Жаңалықтар
Әріптесіміздің жеңісі |
Талдықорғанда «Жастар» спорт сарайында облыс әкімдігі мен ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдық мерейтойына орай журналистер арасында спартакиада ойындары өтті. Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін: - «Қазақстан журналистикасының ең көне басылымдары болып табылатын «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдық тойы бүкіл елдің тойына ұласып отыр. Соның жарқын дәлелі шағын футболдан өтетін республикалық жарыс пен спартакиада. Осындай доданы ұйымдастыруға үлкен көмек көрсеткен облыс әкімдігі мен ішкі саясат басқармасына алғыс айтамыз. Бүгінгі сайыс Ұлы Даланың төрт бұрышына жайылған жарыс. Ғасырлық той, ғасырлық дода құтты болсын, – дей келе спортшыларға табыс тіледі. Дүбірлі дода облыстық және ауданнан келген БАҚ өкілдері спорттың бильярд, волейбол, үстел теннисі, кіші футбол т... |
Толығырақ... Оқылды: 609 Санат: СПОРТ Уақыты: 04.05.2018 |
ЕГІН ЕККЕННІҢ ЕҢБЕГІ АҚТАЛАДЫ |
Қант қызылшасы – Жетісу өлкесінің төл дақылы. Республика бойынша өндірілетін тәтті түбірдің едәуір көлемі біздің облысқа тиесілі. Бұл ретте елімізде тәтті түбір ең алғаш рет Талдықорған өңірінде өсірілгенін айта кету керек. Ауданымыздың шаруашылық субъектілері қант қызылшасының тұқымын себуді жалғастыруда. Биыл аудан диқандары 2 мыңға жуық гектарға тәтті түбір егуді жоспарлап отыр. Оған күн райы да қарайласып тұр дейді, алқаптарды аралаған аудан әкімі Алмас Қабдулұлы. Қазіргі таңда «Балпық», «Қыдырәлі» және «Қайнар-Көксу» сынды ірі шаруашылықтар қант қызылшасын себу жұмыстарын толығымен аяқтады. Аудан бойынша жалпы бүгінгі күнге дейін 1880 га жерге қант қызылшасы себілді. Өнімді өндіруге дейінгі тұқым алу, арзандатылған бағамен жанар-жағармай алу, техникамен қамту, қызылша себу мен оны күтіп-баптап, өнімді зауытқа өткізуге дейінгі жұмыстар үнемі бақылауда болады. Жалпы Алматы облысында өткен жылы қант қызылшасының алқабы 9 мың гектарға жеткізі... |
Толығырақ... Оқылды: 634 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2018 |
БЕРЕКЕ БАСТАУЫ - БІРЛІК, ЕЛ ІШІ - ТАТУ ТІРЛІК |
Дана халқымыз ықылым заманнан-ақ, «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген. Берекені көздеген ел — мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан болса керек, мызғымас болашағы бар мемлекетіміз 23 жылдан бері ынтымақ, ауызбіршілік күнін айрықша арқа-жарқа, жұмыла атап өтеді. Қуантарлығы — бір атаның баласындай, татулығын ту еткен жерлестеріміз мамыр айының алғашқы күнінде әдеттегідей аудан орталығындағы аудандық Мәдениет үйінің алаңына жиналып, мерекенің мерейін асырды. Бұл күні сіркірей жауған жаңбыр жерлестеріміздің көңіл-күйін түсірген жоқ. Тиісінше, мұны кездейсоқ емес, Алланың нұры, талай еңбек ерлерін тәрбиелеген Жер-Анамыздың диқандарына танытқан ықыласы деп қабылдады олар. Татулық пен бейбітшілікті басты орынға қойып, бақытты бағалай білген ағайын, жүздері бал-бұл жайнаған жұртшылық қазақ халқына деген ризашылығын білдіріп, мәре-сәре құттықтап жатты. Алғыстарын айтып, ақ тілектерін жолдады. Сахна төріне де әдеттегідей бір-бірлеп емес, бұл жолы жұмыла көтері... |
Толығырақ... Оқылды: 1003 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2018 |
Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының аудан тұрғындарын 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күнімен құттықтауы |
Құрметті Отан қорғаушылар! Біздер, күллі қазақстандықтар үшін мамыр айы мерекелі ай. Қаһармандық дәстүрдің жарасымды жалғасы іспетті еліміздің бейбіт болашағы үшін жарияланған 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын! 7 мамыр – егемен еліміздің Қарулы күштерінің мерейін асқақтататын, Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың, болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы. Бұл күннің мемлекетіміздің болашағы үшін маңыздылығы жоғары, себебі әрбір қазақстандықтың ұлы да, құрметті міндеті – Отан қорғау. Отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді. Қазақстан әскерлері қатарында қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, жауынгер – интернационалистерді, кез келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызды атаулы мереке... |
Толығырақ... Оқылды: 2543 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2018 |
Саяси бюро отырысы |
Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының саяси кеңес бюросы отырысы өтіп, саяси бюро отырысына аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, саяси бюро мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері қатысып, үш мәселе қаралды: 1. Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы атқарылған жұмысы жайлы және 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес атқарылатын жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды. 2. Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Көксу аудандық филиалының «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы атқарылған жұмысы жайлы және 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес атқарылатын жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды. 3. Көксу аудандық кәсіпкерлер бөлімінің «Нәтижелі жұмыспен қам... |
Толығырақ... Оқылды: 604 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.04.2018 |
Сом білек жігіттер сайысы |
