Жаңалықтар
Ресми құжаттарға апостиль қою |
Көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі - ресми құжаттарға апостиль қою. Апостиль - бұл басқа елдегі кез келген ресми құжаттың түпнұсқалығын растайтын арнайы мөр. Бұл жоғары білім туралы диплом, туу туралы куәлік немесе неке туралы куәлік, мұрағаттан алынған көшірмелер және басқа да құжаттар болуы мүмкін. Апостиль қоюды екі тәсілмен жасауға болады – eGov порталында немесе ХҚО-да. Электрондық үкімет порталында қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Бұл қызметті алу бойынша нұсқаулық: - Порталда авторизациядан өтіп, "құқықтық көмек" бөліміне өтіңіз, содан кейін қызметке онлайн тапсырыс беріңіз -жолдарды толтырыңыз және апостиль қойылған құжаттың скан-көшірмелерін тіркеңіз -ЭЦҚ немесе смс-құпиясөз арқылы сұрауға қол қойыңыз; - Жеке кабинетте "Апостиль"электрондық мөртаңбасын алыңыз ХҚО-ға жүгінген кезде апостиль ұсынуға өтініш және келесі құжаттар болуы қажет: - жеке куәліктің түпнұсқасы - апостиль қоюға жататын құжат - бюджетке мемлекеттік ба... |
Толығырақ... Оқылды: 1372 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021 |
Ұстаздық - ұлы құрмет |
«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлт-санасын қалыптастырушы, адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбие нұрын төгетін, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам. Шәкірттерінің бойына жақсы қасиеттерді дарытып, олардың рухани дүниесін байытады, дұрыс жолмен жүруге дайындайды, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді. Халықтың «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт», «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейтіні де сондықтан. Отанымыздың болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, білім мен асыл қасиеттерді болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратуға бастатушы, жаңашылдықтың бастаушысы, қоғамды өркендетуші, ертеңгі тізгінді ұстайтын ұрпақ тәрбиешісі өте жауапты мамандық ие... |
Толығырақ... Оқылды: 1460 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021 |
Жылдың үздік ұстазы атанды |
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп һәкім Абай атамыз бекер айтпаса керек-ті. Шәкірттеріме «білгенімді үйрету – парызым әрі мақсатым. Жан-жақты ойлай алатын білімді жас жеткіншектерді тәрбиелеу. Осы мақсат жолында өзімнің күш жігерім мен уақытымды сарп етемін»– деп өзіне серт беріп, ұстаздық жолды таңдаған жанның бірі – Илиясова Райхан Адамбекқызы. Райхан Илиясова - 1994 жылдың 14 шілдесінде қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Атамекен ауылында дүниеге келді. Сол ауылдағы мектепті үздік бітіргеннен кейін, 2011 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне оқуға түсіп, биология мамандығына ие болады. Қорғаған дипломдық жұмысы – тез тағайындалатын тағамдардың адам ағзасына әсері тақырыбында болды. 2017 жылы ауданымызға қарасты Жетіжал орта мектебіне жастар практикасы арқылы биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасып, бүгінгі күнге дейін атқарып келеді. 2020 жылы география мамандығ... |
Толығырақ... Оқылды: 1436 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021 |
Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу |
Дана халқымыз «Денсаулық – зор байлық» деп текке айтпаған. Дені сау адам мемлекеттің ең қымбат қазынасы екені анық. Сол үшін тазалыққа мұқият қарауды, денсаулықты сақтауды балаларға балабақша табалдырығынан бастап үйреткеніміз жөн. Баланың салауатты өмір салтын қалыптастырудың ең басты кезеңі шағын ғана мелмекет саналатын отбасынан бастау алады. Мысалы, әр ата-ана балаға ең бірінші «Ертесін ұйқыдан тұрған соң беті-қолыңды жу. Ойнап болған соң міндетті түрде қолыңды жу. Тісіңді тазала» дегендей қарапайым ғана сөзбен тазалыққа тәрбиелеуі керек. Ал бала балабақша табалдырығын аттаған соң оған міндетті түрде балабақша медбикесі санитарлық ағарту жұмыстарын жүйелі түрде таныстырады. Мұның тәрбиелік мәні де аса зор. Салауатты өмір салтын қалыптастурды біз балабақша жасындағы балаларға жан-жақты, терең түсіндіруге міндеттіміз. Себебі, бүгінгі жас ертеңгі елдің болашағы. Балаға денсаулықтың қадірі жайлы тәрбиелік насихат айта отырып, салауатты өмір салтын қалыпт... |
Толығырақ... Оқылды: 1363 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021 |
Қазақ балуаны – Қажымұқан |
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы - қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұлан-ғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде Ресей күресінің қожайындары қ... |
Толығырақ... Оқылды: 1126 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021 |
Тазалық – табалдырықтан басталады |
