Жаңалықтар
Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу |
Дана халқымыз «Денсаулық – зор байлық» деп текке айтпаған. Дені сау адам мемлекеттің ең қымбат қазынасы екені анық. Сол үшін тазалыққа мұқият қарауды, денсаулықты сақтауды балаларға балабақша табалдырығынан бастап үйреткеніміз жөн. Баланың салауатты өмір салтын қалыптастырудың ең басты кезеңі шағын ғана мелмекет саналатын отбасынан бастау алады. Мысалы, әр ата-ана балаға ең бірінші «Ертесін ұйқыдан тұрған соң беті-қолыңды жу. Ойнап болған соң міндетті түрде қолыңды жу. Тісіңді тазала» дегендей қарапайым ғана сөзбен тазалыққа тәрбиелеуі керек. Ал бала балабақша табалдырығын аттаған соң оған міндетті түрде балабақша медбикесі санитарлық ағарту жұмыстарын жүйелі түрде таныстырады. Мұның тәрбиелік мәні де аса зор. Салауатты өмір салтын қалыптастурды біз балабақша жасындағы балаларға жан-жақты, терең түсіндіруге міндеттіміз. Себебі, бүгінгі жас ертеңгі елдің болашағы. Балаға денсаулықтың қадірі жайлы тәрбиелік насихат айта отырып, салауатты өмір салтын қалыпт... |
Толығырақ... Оқылды: 1395 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021 |
Қазақ балуаны – Қажымұқан |
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы - қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұлан-ғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде Ресей күресінің қожайындары қ... |
Толығырақ... Оқылды: 1136 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021 |
Тазалық – табалдырықтан басталады |
Тазалық баршаға ортақ. Кінә кімнен? Күнделікті көріп жүргеніміздей, өмірдегі өзекті мәселенің бірі – тазалық. Себебі, тазалық – өмір айнасы, иманның жартысы. Ол болмаған жерде бейберекетсіздік еңдеп, қоғамда қауіпті жағдайлар орын алып, адам денсаулығына зиянды факторлар пайда болуы ғажап емес. Бұлай деуімізге Қытай елінде тараған «коронавирус» себеп болуда. Яғни тазалық сақталмаған жағдайда инфекциялық түрлі ауру-сырқау тарайтынын ұмытпағанымыз абзал. Сондықтан санитарлық жұмыстардың жүйелі жүргізілуінің мәні осында. Бұл – бір. Екіншіден, тұрмыстық қатты қалдықтар кез келген жерде шашылып жатса, көшенің де көркі қашады. Ауыл, елдің сәні бұзылады. «Тазалық – табалдырықтан басталады» деген ұғымды әкеміз бен анамыз қаршадайымыздан-ақ санамызға сіңірді. Бұл біздің отбасымыз үшін ғана емес, Отан алдындағы азаматтық міндеттің ажырамас бөлігі екенін бәріміз жақсы білеміз. Күнделікті есіктің алдынан бастап, қора-қопсыны тазалау, қоқыстарды ти... |
Толығырақ... Оқылды: 1118 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021 |
Әскери билет eGov.kz порталы арқылы |
Күнделікті өмірде әскери билеттің маңызы төлқұжат пен жеке куәліктен кем емес. Ол жұмысқа орналасу немесе тұрғылықты жері бойынша тіркелу кезінде міндетті болып табылады. Әскери билет болмауының немесе жоғалуының жағымсыз салдары болуы мүмкін, сондықтан бүгін біз «офицерлерге, сержанттарға, запастағы сарбаздарға әскери билеттер немесе олардың телнұсқаларын (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік қызметі туралы айтып бермекпіз. Қызметті екі жолмен алуға болады: eGov.kz порталы арқылы: - Порталда авторизациядан өтіп, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз - Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөз арқылы қол қойыңыз - Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысыңыз ХҚО арқылы: Сіздің категорияңыз үшін ұсынылған тізім бойынша құжаттарды жинап, жақын орналасқан ХҚО-ға жүгіну болады. Қажетті құжаттардың санаттары мен тізімін сырғытпадан таба... |
