Жаңалықтар

Өңірлік газет - өміріміздің өзегі

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды...» - деп Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетінің алғашқы санында жазып, қазақ қоғамына газеттің қаншалықты керек екендігін білдірген еді. Бұл 1913 жылы болған. Қазіргі уақытта қоғам өміріне ақпарат құралдарының маңызын барлығы біледі. Әр газет-журналдың өзінің оқырманы және оқырман алдындағы міндеті, мақсаты бар. Айтулы мереке аудандық басылымның тарихына бойлап, шежіресіне қысқаша тоқталуды жөн санадық. Ауданымыздың тыныс тіршілігін аудан тұрғындарына жеткізіп, насихаттап, дәріптеп жүрген төл тума «Нұрлы Көксу» газетінің ауданымыздың қоғамдық өмірінде өзіндік алар орны өзгеше. Газеттің алғашқы саны 1945 жылдың маусым айынан бастап шыға бастаған. Ең алғаш «Кировшы» - «Кировец», «Еңбек туы» -...
Толығырақ... Оқылды: 1603 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.06.2021

БАЛАБАҚША - БАҚЫТ БАСПАЛДАҒЫ

Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби ойын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса құба-құп болар еді. Ал балабақшадағы тәрбие ата-анадан берілген тәрбиені жалғастырып жандандырады. Бөбекжайдың оқу-тәрбие жұмыстары еліміздің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Қазіргі таңда Зылиха Тамшыбай ауылындағы Айгөлек балабақшасында 25 адам қызмет етеді. Соның ішінде 11-і педагог қызметін атқарады. Пандемия кезеңіне байланысты 3 топ жұмыс істейді. Әр топта 15 бүлдіршіннен бар. Бізд...
Толығырақ... Оқылды: 1546 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.06.2021

Баланы балабақшаға дайындау тәртібі

Үлкендерде баланы балабақшаға беру керек пе, керек емес пе, әлде оны үй жағдайында тәрбиелеген жөн бе деген сұрақтар туындайды. Бір жағынан баланың көпшілік ортада, білікті мамандар қолында тәрбиеленгені, өз қатарымен бірге болғаны дұрыс сияқты, екінші жағынан айналадағы адамдардың «асықпа, бала қатайсын, өссін» деген сияқты әр түрлі кеңестері ойлантады. Бала балабақшада алғашқы сәттерде көп жылап, жиі ауыратыны ата-аналарды алаңдатады. Әлбетте бала бас кезінде көп ауырып, ата-анасынан ажырап қалғанына қатты қиналады, соның салдарынан 3-4 күннен кейін ауырып қалатын жағдайлар кездеседі. Бірақ оған біреуді немесе тәрбиешілерді кінәлаудың қажеті жоқ. Баланы балабақшаға қалай дайындаған жөн? Ата-ана баланың жаңа ортаға үйренуінің қиын өтетінін біле тұра, уайымдағаннан басқа өкінішке орай ешқандай алдын-ала шаралар жасамайтыны рас. Ешқандай дайындықсыз баланы бөтен ортаға алып келеді. Осы жағдайға баланың өзінің көзімен қарап көріңізші. Оның өмірінде мұндай нәрселер бұрын-соң...
Толығырақ... Оқылды: 1560 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.06.2021

«Қарлығаш» балалардың демалыс және дамыту орталығы

Биыл балалар үшін жазғы демалыс ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Қазақстан балалары-жазды қуанышқа толтырайық!» тақырыбымен ұйымдастырылуда. Балаларымыз үшін жазғы демалыс санитариялық –эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған алгортимді және балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру кезіндегі санитариялық талаптарды сақтай отырып жүргізілуде. Осы орайда айтар болсам 2021 жылдың жаз маусымдағы балалармен жасөспірімдердің демалысын сауықтырылуын ұйымдастыруы бала тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірін жүзеге асыруы болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында I кезеңде бірқатар жұмыстар орындалуда. Лагерь жалпы білім беретін мектептердің оқу...
Толығырақ... Оқылды: 1480 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.06.2021

