Жаңалықтар
Алматы облысында 205 сәбиге «Сүйінші» сыйқорабы табыс етілді |
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні дүниеге келген 2 мыңнан астам сәбиге тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай baby-бокстар сыйға тартылды. «Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, "Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл" монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған. 16 және 17 желтоқсанда туған балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін АХАЖ органдарына жолданды. Айта кету керек, «Сүйінші» сыйқораптарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі «Азаматтарға арналған үкіметпен бірге және ҚР Ұлттық банк, Центркредит банкі және «Қазпошта» АҚ қатысуымен ұйымдастырды. |
Толығырақ... Оқылды: 7828 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2021 |
Егер сіз жұмыстан шығып қалсаңыз |
Егер сіз жұмыстан шығып қалсаңыз, көп уайымдамаңыз. «Әрекет түбі - берекет» деген халық даналығын еске түсіріп, алдағы бағыттарыңызды бағамдам алыңыз. Жаңа жұмыс іздеуді бастамас бұрын сіз жұмыссыз ретінде әлеуметтік төлем алуға өтініш бере аласыз. Оны онлайн жасауға болады: 1. Egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз; 2. «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін таңдап, онлайн сұрным жіберіңіз; 3. өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз. Қызмет нәтижесін 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңізден біле аласыз. Маңызды! «Қандас» мәртебесі бар адамдар онлайн өтініш бере алмайды. |
Толығырақ... Оқылды: 8693 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
Шағын кәсіп ашу |
Шағын кәсіп ашуды қолға алсаңыз, онда біз сізге жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қалтаңыз бен жүйкеңізге зияны жоқ ең оңай жолын айтамыз. Бұл жұмысты тез, тегін және үйден шықпай-ақ Halyk Bank немесе Kaspi.kz арқылы жасауға болады. Сізге керегі тек смартфон. Егер Halyk Bank арқылы тіркегіңіз келсе, алдымен Onlinebank мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз немесе openaccount.halykbank.kz сілтемесі бойынша өтіңіз. Ал Kaspi.kz-те мемлекеттік қызметтер бөліміне өтсеңіз болды. Ары қарай өзіңіз туралы және сіздің болашақ бизнесіңіз туралы ақпаратты толтырасыз. Құттықтаймыз, сіз жеке кәсіпкер болып тіркелдіңіз. Тіркеу құжаттарын жүктеп алу ғана қалды. |
Толығырақ... Оқылды: 8796 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
Автокөліктің техникалық паспорты |
Көпшілігіміз өмірімізде бір рет болса да құжат жоғалтып көрдік. Жоғалған құжаттарды сүйіншіге қайтарып беруі де мүмкін, бірақ оған сеніп отырудың қажеті жоқ. Ең жиі жоғалатын құжаттардың бірі - автокөліктің техникалық паспорты. Бүгін біз оны тез қалпына келтірудің оңай жолын айтамыз. Ол үшін жеке куәлігіңізді алып, тезірек авто ХҚО-ға барғаныңыз жөн. Мұнда 1,25 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлейсіз және құжатыңызды қалпына келтіру бойынша өтініш жазасыз. Осымен шаруа бітті. Бірер сағат ішінде сізге көлік құралын тіркеу туралы жаңа куәлік беріледі. Сондай-ақ, техпаспортты аты-жөніңізді өзгерткен кезде, құжаттар жарамсыз болып қалғанда немесе көлігіңіздің түсін өзгерткенде де ауыстыру қажет екенін естеріңізге саламыз. |
Толығырақ... Оқылды: 5381 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
Онлайн түрде басшыны өзгерту |
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 14-2 бабына сәйкес, басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген) жағдайда заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі. 2021 жылы электрондық үкімет порталы арқылы басшыны өзгерту (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау) рәсімі бойынша қызмет әзірленді. Арыз тағайындалған басшымен (мұраға тағайындалған сенімгерлік басқарушысымен немесе сенімгерлік басқарушыны тағайындау туралы куәлік рәсімдеген нотариуспен; бас мекеменің басшысымен; заңды тұлғаның өкілімен) негіз болып табылатын құжаттың (бұйрық, шешім) pdf пішімінде сканерленген көшірмесін қоса отырып, ЭҮП арқылы беріле... |
Толығырақ... Оқылды: 5387 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
Болашақ аналарға жақсы жаңалық |
Енді бала тууына байланысты және бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны алуға Halyk Homebank пен Kaspi.kz қосымшалары арқылы өтініш бере аласыз. Жәрдемақыны рәсімдеу үшін осы банктердің бірінің мобильді қосымшасында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөліміне өтіп, тиісті қызметті таңдайсыз. Ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растау қажет. Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі. Қызмет тегін және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс бере аласыз. Бұған дейін жәрдемақыға өтінішті ХҚО, eGov.kz порталы немесе 1414 нөмірі бо¬йынша SMS сервисі арқылы беруге болатын. Жаңа қызметпен жәрдемақыны рәсімдеу бұрынғыдан да оңай! |
