Жаңалықтар
Әкімі жақсы болса - халқы бақуатты |
Қыркүйектің 12-сі күні Мұқыры және Мұсабек ауылдық округтерінде су жаңа екі әкім тағайындалды. Бұл кадрлық ауыс-түйіс жалпы жалпақ жұртқа жыл келгендей жаңалық бола қойған жоқ. Себебі екеуі де сол ауылдың тумасы. Көптің көз алдында, өз еңбегімен, білім-білігімен абырой биігіне өрлеген азаматтар. Қоғамның белді азаматтары туралы адамдар әсте әртүрлі ойлайды. Көпшілік жоғары лауазымды қызмет аспаннан салбырап түсіп, сол адамның басына қона қалғандай көреді. Әдетте, әкімдер туралы әңгіме бола қалса жақтырмай, тулай жөнелетін адамдар да жоқ емес. Әкімнің де әкімі бар. Жұмыс болған соң, оның күнгейі мен көлеңкесі де болмақ. Әкім болу оңай ма? Әкімдер- барлық жағдайды жоғарыдан төмен емес, төменнен жоғарыға қарай бақылайтын, соған қарап іс-әрекет жасайтын тұлғалар. Өздеріне тиесілі ауылды, қаланы, облысты көркейту, дамыту үшін барын салады. Алайда бәрі тиянақты, кемшіліксіз бола алмайды. Осы кезде, әкімдердің басы дауға қалып, сынға ұшырайды. Мұқыры ауылына барар жолда әкімдердің қызмет... |
Толығырақ... Оқылды: 1463 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.09.2021 |
Тәуелсіздіктің тірегі - білімді ұрпақ |
Қазақстан Республикасның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздіктің тірегі - білімді ұрпақ" атты дөңгелек үстел өтті. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық да¬му жолындағы қарқынымыз, жастар¬дың қоғамдық-саяси өмірдегі ұс¬танымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастард... |
Толығырақ... Оқылды: 957 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 15.09.2021 |
Алматы облысының кәсіпкері жасанды көлде балық, қаз өсіруде |
Елімізде жеке кәсіпкерлерді қолдау ерекше. Сондықтанда болар әр жерде жеке шаруалар қаз, үйрек, балық өсіріп табыс табуға ден қоюда. Қаратал ауданының тұрғыны Аксенов Анатолий да осы кәсіпті бастау үшін 10 гектар жерге жасанды көл жасап, 10 жылдан бері балық өсірсе, соңғы 2 жылда қаз, үйрек өсіруді қолға алған. Бұл фермада бүгінгі күні беламур, сазан, мөңке балықтары, қаздың россиядан әкелінген етті бағыттағы үлкен Сера және ақ Линда қаз түрі бар. Балықтардың орта салмағы 18 кг. қаздың орта салмағы 4 келіге дейін жетеді. Кәсіпкер Анатолийдың айтуынша, қаз балапандарын өсіріп, суға жіберген сәттен балықдың өсуі 2 есеге ұлғайған, себебі қаздың еті, жүні, аяқтары мен бауыры нарықта үлкен сұранысқа ие болса, оның соңғырығыда таптырмас тыңғайтқыш. «Балық шарушылығымен айналысып жүргеніме 10 жылдан асты. Бұл кәсіп табысты болғанымен оны 4 жыл бойы ауламай баптау қажет. Ал қаз, үйрек балапандары 3 ай ішінде өсіп, ет алады. Еті диеталық жеңіл болып келеді. Қазірдің өзінде сұраныс ө... |
Толығырақ... Оқылды: 1427 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.09.2021 |
Азаматтарға арналған үкімет Kaspi.kz-пен |
Қазақстандықтар үшін жақсы жаңалығымыз бар. Азаматтарға арналған үкіметтің Kaspi.kz-пен бірігіп енгізген жаңа сервисінің арқасында жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдей түседі. Енді нотариуста жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасасқан клиенттер мемлекеттік бажды Kaspi.kz қосымшасында бірден төлей алады. Ол үшін нотариус берген түбіртектегі QR кодты сканерлеу қажет немесе қосымшадағы "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі арқылы төлем жүргізуге болады. Бұрын нотариаттық мәміле жасалғаннан кейін нотариус құжаттардың электрондық көшірмелерін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі арқылы жіберетін. Содан кейін мәміле рәсімін аяқтау үшін клиенттер мемлекеттік бажды банкке немесе "Қазпошта" кассаларына барып төлеп, төлем чегін нотариусқа қайта әкелуі тиіс-тін. Жаңа қызмет нотариусқа қайта оралу қажеттілігін жояды. Қазақстандықтар өз уақыттарын айтарлықтай үнемдейді. Бүгінде жылжымайтын мүлікті тіркеуге өтінішті ХҚО немесе нотариус арқылы да беруге болады. |
