Жаңалықтар

Жетісулық 517 мыңға жуық адам екпенің екінші бөлігін алды

Жыл басынан Алматы облысына вакцинаның І компонентінен 570 655 дозасы келіп түсті. Оның 551 350-і қолданылып, 19 305 доза вакцина қалды. II компоненттен 516 990 доза келіп, оның 383 422-ы қолданылып, 133 568 доза вакцина қалды. Бірінші компонентпен 551 352 адам егілді, екіншісінен – 383 422. Вакцинацияланғандардың арасында – мемлекеттік қызметкерлер – 11 849, медицина қызметкерлері – 23 338, педагогтар – 38 036, БАҚ – 196, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) – 4142 және басқа да қызмет салаларының өкілдерінен – 428 088 адам вакцина алып үлгерді. Айта кетейік, облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,6%-дан (19.07-25.07) 0,9% – ға дейін (26.07-01.08) ұлғайды. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 2,0%, Балқаш – 1,3%, Ескелді – 1,3%, Іле – 1,1%, Қарасай – 1,6%, Сарқан-1,1% аудандарында байқалады. Жетісулық 517 мыңғ...
Толығырақ... Оқылды: 1416 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.08.2021

ҚАЗАҚСТАНДА КВИ АУЫР - СЫРҚАУДЫҢ ӨСУІ

Толығырақ... Оқылды: 1633 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.07.2021

ЕКПЕ АЛ - ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!

Толығырақ... Оқылды: 1717 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.07.2021

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ АРТУДА

Жаһандық экономикада ағымдағы «коронакризиске» байланысты едәуір өзгерістер орын алуда. Оның бір айқын дәлелі әлем бойынша тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің қысқаруы. Мысалы, инвестициялық тартылымдығы жоғары Еуропаның47 елінде жоспарланған 6 мыңнан астам жобалардың тек 65%мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылса, қалған 35% уақытша тоқтатылып, тіпті мүлдем жүзеге аспай қалуы мүмкін. Салыстырмалы түрде алғанда Орталық Азия елдеріндегі жағдай қалыпты, әрі өсім көрсету әлеуеті сақталған.Осындай оң тенденция біздің елде де байқалуда. Мәселен, «Finprom.kz»ақпараттық порталының мәліметтеріне сәйкес Қазақстанға ағымдағы жылы тартылған шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 3,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Олардың ішінде салымдардың негізгі бөлігі Нидерланд, АҚШ және Ресейге тиесілі. Сонымен бірге, «Moody’s и FitchRatings» рейтингтік агенттігі Қазақстанның рейтингін инвестициялық сенімді деңгейінде растады. Демек, елімізде экономиканы жандандыру ба...
Толығырақ... Оқылды: 1678 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.07.2021

ВАКЦИНА

Толығырақ... Оқылды: 1625 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.07.2021

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді. Мемлекет басшысы мұны елді демократияландырудағы және жергілікті басқару институттарын нығайтудағы маңызды қадам деп атады. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында осы қадам Алматы облысының 71 ауылдық округінде басталып, үлкен саяси науқан өз мәресіне жетті. Халық өздері таңдаған кандидаттарына үлкен үмітпен дауыс берді. Көптің мүддесі де көптің күшімен жүзеге асады. Көптің көңілінен шығатын, ел қамын ойлайтын, аялы алтын бесігі ауылын ардақ тұтатын азаматтар билік басына келді деп ойлаймын. Бәріміз де жаңалыққа, жақсылыққа, әділетке құштармыз, ендеше бізге ең керегі - ынтымақ. Ынтымақ бар жерде - береке болады. Баяғыда мың басты, бір құйрықты және бір басты, мың құйрықты екі жылан болған екен. Қатты дауылда мың басты жыланның бір басы інге, бір басы құзға қашып, бір – біріне бағынбай үсіп өл...
Толығырақ... Оқылды: 1650 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2021

Көлікті үйден шықпай-ақ рәсімде!

