Жаңалықтар
Алматы облысының ХҚО-лары 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтті . |
Алматы облысының бас санитар дәрігерінің карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулысына сәйкес Алматы облысының барлық ХҚО-лары 2021 жылғы 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтеді. Алматы облысында жұмыс кестесі сағат 9-дан бастап 18-ге дейін белгіленген. Сенбі және жексенбі күндері ХҚО-лар жұмыс істемейді. Клиенттерді тек алдын-ала брондау арқылы қабылдайды. Сондай-ақ, ХҚО қызметкерлері Ashyq қосымшасы бойынша клиенттердің статусын тексереді. ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграм-бот арқылы брондауға болады. Барлық клиенттерден санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, ХҚО барған кезде бетперде тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз. |
Толығырақ... Оқылды: 1135 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2021 |
Пікір |
Халықтың таңдауына берілген сайлау елге үлкен өзгеріс әкеледі. Халықтың талабы мен әкімнің жауапкершілігі күшейеді. Ауылдың нақты қазіргі тыныс-тіршілігімен таныс азамат әкім болуы керек деп ойлаймын. Білімді, білікті болу аздық етеді, жан-жақты болған жөн. Өйткені, бүгінде ауыл әкімдерінің алдында тұрған міндеттер өте көп. Соның ішінде, жасыл-желек жайқалту, спорттық алаңдар салу, жарық жүйелерін жүргізу және басқа да проблемалар жетерлік. Көзі ашық халық «Кім болса да халықтың мұң-мұқтажын түсінетін, білетін адам әкім болсын» дейді. Себебі, халық таңдауы қашан да әділ. Бірлесе жұмыс жасап, ел ахуалын арттыру басты міндет. Сайлаудың басты ерекшелігі осы, халықпен етене қызмет атқару. Сондықтан еліміз бойынша алғаш жүзеге асып жатқан бұл қадам – жаңашыл жергілікті әкімдердің қалыптасуына оң ықпал етеді деген сенім бар. Наурыз Қылышбаев, Алматы облыстың ақсақалдар алқасының мүшесі, Алматы облысының Құрметті азаматы |
Толығырақ... Оқылды: 862 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 26.07.2021 |
Жаңа жүйенің жауапкершілігі мол |
Жаңадан енгізіліп жатқан ауыл әкімдерінің сайлауға қатысты жаңа өзгерісті құптаймын. Сайлаудың ерікті болғаны дұрыс. Сонда таңдау да көп болады. Ал тағайындалғаннан гөрі сайланған әкімдердің көп нәрсеге көзқарасы басқаша болады. Халық өзі таңдағаннен кейін әкімдердің сайлауға дейінгі көпшілікке берген уәдесі мен арнайы бағдарламасын орындауға ықтималдылығы артады. Яғни ауыл әкімдері Мәжіліс депутаттары сияқты сайлау алдында халықпен етене араласып, одан кейін 4 жыл бойы жоспармен қызмет атқармайды, сол ауыл тұрғындарына тікелей жұмыс істейді. Бірақ мұның екінші жағы да бар. Абай айтқан, Абайдан да бұрын болған жершілдік, рушылдық сияқты жаман әдет қайта қозып кетпесе игі еді. Көпшілік өзінің руласының әкім болғанын қалауы мүмкін. Бұл бас кезінде солай болатын да шығар. Дегенмен бір-екі реттен кейін жұртшылық та әкімдердің іскерлік жағына мән беріп, азаматтық көзқарастары өзгеруі мүмкін. Бұл жүйе бірнеше мәрте сайлаудан кейін қалыптасады деп ойлаймын. Жалпы, бұл – өте дұрыс қадам. |
Толығырақ... Оқылды: 855 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 26.07.2021 |
74897 адам өз кандидатына дауыс берді |
Бүгін ауылдық округ әкімдерінің алғашқы сайлауы өтуде. JETISÝ MEDIA алаңындағы брифинг барысында айтылған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы 25 шілде сағат 12.00-дегі жағдай бойынша 74897 адам сайлау бюллетеньдерін алды, бұл сайлаушылардың жалпы санының немесе тізімге енгізілгендердің 34% - ын құрайды. Айта кетейік, 220 000 жетісулық халық әкімін сайлайды. Облыста барлығы 235 кандидат тіркелген. Олардың ең көп саны Талғар ауданында. 1 орынға 6 үміткер таласады. |
Толығырақ... Оқылды: 1036 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2021 |
Алматы облысында сағат 10.00-ге сайлаушылардың дауыс беруі туралы |
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 10-ға сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 17 % алды немесе 38783 адам дауыс берді. |
Толығырақ... Оқылды: 940 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2021 |
Алматы облысында 235 кандидат ресми тіркелді |
