ИМАНАШАР

Отағасын разы қылудың 6 жолы

1.Құрмет. Бәрінен бұрын, әрбір ер кісі әйелінің құрметтегенін қалайды. Құрмет көрсету оны тыңдауда, нақты бір мәнермен сөйлеуде және дауласудан аулақ болуда көрінеді. Сонда, сіздің құрметіңізді сезінген күйеуіңіз сізге екі есе құрмет көрсететін болады. 2.Бағалау. Еріңіздің барлық қырын бағалаңыз. Оның келбетін, ақылын, қабілеттілігін айтып мақтап, тәнті болып жүріңіз. Сіздің қасыңызда ол өзін ерекше жаралған адамдай сезінсін. Сонда отағасы сізгебар жылуын төгіп, аса бағалайтын болады. 3.Разы болу. Күйеуіңіздің сіз үшін, отбасы үшін жасап жатқан күнделікті жұмыстарына ризашылығыңызды білдіріп отырыңыз. Оның ынта-ыждаһатын, отбасына деген қамқорлығын әрдайым бағалайтыныңызды білдіріп, ризашылығыңызды көрсетіңіз. Сонда, еріңіз сіздің демеуіңізді сезініп, арқалана әрекет ететін болады. Сәйкесінше ісі берекелі, тірлігі табысты болады. Әрбіл ұлы еркектің артында ұлы әйелдің тұратынын ұмытпаңыз. 4.Сүйіспеншілік. Күйеуіңізге оны қаншалықты жақсы көретіндігіңізді көрсетіп о...
Толығырақ... Оқылды: 401 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 19.06.2019

Әкенің қадірін тірісінде біл!

Күндердің күнінде дәулетті отбасында еркелеп өскен жалғыз жігіт университет бітіріп, диплом алғалы жатады. Ол әкесіне оқуды бітіргенде көлік алып беруін бұрыннан сұранған еді. Күндер өтіп диплом да қолға тиеді. Әкесі баласын жеке кабинетіне шақырады. Жігіт іштей көптен күткен көлік сыйлайтын болды деп қатты қуанады. Кабинетке кірген бойда әкесі оған сырты безендірілген Құран Кәрім кітабын сыйлайды. Бала ашуға бой алып: — Осындай дәулетің бола тұра маған бір ғана кітап ұсынып тұрсың ба?-деп Құранды кітап сөресіне қойып, есікті қағып шығып кетеді. Арада бірнеше жылдар өтеді. Әлгі жігіт үлкен мансап иесі болып, зәулім үйі мен бірнеше көліктері болады. Алайда, ол әкесімен осы уақытқа дейін қатынаспаған еді. Содан бір күні екі қолы өзіне жеткенде әкесін есіне алады да бір рет жағдайын сұрап, кіріп шығу үшін қарашаңыраққа бет алады. Әкесі ол уақытта дүниеден өтіп кеткен болатын. Артындағы бар дәулетін жалғыз ұлына мирас ретінде қалдырыпты. Жігіт мирастың құжаттарын реттейін де...
Толығырақ... Оқылды: 394 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 18.06.2019

Жақсы қасиеттер көп, бірақ ашуды жұту бөлек

Ибн Аббас деген танымал тәпсірші: «Алланың құзырында жұтылған ашудан артық сүйкімді нәрсе жоқ. Кімде кім ашуын жеңіп, оны жұтып қойса, Алла оның кеудесін иманға толтырады…», – дейді. Көрдіңіз бе, Алла назарында ішілген су емес, желінген ас емес, жұтылған ашу сүйкімді. Неге аятта да, хадистерде де «жұтылған» деген сөзді қолданады. Осы жағына бүгінгі жаңа ғылым мамандары көңіл бөлулері керек. Ашудың келуі таза рухани дүние ме, әлде ол физиологиялық процеске жата ма, оның адам бойында айналып жатқан қанына қандай қатысы бар, ашуланғандағы қуаттың түпкі өзегі қай жерде, ағзадан бөлінетін сөлдердің ашуға қандай қатысы бар деген секілді көптеген сұрақтар өз шешімін табуға тиіс. Енді мәселенің тағы бір қырына келейік. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Нағыз күштілік тастарды көтеретіндей балуандықта емес, өз ашуын жеңе білуде» деген хадисі көпшілікке белгілі. Нағыз күш немен өлшенетінін осыдан-ақ байқаймыз. Алайда ашуды жұтудың Қиямет...
Толығырақ... Оқылды: 460 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 18.06.2019

