Жаңалықтар

Туған күн иесі 100- ші дауыс беруші болды

Алакөл ауданы Арқарлы ауылдық округіндегі №57 дауыс беру учаскесіне білім саласының ардагері, дәл референдум күні 64 жасқа толып отырған ұлағатты ұстаз Меңдібай Хусинов дауыс беріп, 100-ші тұрғын ретінде тіркелді. Өмірінің басым бөлігін шәкірт тәрбиесіне арнаған ұстаз референдумның маңыздылығын толықтай түсініп, өзінің немересімен бірге ел болашағы үшін таңдауын жасады. – Жуырда ғана Үшарал қаласына қоныс аудардым. Құжаттарымды реттеп үлгермегендіктен тіркелген мекенжайым Арқарлы ауылында қалды. Алпыс шақырым жерден референдум үшін арнайы келіп, өзімнің таңдауымды жасадым. Бұл мен үшін, ұрпағым үшін жасалған таңдау деп білемін, – деді ардагер ұстаз.
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2024

Алакөлде мемлекеттік сыйлық лауреаты дауыс берді

Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округінің тұрғыны, Мемлекеттік сыйлық иегері, Алакөл ауданының Құрметті азаматы Қайныш Таңатова №58 учаскеде дауыс берді. Қайныш Таңатова бүгінгі референдум еліміздің тарихында қалатын маңызды оқиғаның бірі екенін және әр қазақстандық өзінің азаматтық көзқарасын білдіру керектігін жеткізді.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2024

Кезекті ұтыс сертификаты табысталды

Үшарал қаласы №47 дауыс беру учаскесіне 100-ші болып дауыс берген Үшарал қаласының тұрғыны Эльмира Солтанбекова «Tobiko fast food» сертификатын ұтып алды. Ал Сымбат Тұрароваға дауыс бергені үшін «Tobiko» кафесінен арнайы сет табысталды. Ел болашағы үшін дауыс беріп, ізгі тілегін білдірді.
Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2024

Қараталда қол күрес ойыны өткізілді

Ескелді ауылдық округіне қарасты орта мектепте спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Референдумға дауыс беруге келгендер қол күрес ойынынан бақтарын сынады. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2024

Қараталдықтар тоғызқұмалақ ойынынан сайысқа қатысты

Балпық ауылдық округіне қарасты №147 дауыс беру учаскесі маңында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Дауыс беруге келген аудан тұрғындары өз таңдауларын жасап, тоғызқұмалақ ойынынан бақ сынасты. Ойында жеңімпаз атанғандарға арнайы естелік сыйлықтар табысталды.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2024

Ескелді ауданында Республикалық референдумда барлық азаматтар белсенді қатысуда. Жетісу ауылындағы дәрігер отбасы Сейткулов Мусалы мен Байборинова Кимакас келіп өз таңдауларын жасады.

«Бүгін мемлекетіміз үлкен қадам жасар алдында тұр. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзімінің азаматтық парызымды орындап, жарқын болашаққа дауыс бердім. Барлық азаматтарды мемлекетіміздің дамуына дауыс беруге шақырамын» деді Сейткулов Мусалы. 07.10.2024 0 4
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2024

«Ескелді барысы» дауыс берді

Ескелді ауданы, Жалғызағаш ауылындағы №109 учаскесінде Айбол Жұмақалымов «Ескелді барысы -2024» жеңімпазы Республикалық референдумда өз таңдауын жасады. «Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзімінің азаматтық парызымды орындап, жарқын болашаққа дауыс бердім. Барлық азаматтарды мемлекетіміздің дамуына дауыс беруге шақырамын» — деді Айбол Жұмақалымов.
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2024

Бес бүлдіршіні бар жас отбасы дауыс берді

Мемлекетіміздің болашақ қадамдарының қарымды болуы – біздің бүгінгі шешімдерімізбен тікелей байланысып жатыр. Сондықтан да референдумге қатысып, еліміздің азаматы ретінде өз таңдауымызды жасау парызымыз.«Бала айтқаныңды емес, көргенін істейді» демекші, референдумге бес бүлдіршінді көпбалалы жас отбасы Есенбековтер жанұясы да белсенді қатысты.«Елдің ертеңі перзенттеріміздің еншісінде болғандықтан бес бүлдіршініме бұл науқанның маңыздылығын түсіндіріп, әкелік үлгімді көрсеттім. Жарқын болашақты құру жолында азаматтарымыздың референдумда өз дауыстарын беріп, таңдау жасағандары дұрыс шешім», –дейді Алмат Есенбеков.
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2024

Қараталдықтар тоғызқұмалақ ойынынан сайысқа қатысты

Балпық ауылдық округіне қарасты №147 дауыс беру учаскесі маңында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Дауыс беруге келген аудан тұрғындары өз таңдауларын жасап, тоғызқұмалақ ойынынан бақ сынасты. Ойында жеңімпаз атанғандарға арнайы естелік сыйлықтар табысталды.
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2024

Династия железнодорожников сделала свой выбор

Династия воспитавшая три поколения железнодорожников живет в селе Матай. Эта семья очень активная и не оставляет без внимания события происходящие в селе и районе. Отец семейства Данияр Балаубеков отметил важность проведения референдума в стране. «Наша семья трудится на железной дороге. Мы решили всей большей дружной семьей прийти на участок и отдать свой голос. Наш голос важен для страны», - отметил он. Сын и внук Данияра работают на железной дороге. Железнодорожники считают что порядок и отвественность два главных правила в жизни человека которые они придерживаются всю свою жизнь.
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2024
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.