Жаңалықтар
Алматы облысында ішкі аудиторлық іс-шаралар қорытындыланып, қаржылық есептілікке аудит жүргізу өзгерістері туралы айтылды |
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Азамат Мұсабек аталған департаменттің 2018 жылдың аудиторлық іс-шараларын қорытындылады. Баспасөз конференциясы барысында 356 аудиторлық іс – шаралар өткізілгенін, оның ішінде 336-ы жоспардан тыс тексеру болса, 20-ы жоспарлы түрде өткен. Азамат Мұсабектің айтуынша, өткен жылы тексеру нәтижесінде орын алған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 70 872 910,4 мың теңгені құраған, оның ішінде 19 713 275,4 мың теңгесі қаржылық бұзушылықтар және 51 159 635,0 мың теңге процедуралық бұзушылықтар болып шыққан. «Бюджетке қайтару, қалпына келтіру, есепке алу, қайтару бойынша анықталған 19 761 916,4 мың теңгенің, 19 666 294,8 мың теңге бюджетке қайтарылды және қалпына келтірілді (бұл 99,5 % құрайды)» -, дейді ол. Аудит жүргізілген мемлекеттік сатып алудың жалпы сомасы 49 913 768,6 мың теңгенің ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заң бұзу... |
Толығырақ... Оқылды: 578 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.02.2019 |
Алматы облысының 3 мыңнан астам кәсіпкерлерлер 2018 жылда «Даму» Қорының қаржыландыруын алды |
Алматы облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалы «Шағын және орта бизнестің дамуын қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында баспасөз-конференциясына қатысты. Іс-шара барысында ағымдағы жылдың 11 (он бір) айдың қорытындылары талқыланды. Алматы облысында «Даму» Қорының бағдарламалары бойынша қолдау алған жобалардың жалпы сомасы 21,3 млрд. теңгені құрады – бұл 3 023 жоба. Екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікті қаржыландыру бағдарламасы бойынша 2018 жылда жалпы несиелер сомасы 9,7 млрд теңге құрайтын 2 805 жобаға қолдау көрсетілді. 2018 жылы несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаражаттандыруды жалпы сомасы 8,7 млрд. теңге құрайтын 125 жоба пайдаланды. Алматы облысында ең танымал бағдарлама «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және бизнесті дамытудың бағдарламасы болып табылады. 2018 жылы несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаражаттандыруды жалпы сомасы 8,7 млрд. теңге болатын 125 жоба пайдаланды. Ке... |
Толығырақ... Оқылды: 418 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2018 |
"Samǵaý-2018": Жетісудың үздік БАҚ өкілдері марапатталды |
Талдықорғанда, «Самғау» - журналисттер жүлдесінің жеңімпаздары анықталды. Жылдың басты сыйлығы саналатын байқауда, 11 наминация бойынша 143 материал қабылданған. Салтанатты шара, мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған. Үздік деп танылған БАҚ өкілдерін облыс әкімі Амандық Баталов марапаттар алдында, барша кешке қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап өтті – Құрметті журналистер! Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жарқын жетістіктер мен толайым табыстар елім деген әрбір азаматтың көңіліне қуаныш сыйлайды. Ал сол жетістіктерге жетісулықтардың да қосқан үлесі зор. Біз мәдениет пен әдебиет, әлеумет, экономика сынды сан сала бойынша толымды көрсеткіш көрсетіп келеміз. Талдықорған шаһары көрсе көз тоймайтын сұлулыққа ие болды. Құрылыс саласы жанданып, зәулім де әсем ғимараттар сап түзеді. Бұл сіздер мен біздің ортақ жеңісіміз... |
Толығырақ... Оқылды: 424 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.12.2018 |
Алматы облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз жұмысын қорытындылады |
Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Нариман Ботанов мекеменің жылдық жұмыс нәтижесін жария етті– деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Ағымдағы жылдың 31 қазанына дейін Ішкі мемлекеттік аудит департаменті облыста 268 аудиторлық тексеру өткізген. Оның ішінде 248 жоспардан тыс, 20-сы жоспарланған шаралар. Тексеріс кезінде анықталған қаржылық бұзушылықтар көлемі 18 269 648,2 мың теңгені құраса, ал процедуралық бұзушылықтар 20 397 712,4 мың теңге болған. - Департаменттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және мемлекеттік сектор субъектілерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру. Мұндай тексерулер жыл сайын жүйелі түрде жүргізіледі, - дейді Н.Ботанов. Сондай-ақ, жасалған аудиторлық іс - шаралардың нәтижесінде, аудит объектілерінің 97 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда, 57 - ескерту, 36 - сөгіс, 2-қатаң сөгіс, 2 қызметкер жұмыстан босатылды. Және де есептік кезеңде мемлекеттік орга... |
Толығырақ... Оқылды: 757 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2018 |
Волейболдан «Жетісу кубогы» Халықаралық турнирі өтуде. |
Бүгін Талдықорғанда волейболдан ардагерлер арасында «Жетісу кубогы» Халықаралық турнирі басталды. Аталмыш, додаға Қазақстан, Монғолия, Өзбекстан, Қырғыстан, Татарстан, Польша, Ресей және тағы да басқа республикаларының командалары қатысуда – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Турнирдің салтанатты ашылуында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халықаралық турнирге келген қонақтарға өзінің жылы лебізін білдірді. — Құрметті, турнирге қатысушылар, жер жаннаты атанған Жетісу өлкесіне қош келдіңіздер! Бүгінгі «Жетісу кубогы» турниріне арнайы келген командалардың ішінде атақты ойыншылар – еңбек сіңірген спорт шеберлері, волейбол ойынының өрісін кеңейтуге көп еңбек сіңірген азаматтар бар. Олар-бірнеше буын спортшылар үшін үлгі болған кәсіби мамандар. Сондықтан бұл турнирді өткізу елімізде, соның ішінде облысымызда волейболды дамытуға жасалған жақсы бір қадам деуге болады. Бәріңізге бұл турнирде жақсы ойын, сәттілік пен жеңіс тілейм... |
Толығырақ... Оқылды: 450 Санат: СПОРТ Уақыты: 04.12.2018 |
Алматы облысында мигранттарға құқықтық қолдау көрсету жұмыстары белсенді жүргізілуде |
Алматы облысында «Талдықорған аймақтық әйелдер қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің қолдаумен осал мигранттарды өңірлік және жаһандық қауіп-қатерлер тұрғысынан қорғау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Науқанның осы облыста ауқымды өткізілуі,Қазақстанда статистикалық мәліметтерге сәйкес, шетелдік мигранттарды барынша тартатын 5 өңірге кіруі болып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында белгілі болды. Аталмыш шара, Халықаралық көші-қон ұйымы және Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен жасалған. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастау алған түсіндіру жұмыстарына - ХКҰ, көші-қон қызметкерлері, Алматы облысының ІІД ұйымдасқан қылмыстық бөлімінің қызметкерлері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Өзбек этномәдени бірлестігі және БАҚ өкілдері тартылған. Халықаралық көші-қон ұйымының ұлттық үйлестірушісі Светлана Жасымбекованың айтуын... |
Толығырақ... Оқылды: 489 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.11.2018 |
ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХПЕН ТАНЫСУ |
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өткен тарихымыздың жарқын келбеті деп білемін. Себебі, бүгіннің өткенсіз, болашақтың бүгінсіз айнасы бұлыңғыр. Біз жаһандану заманына өзіміздің тарихымызбен енуіміз керек. Ал, сол түпкі тарих тағылымын Елбасы кезек-кезегімен атап өтті. Қазақ халқының танымдық мұрасы, салт-дәстүрі мен өзіндік әдет-ғұрпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық шежіресі – баға жетпес асыл қазына. Сол қазынаны ұмытпау әрі дәріптеу – жастардың үлесінде. Алғашқы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» тарауында Ұлы дала төсінде пайда болған мәдениет, атқа міну дәстүрі, аң стилі, Алтын адам жайында айтып, біраз бағдарламалар мен жобаларды ұсынды. Сол Ұлы даланың жеті қырының ең алғашқысы ретінде, қазақ халқының жеті қазынасының бірі – жылқыны дәріптегені көп нәрсені аңғартады. қазақ ауыз әдебиетінде жылқы туралы «Құлын – тайға жеткізер, тай – құнанға жеткізер, құнан – атқа жеткізер, ат – м... |
