Жаңалықтар
ЖОЛДАУ – ЕЛІМІЗГЕ ДЕГЕН ЖАҢА СЕРПІЛІС |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі жолдауы елімізге серпіліс берді. Қаншама мәселе шешімін тапты. Қанша игі бастамаларға жол ашылды. Президентіміз басты мақсат азаматтардың табыс деңгейін арттыру деп айта кетті. Оның ішінде 2025жыл «Жұмысшылар жылы» деп жариялады. Ол дегеніміз таза маңдай тер төгіп қара жұмыс жасайтын қарапайым жандардың жағдайын жасауы. Президенттің айтуынша бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Енді оның аясын кеңейту керек. Президент Жолдауы шеңберінде алда атқарылар жұмыс көп, ол бойынша іс-шаралар жоспары жасалатыны да заңды. Атап айтқанда биылғы жылы атом элекр станциясын салуға қатысты өзекті мәселені қозғап отыр. Мемлекетіміздің бүгінгі және алдағы уақытта атқаруға тиісті іс-әрекетіне бағдар ретінде ерекше ықыласпен қабылдаған Жолдауды мұқият тыңдап шықтық. Атом электр станциясының құрылысы бізге үлкен өзгеріс әкелді. Еліміздің болашағы - жас ұрпақты қорғау, оларға дұрыс б... |
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 24.09.2024 |
ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ |
Ауыл тұрғындары атом электр стансысы құрылысының артықшылықтары туралы пікірлерімен бөлісті. Осыған байланысты Ақсу ауданында «дөңгелек үстел» өткізілді. Оған ең белсенді ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу барысында ел экономикасының дамуы, сонымен бірге аталған жобаның іске қосылғаннан кейінгі қазақстандықтар әл-ауқатының қалай өзгеретіні туралы сөз етілді. Ақсу ауданы аналар кеңесінің төрайымы Күләш Ермұхамбетова да өз ойын айтып, пікірін білдірді. Сөзіне қарағанда, елімізде атом энергетикасын дамыту ғылымның өркендеуіне серпін бермек. Сәйкесінше, атом саласына байланысты жаңа кәсіптер пайда болып, талай адамның жұмысқа орналасуына жол ашылмақ. Сөйтіп, АЭС салынатын елді мекен тұрғындары еңбекпен қамтамасыз етіліп, жаңадан салынатын үйлер мен жолдардың, мектептер мен басқа да нысандардың бой көтеруіне мүмкіндік тумақ. А. Ыбырай Ақсу ауданы |
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 24.09.2024 |
Қаламында руханият шырақтары |
Амангелді ауылдық кітапханасында белгілі қаламгер Әбдуалиев Тұрсынның туғанына 85 жыл толуына орай “Қаламында руханият шырақтары” атты танымдық сағат өтті. Аталған шарада кітапханашы қаламгердің өмірі және шығармашылығы жайлы баяндап өтсе, оқырмандар қаламгердің шығармаларын жарыса оқып, сұрақтарға жауап берді. |
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 24.09.2024 |
Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм |
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 24.09.2024 |
Табиғат және біз |
Бүгін Көксу ауданы, Мұсабек ауылдық округінде "Табиғат және біз" атты сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке қоғамдық жұмысшылар және жастар қатысты. Нәтижесінде, қоқыстар жиналып, ауыл маңы тазартылды. Осындай сенбіліктер алдағы уақытта тағы да жалғасын табатын болады. "Бүгінгі сенбілік қарқынды түрде өтті. Әр ауыл тұрғыны тазалыққа ат салысса, "Таза Қазақстан" атта акцияға өз үлесін қосқан әрбір жанға айтар алғысым шексіз" ауыл тұрғыны Жармұханбетов Жарыпалды ағамыз. |
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.09.2024 |
КӨКСУ АУДАНЫНЫҢ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫНА АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ |
Аудандық халықтық штаб мүшелері аудандық өнер мектбінде болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауына байланысты маңызды мәселелер талқыланды, олардың ішінде атом электр станциясының ұтымды тұстары мен маңызы ерекше назарға алынды. Кездесуде сөз сөйлеген штаб мүшесі Бейсенов Мәлік еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды. Ол халық санының жыл сайын артып келе жатқанын ескере отырып, энергетикалық ресурстарға деген сұраныстың да өсіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі таңда энергия тұтыну деңгейі жоғары қарқынмен ұлғайып келе жатқанын еске салып, егер бұл үрдіс жалғаса беретін болса, алдағы онжылдықтарда энергетикалық тапшылыққа тап болуымыз мүмкін екенін ескертті. Ол бұл мәселені шешудің бір жолы ретінде атом электр станциясын салу қажеттілігін ұсынды. Оның айтуынша, атом станциясы елімізге энергиямен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға ықп... |