Алла сүймейтін 9 адам

Тіпті бізді Алланың разылығын алуға итермелейтін игі ынтамыз бен үмітіміз бола тұра, біздің мақсатымыздан бізді алыстатар бірқатар сипаттарымыз бар. Игі амалдар жасаумен байланысты осы сипаттар біздің жүректерімізді қарайтып, иманымызды әлсіретеді. Өзімізді осы тұңғиықтардан қалай қорғауға болады? Бұл жөнінде Қасиетті Құранда келтірілген аяттардың бірнешеуімен танысайық: 1.Және оларға: «Аллаға әрі Пайғамбарға бой ұсыныңдар» де. Егер олар бет бұрса, сонда Алла қарсы болушыларды сүймейді»(3:32) 2. «Өздеріңмен соғысқандармен Алла жолында соғысыңдар да шектен шықпаңдар. Негізінен Алла (Т.) шектен шығушыларды жақсы көрмейді» (2: 190) 3. «Олар жер жүзінде бұзықтыққа тырысады. Алла бұзақыларды жақсы көрмейді» (5:64) 4. «Бір жамандықтың жазасы өзіндей ғана жамандық. Сонда кім кешірім етіп, жарасса; онда оның сыйлығы Аллаға тән. Күдіксіз Ол, залымдарды жақсы көрмейді»(42:40) 5. «Алла (Т.) ға құлшылық қылыңдар. Оған еш нә...
Толығырақ... Оқылды: 322 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 17.06.2019

Адам болу мінезден...

- Адамдар көбіне тұғырсыз, қисынсыз, өзімшіл келеді. Қайткен күнде де оларды кешіре біл. -Егер аса мейірбан болсаң, ел-жұрт сені өзімшіл, бір бармағы ішінде деп қаралайды. Бәрібір мейірімді болып қала бергейсің. -Атақ-даңққа қолың жетсе, шынайылықтан жұрдай достар мен қастығы хақ дұшпаның көп болады. Сонда да мықтылығыңнан танба, жетістіктен бас тартпа. -Сен жылдар бойы іргесін қалаған бақытты біреу кеп әп-сәтте құрта салуы мүмкін. Сонда да мойыма, бақытқа ұмтыла бер. -Жан тыныштығың мен бақытыңды тапсаң, басқалар күндей бастайды. Сонда да бақытты бол. -Бүгін жасаған жақсылығың ертең ұмытылуы ықтимал. Сонда да жақсылық жасаудан жалықпа. -Бойыңдағы бар ғажапты әлемге тарат, мұның бәрібір теңізге тамған тамшыдай жұтылып кетеді. Сонда да қолда бар игілігіңді таратып беруден тартынба. -Ең ақырында бұның бәрі сенің Құдаймен әңгімең екенін түсінесің. Бұның барлығы ешқашан сенің өзгелермен қарым-қатынасың еместігіне көз жеткізесің.
Толығырақ... Оқылды: 444 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 17.06.2019

БАЙ БОЛУДЫҢ 2 ЖОЛЫ

Алла Тағала пенделерін кең мейірім, рақымымен сан-алуан нығметке бөлеген. Ішіп-жеу, киім-кешек, дүние-мүлік тәріздес нығметтердің барлығы Алла тағаланың құлына сыйлаған ерекше сыйы. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Сабырлылық, үнемділік және қажетсіз ысырапшылдыққа жол бермеушілік, пайғамбарлық сипатының жиырма төрт қасиетінің бірі. Ысырапшылдыққа жол бермеңіз», – деп ескертеді. Ал адамзатқа жүктелген міндет – сол берілген сансыз нығметтерді жөнімен қолданып, астамшылық көрсетпей, ысырапшылдыққа жол бермей, үнемшіл болу керек. Егер бай боламын десеңіз, онда оның екі жолы бар, бірі ысырыпқа жол бермеу, екіншісі үнемшіл болу. Осы орайда, ата-бабамыз «Тарта жесең тай қалар, тартпай жесең не қалар!?», — деп бекерге айтпаса керек-ті. Ысырап – Алла Тағаланың сыйлаған әрбір нығметін өз орнымен қолданбау, яғни ысырап деген: Алла Тағала сүймейтін іс, үлкен күнә, дүние-мүлкіңді орынсыз шашу, уақытыңды дұрыс қолданбау, берекені қашыратын жа...
Толығырақ... Оқылды: 431 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 14.06.2019

Үш адамнан ешуақытта ақыл сұрама

Сараңнан жақсылық жайлы, қорқақтан жорық хақында, ал жігіттен айттыратын қызың туралы ақыл сұрама. Бұл сахаба Убайдуллаұлы Талханың (р.а.) сөзі. Кеңесіп пішкен тон келте болмас дегендей маңызды мәселеде үнемі ақылдасып шешім қабылдаған жөн. Сахаба айтары бар, белгілі деңгейде тәжірибелі адаммен ақылдасып, кеңесу қажеттігін үйретеді. Үш түрлі адамды мысал ретінде келтірген. Олар: сараң, қорқақ және бойдақ жігіт. Кісі тұрмақ өз бала-шағасынан да аяйтын сараңнан қайырымдылық жасауға қатысты ой бөлісіп, ақылдасудан береке таппайсың. Сол сияқты, су жүрек қорқақтан шайқасу жөнінде кеңесу ақылдының ісі емес. Ал, бойдақ жігіттен қыз жайлы сұрау тіпті дұрыс емес екенін айтып отыр. «Бір кісінікі – мақұл, екі кісінікі – ақыл» демекші, кеңесу ақылдылықтың белгісі. Ақылшы дос, ниеттес ағайын, болмаса өмірлік тәжірибесі бар, өз ортасында ақылдылығы һәм парасаттылығымен танылған тұлғада ақыл сұраған жөн. Лұқман Хәкім баласына: «Өмір көргенмен кеңес. Ол саған өмірлік тәжі...
Толығырақ... Оқылды: 448 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 14.06.2019

Алла Тағала кімді сынайды?