Толығырақ... Оқылды: 4377 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
Бірыңғай жиынтық төлем |
Кәсібін ресми тіркемей-ақ, базарда өз бақшасында өсірген көкөнісін сатып, жеке көлігімен жолаушы тасып немесе оқушыларға қосымша білім беріп ақша тауып жүрген қазақстандықтар аз емес. Мұндай адамдарды «фрилансерлер», ал мемлекет тұрғысынан «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деп атайды. Олардың табысына салық салынбайды. Демек, кәсібі «көлеңкедегі» азаматтар керек кезінде әлеуметтік жәрдемақы ала алмайды. Бұл мәселені шешу үшін 2019 жылы Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санаты үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. БЖТ төрт төлемді біріктіреді. Олар: 1. жеке табыс салығы; 2. міндетті зейнетақы жарналары; 3. әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар; 4. мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар. БЖТ төлеу арқылы азаматтарға базалық зейнетақы, медициналық қызметтер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер қолжетімді болады. Біріңғай жиынтық төлемді ай сайын қала тұрғындары - 1 АЕК, ауыл тұрғындары - 0,5 АЕК кө... |
Толығырақ... Оқылды: 2444 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
Қазақстанда басқа елдердегідей шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тәртібі белгіленген |
Қазақстанға келген шетелдік азаматтарға 30 күнге дейін уақытша тұруға рұқсат етіледі. Егер олар 30 күннен астам уақытқа келген болса, міндетті түрде рұқсат құжаттарын рәсімдеуі қажет. Ең алдымен жұмыс істеуге рұқсат алу үшін мигранттар Қазақстаннан жұмыс беруші тауып, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасаcуы керек. Ары қарай көші-қон қызметтері орталығында ЖСН алады. Бұл мемлекеттік баж салығын төлеу үшін қажет. Жұмыс істеуге рұқсат алу үшін келесі құжаттар ұсынылады: - еңбек мигрантына рұқсат алу туралы өтініш; - жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемді төлегені туралы түбіртек; - Мемлекеттік шекарадан өткені туралы белгісі бар паспорт; - 075 / у нысандағы медициналық анықтама; - саусақ іздері мен фотосуретке түскендігі туралы анықтама; - медициналық сақтандыру; - еңбек шарты. Фото, видео, саусақ іздерін тіркеуді көші-қон қызметтері орталығында немесе көші-қон полиция қызметінде жасауға болады. Рұқсат мерзімін жеке тұлғалар бір жыл ішінде 3 ай сайын ұза... |
Толығырақ... Оқылды: 2274 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей |
Келешек иесі - жастар. ”Үйдің беріктігі-оның іргетасында” дегендей, балаға мектеп қабырғасында берген тәрбиенің алатын маңызы зор. Жасөспірімдердің басым бөлігінің өмірге бей-жай қарайтындығына, шындықты бетке айта алмайтындығына, бүлдірген істерін немесе жасаған бұзақылығын мойындамайтындарына қарап ренжуіңе тура келеді. Қазіргі таңда көркем әдеби кітаптарды, газет-журналдарды оқымайтын жастардың қатары жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Оның есесіне қанша уақыт болса да жалықпай батыстың зорлық-зомбылық, атыс-шабысты көрсететін фильмдерін көреді. Көпшілігінің патриоттық рухтағы кинофильмдерді көруге құлқы жоқ. Тәуліктің көп бөлігін компьютердің алдында отырып алып, түрлі ойын ойнап, уақыттарын тиімсіз өткізетін жастар да баршылық. Ұялы телефонға да көп уақыттарын сарп ететіндері де жетіп жығылады. Ауылдық жерде халық мұқтаждық көріп жүрген жайларға ат-салысып, белсенділік көрсетіп жүретін жастар саусақпен санарлықтай ғана. Қайырымдылық ретінде жабылып атқарып тастайтын ат... |
Толығырақ... Оқылды: 1574 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
ӘДІЛЕТТІ БОЛУ |
Мұсылман адамның бойында көрініс табуы қажет болған маңызды сипаттардың бірі – әділдік. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Нахыл» сүресі, 90-аятында: «Ақиқатында, Алла әділдікті, ихсанды (игі істер істеуді) және ағайынға қарайласуды бұйырады. Сондай-ақ арсыздықтан, қарсылықтан(жамандық атаулыдан)һәм зиян келтіруден тыяды», – деп айтқан. Біздің ата-бабаларымыз да әділдік ұғымын ерекше қастер тұтқан. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз Тәукенің Жеті Жарғысы» – бәрі де қара қылды қақ жарған әділеттілікке негізделді. Абай Құнанбай ұлы бабамыз өлең жолдарында: Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті – деп әділетті сүюге шақырған. Хакім Абай отыз сегізінші қара сөзінде де: «Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты жоқ», – деп айтқан болатын. Жалпы әділдік ұғымы т... |
Толығырақ... Оқылды: 1572 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |