АУДАН ТЫНЫСЫ
Хабарландыру!!! |
Балпық ауылдық округі бойынша газ тарту жұмыстарын «BSP GROUP LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Округ бойынша 2020 жылдың басынан бастап тұрғын үйді газға қосылу құны 320 мың теңгеден 250 мың теңгеге түсіп, жеңілдіктер жасалуда. Бұл жеңілдіктер ағымдағы жылдың 1-ші наурыз айына дейін жалғасын табатын болады. Сонымен қатар бұл жеңілдіктің ішінен тағы бес санат бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Олар, 1. Ұлы Отан соғыс ардагерлері және оған теңестірілген адамдар-100 % 2. Атаулы әлеуметтік көмек алатындарға-20% 3. Ауған соғысының ардагерлері және чернобыльға қатысқандарға-20% 4. 1-топ мүгедектерге-20% 5. 2-топ мүгедектерге-15% Бұл санаттағы адамдардың тұрып жытқан тұрғын үйлері өз жекеменшігінде болуы шарт. |
Толығырақ... Оқылды: 311 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 13.02.2020 |
«Стоп кражам»: В Коксукском районе все под контролем |
В районе с начала года усилена работа по профилактике краж скота. Последние случаи зарегистрированы в Айнабулаке, Коксу и Балпыкском сельском округе. На сегодняшний день поймана группа барымтачей, которые на протяжение многого времени воровали КРС, лошадей и овец местных жителей. Об этом сообщил районный начальник отдела полиции, подполковник Рамиль Гимадиев. - Все мы знаем, что законы ужесточены. В конце 2019 года Глава государства Касым-Жомарт Токаев подписал закон, направленный на совершенствование уголовного законодательства. Теперь скотокрадство переведено в разряд особо тяжких преступлений в Казахстане. Перевод его в категорию тяжких преступлений исключает примирение. За совершение преступления в составе преступной группы и в особо крупных размерах усиливается наказание до 12 лет лишения свободы, - сказал Рамиль Гимадиев. В целях снижения преступности в районе на постоянной основе проводятся различные разъяснительные работы и профилактические мероприятия, таких как «Кража... |
Толығырақ... Оқылды: 344 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 11.02.2020 |
КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ |
Көксу ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары аудан басшысының қатаң бақылауында. Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары аясында 32 шақырым арық, 55 шақырым канал, 2500 мың текше метр қар елді мекендер аумағынан шығарылып, ауыл ішіндегі арық іші қоқыс, топырақтан ашылып, сонымен қатар 32 дана су өткізу құбырлары да тазаланды. Ауданда арнайы 25 техника мен 100-ге жуық адамнан шұғыл әрекет ету жасағы құрылған. Айта кетейік 2018 жылы Мұқыры және Көксу бекеттерінде елді мекен ішіне су кіріп, ауыл тұрғындарына алаңдаушылық туғызған болатын. Алайда өткен жылы облыс тарапынан қаражат бөлініп, өзен және канал арналарының сағасын кеңейту, түбін тереңдету, тазарту жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күні өзен бойында тәулік бойы кезекшілік бекітіліп, қажетті қауіпсіздік шаралары қабылдануда. Сала мамандары өңірімізде су басу қауіпі жоқтығын айтып сендіріп отыр. Айгүл ЖЕТПІСБАЙҚЫЗЫ |
Толығырақ... Оқылды: 276 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 11.02.2020 |
Қылмыстық топтар құрықталуда |
Көксу ауданында мал ұрлығының алдын алу жұмыстары мен барымташылардың жолын кесу жұмыстары күшейтілді. Бұл туралы аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Рамиль Гимадиев хабарлады. Айтуынша жыл басынан Айнабұлақ, Көксу бекеттері мен Балпық ауылдық округінен қолды болған ірі-қара ұрлығы ашылған. Бүгінде бұл топтардың мүшелерін уақытша ұстау изоляторына қамап, тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. - Қылмыс санын азайту үшін заңдар қатайды. 2019 жылдың соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық заңнаманы жетілдіруге арналған заңға қол қойды. Кей қылмыстарға жаза ауырлады, айыппұлдар өсті. Мал ұрлығына қатысты бөлек бап болады. Осы қылмыста “теріс қылық” пен “орташа ауыр қылмыс” деген анықтама болмайды. Ал жазасы күшейтіліп отыр»,-деді Рамиль Гимадиев. Аудан орталығындағы қылмыстың алдын алу мақсатында «Мал ұрлығы" «Пәтер ұрлығы» сияқты тағы бірнеше профилактикалық шарасының, кешенді полиция күштер... |