Алла Тағала барлық пендесін түрлі жағдайларда сынайды. Отбасына қатысты, қызметімен байланысты немесе кенеттен келген олжамен, саудадан түскен пайдамен де сынауы әбден мүмкін. Алланың сынағынан аман қалған пенде жоқ. Барлық адам әйтеуір бір сынаққа ұшырап отырады. Алла тағала Құранда: «Әрине, сендерді қауіп-қатер, ашаршылық пен малдан, жаннан сондай-ақ, өнімнен кеміту арқылы сынаймыз (Мұхаммед (с.ғ.с.) сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр! Қашан оларға бір қайғы жетсе олар: «Шын мәнінде біз Алланыкіміз және Оған қайтушымыз» – дейді. Міне соларға, Раббылары жақтан жарылқау және мархамет бар әрі олар тура жолдағылар» (Бақара: 155-156). Егер адам осындай сынақтан өтсе, онда оған Алланың жарылқауы бұйырады. Өйткені ол басына түскен сынақ машақатын ерлікпен жеңе білді. Алдынан шыққан қиындықтарды Алладан келген уақытша сынақ деп түсініп, қарсы күресті. Сондай-ақ, Алла Тағала пендесін молшылықпен сынағаны сияқты, таршылық пен де сынайтынын естен шығармағ...
Толығырақ... Оқылды: 415 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 14.06.2019

НЕГЕ АДАМДАР ҚИЫНДЫҚ КӨРЕДІ?

Қиындықтан қамығып жаны жүдеген, жалғыз қалып, жақсылықтан күдер үзген бауырым! Өмірге деген құлшынысың құлдырып, жабығып жүрсең, мынаны оқы! Құран Кәрімнің «Әнкабут» сүресінде мынадай аят бар:«Адамдар «Иманға келдік» деп айтумен ғана сынаққа алынбай қалдырыламыз деп ойлай ма?» Тәпсір ғалымы Ибн Кәсир бұл аятты түсіндіріп былай дейді: «Алла Тағала Өзінің мүмін құлын оның иманының деңгейіне қарай сынайды. Иманы күшейе түскен сайын сынақ күрделене береді, ал иманы әлсіз кісі сеніміне қарай сыналады». Бұл аяттың талдауын Пайғамбарымыздың (ﷺ) мына хадисімен де түсіндіруге болады:«Адамдар арасында ең қиын сынаққа түсетіні – пайғамбарлар. Содан кейін салих ізгі құлдар, сосын сол секілді адамдар. Кісі өз дініне (иманына) қарай сыналады. Егер діні (иманы) қатты болса, сынағы арта түседі» Сондай-ақ, атақты тәбиғиндердің бірі, ғалым Мужахид: «Бұл аяттың түсу себебі, мүмін пендесін сынау – Алланың дәстүрі, заң...
Толығырақ... Оқылды: 453 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.06.2019

САНАСЫНА КЕЛСЕ – САБАСЫНА ТҮСЕДІ… НЕМЕСЕ ТӘРБИЕНІҢ ТОҒЫЗ ТІРЕГІ

Жүсіпбек Аймауытов: «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе – баланы жан-жақты білу» дейді. Рас, кейде баланың болмысы мен табиғатын терең танымай, айтқанымызға көндіруге тырысамыз. Қабілетін ескермей, шамасынан тыс тапсырма жүктейміз. Әке мен бала арасындағы түсінбеушілік осыдан басталады екен. Осы ретте бала тәрбиесіне қатысты білсек – байқамай қалатын, сезсек – сезінбей жататын бірнеше факторларды ескере кеткіміз келеді. Біріншіден, оған сөзбен емес, іспен үлгі болу. «Айтпа – көрсет, үндеме – үйрет» деген принцип осындайда ауадай қажет. Оның көзінше күнәлі іске бой алдырмай, барынша теріс қылықтарды жасаудан бас тартқан абзал. Өйткені бізден кеткен қателікті періште сәби «дұрыс екен» деп қабылдайды. Әсіресе біреу іздеп келгенде немесе телефон арқылы хабарласқан сәтте баланың аузымен «әкем үйде жоқ» деген өтірік сөзді айтқызу – апатқа апаратын амал. Өзіміз өтірікке үйір болғанымызбен қоймай, баланы да осығ...
Толығырақ... Оқылды: 374 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.