Жаңалықтар
«Қарлығаш» балалардың демалыс және дамыту орталығы |
Биыл балалар үшін жазғы демалыс ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Қазақстан балалары-жазды қуанышқа толтырайық!» тақырыбымен ұйымдастырылуда. Балаларымыз үшін жазғы демалыс санитариялық –эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған алгортимді және балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру кезіндегі санитариялық талаптарды сақтай отырып жүргізілуде. Осы орайда айтар болсам 2021 жылдың жаз маусымдағы балалармен жасөспірімдердің демалысын сауықтырылуын ұйымдастыруы бала тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірін жүзеге асыруы болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында I кезеңде бірқатар жұмыстар орындалуда. Лагерь жалпы білім беретін мектептердің оқу... |
Толығырақ... Оқылды: 1480 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.06.2021 |
ЖЕМҚОРЛЫҚ ІНДЕТ-ЖОЮ МІНДЕТ |
Еліміз Тәуелсіздік алғанына биыл 30 жыл толып отыр. Ел тарихының өткеніне көз жүгіртсек алған асуымыз, шыққан биігіміз жетерлік. Ауыз толтырып айтарлық небір игі істеріміз бір төбе. Алайда, жарқын жасампаз істерге тосқауыл болып отырған келеңсіз көлеңкелі істерде баршылық. Қоғамның дамуын тежейтін, Тәуелсіздікке нұқсан келтіретін қауіпті індет, бүгінде бау бақшаға өскен арам шөптей қаулап алған - ЖЕМҚОРЛЫҚ . Қазіргі кезде елімізде Сыбайлас жемқорлықпен күресу жалпы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырылып отыр. Ендігі кезекте осы тақырып шеңберінде, сыбайлас жемқорлық деген не?, пара деген не?, шараның қандай түрлері болады?, сыбайлас жемқорлықты жою үшін не істеуге болады? Осы және басқада тақырыптар бойынша оқырман қауыммен біраз ой бөліссем: Сыбайлас жемқорлық дегеніміз - Мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкердің өзіне тапсырылған мүмкіндіктерін жеке басының мүддесі мен пайдасы үшін жасайтын қоғамға қауіпті іс әрекеттері. Пара ұғымы жай... |
Толығырақ... Оқылды: 1490 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.06.2021 |
ӘКІМДЕР САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢДАУЫ |
Бүгінге дейін ауылдағы сайлау тақырыбы сан түрлі әңгімеге арқау болған еді. Енді әр ауыл өз әкімін өзі таңдап алады. Жақында Ақорда Президенттің ауыл әкімдерін сайлауға қатысты заңға қол қойғанын жариялады. ...Әйтсе де, заңда жазылғандай ауылдың өзінде әділ сайлау өтетініне күмәнмен қарайтындар бар. Сайлау барысы ауылдағы ағайынның арасына жік салады-ау деп секемденетіндер де жоқ емес. Қалай дегенмен басталмаған сайлауды мақтағымыз, не даттағымыз келмейді. Тек біршама сала мамандарының пікірін тыңдап, оқырман назарына ұсынып отырмыз. Әкім болам десеңіз... Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нақтырақ айтсақ «Қазақстандағы сайлау туралы» конституциялық заңға өзгерістерді енгізетін құжатқа қол қойды. Тың өзгерістер ауыл әкімдерінің сайлауын өткізуге жол ашады. Заңға сәйкес, кандидаттың өзін-өзі ұсынуына мүмкіндігі бар. Сондай-ақ әкімдікке саяси партиялар өз қатарынан кандидатты ұсына алады. Сайлауға түскен үміткерлер 2 адамнан аспаған жағдайда аудан әкіміне де бір үміткерді ұсын... |
Толығырақ... Оқылды: 1421 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.06.2021 |
Бұғытының байлығы - ел игілігіне қызмет етуге тиісті |