Толығырақ... Оқылды: 1386 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2021 |
Шетелде жүріп ЭЦҚ-ны қалай алуға болады? |
Күтпеген жағдайлардан ешкім сақтандырылмаған, сондай жағдайлардың бірінде сізге ЭЦҚ керек болып қалуы да мүмкін. Бұрын шетелде жүріп ЭЦҚ алу қиындық тудыратын, қазір сіз ЭЦҚ-ны алу үшін елшілікке немесе консулдыққа жүгіне аласыз. Ол үшін сізге: - NCALayer бағдарламасын орнату -www.pki.gov.kzпорталында "жеке тұлғалар үшін ЭЦҚ" алуға өтінім беру - жеке ЖСН нөмірін енгізіп, тиісті жолдарды толтыру қажет. Бұдан кейін консулдыққа барып, сайтта өтініш берген соң қалыптастырылған анықтама мен жеке куәлікті ұсыну қажет. Лауазымды тұлға ақпараттық жүйеде өтінімді растаған соң өтініш жасаған компьютерденwww.pki.gov.kzпорталында шығарылған сертификаттарды (ЭЦҚ) жүктеп алуға болады. Бүгінгі таңда бұл қызмет Абу-Даби, Бішкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Прага, Санкт-Петербург, Сеул, Ыстамбұл және Майндағы Франкфурт қалаларында орналасқан 10 дипломатиялық өкілдікте қолжетімді. |
Толығырақ... Оқылды: 1401 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2021 |
БІЛІМНІҢ БАСТАУЫ- БАЛАБАҚШАДА |
Балабақша анамыз, Оқып білім аламыз, Өнерпаз боп өсетін. Біз балдырған боламыз! Тәрбие мен білім негізі ең алдымен отбасынан, содан соң балабақшадан басталады. Еліміз Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде талай бүлдіршінді білімге, тәрбие берген білім ошағы биыл да өз тәрбиеленушілерін қайта қуантты. Елімізде болып жатқан пандемия көп нәрсені ұқтырып өмірге жаңа көзқарас қалыптастырды. Алайда өзгермейтін бір сала бар - ол білім. Ал білімнің бастауы балабақшада. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында сапаны жақсартуға арнайы көңіл бөлінуде. Жақында «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасында жаңа оқу жылының басталуына орай «Білімнің бастауы балабақшада» атты ертеңгілік өтті. Сөз өнері, сөйлеу мәнері енді ғана қалыптасып келе жатқан балалар Тәуелсіздіктің символына айналған Гимнді шырқап, өздеріне берілген тақпақтарын айтты. Ұлттық би билеп, әуелетіп ән шырқады. Бұл білім жолына аттаған алғашқы қадамдары. Елбасының балабақшадағы білім беру жүйесін түбегейлі өзгер... |
Толығырақ... Оқылды: 1012 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 10.09.2021 |
Қамқоршы аға |
Мен аудандық партия комитетінің нұсқауымен ауаткомнан ауысып, аудандағы ең нашар «Еңбекші» совхозына партия ұйымының хатшысы болып сайландым. 10 айдан кейін, яғни 1971 жылы 8 наурыз күні осы совхоздың директоры болып тағайындалдым. Шынымды айтайын, Еңбекші совхозы түбегейлеп келгенде туған ауылымдай ыстық, болашақ бақытты да шабытты да алдағы небір қуаныш пен қасіретті де сол совхоздан табатынымды осы жолы білген жоқпын. Сонымен совхозға бет алдық. Ертеректе осы совхоздың негізін қалаушы «Амангелді» колхозында аты аңызға айналған Нұрмолда Алдабергенов те екі ай бастық болғанын білетінмін. Нұрағаңның аз ғана уақыт болса да қолтаңбасы қалған Амангелді ауылына ат басын бұрғанда еріксіз толқыдым. Себебі Нұрағаңмен алғашқы кездескен кездегі «Қызым» деген сөзінен көңілім толқып, жаңа дүниемнің астаң-кестең болып, әлдебір тылсым қуатты күштің бойымды шарпып өткенін күні бүгінге дейін сол алып қуаттың қысылған шақта бойыма нәр беріп, қуанған сәтте сабыр бер... |
