Жаңалықтар

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК ДАУЫС БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ ДАУЫС БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ

Ата бабаларымыз өз Отанымыз, мемлекетіміз болуды ғасырлар бойы армандап соның жолында тер төкті, еңбектенді, ел жерін жауға бермей қорғап келді. Бүгінгі ұрпақ соның игілігін көріп жемісін жеп, өз тәуелсіз елінде бейбіт өмір сүріп берекетін көріп келе жатқанына 33 жыл толды. Әрине неше ғасырлық тарихы бар алпауыт елдермен тереземіз теңесуге тәуелсіз еліміздің әрбір кәмелет жастағы жандарының белсенділігі мен берекеттілігі аса маңызды. Мінеки бүгінгі өтіп жатқан референдум елімізге АЭС құрылысын салуға шешім қабылдауды да ел Президенті Қ.Тоқаев халқының құзырына беріп «иә»не «жоқ» деген дауыс берулері үшін бар мүмкіндікті жасап берді. Отан отбасынан басталады деген қағида негізін де бізде отбасымызбен барып өз дауысымызды бердік. Оның түпкілікті мақсат мүддесі Қазақстанның әрбір азаматы өз елінің келешегі кемелді болуына өздерінің «үнін» кез келген істе белсенділік және білімділік жаңа заман талабына сай өзгерген сана сезіммен білдіруі олардың б...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024

«Босс-Молокосос» Талдықорғанда таңдау жасады

Бүгін Талдықорғандағы жалпыхалықтық референдумға «Босс-Молокосос» қатысты. Арнайы кейіпкер киімін киген жастар дауыс беріп қана қоймай, сайлау қатысушыларына осындай ерекше көңіл күй сыйлап, өз пікірін білдірді. «Референдум - қазақстандықтар үшін маңызды таңдау жасалатын күн. Біз талдықорғандықтарды осы күні белсенді болып, өз таңдауларын жасауға шақырамыз»,- дейді кейіпкер киімін киген Дина мен Асылмұрат. Дауыс беру учаскесінде мультфильм кейіпкерінде көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған жастармен дауыс берушілер естелік суретке түсті.
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024

Алакөлде Мемлекеттік сыйлық лауреаты дауыс берді

Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округінің тұрғыны, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Алакөл ауданының Құрметті азаматы Қайныш Таңатова №58 дауыс беру учаскесіне барып, белсенді түрде дауыс берді. Қайныш Таңатова бүгінгі референдум — еліміздің тарихында қалатын маңызды оқиғаның бірі екенін және әр қазақстандық өзінің азаматтық көзқарасын білдіру керек екенін жеткізді.
Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024

ГІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ

⠀ Қазан айының 6-ы күні Балпық ауылдық округінің ауыл тұрғындары арасында гір тасын көтеруден жарыс өтті. ⠀ Жарысқа ауыл тұрғындары қатысып, белсенділік танытты. ⠀ Жарыс қорытындысы бойынша: 1- орын Жунусов Бағлан 2- орын Бақыт Бекмұхамет 3- орын Болатов Бауыржан иеленді. ⠀ Жеңімпаздар медальдармен және грамоталармен марапатталды. ⠀
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024

ГІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ

⠀ Қазан айының 6-ы күні Балпық ауылдық округінің ауыл тұрғындары арасында гір тасын көтеруден жарыс өтті. ⠀ Жарысқа ауыл тұрғындары қатысып, белсенділік танытты. ⠀ Жарыс қорытындысы бойынша: 1- орын Жунусов Бағлан 2- орын Бақыт Бекмұхамет 3- орын Болатов Бауыржан иеленді. ⠀ Жеңімпаздар медальдармен және грамоталармен марапатталды. ⠀
Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: СПОРТ Уақыты: 06.10.2024

Қарттарымызда да болашақ үшін дауыс берді

Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024

«Ұрпағымыздың болашағы үшін үлкен шешуші сәт» — Мұрат Құсайынов

Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы Мұрат Құсайынов Алматыда өткен референдумда дауыс берді. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Дос-Мұқасан» ансамблінің көркемдік жетекшісі және негізін қалаушы, композитор Мұрат Құсайынов Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты. Ол Алматыдағы Орталық стадион аумағында орналасқан № 262 сайлау учаскесіне келді. Бұл туралыАлматықаласыныңөңірліккоммуникацияларқызметі хабарлады.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов таңдау жасады

Дзюдодан қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов республикалық референдумда өз таңдауын жасады. Мемлекет мақтанышы Тараз қаласындағы №82 сайлау учаскесінде дауыс берді. Мемлекет үшін маңызды оқиғада азаматтық көзқарасын білдірген чемпиона әр дауыс ел келешегі үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024

Үлкен ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр

Бүгін Үлкен ауылдық округіндегі № 332 референдум учаскесі жұмысын бастады. Таңертеңнен бастап ауылдың 150-ден астам тұрғын өз таңдауын жасады. «Бүгінгі референдумның маңызы зор. Бұл — халықтың елдің болашағына қатысты шешімдерді өз қолына алатын сәті. Әрбір дауыс берушінің таңдауы маңызды. Өз таңдауымызбен біз мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз. Мені бүгінгі референдумға азаматтық борышым жетеледі. Біз өз болашағымызға немқұрайлы қарамауымыз керек», — деді ауыл тұрғыны Рахима Қайырбекова. Жалпы, Алматы облысы бойынша 643 дауыс беру учаскесі бар. Жамбыл ауданында 77 учаске жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ облыстық комиссияның ресми интернет-ресурсында «Референдум-2024» атты бөлімше құрылды. Бұл бөлімде үнемі инфографика, бейне және аудиоматериалдар сияқты медиа-контентжарияланыпотырады. Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойыншажалпыұлттық референдумдадауыс береді. Орталық референдум комиссиясы...
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024

Қабанбайлық әжелер дауыс берді

✅Еліміздің жарқын болашағы жолында Қабанбай ауылының Әжелер ансамблі бірауыздан келіп, №74 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасап, дауыс берді. ✅Әжелердің айтуынша, Қазақстанның әр азаматы өзінің азаматтық парызын орындап, қуатты ел болашағы үшін дауыстарын беруі керек деп есептейді.
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 06.10.2024
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.