Жаңалықтар
Жетісу облысында «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын өткізу жоспарлануда |
Басты мақсат 5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күніне орай үздік еріктілерді марапаттау, ынталандыру және жеткен жетістіктерін халыққа жариялау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Шараны ұйымдастырушылар Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы. Байқауға өтінімдерді қабылдау 7-15 қараша күндері аралығында жүргізіледі. Құжаттарды электронды және баспа нұсқада Js.jastar@mail.ru эл.поштасы, Талдықорған қаласы, Д.Қонаев № 47 көшесінде орналасқан «Жетісу жастары» орталығына өткізу қажет. Сыйлыққа облыстың белсенді волонтерлері мен ұйымдары 10 номинация бойынша қатыса алады. Атап айтсақ, «Birgemiz: Bilim», «Birgemiz: Saulyq», «Birgemiz: Sabaqtastyq», «Birgemiz: Asyl mura», «Birgemiz: Ayala», «Birgemiz: Taza Alem», «Birgemiz: Umit», «Birgemiz: Qamqor», «Birgemiz: Qamqor», «Үздік волонтерлік ұйым»,... |
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.11.2024 |
«Бала мінез құлқының бұзылуы» |
Ағымдағы жылдың 07 қараша күні, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп оқушылар арасында «Бала мінез құлқының бұзылуы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында оқушылылардың арасында психологиялық тренингтер жүргізіліп, оқушыларға өздері қоғамның болашағы екендігін, сол болашақтың тағдыры осы өздерінің қолдарында екендігін ұғындыру. Шара 6 сынып оқушылары арасында өтті. Шараға жалпы 25 оқушы қатысты. Жасөспірімдік кезең-алуан түрлі қарама-қайшылыққа толы, ата-аналар мен мұғалімдерді алаңдататын, уайымға түсіретін күрделі шақ. Себебі, күнделікті өмірде дау-дамайдың көптігі, олардың көңіл-күйінің тұрақсыздығы, қоғамға ашықтан-ашық наразылық білдіруі, ата-ананың қамқорлығын қабылдамауы. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. |
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.11.2024 |
Жетісу облысында мал ұрлығының алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жұмыстары жүргізілуде |
Жетісу облысында жыл басынан мал ұрлаудың 80 фактісі тіркелді. Оның ішінде полиция қызметкерлерімен 46 қылмыс ашылып, ұрлыққа қатысы бар 25 күдікті тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мади Бағдат баяндады. 21 қылмыспен жәбірленушіге ұрланған малдары қайтарылып, күдіктімен татуласуына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылған. 12 қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Жедел іздестіру іс-шаралар нәтижесінде ұрланған 259 бас малдың 153-і табылып, мал иелеріне қайтарылды. Атап өтейік, бүгінде 2023-2024 жылдарға арналған мал ұрлығының алдын алу тиімділігін арттыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Спикер өз сөзінде малдың барлық түрлерін міндетті түрде чиптеу мәселесін де атап өтті. Чиппен белгілеу мал басын 100% есепке алуға, олардың жай-күйін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Одан бөл... |
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.11.2024 |
Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданудың ерекшеліктері мен шарттары |
Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану тәртібі қаралды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі 190-нан 364-ке дейін кеңейтілді. Бұл режимді жылдық табысы 600 мың АЕК-тен аспайтын және жұмыскерлер саны 200 адамға дейінгі бекітілген тізбеге кіретін қызметті жүргізетін салық төлеушілер қолдана алады. Бөлшек салық үшін арнайы салық режимі ҚР Салық кодексінің 687-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жеке түр ретінде енгізілді және шағын бизнес субъектілері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін арнайы салық режимінен ерекшеленеді. Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімінің басшысы Ринат Жамаубаев атап өткендей, жаңадан құрылғандарды қоспағанда, салық төлеушілер белгіленген шарттарды сақтай отырып, бөлшек салықтың арнайы салық режиміне - жалпы белгіленген салық салу тәртібінен немесе өзге де арнайы салық режимінен ауысуға құқылы. |
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.11.2024 |
Жетісуда 75 мыңнан астам тұрғын тұмауға қарсы вакцина салдырды |
Елімізде қыркүйектен бастап тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Облыс бойынша маусымдық тұмауға қарсы екпені бүгінгі күнге 75 мыңнан астам адам алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев пен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова мәлімдеді. Тұмау – әлемде кең таралған, вируспен шақырылатын жіті респираторлық вирустық инфекция. Жұқпаның алдын алудың ең тиімді шарасы – тұрғындарды иммундаумен қамту. Сондықтан да аурудың алдын алу үшін екпе алудың маңызы зор. Айта кетейік, Жетісу облысы бойынша 2024-2025 жылғы эпидемиологиялық маусымының 40-43 апта аралығында ЖРВИ-дің 15 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның ішінде сырқаттанған 14 жасқа дейінгі балалар 66%. Ал зертханалық жолмен расталған тұмау жұқпаның 1 жағдайы ересектер арасында анықталды. Мамандар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сырқаттанушылық... |
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.11.2024 |
Құландар елі: Жетісуда экологиялық туризмді дамытуға арналған ауқымды фестиваль өтті |