Таяуда Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің, балалар және спорт мектебінің ұйымдастыруымен бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған аудан әкімінің жүлдесі үшін қазақ күресінен өткен «Көксу бөрісі» турнирі спортсүйер қауым үшін үлкен спорттық мерекеге айналып, залдағы жанкүйер жарыстың басталуын тағатсыздана күтті. Зал төрінде екі киіз үй тігіліп, есік алдындағы сұсты батырлардай төрт жігіт найзаларын айқастырып, балуандарға алдағы додада күш-жігер беріп тұр. Жарыстың ашылу салтанатында турнир ашық деп жарияланып, Гимн ойналды, сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев ауданымызда дене шынықтыру және спортқа көп көңіл бөлініп отырғанын атап өтіп, таяуда Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда оқушылардың Атланта Олимпиадасының (1996 жыл) қола жүлдегері, жерлесіміз Мәулен Мамыровпен кездесу өткенін, даңқты балуан жас спортшыларға шеберлік сағатын өткізгенін айтып өтті. Содан соң «Тақиялы періште&raqu... |
Толығырақ... Оқылды: 1033 Санат: СПОРТ Уақыты: 27.04.2018 |
Жас келсе - іске |
«Әкім бол, халқыңа жақын бол»,- деген аталы сөз тегін айтылмаса керек-ті. Қарапайым халықпен тығыз байланыс орнатып, ақсақалдарынан жөн сұрайтын, өлкенің өркендеуі мен өрлеуі үшін аянбай тер төгетін әкім қашан да халық тарапынан қолдау көретіні анық. Жергілікті тұрғындар арасында «Батырлар ауылы» атанып кеткен Еңбекші ауылдық округі - Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбай және еңбекқор халқымен аты шыққан, сәні мен салтанаты жарасқан құтты мекен. «Әркімнің туған жері Мысыр шаһары» дегендей, бұл ауылдан бір жылдары 78 мың тонна қант қызылшасы жиналып, бір аудан орындай алмайтын мөлшерді осы ауыл азаматтары орындағаны жайында ел аузында әлі күнге дейін зор мақтанышпен және абыроймен айтылып жүр. Аптаның дүйсенбісінде аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы Зылиха Тамшыбай ауылында болып, жаңадан Еңбекші ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалған Асқар Алпысбаевты тұрғындарға таныстырды. Бұл таныстыру рәсіміне аудандық мәслихат хатшысы Әлди... |
Толығырақ... Оқылды: 595 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.04.2018 |
Алматы облысының түрмелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қарқыны артып келеді |
Ағымдағы жылдың ақпан айында Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА 155/16 колонияларының бірінде колония қызметкері сотталушыға ұялы телефон сатып, ақшасын алмағаны жайлы факт анықталды. Оқиға бойынша Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыныс жолданған болатын, ұсыныста қамауда ұсталғандарды апта сайын медициналық қарауды және камерада бейнекамерамен жабдықтау туралы көрсетілген. Департаменттің мәліметі бойынша, 2016 жылы сотталғандардың және олардың туыстарының Қылмыстық-атқару жүйесінің лауазымды тұлғаларынің заңсыз әрекеттері үшін 5 өтініш келіп түскен, ал 2017 жылы өтініштер саны 16 есе болса, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 17 өтінішке өскен. Осы және өткен жылдардағы талдау барысында, Ұлттық бюросына және прокуратура органдарға қамауға алынған және сотталғандардың шағымдар көбейген. О... |
Толығырақ... Оқылды: 550 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.04.2018 |
Кәсіпкерлер мәселелері қаралды |
Жуырда аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Алматы облыстық кәсіпкерлерінің өңірлік Кеңесі төрайымы Римма Салықованың төрағалық етуімен Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысы және есептері жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған Көксу ауданының кәсіпкерлері, облыстық кәсіпкерлер Палатасының төрағасы Беньямин Файзулин қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев жиында сөйлеген сөзінде ауданымызда ауыл тұрғындарының жеке бизнесін ашуға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығынатап өтті. Атап айтқанда, сүтті, етті бағыттағы қосалқы шаруашылықтарды кеңейту, ұлғайту мақсатында 5 кооператив құрылып, 92,4 млн. теңгеге мал сатып алынды, 32,5 млн. теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынды. Орта және шағын бизнес өкілдерінің саны 2017 жылы 7,2 пайызға артты. Орта және шағын бизнестің жергілікті бюджет түсімі 8,5 пайызға артып, жалпы үлесі 37,9 пайызды құрады. Заманауи талапқ... |
Толығырақ... Оқылды: 590 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.04.2018 |
Атқарылған жұмыстар айтылды |
Жуырда аудандық мәслихаттың кезекті 29-шы сессиясы өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Қайрат Исаев және мекеме, бөлім басшылары, саяси партия өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралса, бірінші мәселе бойынша аудандық қаржы бөлімінің басшысы Әлия Қалиева баяндама жасады. Ауданда 2017 жылға арналған бюджеттің атқарылу барысына тоқталған ол жыл бойы бюджетке бекітілген өзгерістер туралы, аудан бюджетінің кіріс бөлігі мен шығындардың орындалуын және бюджеттік кредиттер бөлігі мен оларды өтеу бойынша жұмыстарды жеткізіп, білім беру, әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт және тағы да басқа салаларға бөлінген қаражаттарды баяндады. Күн тәртібінде бекітілген екінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Айдын Жүнісов ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың... |
Толығырақ... Оқылды: 564 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.04.2018 |