Қазақтың кең даласының асты да, үсті де байлыққа толы. Сол қойнауларда жатқан қазба байлықтарды зерттеп, зерделеп, ел игілігіне асыру бүгінгі күннің басты талаптарының бірі әрі бірегейі. Кезінде, Кеңестер Одағы заманында жоғарыға, жаутаңдап, өзіміздің жеріміздегі байлықты игеруге рұқсат алудың өзі түйіні қиын мәселе болып саналғанын сол жылдары іс басында жүрген жандар жақсы біледі. Енді, міне, Тәуелсіздігімізді алып, етек-жеңімізді түгендей бастағалы өз қолымыз, өз аузымызға еркін жетіп, өндіріс саласы алға жылжыған жылдармен бірге өркендеп келеді. Еліміздің жер қойнауы қазба байлыққа тұнып тұрғанын барлығымыз жақсы білеміз. Бізде Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрін кездестіруге болады. Солардың бірі – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент болып саналатын, аса сирек кездесетін және құндылығы жөнінен де басқалардан көш ілгері вольфрам. Вольфрам және онымен бірге жанама жүретін тағы да басқа сирек әрі бағалы металлдар: алтын, күміс, мырыш пен... |
Толығырақ... Оқылды: 1467 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.06.2021 |
АДАЛ ЕҢБЕК |
Ислам – дүние мен ақырет тізгінін тең ұстаған дін. Адам баласы күн көрісін, ризық-несібесін табу үшін жұмыс істеуге мәжбүр. Адам түгіл табиғаттағы жан-жануарлар да таңнан кешке дейін жейтін азығын табумен әуре. Құран Кәрімдегі иман келтірумен еңбек ету, ізгі іс істеу қатар айтылған аятта: «Намазды оқып болғаннан соң жер бетіне тарап, Алланың нығметінен өздеріңе ризық-несібе іздеңдер. Алланы көп еске алыңдар, табысқа жетерсіңдер» («Жұма» сүресі, 10-аят) деп құлшылықпен қатар еңбек етуге, адал табыс табуға шақырған. Дінімізде ғибадат етумен қатар адал кәсіп, отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілік секілді дүние істері бірге жүреді. Ислам адамзатты алдымен Аллаға иман келтіруге, сол иманның аясында ізгі іс істеуге шақырады. Адал еңбекпен несібесін табу – пайғамбарлардың жолы. Адал еңбегімен мал тауып, өз күнін көру – айналамызға, туыстарға масыл болғаннан әлдеқайда қайырлы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендердің біреулерің қолына жіп алып, даладан... |
Толығырақ... Оқылды: 1542 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 23.06.2021 |
ЖҰМЫССЫЗ АДАМ «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АЛАДЫ? |
Қазақстандықтардың басым көпшілігі үшін МӘМС жарнасын жұмыс беруші аударатын болса, жұмыссыз азаматтар мен бейресми жұмыс істейтін тұлғалар қайтпек? Ресми жұмыс істемейтін болсаңыз, сақтандырылған мәртебесіне ие болу үшін төмендегі үш тәсілдің бірін қолдана аласыз: - БЖТ жарнасын төлеу - қала тұрғындары үшін айына 2 917 теңге = 1 АЕК және басқа елді мекендерде тұратындар үшін 1 459 теңге = 0,5 АЕК БЖТ төлеушілер МӘМС бойынша жәрдем алу үшін, үш ай бойы жарнаны төлеуі қажет. Мысалы, тамыз айында қызмет алу үшін, маусым, шілде және тамыз айлары үшін төлем жасалған болуы тиіс. - Дербес төлеуші ретінде төлем = айына 2125 теңге (ЕТЖ-ның 5%-і) Дербес төлеушілер медициналық көмек алардан бұрын жарнаны соңғы 12 ай бойы үздіксіз төлеуі керек. - Немесе мекенжайыңыз бойынша «Жұмыспен қамту орталығына» барыңыз, онда сіздің біліктілігіңіз бен тәжірибеңізге байланысты жұмыс ұсынады. Ұсынылған жұмыс жарамайтын болса, жұмыссыз мәртебесін алу үшін ресми тіркелесіз. Бұл жағдайда МӘМС жарнасы... |
Толығырақ... Оқылды: 1460 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.06.2021 |
Паспортты рәсімдеу |