Толығырақ... Оқылды: 339 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 11.02.2020 |
ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ – ЕРТЕҢГЕ БАҒДАР |
« Қаңтарда күн қарға адым ұзарады» демекші, бір аптаға дерлік уақытқа созылған округтер және аудан әкімінің 2019 жылды қорытындылаған есептік кездесулері өз деңгейінде өтті. Ендігі кезектегі аудан басшысы Әділ Алмас Қабдулұлының қорытынды есептік жиыны қаңтар айының 31-ші жұлдызында аудандық мәдениет үйінде өтті. Аталмыш кездесуге Алматы облысының мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсенбінов, облыстық мекемелер басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен ардагерлер ұйымы және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Алдыменен мінберге шыққан аудан әкімі өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін айтып, биылғы жылдың жоспарын жеткізді. - Жылдан-жылға экономикасы дамып келе жатқан ауданымыздың негізгі саласы – ауылшаруашылығы. Жалпы, бұл сала бойынша 31710 гектар ауылшаруашылығы дақылдары себіліп, аудандағы басымды дақыл қант қызылшасының көлемі 100 гектарға артып, 2000 гектарды құрады. 2019 жылы мемлекет тарапынан 687 млн. теңге көлемінде субси... |
Толығырақ... Оқылды: 304 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 11.02.2020 |
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ |
Қаңтардың 29-ы күні аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында аудандық ақсақалдар алқасы Амангелді Қалдыбектің төрағалық етуімен қоғамдық кеңес өтті. Жиынға аудан әкімі Алмас Әділ Қабдулұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы, бөлім, мекеме басшылары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселе – аудан басшысының 2019 жылы атқарған істері мен 2020 жылға арналған міндеттері жайында. Мінберге шыққан аудан әкімі өткен жылға сараптама жасап, баяндамасын оқыды: - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған бірінші Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саяси бағытының сабақтастығын сақтай отырып, бүгінгі Қазақстан дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді. Ең алдымен, бұл «Бес институционалдық реформа» мен «Ұлт жоспары», сондай-ақ Президенттің сайлауалды тұғырнамасында қойылған міндеттерді шешу. Осыған орай, біз берілген тапсырмаларды орындау үшін жұмыс... |
Толығырақ... Оқылды: 329 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 31.01.2020 |
ҚОС ОКРУГТІҢ ЕСЕБІ |
Өткен аптада бір аптаға созылған округ әкімдердің есептік кездесуінің нүктесі Мұсабек пен Жарлыөзек ауылдарында қойылды. Бозарып атқан таңмен Мұсабек ауылдық округіне аттандық. Округ әкімі жас та болса, өз ісіне берік – Жандос Жұмағұлов бұл кездесуге жақсы дайындалыпты. Қарап отырсақ, ауыл халқы бұл кездесуді асыға күткендей, барлығы дерлік жиналды. Мұсабек ауылы – ұлттық өнімді қолдайтын ауылдардың бірі. 12 отбасы ұлттық тағамдар: сүт, тары-талқан өнімдерін даярлап, сатуда. Аталған өнімдер Талдықорған қаласының әр сенбілік коммуналдық базары мен Көксу аудандық базарында жексенбі күндері сатылады. Мәдениет және спорт саласында да ауыл халқы алдыңғы орындардан көрініп келеді. Мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық жазғы спартакиядасында округтің бас маманы Айман Естаева жүлделі 3 орынға ие болған. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында өткізілген тоғызқұмалақ ойынынан Маулен Сейлхан, Айым Өскенбаева 1 орын, Салтанат Қайратқызы 3 орынға ие болып, ж... |
