ӘЛЕУМЕТ

Әр азаматтың парызы

Президент референдумның уақытын белгіледі. Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы идеясын қолдауымыз керек. Осы науқанды өткізуге Үкіметпен бірлесіп қатысуға, кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруымыз қажет. Біздің Президенттің АЭС салу жөніндегі бастамасын қолдап, оның іске асуы үшін барлық күш-жігерді жұмсап, көмектесуіміз әрбір азаматтың міндеті деп білуіміз керек. МҰСТАФА Хұсайын Дәуітұлы, "Qazaqstan Chernobyl ARDAGERLERI" қауымдастығының орталық кеңесі" ЗТБ және "Жетісу облысының Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері" ҚБ кеңесінің төрағасы
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.09.2024

База исследовательского реактора Института ядерной физики

Ежегодно миллионы людей проходят медицинские диагностические процедуры — КТ, ПЭТ и другие. Для нас это уже считается привычным делом. Вместе с этим, ядерная медицина помогает не только находить, но у устранять заболевания, спасая миллионы жизней. Радиофармпрепараты лечат большинство распространенных онкологий — рак щитовидной железы, рак простаты, рак печени, нейробластомы, лимфомы, метастазы в костях и другие. Для удовлетворения внутренних потребностей медицинских радиоизтопов в Казахстане налажено собственное производство на базе исследовательского реактора Института ядерной физики.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.09.2024

Атом электр станциясын салу елімізді энергетикалық тәуелділіктен құтқарады

«Атом электр станциясын салу елімізді энергетикалық тәуелділіктен құтқарады». Батыс Қазақстан облысындағы қоғамдық ұйым өкілдері осындай пікірде. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Экономиканы мол энергия қорынсыз дамыту мүмкін емес. АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумға қатысып, дауыс беру де әр азаматтың парызы дейді жұртшылық. Қайролла Сабыров, «Нарын қасіреті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы: Атом электр стансасын салу туралы әңгімелерге толық қосыламын. Себебі, АҚШ-та 97, Ресейде 37, Жапонияда 17, Қытайда 55, Францияда 56 АЭС бар. Мұның бәрі ақылсыздықтан жасалып жатқан нәрсе емес. Мынатаубиік Әнесов, «Ауыл» ХДПП облыстық филиалы төрағасының орынбасары: Тек қана «Ауыл» партиясы ғана емес, басқа партиялармен бірге бір жеңнен қол шығарып, референдумды қолдауға тиіспіз. Референдумға толық қатысайық. Әркім өзінің үнін айтсын. Әркімнің конституциялық құқығы бойынша айтады ғой, жақ па,...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.09.2024

АЭС пен Ұлттық Мүдде

«АЭС құрылысы айқай-шусыз басталмайды». Түрік әріптесімнің пікірі осы төңіректе. Бұдан біраз жыл бұрын Анкарадағы билік атом стансасын салуды ұйғарды. Мердігер деп Батыс компанияларын емес, Росатомды (Ресей) таңдады. Сол-ақ екен, наразы ұйымдар мен топтардың жойқын қарсылығы Анадолыны астаң-кестең ете жаздады. Түрік үкіметі тежеліп, айылын тартқандай болды. Бірақ қос өкпеден қысқан энергия тапшылығы ақыры Мерсин уәлаятында құрылысты бастауға алып келді. Сол Аққұйу АЭС-і салынып жатыр. Жақында Мәскеуге салынған санкциядан «салқын сыбағасын» алғанына қарамастан… Алдағы айдың басында атом электр стансасын салу бойынша елімізде бүкілхалықтық референдум өтеді. Мемлекет басшысы бұл туралы халыққа арнаған Жолдауында жария етті. Президенттің пікірінше, отандық экономика барған сайын қуат көзін көптеп қажет етеді. Мұндай сұранысты атом энергиясы қамтамасыз ете алады. Қасым-Жомарт Тоқаев дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге АЭС жұмыс істеп отырғанын атап өтт...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.09.2024