Толығырақ... Оқылды: 1361 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2021 |
Некені бұзу туралы өтініш eGov порталының көмегімен |
Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасуға келіссе және кәмелетке толмаған ортақ балалары, ортақ мүлкі және басқа да талаптары болмаса, олар тұрғылықты жері бойынша АХАТ арқылы ажырасуы мүмкін. Некені бұзу туралы өтінішті не АХАТ-қа, не eGov порталының көмегімен беруге болады. Бір айдан кейін ерлі-зайыптылар ажырасу үшін АХАТ-қа баруы керек. Ажырасқаннан кейін eGov порталында ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасу туралы анықтаманы ала алады. Ортақ балалар және басқа да даулар болмаған жағдайда қызмет құны – 2 АЕК, сот шешімі негізінде – 0,5 АЕК. eGov порталы арқылы тек некені бұзуға өтініш беруге немесе анықтама алуға болады. Ахат өзара келісім бойынша немесе ерлі-зайыптылардың біреуі жоғалған, әрекетке қабілетсіз немесе кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған деп тану туралы сот шешімі болған кезде некені бұзады. Ал балалар мен мүлік даулары болған жағдайда, сот арқылы жасалады. |
Толығырақ... Оқылды: 1134 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2021 |
Балабақша-бақыт баспалдағы |
«Тәрбие басы тал бесіктен»,- дегендей, адам баласы дүниеге келген күннен бастап ана сүтімен қоректеніп, ес кіріп, есейген сайын жарық әлем сырын, әлем құпиясын білуге құштар бола бастайды. Осы құштарлық таза жан, пәк сезімді ластамай, дұрыс бағыт-бағдар алуда ата-ананың ықпалы зор екені айтпаса да анық. Бала тәрбиесінің алғашқы бастамасын отбасынан алса, жалғасы балабақшада жалғасады, яғни бала тәрбиелене отырып, білім алады, мүмкіндіктері ашылып, қабілеттері дамиды. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды жас ерекшелігіне сай өсіп, жетілуіне, біліммен сусындауына, жан-жақты дамуына балабақшаның берер пайдасы зор. Балабақша есігін енді ғана ашқан балалардың бөтен орта, бөтен адамдарға тез үйренісіп, балалабақшаның ішкі тәртібі мен күн режиміне қалыптасуда тәрбиешілердің рөлі басым. Әртүрлі тәрбиеленген балалар мен олардың түрлі мінезді ата-аналаларының тілін тауып, психологиясын зерттеп, жүрегінен орын алу кез келген адамның қолынан келе бермейтін аса күрделі жұмыс.... |
Толығырақ... Оқылды: 1491 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.09.2021 |
Мектепке дейінгі білім беруде ойын технологияларын қолдану |
Халқымызда «Жақсы бала ойлағыш, Жаман бала тойлағыш» немесе «Баланың ойнағанына қара, қазанның қайнағанына қара» деген аталы сөз бар. Қанша жерден дамыған ғылымға ерсекте, бала тәрбиесінде атадан қалған асын сөздерді ұмытпағанымыз абзал. Себебі, ұлағатты сөздер өмір тәжірибесі, өткеннің ізі. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалар үшін тағылымды тәрбиеден тыс, ойынның да ролі айрықша болмақ. Балалар үшін ойын еңбек, ойын тәрбиелеуді ең мықты формасы. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалар үшін дұрыс ойынның балаға берері зор. Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ол бала тілінің дамуына ықпал етіп ғана қоймай, айналаны тануға деген белсенділігін арттырады. Баланың білімге құштарлығы, сөйлеуі ойнай жүріп қалыптасады. Ойындар баланың жас ерекшелігіне қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлді,, дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар т.б. болып бөлінеді. Ондағы мақсат, баланың әлеуметтік белсенділігі мен жеке тұлға болып қалыпт... |