Толығырақ... Оқылды: 1002 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 10.09.2021 |
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАҢАША КӨЗҚАРАСПЕН |
Жас ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу– қазіргі замандағы өзекті мәселенің бірі. Біздің болашағымыз – жас ұрпақтың, адамгершілік қасиеттермен тәрбиеленуі. Қазіргі таңда ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көңіл аудара отырып, сапалы білім беру талаптары қойылып отыр. Оның ішінде мектепте сапалы білім алуы мектепалды дайындығына және балабақша мен бастауыш мектептің сабақтастығымен тығыз байланысты. Білім саласындағы өзара байланыс бұрыннан да талап етілуші еді. Бірақ , ол кездегі бағдарламалар көп жыл бойы өзгермейтін, сондықтан ата-ана да, балабақша да бастауыш мектеп талабын біліп отырды. Ал, қазір бағдарламалар, технологиялар үнемі өзгеруде. Әр салада мамандар өз беттерімен жұмыстануда. Ұлы педагог А.А. Сухомлинскийдің «Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны оқытуға, тәрбиелеуге болмайды», -деген нақты тұжырымы сабақтастықтың керектігін көздейді. Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде... |
Толығырақ... Оқылды: 1228 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2021 |
НӘПСІ ТӘРБИЕСІ |
Ислам тарихында орын алған «Тәбук» шайқасынан кейін, сахабалар сусыз шөл далада шаршап-шалдығып, қарындары аш күйде кері қайтып бара жатқанда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кіші жиһадтан (жорықтан) үлкен жиһадқа (нәпсімен күресуге) оралдық», – деп айтқан. Нәпсімен күресу, оны тәрбиелеу – адам баласының екі дүниеде бақытты не бақытсыз болуын айқындайтын негізгі себептердің бірі. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды. Әлде кім оны кірлетсе, қор болды», – деген («Шәмс» сүресі, 9,10-аяттар). Халқымызда «Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең, мықты болсаң алдымен нәпсіңді жең», – деп айтылуы тегін емес. Өйткені нәпсіні тәрбиелеу үшін адамның бойында үлкен ерік пен жігер керек.Шәкәрім бабамыздың: Адамның сыртқы дене жаралысы, Нәпсісі – айуанмен анық теңдес. Бөлектігі – жалғыз-ақ таза ақылда, Әлің келсе, жол тап та осыны емдес! –... |
Толығырақ... Оқылды: 1242 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 10.09.2021 |
Сапасы сын көтермейтін халыққа қызмет көрсету орталығы |
Еліміздің басты байлығы Ата Заңымызда тайға таңба басқандай көрсетілген Адам, оның құқықтары мен бостандықтары - ең қымбат құндылық. Мемлекетіміз Қазақстан Республикасы болып өз егемендігіне қол жеткізгеніне биыл тұп-тура 30 жыл. Осы жылдарда Көксу ауданында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Ел еңсесін тіктеп, халықтың әл-ауқаты арта түсті. Жерлестеріміз балаларын жаңа немесе күрделі жөндеуден өткен білім ордасына беріп, сапалы, заманауи жабдықталған емхана, ауруханадан ем-домын алып реттеле бастады. Бүгінгі күннің басты саласына айналған, алайда жағдайы сын көтермейтін ауданымыздағы «Азаматтарға арналған үкімет» халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының қазіргі жай күйі өкінішке орай көңіл көншітерлік емес. Халықтан алынған сауалнамада ғимараттың тар екендігіне, қызмет көрсету терезелерінің аздығына және ішке сыймаған адамдар сыртта кезекте тұруға мәжбүр болғанына наразылық тудырған. Аудан халқының саны соңғы он жылда едәуір артқан. Оған қоса цифрландыру саясаты жұмылғанға... |
Толығырақ... Оқылды: 1237 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2021 |