Жетісу облысында Қызыл кітапқа кірген құландарға арналған бірегей фестиваль екінші жыл қатарынан өтуде. Жануарлар популяциясының көп бөлігі осы аймаққа тиесілі, яғни 3600-дей құлан Кербұлақ ауданының «Алтынемел» ұлттық табиғи паркінің аумағын мекен етеді. Туристер жыл сайын осы әсем жаратылысты көруге мұнда арнайы келеді. Жыл басынан бері саябаққа 24 мың адам табан тіреген, соның 7 мыңы – Үндістан, Қытай, Корея, Франция, Германия және ТМД елдерінен келген шетелдік туристер, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл іс-шараның бастамашылары мен ұйымдастырушылары - Ұлттық парк басшылығы, облыс әкімдігі және «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы. Биылғы жылы фестиваль саябақтың тағы бір табиғи тылсымы – Айғайқұмның жанында өтті. 10-12 мың жыл бұрын пайда болған ұзындығы 3 км, биіктігі 150 метр бұл құм тау саябақтың айрықша белгісі іспеттес, Жетісу өлкесінің табиғи кереметтерінің бірі. Фестивальда ниет білдірушілер марафон... |
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.11.2024 |
Жетісудың шекаралық Панфилов ауданында 1200 орынды алғашқы жайлы мектеп пайдалануға берілді |
Бүгін Жетісу облысының Панфилов ауданы Жаркент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 1200 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді,-деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мектептің ашылу салтанатына Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, ардагер ұстаздар, мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар, аудан жұртшылығы қатысты. - Бұл – Президент тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған облысымыздағы алғашқы білім ошағы. Панфилов ауданы – облыстағы оқушы саны көп аудандардың бірі. Жаңадан пайдалануға беріліп отырған бұл мектепке Жаркент қаласының бала саны көп 9 мектебінен 1100 жуық бала қабылданып отыр. Осындай замануи мектепте біліммен сусындайтын оқушылар облысымыздан топ жарып шығатынына сенімім зор. Мектеп ұстаздарына еліміздің болашақ білімді, еңбекқор патриоттарын тәрбиелеу жолында сәттілік тілеймін!- деді Д. Есдәулетов. Жаңа да жайлы мектептің ашылғанына ата-аналар да қуанышты.... |
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.11.2024 |
Жастар арасындағы төбелестің алдын алу |
Келешектің кілтін қолға алатын жас ұрпақтың тәлімі мен тәрбиесі, талғамы мен тәртібі қай дәуірде де басты мәселе болып келген. Ол бүгінде де күн тәртібінен түскен емес. Бала – қай дәуірде де бала. Әсіресе, теледидар мен көшенің теріс тәрбиесі кең құлаш жайып тұрған қазіргі дәуірде жастардың ауыл-ауыл, көше-көше болып, бір-біріне күш көрсетуі, төбелесуі, зорлық танытуы жасырын емес. Жалпы топтық төбелестің топтық төбелес жастар мәселесінің көптігін білдіреді. Мәселен, бос уақытты тиімді пайдаланбау, спорттық, өнер үйірмелерінің жүйесіз жұмысы, жасөспірімдерге арналған жобалардың аздығы секілді шикіліктің шеті шыққан. Яғни, қолы бос, айналысатын жұмысы жоқ жас төбелеске, бос жиынға әуес келеді. Сол себепті жасөспірімдердің уақытын тиімді өткізу жұмысын үйлестіру, мектептегі тәрбие сағаттарын жүйелеуге бағытталған шаралар назарға алыну қажеті сөзсіз. Сонда ғана жастардың өмірі мен болашағына бағыт сілтеуге болады. Гульжан Орынбайқызы |
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 04.11.2024 |
суицид барысы бойынша жастар арасында ақпараттық талдау |
Қоғамнан көретін қысым, отбасылық кикілжің, күнделікті ата-анадан таяқ жеу сияқты іс – әрекеттер. Нәтижесінде бала өз өміріне балта шабу, аталған қиындықтардан құтылудың ең оңай жолы деп ойлайды. Суицидке апаратын бұданда басқа бірнеше негізгі себептері бар: Тұқым қуалау.Атадан балаға беріп кететін мұра секілді, суицидта тұқым арқылы, қан арқылы берілетіні дәлелденген. Отбасыңыздың, жақындарыңыздың арасында көп жылдар бұрын бұл нәрсе болған болса, кейін сіздің балаларыңыздан өз – өзіне қол жұмсау белгілерін байқасаңыз таң қалмаңыз. Алдын алып, өмірімен қоштасуына жол бермеңіз. Оқыс әрекет – психикалық жарақат.Тәрбие тал бесіктен басталады. Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деген мақалдар бекер айтылмаса керек. Бала өзінің ұясында қанатын қатайтып, жылу мен мейірімге зәру болады. Ал қазіргі көптеген отбасылар керісінше баланың көзінше ұрысып, керісіп тіпті төбелесіп те жатады. Не болмаса балаға жекіп, «бәле болдың» деген сияқты ауыр сөздер айты... |
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 04.11.2024 |
Нашақорлықсыз болашақ |
Елімізде де, бүкіл әлемде де алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың таралуы. Бұл құбылыс жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына қауіп төндіреді. Нашақорлық – есірткіге немесе психотроптық затқа тәуелділіктен туындаған ауру. Есірткіні қолдану нәтижесінде психикалық және физикалық тәуелділік қалыптасады. Тәуелділіктің қалыптасу жылдамдығы және оның ауырлығы әр түрлі болуы мүмкін. Яғни жасына, қолдану жиілігіне, ағзаның ерекшеліктеріне әсер етеді. Психикалық тәуелділіктің жағдайы адамның есірткінің көмегімен ішкі тепе-теңдікке қол жеткізгісі келетіндігінде және есірткінің әсерін қайта-қайта сезінуге тырысатындығында көрінеді. Есірткіні сатумен айналысу – қылмыс. Есірткі заттарын қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Нашақорлық өте қорқынышты ауру. Себебі есірткіге әуес адам келесі дозаға ақша іздеп, ұрлыққа, алдауға баруы мүмкін. Осындай қысқа сәт үшін ол саналы түрде, өзін өмірдің барлық қуаныштарынан айырад... |
Толығырақ... Оқылды: 102 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 04.11.2024 |