Сатып алған көлігіңізді өз атыңызға рәсімдегіңіз келсе, оны автоХҚО-ға барып іске асыруға болады. Алайда өз уақытыңызды үнемдеудің таптырмас әдісі бар. Сіз оны Kaspi.kz қосымшасы арқылы қайта рәсімдей аласыз. Ол үшін сіз және көлікті сатушы тарапқа қосымшада бірнеше батырманы ғана басу қажет. САТУШЫ: Kaspi.kz қосымшасына кіріп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен «Автокөлікті қайта рәсімдеу» қызметін таңдау қажет. Әрі қарай көлікті тіркеуден шығару батырмасын басып, сатып алушының деректері мен көлік құнын көрсету қажет. Егер сатушы өзінің мемлекеттік тіркеу нөмірін өз атына қалдырғысы келсе, тиісті жерге белгі қою тиіс. Бұдан кейін өтінімге Kaspi электрондық қолтаңбасы қойылады. Содан кейін «Көлікті тіркеуден шығарылды» деген SMS-хабарлама келіп түседі. САТЫП АЛУШЫ: «Автокөлікті тіркеуге қою» қызметін таңдап, сатып алу сомасын енгізе отырып, көлік туралы мәліметтерін растауы тиіс. Мемлекеттік нөмір мен техпаспортты алып кететін мамандандырылған ХҚО-ның мекенжайын көрсетеді....
Толығырақ... Оқылды: 1544 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2021

Алматы облысының ХҚО-лары 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтті .

Алматы облысының бас санитар дәрігерінің карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулысына сәйкес Алматы облысының барлық ХҚО-лары 2021 жылғы 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтеді. Алматы облысында жұмыс кестесі сағат 9-дан бастап 18-ге дейін белгіленген. Сенбі және жексенбі күндері ХҚО-лар жұмыс істемейді. Клиенттерді тек алдын-ала брондау арқылы қабылдайды. Сондай-ақ, ХҚО қызметкерлері Ashyq қосымшасы бойынша клиенттердің статусын тексереді. ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграм-бот арқылы брондауға болады. Барлық клиенттерден санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, ХҚО барған кезде бетперде тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз.
Толығырақ... Оқылды: 1146 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2021

Пікір

Халықтың таңдауына берілген сайлау елге үлкен өзгеріс әкеледі. Халықтың талабы мен әкімнің жауапкершілігі күшейеді. Ауылдың нақты қазіргі тыныс-тіршілігімен таныс азамат әкім болуы керек деп ойлаймын. Білімді, білікті болу аздық етеді, жан-жақты болған жөн. Өйткені, бүгінде ауыл әкімдерінің алдында тұрған міндеттер өте көп. Соның ішінде, жасыл-желек жайқалту, спорттық алаңдар салу, жарық жүйелерін жүргізу және басқа да проблемалар жетерлік. Көзі ашық халық «Кім болса да халықтың мұң-мұқтажын түсінетін, білетін адам әкім болсын» дейді. Себебі, халық таңдауы қашан да әділ. Бірлесе жұмыс жасап, ел ахуалын арттыру басты міндет. Сайлаудың басты ерекшелігі осы, халықпен етене қызмет атқару. Сондықтан еліміз бойынша алғаш жүзеге асып жатқан бұл қадам – жаңашыл жергілікті әкімдердің қалыптасуына оң ықпал етеді деген сенім бар. Наурыз Қылышбаев, Алматы облыстың ақсақалдар алқасының мүшесі, Алматы облысының Құрметті азаматы
Толығырақ... Оқылды: 873 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 26.07.2021

Жаңа жүйенің жауапкершілігі мол

Жаңадан енгізіліп жатқан ауыл әкімдерінің сайлауға қатысты жаңа өзгерісті құптаймын. Сайлаудың ерікті болғаны дұрыс. Сонда таңдау да көп болады. Ал тағайындалғаннан гөрі сайланған әкімдердің көп нәрсеге көзқарасы басқаша болады. Халық өзі таңдағаннен кейін әкімдердің сайлауға дейінгі көпшілікке берген уәдесі мен арнайы бағдарламасын орындауға ықтималдылығы артады. Яғни ауыл әкімдері Мәжіліс депутаттары сияқты сайлау алдында халықпен етене араласып, одан кейін 4 жыл бойы жоспармен қызмет атқармайды, сол ауыл тұрғындарына тікелей жұмыс істейді. Бірақ мұның екінші жағы да бар. Абай айтқан, Абайдан да бұрын болған жершілдік, рушылдық сияқты жаман әдет қайта қозып кетпесе игі еді. Көпшілік өзінің руласының әкім болғанын қалауы мүмкін. Бұл бас кезінде солай болатын да шығар. Дегенмен бір-екі реттен кейін жұртшылық та әкімдердің іскерлік жағына мән беріп, азаматтық көзқарастары өзгеруі мүмкін. Бұл жүйе бірнеше мәрте сайлаудан кейін қалыптасады деп ойлаймын. Жалпы, бұл – өте дұрыс қадам.
Толығырақ... Оқылды: 872 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 26.07.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.