Тазалық баршаға ортақ. Кінә кімнен? Күнделікті көріп жүргеніміздей, өмірдегі өзекті мәселенің бірі – тазалық. Себебі, тазалық – өмір айнасы, иманның жартысы. Ол болмаған жерде бейберекетсіздік еңдеп, қоғамда қауіпті жағдайлар орын алып, адам денсаулығына зиянды факторлар пайда болуы ғажап емес. Бұлай деуімізге Қытай елінде тараған «коронавирус» себеп болуда. Яғни тазалық сақталмаған жағдайда инфекциялық түрлі ауру-сырқау тарайтынын ұмытпағанымыз абзал. Сондықтан санитарлық жұмыстардың жүйелі жүргізілуінің мәні осында. Бұл – бір. Екіншіден, тұрмыстық қатты қалдықтар кез келген жерде шашылып жатса, көшенің де көркі қашады. Ауыл, елдің сәні бұзылады. «Тазалық – табалдырықтан басталады» деген ұғымды әкеміз бен анамыз қаршадайымыздан-ақ санамызға сіңірді. Бұл біздің отбасымыз үшін ғана емес, Отан алдындағы азаматтық міндеттің ажырамас бөлігі екенін бәріміз жақсы білеміз. Күнделікті есіктің алдынан бастап, қора-қопсыны тазалау, қоқыстарды ти... |
Толығырақ... Оқылды: 1104 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021 |
Әскери билет eGov.kz порталы арқылы |
Күнделікті өмірде әскери билеттің маңызы төлқұжат пен жеке куәліктен кем емес. Ол жұмысқа орналасу немесе тұрғылықты жері бойынша тіркелу кезінде міндетті болып табылады. Әскери билет болмауының немесе жоғалуының жағымсыз салдары болуы мүмкін, сондықтан бүгін біз «офицерлерге, сержанттарға, запастағы сарбаздарға әскери билеттер немесе олардың телнұсқаларын (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік қызметі туралы айтып бермекпіз. Қызметті екі жолмен алуға болады: eGov.kz порталы арқылы: - Порталда авторизациядан өтіп, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз - Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөз арқылы қол қойыңыз - Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысыңыз ХҚО арқылы: Сіздің категорияңыз үшін ұсынылған тізім бойынша құжаттарды жинап, жақын орналасқан ХҚО-ға жүгіну болады. Қажетті құжаттардың санаттары мен тізімін сырғытпадан таба... |
Толығырақ... Оқылды: 1352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2021 |
Некені бұзу туралы өтініш eGov порталының көмегімен |
Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасуға келіссе және кәмелетке толмаған ортақ балалары, ортақ мүлкі және басқа да талаптары болмаса, олар тұрғылықты жері бойынша АХАТ арқылы ажырасуы мүмкін. Некені бұзу туралы өтінішті не АХАТ-қа, не eGov порталының көмегімен беруге болады. Бір айдан кейін ерлі-зайыптылар ажырасу үшін АХАТ-қа баруы керек. Ажырасқаннан кейін eGov порталында ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасу туралы анықтаманы ала алады. Ортақ балалар және басқа да даулар болмаған жағдайда қызмет құны – 2 АЕК, сот шешімі негізінде – 0,5 АЕК. eGov порталы арқылы тек некені бұзуға өтініш беруге немесе анықтама алуға болады. Ахат өзара келісім бойынша немесе ерлі-зайыптылардың біреуі жоғалған, әрекетке қабілетсіз немесе кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған деп тану туралы сот шешімі болған кезде некені бұзады. Ал балалар мен мүлік даулары болған жағдайда, сот арқылы жасалады. |
Толығырақ... Оқылды: 1124 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2021 |
Балабақша-бақыт баспалдағы |
«Тәрбие басы тал бесіктен»,- дегендей, адам баласы дүниеге келген күннен бастап ана сүтімен қоректеніп, ес кіріп, есейген сайын жарық әлем сырын, әлем құпиясын білуге құштар бола бастайды. Осы құштарлық таза жан, пәк сезімді ластамай, дұрыс бағыт-бағдар алуда ата-ананың ықпалы зор екені айтпаса да анық. Бала тәрбиесінің алғашқы бастамасын отбасынан алса, жалғасы балабақшада жалғасады, яғни бала тәрбиелене отырып, білім алады, мүмкіндіктері ашылып, қабілеттері дамиды. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды жас ерекшелігіне сай өсіп, жетілуіне, біліммен сусындауына, жан-жақты дамуына балабақшаның берер пайдасы зор. Балабақша есігін енді ғана ашқан балалардың бөтен орта, бөтен адамдарға тез үйренісіп, балалабақшаның ішкі тәртібі мен күн режиміне қалыптасуда тәрбиешілердің рөлі басым. Әртүрлі тәрбиеленген балалар мен олардың түрлі мінезді ата-аналаларының тілін тауып, психологиясын зерттеп, жүрегінен орын алу кез келген адамның қолынан келе бермейтін аса күрделі жұмыс.... |
Толығырақ... Оқылды: 1476 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.09.2021 |
Мектепке дейінгі білім беруде ойын технологияларын қолдану |
Халқымызда «Жақсы бала ойлағыш, Жаман бала тойлағыш» немесе «Баланың ойнағанына қара, қазанның қайнағанына қара» деген аталы сөз бар. Қанша жерден дамыған ғылымға ерсекте, бала тәрбиесінде атадан қалған асын сөздерді ұмытпағанымыз абзал. Себебі, ұлағатты сөздер өмір тәжірибесі, өткеннің ізі. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалар үшін тағылымды тәрбиеден тыс, ойынның да ролі айрықша болмақ. Балалар үшін ойын еңбек, ойын тәрбиелеуді ең мықты формасы. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалар үшін дұрыс ойынның балаға берері зор. Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ол бала тілінің дамуына ықпал етіп ғана қоймай, айналаны тануға деген белсенділігін арттырады. Баланың білімге құштарлығы, сөйлеуі ойнай жүріп қалыптасады. Ойындар баланың жас ерекшелігіне қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлді,, дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар т.б. болып бөлінеді. Ондағы мақсат, баланың әлеуметтік белсенділігі мен жеке тұлға болып қалыпт... |
Толығырақ... Оқылды: 1469 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.09.2021 |