Толығырақ... Оқылды: 321 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 31.01.2020 |
АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ |
Ағымдағы жылдың 23-ші қаңтар күні Еңбекші ауылдық округінің әкімі Асқар Алпысбаев пен аудан әкімі Алмас Әділ халықпен кездесіп, есептік кездесулерін өткізді. Кездесуге жиылған жұртшылық Зылиха Тамшыбай ауылының мәдениет үйіне жиналды. Асқар Ахметқалиұлы 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы өркендеу бағытын қамтыған баяндамасында келтірілген жұмыстар жайын жүйелі жеткізді. Округте 10-дүкен, 1-кафе, 1-тұшпара цехы, 1-диірмен, 2-жылыжай, 1-ЖШС халыққа қызмет көрсетуде. Коммуналдық салаға тоқталатын болсақ - Зылиха Тамшыбай ауылындағы 3 көшеге және Бесқайнар ауылындағы 1 көшеге түңгі жарық шамдар орнатылған, барлығы 113 дана. «Beeline» және «Теле-2» ұялы байланыстарының тарату станциялары орнатылған. Аудан басшысы да өзінің атқарған істерін барынша түсіндіріп өтті. Кездесу соңында ауыл тұрғындары өз аттарынан аудан көлеміндегі атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері толатындығын айтып, «қанағаттанарлық» деген бағаларын да бер... |
Толығырақ... Оқылды: 318 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 31.01.2020 |
Баспана бақыты бұйырды |
Қазақ елі – Мәңгілік Ел болуды мұрат етіп, ұлы дала елінің асқақ армандарына қол жеткізуде. Тәуелсіз еліміз жыл сайын биік белестерді бағындырып келеді. Өткен жылы қазақ елі Тәуелсіздіктің 28 жылдығын атап өтті. Осы уақытты адамзат тарихының қас-қағым сәті ғана десек те, қазақ елі 28 жылдың ішінде елдіктің еңсесін тіктер қарқынды қадамдарды жасап, дербестігін бекемдей түсті, келешегіне кемел жоспар құрды. Халықтың әл-ауқатын арттырар бағдарламалар қабылдады. Сол бағдарламалар арқасында өңірлер дамып келе жатыр. Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан бүгінгі Көксу ауданының келбеті кімнің болса да таңданысын тудырары анық. Қазіргі таңда әсем де көрікті ғимараттары алыстан көз тартады. Оқтаудай түзу көшелері де жөндеуден өткізіліп, көпшілік игілігін көруде. Аудан орталығында жаңадан шағын аудандар, сауда орталықтар, демалу орындары ашылып жатқаны белгілі. Өткен жаздың өзінде «Евразия», «Көк базар» сауда орталықтарының ашылуы үлкен оқиға болды. Өткен жыл аралығы... |
Толығырақ... Оқылды: 316 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 31.01.2020 |
"БӘРІ БАСҚАША": ОН МЫҢ ТОННА ҚЫЗЫЛША ЖИНАҒАН КӘСІПКЕР ЖОСПАРЫМЕН БӨЛІСТІ |
Өткен жылы Қалибек Алпысбаев басқаратын «Алан» сервистік-дайындау орталығы (СДО) 10 мың тонна қызылша жинады. «Ауа райы аздап қолайлы болғанда, өнім көлемі айтарлықтай жоғары болар еді», – дейді кәсіпкер. Соған қарамастан жиналған өнім нәтижесі көңіл қуантады. Кәсіпкер өзінің туған жері Көксу ауданында еңбек етеді. Ол он алты жылдан бері ауылшаруашылығымен айналысады. 2003 жылы «Кең дала» шаруа қожалығын құрып, жұмысын түрлі дәнді дақылдарды өсіруден бастады. Қант қызылшасын жаңғырту бойынша ауқымды науқан басталғанда Қалибек аға облыс басшысы Амандық Баталовтың бастамасына үн қосып, қолдау білдірген кәсіпкерлердің бірі болды. Сол кезде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес СДО-лар құрылып, кәсіпкерлерге субсидия, ауылшаруашылығы техникасы, тұқым мен гербицидтер беріле бастады. «Алан» СДО жан-жақты мемлекеттік қолдаудың шарапатын көрді. Алғашқы жылы тәтті түбір 30 гектар жерге егіліп, әр гектарынан 500 центнер өнім жиналды. Одан... |
Толығырақ... Оқылды: 319 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.01.2020 |