Жаңалықтар

Жетісу облысында мемлекеттік аудит нәтижесінде 1,4 млрд теңге қаржылық бұзушылық анықталды

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылдың алғашқы 10 айында белсенді жұмыс атқарып, мемлекеттік ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және қаржылық заңдылықтардың сақталуын бақылау бойынша бірқатар маңызды шараларды жүзеге асырды. Бұл туралы Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Мұсаұлы баяндады. 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 82 аудиторлық тексеру жүргізді. Жалпы 11,4 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылып, 1,4 млрд теңге қаржылық және 6,2 млрд теңге рәсімдік бұзушылықтар анықталды. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 92,1 млн теңгесі бюджетке қайтарылып, 266,6 млн теңге қалпына келтірілді. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар бойынша 55 лотта 1,08 млрд теңгеге бұзушылықтар тіркелді. Тәртіптік жауапкершілікке 66 лауазымды тұлға тартылып, 378 тұлғаға жалпы сомасы 44 млн те...
Толығырақ... Оқылды: 122 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.12.2024

Тұрғын үй құрылысынан зейнетақыны көбейтуге дейін: 2024 жылы Үкіметтің әлеуметтік қолдауының негізгі шаралары

Әлеуметтік төлемдер мен жалақыны арттыру, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау және білім беру салаларын жаңғырту. 2024 жылы қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің экономикалық даму стратегиясының негізінде азаматтардың мүддесі болуы қажет екені атап өтілді. 2024 жылы Үкімет бұл бағытты маңызды әлеуметтік бастамалармен жүзеге асыруды жалғастырды. Primeminister.kzсайтының редакциясы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және еліміздің ұзақмерзімді әлеуметтік-эконмикалық мақсаттарын іске асыруға бағытталған биылғы жылдың маңызды бастамалары мен жетістіктері туралы шолулар сериясын жариялайды. 2024 жылы Қазақстанда әлеуметтік сала қарқынды дамуын жалғастырды. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында білім, денсаулық сақтау салаларының сапасын арттырып, азаматтарды әлеуметтік қорғауды нығайту қажеттілігін атап өтті. Осы міндеттерді...
Толығырақ... Оқылды: 116 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.12.2024

Жетісу облысында Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жол құрылысы келесі жылы басталады

Жетісу облысының ең негізгі табиғи әрі туристік көрнекті жерлерінің бірі – Бұрханбұлақ сарқырамасына апаратын жолдың құрылысы келесі жылы басталады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Ескелді ауданы – туристік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Осы жылдың 10 айында туристерді қабылдайтын нысандарда 41 мың адамға қызмет көрсетіліп, соның ішінде ақылы қызмет көрсету көлемі 25 млн. теңгеге жетті. Осы ретте Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 31 км автожолды жөндеу жұмыстары келесі жылы басталатынын атап өту керек. Бұл мақсатқа 2025 жылы республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге қаражат бөлінеді. Сондықтан туризмді дамыту үшін инфрақұрылымды жақсартып, жаңа қонақ үйлер, демалыс базаларын салып, жолдарды жөндеу қажет. Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы көрікті жерлерді кеңінен насихаттап, экотуризм мен агротуризм бағыттарын дамыту керек, - деп атап өтті өңі...
Толығырақ... Оқылды: 81 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.12.2024

Тегін заң көмегін алу құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабына сәйкес, әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі. Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін алуға барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқығы бар. Құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі: 1)Алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата — анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға; 2)Мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлықзомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға; 3)Асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бой...
Толығырақ... Оқылды: 77 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.12.2024

Тиімді пайдалану – экономикалық өсім

Еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін тиімді пайдалану – экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды жолдарының бірі. Бүгінгі таңда жаһандану мен күшейген бәсекелестік жағдайында өнеркәсіп саласын жан-жақты дамыту – уақыт талабы. Біріншіден, өнеркәсіп әлеуетін іске асыру үшін инфрақұрылымды дамыту қажет. Қазіргі заманға сай жолдар, көлік торабы, электр және су желілерінің болуы – инвесторларды тартудың басты шарттарының бірі. Инфрақұрылымның дамуы елдің ішкі және сыртқы байланысын нығайтып, өнеркәсіптік жобалардың жүзеге асуына ықпал етеді. Екіншіден, инновация мен жаңа технологияларды енгізу маңызды. Цифрландыру дәуірінде өндіріс орындарын жаңғырту, заманауи технологиялар мен автоматтандыру жүйелерін қолдану өнімділікті арттырып, шығындарды азайтады. Бұл өз кезегінде отандық өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Үшіншіден, адами капиталды дамыту мәселесіне назар аудару қажет. Өнеркәсіп саласы білікті мамандарға мұқтаж. Сонды...
Толығырақ... Оқылды: 78 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.12.2024