Толығырақ... Оқылды: 1480 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.09.2021 |
Көксудан шыққан суретші - Әбілхан Қастеевтің шәкірті |
«Жарық дүниеге келген екенсің, өмірді, тіршілікті қыран қанатындағы өнер биігіне көтерген ләзім»- депті немістің ұлы ақыны Гете. Өмір– өзен ағады, тоқтамайды. Өмір өткен күнмен, жасаған жылмен өлшенбейді. Өмір өлшемі– мына беймаза дүниеде жасаған ізгілікті ісің, артында қалған жақсы көрнекі ізің. Дана халқымызда «Көп жасап күміс болғанша, аз жасап алтын болған артық»- деген ұлағатты сөз бар. Бұл сірә, бабамыз Балпық би, Қадырғали Жалайыри сияқты талай елімізге танымал тұлғаларға жарқын бейне сыйлаған қылқалам шебері, сурет өнерінің майталманы Иманбек Рахымбекұлына арнап айтылғандай. Кішкентай кезінен Жамбыл ауылында өсіп ер жеткен бала Иманбек табиғаттың көз тартар сұлулығына, қаймағы бұзылмаған ауыл азаматтарының татулығы мен мейіріміне бөленіп өсті. Үйінде алған тәлім-тәрбие мен сүйіспеншілік қиялға қанат бітіріп, өнерге қадам басуға, сурет сиқырына кенелуге жол ашады. -«Менің суретке деген алғашқы қызығушылығым мектеп қабырғасында жүрген... |
Толығырақ... Оқылды: 1542 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.09.2021 |
ҰЛТ ПЕН ҰЛЫС |
Әлемдердің Жаратушысы Алла Тағала адамзатты жаратып, адам балаларын түрлі ұлттар мен ұлыстарға бөлді. Дініміз Исламда барлық адамзатты Алла Тағаланың жаратылысы деп танып, олардың ешқайсысын ұлтына, нәсіліне қарап бөлуге болмайды. Алла алдында ешкім ешкімнен жоғары емес, айырмашылық тек тақуалық пен діндарлықта ғана болмақ. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Хужурат» сүресінің 13-аятында: «Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың үшін сан-алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың», – деп айтқан. Алла Тағала бұл аятта біздерге барлық адамзат Адам ата мен Хауа анамыздан тарайтындығын есімізге салып, қандай ұлт болмасын олардың шыққан негізі бір екендігін ескертеді. Аяттағы: «Бір-бірлеріңді тануларың үшін» дегенді Имам Мужаһид: «Олар пәленше пәленше деген рудан, пәленшенің баласы деп адамдар бір-бірлерін... |
Толығырақ... Оқылды: 1264 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 17.09.2021 |
Отбасы діңгегі - берекелі шаңырақ |
Көнеден қалған есті сөз: «Ұлттық мәдениеті жоғары дамыған ел кез келген өркениетті деген елден оқ бойы озық тұрады» деген түрік ағайындардың ұстанған берік қағидасы бар. Олардың заман ағыстарында жұтылып кетпей, ұлттық құндылықтарын, ата дәстүрді осы күнге дейін сақтап, қарыштай дамуының мәнісі де осында. Өзінің түп-тамыры, ата-тек болмысынан айнымайтын, ұлттық рухын, ар-намысын асқақ та бекем ұстайтын халық қана біртұтас ұлт болып ұйысып, баянды болашаққа түзу жол түзе алмақ. Отан - отбасынан басталады. Ал осы отбасының түтіні түзу шығуы жанұядағы әрбір адамның татулығы мен өзара түсіністігінде жатыр. Мемлекетіміз іргесін тіктеп, Тәуелсіздік алғаннан бері еліміз тек жақсы жағынан өзгерді деуге толық негіз бар. Оған ұзақ жылдарға бағытталған стратегиялық бағдарламалар дәлел. Қазірдің өзінде-ақ, мемлекетімізде отбасы күні мереке ретінде тойланады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аудан халқына, оның ішінде әрбір азаматына үлкен серпін б... |
Толығырақ... Оқылды: 1165 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 17.09.2021 |