Дәурен Әбен: АЭС салу – энергетикалық тәуелсіздікке жеткізеді

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Халықаралық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Дәурен Әбен елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайдыEl.kzақпарат агенттігі. Оның айтуынша, Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі шынымен де біздің қоғамда көптеген пікірталас тудыруда. Талқылау энергетикалық тәуелсіздік, АЭС-тың жұмыс қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, экономикалық тиімділік, саяси негізділік және т.б. факторлардың төңірегінде өрбіп жатыр. Семей полигонындағы ядролық сынақтардың қасіретті мұрасын және Чернобыль АЭС-дағы апат салдарын жоюдың қайғылы тәжірибесін ескерсек, Қазақстан тұрғындарының алаңдаушылығын түсінуге болады. Атом энергетикасына қатысты пессимизм Жапониядағы «Фукусима-1» АЭС-та болған ауқымды табиғи және техногендік апаттан кейін күшейе түсті. Дегенмен, сол апаттың нәтижесінде халықаралық қауымдастық ядролық қауіпсіздікті барлық аспектілерде қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін қа...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.09.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Құрметті депутаттар! Баршаңызды кезекті сессияның ашылуымен құттықтаймын! Ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге табыс тілеймін. Өткен сессияда жемісті жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, Парламенттің екінші сессиясында 102 заң қабылданды. Оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар бар. Сондай-ақ ғылым және технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енді. Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатаңдады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды. Қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар екені жасырын емес. Бұл – өте өзекті мәселе, қоғамды...
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2024

«Жетісу Әкелер мектебі» әлеуметтік жобасы іске асырылуда

Облыс аумағында маусымнан қарашаға дейін мектеп өміріне әкелер қауымын тарту, белсенділіктерін арттыру және ер азаматтардың тәрбиедегі рөлін арттыруға бағытталған «Әкелер мектебі» жобасы іске асырылуда. Жоба әкелік институтын нығайтуға және дамытуға бағытталған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және жобадағы негізгі іс-шаралармен қамтамасыз етіледі. Оған кемінде 50 жалпы білім беретін мекеме қатысады. Онда өз балаларының өмірі мен тәрбиесіне белсенді қатысуға дайын, жауапты және белсенді әкелерді қалыптастыруға ықпал ететін түрлі іс-шаралар мен тренингтер өткізілетін болады.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.09.2024

25-қазан Республика күні

25-қазан Республика күні – еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі. 1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР жоғарғы кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл декларацияның қабылдануы еліміздің тәуелсіздігін алуға деген үлкен қадамдардың бірі болып есептеледі. 5 жылдан кейін, яғни 1995 жылы 18 қазанда ҚР Президенті Жарлығымен 25-қазан Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі - Республика күні болып жарияланды. Сондықтан, елімізде Республика күні ұлттық мереке болып белгілену жайдан жай емес, ол дегеніміз еліміздің құрылуындағы ең маңызды күн екенің белгісі. Ұлттық мереке еліміздің жастарының Отанға деген патриоттық сезімін оятып, өз тарихымызды, еліміздің қазіргі тәуелсіз, егеменді ел қатарына қосылудағы өткен талай қиындықтарын еске түсіріп тұрады деген ойдамыз. Қазақ елі бұл күнге онайлықпен жеткен жоқ, оны біз тарихтан жақсы білеміз және ол туралы келер ұрпақ ұмытпаса екен. Осы қан мен тердің көмегімен келген егемендіг...
Толығырақ... Оқылды: 96 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.10.2023

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі шеңберінде жұмыс істейтін халықтың мүдделерін қорғау

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2005 жылдан бастап әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрлі жағдайы басталған кезде жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде енгізілді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілер жұмыскерлері үшін, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар өздері үшін төлейтін ең төменгі жалақының кемінде бір және жеті еселенген мөлшерінен аспайтын кірістің 3,5% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар есебінен қалыптастырылады. Бұл ретте әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарналары сияқты қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен төленеді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру ынтымақтастық принципіне негізделген, өйткені әлеуметтік аударымдар барлық жұмыс істейтін азаматтар үшін төленеді, ал төлемдерді тек әлеуметтік тәуекел туындаған адамдар ғана ала алады. Қордан асыраушысынан айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлем асыраушысынан айырылуы бой...
Толығырақ... Оқылды: 88 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.09.2023

ОТБАСЫМ - МЕНІҢ БАЙЛЫҒЫМ

Отбасы — сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» демекші Көксу аудандық "AMANAT" партиясы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Отбасы күні» мерекесіне орай «Отбасым менің байлығым» атты шара өткізді. Партия консультанттары Көксу аудандық мәслихатының депутаты,жас отбасы атанған Байгабулов Нұрлан Сейілханұлыны мерекемен құттықтады.Көксу ауданының орталық ауруханасының мейіргерімен бірге медициналық кеңес беріп,балалардың денсаулығын тексерді.«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсын. Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесім кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Толығырақ... Оқылды: 92 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.09.2023
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.