В ЖЕТІСУ ВЫЯВЛЕНО НАРУШЕНИЕ ПРИ СОЗДАНИИ ГОСУДАРСТВЕННОГО ПРЕДПРИЯТИЯ

Департамент Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан по области Жетісу провел анализ, направленный на оценку целесообразности участия государства в предпринимательской среде. По итогам анализа установлено, что ГККП «Өнер мектебі» имени Исатая Исабаева при ГУ «Отдел образования по Аксускому району управления образования области Жетісу» было создано без согласия антимонопольного органа, что нарушает требования законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренции. В связи с выявленным нарушением Департамент вынес предписание об устранении допущенных несоответствий. На данный момент предписание исполнено в полном объёме. Департамент продолжает работу по обеспечению соблюдения законодательства для предотвращения аналогичных нарушений и защиты конкурентной среды.
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.12.2024

ЖЕТІСУДА МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫН ҚҰРУ КЕЗІНДЕ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға қатысуының орындылығын бағалауға бағытталған талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша "Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" ММ жанындағы Исатай Исабаев атындағы "Өнер мектебі" МКҚК монополияға қарсы органның келісімінсіз құрылғаны анықталды, бұл Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзады. Анықталған бұзушылыққа байланысты Департамент жіберілген сәйкессіздіктерді жою туралы нұсқама шығарды. Қазіргі уақытта нұсқама толық көлемде орындалды. Департамент осындай бұзушылықтардың алдын алу және бәсекелестік ортаны қорғау үшін заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.12.2024

Жетісуда бәсекелестік пен тұтынушылар құқықтарын қорғауда нақты нәтижелерге қол жеткізілді

Жетісу облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті өңірдегі бәсекелестік ортаны дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Бұл туралы Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы Маржан Кальменова баяндады. Департаменттің араласуымен: «Домофон Сервис» және «Куликова» жеке кәсіпкерлері тұтынушыларды таңдау құқығынан айырған біріңғай тарифтерді жоюға міндеттелді. «Қорғас-Коммерц» ЖШС жолаушылар тасымалы бойынша әділетсіз келісімдерді тоқтатты. Монополияға қарсы заңнаманы сақтау мақсатында 33 нұсқама шығарылды, олардың ішінде маңыздысы – «Жетісу газ сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметі заң талаптарына сәйкестендірілді. Сонымен қатар, департамент тауар нарықтарын зерттеп, 21 талдау жүргізді. Бұл жұмыстар нарықтағы әділ...
Толығырақ... Оқылды: 63 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.12.2024

Жетісуда қар басатын жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Жетісу облысында ұзындығы 197 шақырым болатын 12 қар басатын учаске бар. Оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдарда – 2, облыстық жолдарда – 10 учаске орналасқан. Жол желісінің бір бөлігі Архарлы және Алтынемел асуы арқылы өтеді. Қыс мезгілінде жыл сайын 100-ден астам көлік қар құрсауында қалып, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Сол себепті қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға ден қою мақсатында 2 трассалық медициналық-құтқару пункті дайындалған. Олар Сарқан» – Алматы-Өскемен трассасының 400-шақырымы, Үшарал – Алматы-Өскемен трассасының 555-шақырымы. Сонымен бірге, 21 стационарлық жылыту пункті дайындалды. Жолдарды тазалау үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы 55 техника бірлігін, ал Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 141 техника дайындаған. Қосымша, ТЖ департаментінің жедел әрекет етуге арналған 44 жоғары өтімді техникасы дайындалды. Айта кетейік, өткен қыс мезгілінде жедел-құтқару...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.12.2024

БАҚ үшін әлеуметтік жоба: Жетісу журналистері үшін жаңа перспективалар

Жетісу облысында Бейсен Құранбек атындағы журналистер мектебін құру бойынша әлеуметтік жоба іске асырылды. Жоба журналистердің, баспасөз қызметі қызметкерлерінің және студенттердің кәсіби дағдыларын арттыруға, сондай-ақ БАҚ, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған. Жоба аясында: * Б. Құранбек атындағы журналистер мектебі құрылды; * журналистердің өңірлік пулы қалыптасты; * медиа сауаттылық, дата журналистика, мультимедиялық журналистика, фактчекинг, SMM және басқа да бағыттар бойынша курстар ұйымдастырылды. * «Үздік медиа зерттеу» байқауы ұйымдастырылып, 10 адам қаржылай сыйлық, сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар, жоба аясында Бейсен Құранбек атаулы стипендиясын тағайындау және газет, теледидар немесе радио редакциясында «Өңірлік медиа мамандарына арналған тағылымдама» байқауы ұйымдастырылды. Тағылымдама бойынша Ұлттық арна Қазақстан телеарнасы, Астана телеарнасы, Егемен Қазақстан г...
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.12.2024
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.