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 24.09.2024 |
Жетісу облысында жыл басынан бері «Инватакси» қызметі 60 мыңнан астам рет қызмет көрсетті |
Қайта оралу Жетісу өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандар «Инватакси» қызметін тұрақты пайдаланады. Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға 60 мыңнан астам рет қызмет көрсетілген. Бүгінгі таңда облыста арнайы қызмет көрсететін 34 «Инватакси» бар,– деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Өткен жылы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасымен жергілікті бюджет есебінен 14 жаңа «Инватакси» сатып алынды. Соның нәтижесінде облыста 1 жылдың ішінде жекеменшік таксилер саны екі есеге артты. 2024 жылы 34 автокөлікпен «Инватакси» қызметін көрсету үшін 306,6 миллион теңге бөлінді, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев. Облыс аумағында «Инватакси» қызметін 8 үкіметтік емес ұйым жүзеге асырады. Оның екеуі Талдықорған қаласында. Бірі – «Ерлік» мүгедектер қоғамдық... |
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.09.2024 |
Жетісу облысында дәнді-дақылдардың 80% жиналды |
Жетісу облысында егін жинау науқаны 8 шілдеден бастап жалғасуда. Қазіргі уақытта Алакөл, Ескелді және Кербұлақ аудандарындағы дәнді-дақылдардың жалпы көлемінің 80%-ы жиналып, 544 мыңнан астам тонна астық бастырылды. Өңірде жалпы қуаттылығы сағатына 283 тоннаны құрайтын 7 астық кептіргіш жұмыс істейді. Жетісу облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев атап өткендей, қант қызылшасын жинау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Жалпы алғанда 615 мың тонна өнім жинау жоспарлануда. Оның 250 мың тоннасы Көксу қант зауытына, 365 мың тоннасы Ақсу қант зауытына өткізіледі. Тәтті түбірдің жиын-терін жұмысына 108 комбайн жұмылдырылды, оның 31-і биыл сатып алынған жаңа техникалар. |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.09.2024 |
Жаңа маусым, жаңа премьера |
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры көрерменмен қайта қауышты. Өнер ұжымы кезекті 49-шы маусымның шымылдығын Сәбит Әбдіхалықовтың «Көке» қойылымымен ашты. Шығарма жас режиссер Рамазан Үсеннің қолтаңбасымен заманауи үлгіде, комедиялық жанрда көрерменге жол тартты. Қазақстан Республикасы Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің тапсырысы бойынша сахналанған қойылым бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерін ашып көрсетеді. Көрерменді күлдіре отырып, шындықты шырылдата айтатын өнер ұжымының кезекті қойылымы көрерменнің көңілінен шыққаны сөзсіз. Жаңа маусымда өнер ұжымы көрерменді премьерамен қуантып қана қоймай, сонымен қатар көптеген үлкен қалаларға, аудандарға гастрольдік сапарға шығуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар еліміздегі бірқатар театр фестивальдарына қатысып, бақ сынамақ. Биапа театры алда көрермен көңілінен шығатын түрлі жанрдағы қойылымдарды сахналауға ниетті. Ендеше, театр ұжымына сәттілік тілейміз! |
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 23.09.2024 |
Жетісу облысында жолдағы қауіпсіздік шаралары күшейтілуде |
Бүгінде жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Оның алдын алу үшін Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарда 19 жерге жылдамдықты анықтайтын бейнекамералар орнатылды. Сондай-ақ, бақылауды күшейту мақсатында 3 қызметтік автокөлікке «Ekin Patrol» автоматты тіркеу жүйесіне қосылған жылдамдықты өлшегіш құралы орнатылды. Апаттың жай-күйін тұрақтандыру мақсатында жыл басынан облыс аумағында 10 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Алайда, атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан өңірде жол-көлік оқиғаларының саны 466, онда жарақат алғандар 683, ал қаза тапқандардың саны 87 болып тұр. Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлері жолда жүргенде абай болып, өзіңіздің және басқалардың өміріне қауіп төндірмей жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрайды. |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 23.09.2024 |