ӘЛЕУМЕТ
Азаматтар әскери міндеттерін орындауға дайын |
Алматы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті қарасай аудандық қорғаныс бөлімі мен әкімдікпен бірлесе отырып аумақты қорғауды күшейту үшін әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыруды бастады. Ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап 30 тәулік мерзімге әскери міндеттілердің сандық және сапалық құрамы анықталды. «Асыл Арман» тұрғын үй кешенімен өзгеде карантин жарияланған аймақты қорғау үшін 5 офицер, 15 сержант, 58 солдат және жиынға шақыруышалр жасақталылды. Олар әрмен қарай Алматы облысы полиция депортаментімен бірлесе ел тыныштығын сақтау мақсатында қызметтерін жалғастыратын болады. Әскери міндеттілерді іріктеу пункті аудан орталығында орналасқан. Өйткені, арнаулы жиындарға шақырту алушылардың барлығы Қарасай ауданының елді мекендерінде тұрады. 5 сәуірде әскери міндеттілер Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Қонаев көшесі, 1 «№1 БЖСМ » ғимаратында орналасқан», мекемеде толық медициналық тексерістен өтті. Қарасай ауданының әкімдігі сп... |
Толығырақ... Оқылды: 245 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2020 |
Ұйғыр ауданында 50 отбасыға тегін маска таратылды |
Елдегі төтенше жағдайға байланысты республикамыздағы әр өңір Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырамасын бұлжытпай орындау мақсатында түрлі шараларды іске асыруда. Осы тұрғысында Алматы облысы тым белсенді екенін атап өткен жөн. Жер әсемі Жетісудың басшылары жастар және еріктілермен бірігіп қарқынды еңбек етуде. Бүгінгі таңда облыс бойынша 17 аудан мен3 қалада барлығы520 қайырымдылық акциялары өткізілді. Оның ішінде аудан, қала көлемінде дезинфекциялық жұмыстарға атсалысу, азық-түлік тасымалдау, медициналық антисептик, жеке гигиеналық заттар және бетпердемен қамтамасыз етумен айналысуда.Осындай игі шараны қолдаушыөңірдің бірі Ұйғыр ауданы. Ондағы еріктілердің фронт-кеңсесінде тәулік бойы әлеуметтік желілерде хабарлама, телефон арқылы тұрғындардың сұранысын қабылдайтын желі жұмыс жасайды. Әлеуметтік желі арқылы көмек сұрап байланысқандар саны – 1, қауырт желінің көмегіне жүгінгендер – 14 адам. Еріктілер ұзын саны 6акция өткізген. Қайырымдылық шарасы барысында, әлеу... |
Толығырақ... Оқылды: 202 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2020 |
Ақсу ауданы астықтың отаны |
Шөбі шүйгін, топырағы құнарлы, суы мөлдір , ауасы саф өлке – Жетісу. Көз тартар табиғаты тек сұлулық үшін жаралмаған. Сондан болса керек Асан қайғы бұл жерді Жерұйық мекен дегені. Жерінің асты мен үсті де қазынаға толы өңірде шаруаның қай түрі болмасын қарқынды дамыған. Соның бірі, ауыл шарушылығы. Аталған шаруа түрі кең өріс алған аумақ Ақсу ауданы. Дақылдың сан түрі өсетін бұл аймақ астықтың отаны. Биылғы жылы 61 мың 017 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын себу жоспарланған. Оның ішінде; 9500 гектар күздік бидай, 3500 гектар жаздық бидай, 14050 гектар жаздық арпа, 2350 гектар жүгері, 400 гектар сұлы, 3167 гектар қант қызылшасы, 500 гектар күнбағыс, 1300 гектар май бұршақ, 3821 гектар мақсары, 1600 гектар картоп, 353 гектар көкөніс, 276 гектар бақша, 10200 гектар мал азығы дақылдары. Жер аяғы кеңісімен егін егу жұмыстары басталып кеткен. 37 200 гектар аумақты өңдеу жұмыстары жасалынса, 31200 гектар жер жыртылып дайын тұр. 12500 гектарға дәнді-дақылдар, 190 гектар же... |
Толығырақ... Оқылды: 273 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2020 |
Бірлігіміз сақталсын |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы шықты. Мақаласында Елбасымыз қазіргі халықтың басына түскен қиын жағдайда бірлігімізді сақтауымыз керек екендігін айтты. Осы сәтте бір-бірімізді демеп, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қолдау көрсету керек деді. Осы мақсатта барша кәсіпкерлерді қолынан келгенше қайырымдылық жасауға шақырамын. Қиын сәттерде адамгершілігімізді жоғалтпай, елдің аман есен осы қиыншылықтан шығуына барынша үлес қосайық. Адетбеков Шакарым Байгужинович ЖШС «Балпық» |
Толығырақ... Оқылды: 207 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2020 |
Халық еңсесі көтерілді |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы қазақ халқының еңсесін бір көтерді. Себебі, Қазақ халқы мұндай ауыр күндерде ,әрине Тәуелсіздік таңы атқаннан бері бірге қадам басып келген Тұңғыш Президенті - Сізді, Сіздің үндеуіңізді күтеді. Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ халқының бүгінгі күнге жетуіне, ынтымақта өмір сүруіне ықпал еткен сындарлы саясаты мен ұтымды реформаларының арқасында, қазақ елі көптеген сынақтардан өтіп, биік белестерді бағындырып, бүгінде әлемді жайлаған ауыр індетпен күресуде. Қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық болмысын жоғалтпай бірлікте жұмылып ауыр індетпен күресуі Нұрсұлтан Әбішұлының «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» баяндамасының жемісі деп білемін. «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» - деп Тұңғыш Президентіміз айтқандай, бүгінгі күні қымбат қазына – адамның өмірін ауыр індеттен арашалап қалу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып ж... |
Толығырақ... Оқылды: 226 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2020 |
Елбасы мақаласына пікір |
Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елде төтенше жағдай кезінде елді ауызбіршілікке жұмылдырып, індетті жеңуге бағытталған шараларға қолдап білдіріп, бірігіп жұмыс істеуге шақырды. Алты құрлықты азуына алып, адамзатты әлжуаз хәлге душар еткен COVID-19 вирусы біздің елімізге де өз залалын тигізіп, баяғы тыныш қалпымызды бұзды. Әр ел бүгінде вирустың таралып кетуіне жол бермеу үшін өзінше әрекет етіп азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр. Біздің мемлекетіміз қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Тиісті сақтандыру шараларын жасады. Санитарлық бекеттер орнатылып, тәртіп қатаңдатылды. Нәтижесінде індеттің етек алып кетуіне жол бермеу үшін жауапты сала мамандары бар күшін аямай жылдам әрекет етуде. Індет адамзаттың тек тән саулығын сынап жатқан жоқ, бүйректен тиген соққы болып ғаламның экономикасы да секем алып, көптеген мемлекет абдырап отыр. Дегенмен ел билігінің тиісті уақытта тиімді шешімдер қабылдауының арқасынд... |
Толығырақ... Оқылды: 220 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2020 |
БІРЛІГІ МЫҚТЫ ЕЛ |
Күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “ Бірлесе білген ел бәрін жеңеді” деген мақаласын жприялаған болатын. Шындығында да, бірлігі мықты ел бәрін де жеңеді. Бұл коронавирус инфекциясы – өте ауыр індет, сол себептен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы дүние жүзі бойынша пандемия деп жариялады. Осыған байланысты президент Қасым- Жомарт Кемелұлы елімізге бірқатар жеңілдіктер жасап, өз Үндеуінде көптеген мәселелерді көтерді. Елбасының мақаласына сүйенсек, Қазақстан елі осы дерттің алдын алған бірден- бір елдердің бірі болып келеді. Соның нәтижесінде, әр облыста карантин жарияланып,ахуал тұрақталуда. Кезіндегі Елбасының сарабдал саясатының арқасында бүгінгі күні өзге мемлекеттер өздеріндегі жағдайға қарамастан елімізге көмек қолын созуда. “Саламатты Қазақстан” бағдарламасы аясында елде көптеген нысандар салынды, соның арқасында індеттің алдын-алу шаралары үдеді. Осы орайда дәрігер өздерінің біліктілігін көрсетуде. Әрине, мына жағдай еліміз үш... |
Толығырақ... Оқылды: 198 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2020 |
Бірлесе білген ел бәрін жеңеді |
Тәуелсіздік жылдары ел өмірінің ең қиын да күрделі кезеңдерінде мен кез келген мәселені қадірменді отандастарыммен бірге бүкпесіз, ашық талқыға салып, туған халқыммен үнемі ой бөлісіп келемін. Бүгінгідей бүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен қазіргі сәтте де баршаны сабырға, байсалдылыққа шақырып, тағы да жұртыма ақ тілеулі сөзімді арнағалы отырмын. Тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіруде. Қазірдің өзінде дүние жүзі бойынша 1,4 миллионнан астам жан осы сырқатқа шалдығып, ондаған мың адамның өмірі қиылды. Сондықтан әлем мемлекеттері қатерлі дертке бірлесе дауа іздеп, бүгінгі заманның бар күш-қуатын, ақыл-ойы мен ғылым-білімінің жетістігін ортақ мақсат жолына бірлесе жұмылдырып, ынтымақтаса әрекет етуде. Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Мемлекеттік органдар арнаул... |
Толығырақ... Оқылды: 196 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2020 |
ТЖ кезінде микроқаржы ұйымдары жұмысын жалғастырады |
Алматы облысы бойынша мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Қайрат Қажыманұлы тағы да қаулы шығарды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз – мәслихатында белгілі болды. Облыс аумағына коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Алматы облысы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау үшін, "азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚР Заңына, "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес қаулы қабылданған. Жаңа қаулы 10 негізгі пунктен тұрады. Төтенше жағдай түптеп келгенде кәсіп иелерін әуреге салғаны анық. Дерттің өршуіне жол бермеу үшін жауаптылар бірқатар нысандардың жұмысын уақытша тоқтатқаны баршаға мәлім. Ал, елдегі жағдайға қарамастан кімдерге қызмет етуге рұқсат етілгендігі қызу талқыға түсіп жатыр. №5 қаулы да қандай нысандардың жұмысын жалғастыратыны 5.1 п... |
Толығырақ... Оқылды: 243 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2020 |
ТЖ кезінде салықтық рақымшылық жарияланды |
Елімізде кеселдің кең таралуына байланысты мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай енгізгені белгілі. Осы ретте Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті президент жарлығының аясында бір қатар жеңілдіктер енгізген. Шағын және орта бизнес өкілдері 20 - 31 наурыз аралығында салықтан босатылды. Сонымен қатар, Үкіметтің 27.03.2020 жылғы №141 қаулысына сәйкес 2020 жылға туризм, қоғамдық тамақтану және қонақ үй қызметі саласында қызмет атқаратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін "0" коэффициенті белгіленген. Және де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшінде жеңілдік қарастырылған. Ал, 27 наурыздан бастап 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде азық-түлік тауарларының тізіміне енгізілген тауарларды сату мен әкелу үшін төленетін құн салығын 8% мөлшерлемесімен өтейді. Аталған тізім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген және 19 атаудан тұрады: Бірінші сортты бидай ұны, Бірінші сортты ұннан жасалған б... |
Толығырақ... Оқылды: 210 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2020 |