ЖЕМҚОРЛЫҚ ІНДЕТ-ЖОЮ МІНДЕТ

Еліміз Тәуелсіздік алғанына биыл 30 жыл толып отыр. Ел тарихының өткеніне көз жүгіртсек алған асуымыз, шыққан биігіміз жетерлік. Ауыз толтырып айтарлық небір игі істеріміз бір төбе. Алайда, жарқын жасампаз істерге тосқауыл болып отырған келеңсіз көлеңкелі істерде баршылық. Қоғамның дамуын тежейтін, Тәуелсіздікке нұқсан келтіретін қауіпті індет, бүгінде бау бақшаға өскен арам шөптей қаулап алған - ЖЕМҚОРЛЫҚ . Қазіргі кезде елімізде Сыбайлас жемқорлықпен күресу жалпы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырылып отыр. Ендігі кезекте осы тақырып шеңберінде, сыбайлас жемқорлық деген не?, пара деген не?, шараның қандай түрлері болады?, сыбайлас жемқорлықты жою үшін не істеуге болады? Осы және басқада тақырыптар бойынша оқырман қауыммен біраз ой бөліссем: Сыбайлас жемқорлық дегеніміз - Мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкердің өзіне тапсырылған мүмкіндіктерін жеке басының мүддесі мен пайдасы үшін жасайтын қоғамға қауіпті іс әрекеттері. Пара ұғымы жай...
Толығырақ... Оқылды: 1490 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.06.2021

ӘКІМДЕР САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢДАУЫ

Бүгінге дейін ауылдағы сайлау тақырыбы сан түрлі әңгімеге арқау болған еді. Енді әр ауыл өз әкімін өзі таңдап алады. Жақында Ақорда Президенттің ауыл әкімдерін сайлауға қатысты заңға қол қойғанын жариялады. ...Әйтсе де, заңда жазылғандай ауылдың өзінде әділ сайлау өтетініне күмәнмен қарайтындар бар. Сайлау барысы ауылдағы ағайынның арасына жік салады-ау деп секемденетіндер де жоқ емес. Қалай дегенмен басталмаған сайлауды мақтағымыз, не даттағымыз келмейді. Тек біршама сала мамандарының пікірін тыңдап, оқырман назарына ұсынып отырмыз. Әкім болам десеңіз... Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нақтырақ айтсақ «Қазақстандағы сайлау туралы» конституциялық заңға өзгерістерді енгізетін құжатқа қол қойды. Тың өзгерістер ауыл әкімдерінің сайлауын өткізуге жол ашады. Заңға сәйкес, кандидаттың өзін-өзі ұсынуына мүмкіндігі бар. Сондай-ақ әкімдікке саяси партиялар өз қатарынан кандидатты ұсына алады. Сайлауға түскен үміткерлер 2 адамнан аспаған жағдайда аудан әкіміне де бір үміткерді ұсын...
Толығырақ... Оқылды: 1421 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.06.2021

Бұғытының байлығы - ел игілігіне қызмет етуге тиісті

Қазақтың кең даласының асты да, үсті де байлыққа толы. Сол қойнауларда жатқан қазба байлықтарды зерттеп, зерделеп, ел игілігіне асыру бүгінгі күннің басты талаптарының бірі әрі бірегейі. Кезінде, Кеңестер Одағы заманында жоғарыға, жаутаңдап, өзіміздің жеріміздегі байлықты игеруге рұқсат алудың өзі түйіні қиын мәселе болып саналғанын сол жылдары іс басында жүрген жандар жақсы біледі. Енді, міне, Тәуелсіздігімізді алып, етек-жеңімізді түгендей бастағалы өз қолымыз, өз аузымызға еркін жетіп, өндіріс саласы алға жылжыған жылдармен бірге өркендеп келеді. Еліміздің жер қойнауы қазба байлыққа тұнып тұрғанын барлығымыз жақсы білеміз. Бізде Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрін кездестіруге болады. Солардың бірі – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент болып саналатын, аса сирек кездесетін және құндылығы жөнінен де басқалардан көш ілгері вольфрам. Вольфрам және онымен бірге жанама жүретін тағы да басқа сирек әрі бағалы металлдар: алтын, күміс, мырыш пен...
Толығырақ... Оқылды: 1467 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.06.2021

АДАЛ ЕҢБЕК

Ислам – дүние мен ақырет тізгінін тең ұстаған дін. Адам баласы күн көрісін, ризық-несібесін табу үшін жұмыс істеуге мәжбүр. Адам түгіл табиғаттағы жан-жануарлар да таңнан кешке дейін жейтін азығын табумен әуре. Құран Кәрімдегі иман келтірумен еңбек ету, ізгі іс істеу қатар айтылған аятта: «Намазды оқып болғаннан соң жер бетіне тарап, Алланың нығметінен өздеріңе ризық-несібе іздеңдер. Алланы көп еске алыңдар, табысқа жетерсіңдер» («Жұма» сүресі, 10-аят) деп құлшылықпен қатар еңбек етуге, адал табыс табуға шақырған. Дінімізде ғибадат етумен қатар адал кәсіп, отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілік секілді дүние істері бірге жүреді. Ислам адамзатты алдымен Аллаға иман келтіруге, сол иманның аясында ізгі іс істеуге шақырады. Адал еңбекпен несібесін табу – пайғамбарлардың жолы. Адал еңбегімен мал тауып, өз күнін көру – айналамызға, туыстарға масыл болғаннан әлдеқайда қайырлы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендердің біреулерің қолына жіп алып, даладан...
Толығырақ... Оқылды: 1542 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 23.06.2021

ЖҰМЫССЫЗ АДАМ «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АЛАДЫ?

Қазақстандықтардың басым көпшілігі үшін МӘМС жарнасын жұмыс беруші аударатын болса, жұмыссыз азаматтар мен бейресми жұмыс істейтін тұлғалар қайтпек? Ресми жұмыс істемейтін болсаңыз, сақтандырылған мәртебесіне ие болу үшін төмендегі үш тәсілдің бірін қолдана аласыз: - БЖТ жарнасын төлеу - қала тұрғындары үшін айына 2 917 теңге = 1 АЕК және басқа елді мекендерде тұратындар үшін 1 459 теңге = 0,5 АЕК БЖТ төлеушілер МӘМС бойынша жәрдем алу үшін, үш ай бойы жарнаны төлеуі қажет. Мысалы, тамыз айында қызмет алу үшін, маусым, шілде және тамыз айлары үшін төлем жасалған болуы тиіс. - Дербес төлеуші ретінде төлем = айына 2125 теңге (ЕТЖ-ның 5%-і) Дербес төлеушілер медициналық көмек алардан бұрын жарнаны соңғы 12 ай бойы үздіксіз төлеуі керек. - Немесе мекенжайыңыз бойынша «Жұмыспен қамту орталығына» барыңыз, онда сіздің біліктілігіңіз бен тәжірибеңізге байланысты жұмыс ұсынады. Ұсынылған жұмыс жарамайтын болса, жұмыссыз мәртебесін алу үшін ресми тіркелесіз. Бұл жағдайда МӘМС жарнасы...
Толығырақ... Оқылды: 1460 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.06.2021

Паспортты рәсімдеу

Шуақты да жайдары жаз мезгілінде теңіздің мөлдір суында жүзіп, күнге қыздырынып, шетелге саяхаттауды кім қаламас. Әлбетте, еңбек демалысын барынша естен кетпестей өткізуге тырысасыз. Мұндай жағдайда паспортыңыздың дайын болғаны жөн. Ал болмаған жағдайда оны ХҚО-ларда орналасқан Көші-қон қызметінің (ІІМ) мамандары рәсімдеп береді. ІІМ-нің қызметкерлері паспортты рәсімдеу кезінде әрбіреуіңіз білуіңіз тиіс есертулерді атап өтті: • Паспорт қазақстандықтардың қалауымен, кез келген жаста беріледі • Паспорттың жарамдылық мерзімі – 10 жыл • Қызмет құны - 8 АЕК, дайын құжатты үш аптадан кейін алуға болады • Паспортты қосымша ақы төлеу арқылы жедел түрде жасатуға болады Балаға паспортты рәсімдеу кезінде ата-анасының жеке куәлігі, баланың туу туралы куәлігі көрсетіліп (ата-ананың бірінің болуы міндетті), мемлекеттік баж төленуі қажет. Жеңілдік санаты бар азаматтарға мемлекеттік бажды төлеудің қажеті жоқ. Толық ақпаратты eGov.kz порталынан біле аласыздар.
Толығырақ... Оқылды: 1474 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.06.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.