Шуақты да жайдары жаз мезгілінде теңіздің мөлдір суында жүзіп, күнге қыздырынып, шетелге саяхаттауды кім қаламас. Әлбетте, еңбек демалысын барынша естен кетпестей өткізуге тырысасыз. Мұндай жағдайда паспортыңыздың дайын болғаны жөн. Ал болмаған жағдайда оны ХҚО-ларда орналасқан Көші-қон қызметінің (ІІМ) мамандары рәсімдеп береді. ІІМ-нің қызметкерлері паспортты рәсімдеу кезінде әрбіреуіңіз білуіңіз тиіс есертулерді атап өтті: • Паспорт қазақстандықтардың қалауымен, кез келген жаста беріледі • Паспорттың жарамдылық мерзімі – 10 жыл • Қызмет құны - 8 АЕК, дайын құжатты үш аптадан кейін алуға болады • Паспортты қосымша ақы төлеу арқылы жедел түрде жасатуға болады Балаға паспортты рәсімдеу кезінде ата-анасының жеке куәлігі, баланың туу туралы куәлігі көрсетіліп (ата-ананың бірінің болуы міндетті), мемлекеттік баж төленуі қажет. Жеңілдік санаты бар азаматтарға мемлекеттік бажды төлеудің қажеті жоқ. Толық ақпаратты eGov.kz порталынан біле аласыздар. |
Толығырақ... Оқылды: 1474 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.06.2021 |
Тәуелсіздік ұландары ұясынан ұшты |
Бұл күн мектеп түлектері үшін тарихи күн. Биыл тұңғыш рет төртінші тоқсанды қашықтан оқып, соңғы қоңыраусыз аттестат алды. Бұл оқушы өміріндегі ең ерекше сәт болса да, карантин талабын бұзбау міндет. Маусым айының 14- ші жұлдызында Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектебінің жас түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік ұландары» деген атаумен мектеп аумағында, көгілдір аспан астында ұйымдастырылды. Бұл жай ғана аттестат алып мектеппен қоштасу шарасы ғана емес, он бір жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарының инемен құдық қазғандай еңбектерінің ақталған күні болып есте қалды. Биыл 50 оқушы мектепті тәмамдаса оның екеуі «Алтын белгі» иегерлері. Мектеп оқушыларының білім деңгейін анықтайтын республикалық, облыстық, аудандық білім сайыстары мен пән олимпиадаларында жеткен жетістіктерін жас түлектерді ортаға шақырып мадақтағанда мектеп ұстаздары мен ата- аналардың көз... |
Толығырақ... Оқылды: 1735 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.06.2021 |
БАЛА ШАҚТАН - БОЛАШАҚҚА |
«Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Бүгінге баға беру үшін өткенге көз жүгірткен артық болмас. Өз заманында қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Шоқан Уәлихановтың «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген нақыл сөзінің ақиқатына қазіргі таңда көзіміз жетіп отыр. Соңғы 30 жылда еліміздегі білім беру саласында үлкен өзгерістер орын алғаны белгілі. Оны, әрине, тәуелсіздік алуымызбен байланыстырамыз. Мақсатымыз айқын – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, оңтайлы әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті азамат тәрбиелеу. Сондай-ақ, білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам... |
Толығырақ... Оқылды: 1790 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.06.2021 |
Мені іздесе жас ұрпақ, жырларымнан табады |
Жыр алыбы Жамбыл бастаған халық ақындарының көшіне көз жібергенде солардың бел ортасында көзге түсетін ақын-Қалқа Жапсарбаев. Қалқа –көпқырлы ақын. Оны халқына алғаш танытқан айтыстары болды. Айтыс ақынға болашақта абырой әперетін, бағы мен бақытын көтеретін өнер деп ұққан Қалқа атамыз әр айтысқа жауапты қарап,халық көңіліндегі сөзді айта білуге тырысқан. Оған ақынның ертеректегі Нұрбала, Құрама, Үмбетәлі, Иманжан, Қуаттармен айтыстары дәлел. Қ.Жапсарбаев еңбек майданында болсын, жыр-айтыс додасында болсын қанжардай жарқылдап, тіліп түсер өткірлігімен халық ілтипатына бөленді. Өзінің замандастары К.Әзірбаев, Ү.Кәрібаев, Е.Қандеков, Қ. Терібаев сынды ақындармен айтысқа түскен. Ол кейінірек «Қамбар батыр», «Қыз Жібек» жырларын халыққа ұсынып, жыршы атана жүріп, ертегі-аңыздарды өзі де дастанға айналдыруға ден қойған. Қалқаның ақындығына сазгерлігі үндескен және әншілігін елге қатар танытқан өлеңі-«Қалқа» және «Қалқаның жайқоңыры».... |
Толығырақ... Оқылды: 1755 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 17.06.2021 |