Толығырақ... Оқылды: 608 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.11.2018 |
ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ФУТБОЛ |
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: - «Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс. 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек»,- деп атап көрсеткен болатын. Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймақтарында Елбасы Жолдауы жүзеге асырылып, түрлі шаралар атқарылып, жалғасын табуда. Соның бірі – спортты дамыту мақсатында Еңбекшіқазақ орта мектебінде қазан айының 27-і күні ұлағатты ұстаз Сапарбек Байтайұлы Асқаровты еске алуға арналған қыздар арасында кіші футболдан жарыс өтті. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған еске алу турниріне аудан мектептері арасынан іріктеу кезеңінен өтіп финалдық кезеңге жолдама алған 5 команда өзара мықтыны анықтады. Ұстаздық жолын осы мектепте дене тәрбиесі пәніні... |
Толығырақ... Оқылды: 731 Санат: СПОРТ Уақыты: 09.11.2018 |
АЛҒАБАС ТӨРІНДЕ – КӨКПАР |
Көкпар – қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі және бірегейі. Бұл ойын түрінің теңдессіз екендігін әлем халқы мойындап отыр. «Көкпар» ойыны жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Ұлттық ойындарымызды халық арасында кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ойынның техникасы мен шеберлігін игеруге жастарымыздың қызығушылығын ояту мақсатында, өткен аптада Алғабас ауылдық округі аппаратының ұйымдастыруымен жаужүрек бабаларымыздан қалған асыл мұраның бірі – көкпар ойыны өтті. Ер жігіттің ат құлағында ойнайтын шеберлігі, ептілігі мен күш-қайраты сыналатын осынау ұлттық ойын түріне Кербұлақ, Ескелді, Көксу аудандарының шабандоздары мен 70-тен аса жүйрік ат қатысты. Алғашқы салымға 25 мың теңге қаржылай және 1 қой тігілді.Ойын басында Алғабас ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Дәурен Молдағали спорт- сүйер қауымға тілегін жеткізді : «Қадірменді ауылдастар! Елбасымыз Нұ... |
Толығырақ... Оқылды: 799 Санат: СПОРТ Уақыты: 02.11.2018 |
ҚАЙТА ЖАҢАРҒАН СПОРТ АЛАҢЫ |
Қазан айының 26 жұлдызы аудан орталығында заманауи тұрғыда жабдықталған, толығымен күрделі жөндеуден өткен Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадионның тұсауы кесілді. Шараға Б. Оңғаров ағамыздың жары Тұрсынхан Оңғарова мен облыстық спорт басқармасының басшысы, Бейжің Олимпиадасының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев және Атланта Олимпиадасының жүлдегері Мәулен Мамыров, аудан ақсақалдары және тұрғындары арнайы келіп қатысты. Дәл осы бір айтулы күнде мерекелік шараны салтанатты түрде аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы ашып, барша аудан тұрғындарын ортақ қуаныштары – стадионның ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. - Қадірлі халайық!Құрметті спорт сүйер қауым! Бүгінгі күн аудан өмірінің тарих беттеріне алтын әріппен жазылатын қуанышты сәт. Себебі, біздер үлкен қуаныштың куәсі болғалы отырмыз. Аудан орталығында заманауи тұрғыда жабдықталған, толығымен күрделі жөндеуден өткен Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадионның тұсауы кесілуде. Баршаға белгілі, спорт пен дене тәрбиесін дамыту... |
Толығырақ... Оқылды: 641 Санат: СПОРТ Уақыты: 02.11.2018 |