Ел тарихындағы ауыл әкімдерін тұңғыш рет тікелей сайлау күні жетті. Бүгін Алматы облысында саяси бәсеке өз бастауын алды. Сонымен, Жетісу өлкесінің 71 ауылдық округіне су жаңа әкім тағайындалатын болады. Әуелде, саяси додада бақ сынаушылардың саны 279 болса, қазіргі таңда 235-ті құрап отыр. 44 үміткер түрлі себептермен кандидаттар қатарынан алынып қалды. Сайлауға түсішілердің 82 үміткер саяси партия өкілдері болса, 153 адам өзін-өзі ұсынушылар болып табылады. «Бұған дейін, Іле ауданы Чапаев ауылында 9 кандидат тіркелді деп айтылған болатын. Бүгінде ресми деректер, аталған өңірде 5 үміткер қалғанын растауда. Әкімдікке үміткерлер ең көп тіркелген аймақ ретінде Талғар ауданы танылып отыр. Мұнда бір орынға 6 адамнан айналуда»,-дейді Алматы облысы сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық. Айта кетейік, Астана уақытымен таңғы сағат 7:00-ден бастап облыстағы барлық сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Тарихи сәтте өңірдің 220 мыңнан астам тұрғыны дауыс беруге қатысады деп кү... |
Толығырақ... Оқылды: 905 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2021 |
БАУЫР-ТУЫСТЫҢ АҚЫСЫ |
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын! Туыстық қарым-қатынасты сақтаудың мұсылман адам үшін мәнмағынасы өте үлкен. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Нахыл» сүресінің 90-аятында: «Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан тыяды», – деп айтқан. Туыстар – бір түбірден өскен ағаштың бұталары тәрізді. Осы себепті де олардың арасында береке мен бірліктің болуы, өзара татулық пен мейірімділіктің аясында қарым-қатынас жасауы аса маңызды іс. Туыстарына ізгілік етпеген адамның өзгелерге мейірбан болуы екі талай.Қазақ халқы туысқанды өзін ойлағандай ойлау, оның арын өз арын қорғағандай қорғау, қуанышы мен қайғысына ортақтасу, тарыққанда сұратпай қол ұшын беру сияқты істерге аса мән берген. Кезінде Сары би деген ақылгөй ақсақал бала Сырымға: «Балам, бұл дүниеде алты ұлы сөз бар, соны есіңнен шығармай жүрсең, ең алдымен беде... |
Толығырақ... Оқылды: 914 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.07.2021 |
Мешіт Алланың үйі |
«Аса ұлы, ерекше жомарт, шексіз билік иесі Алланың атымен бастаймын. Пайғамбарымызға Алланың салауаты мен сәлемі болсын. Мешіт – құлшылық жасалатын орын. Шын мәнінде мұсылман баласы мешітке күллі әлемді жоқтан бар еткен Алла тағаланы іздеп келеді. Сондықтан мешіттен табылғаны – Алланы тапқаны. Мешітке келген адам Алланың мейманы. Саңлақ сахабалардан Әбу Һурайра (р.а.) риуаятында хазреті Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім үйінен тазаланып (үсті-басы, киім-кешегі таза боп, дәретін алып) Алланың үйлерінен біріне Алла парыз еткен намаздардың бірін орындауға жүріп барса, оның екі қадамының бірімен қатекемшілігі өшеді, екіншісімен дәрежесі өседі», – деген. Осы хадис жақсы ниетпен мешітке қарай басып келінген әрбір қадам сауапсыз қалмайтынын ұқтырады.Яғни, ол жерге келудегі басты мақсат – Аллаға құлшылық ету, парыз етілген үкімдерді орындау. Сонымен қатар мешіт қоғамдағы барлық мәселенің шешімін табуға, елдегі бірлі... |
Толығырақ... Оқылды: 1187 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.07.2021 |
Исламдағы ұлық мереке |
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті Көксу ауданының тұрғындары! Баршаңызды күллі иісі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін! Биыл Құрбан айт 20, 21, 22 шілде күні тойланады. Құрбан айт ораза айттан соң 70 күннен кейін басталып, үш күнге созылады. Құрбан айт – асыл дініміз Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Айтулы күнде мұсылман қауымы Құдай жолында құрбан шалып, қанағат пен қайырымдылықтың, мейірімділік пен ізгіліктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата-тілегін алып, алғысына бөленеді. Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда ерекше ыждаһат һәм ықыласпен орындалатын құлшылықтар мен ізгі іс-шаралар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, игі дәстүрге айналды. «Құрбан» с... |
Толығырақ... Оқылды: 913 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.07.2021 |
Алматы облысындағы ауылдардың бірінде әкімдікке үміткерлердің рекордтық саны тіркелді |
Әкімдікке кандидаттардың ең көп саны Іле ауданының Чапаев ауылдық округінде тіркелген. Барлығы 9 адам әкім лауазымына үміткер. Өңірде 71 ауылдық округ әкімдерін сайлау 2021 жылдың 25 шілдесіне 17 ауданда (қалада) жоспарланған. 279 кандидат ұсынылды, олардың 93 - і - саяси партиялар, 186-сы-өзін-өзі ұсыну арқылы. Орташа бәсекелестік-3,9 адам. Жалпы барлық округтерде 3 және одан да көп кандидат бар. Қазіргі уақытта аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар өздерінің болашақ қызметінің сайлау алдындағы бағдарламасымен таныстыруда. |
Толығырақ... Оқылды: 1015 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.07.2021 |