толығырақ... Оқылды: 585 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 19.04.2019 |
|
1. Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты - ақыл... 2. Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. 3. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек. 4. Адамзатқа не керек: Сүймек, сезбек, кейімек. Харкет қылмақ, жүгірмек, Ақылмен ойлап сөйлемек 5. Атымды адам қойған соң, Қайтып надан болайын 6. Бес нәрсеге асық бол... Талап еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой - Бес асыл іс көнесеңіз. 7. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. 8. Жас уақытта көңіл - гүл. 9. Жастықтың аты арындап, Тас қияға өрледің. 10. Жастықтың оты жалындап, Жас жүректе жанған шақ. Талаптың аты арындап, Әр қиянға салған шақ. 11. Жастықта көкірек зор, уайым жоқ. 12. Жастықта бір күлгенің мың қаралық. 13. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. 14. Егер ісім өнсін десең - ретін тап. 15. Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап. 16. Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық. 17. Ж... |
Толығырақ... Оқылды: 508 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 19.04.2019 |
|
Бүгінгі таңда қоғамда талақ-ажырасу күйзелтуші дертке айналып отыр. Өйткені, статистика мәліметіне жүгінетін болсақ, ажырасушылар саны жылдықүйленгендер санының 35 % - інен астамын құрап отыр. Әйел талақ мәселесінде әлсіз орынды ұстанады. Себебі, көбінісе талақтың шешімі оның қолында емес, бірақ талаққа себеп болатын істерді басағасынан алыстату оның қолынан келетін іс. Жаңадан тұрмысқа шыққан келіншектер мен тұрмыстық өмірінде көптеген проблемаларға душар болып жүрген әйелдерге талақтан аулақ болып, жанұясын қорғау үшін, талаққа себепші болатын он жеті істі сыбырлап айтпақпыз. 1.Жанұяның негізгі тірегі - әйел мен күйеу арасындағы сыйластық, бала – шағасы. Сондықтан әйелдің үйіне, бала шағасына көңіл аудармауы, тек өзінің қарабасын ойлауы, талаққа себепші болады. 2.Кейде әйелдер үйіне, бала-шағаларына қарауға қолы тимей кетеді. Ол сұлулығын сақтау үшін сәнденуге ерекше көңіл бөліп, шаштаразға, киім дүкендеріне, сән салондарына барумен айналысып, қолы тимей, үйін қараусыз... |
Толығырақ... Оқылды: 468 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 19.04.2019 |