ӘЛЕУМЕТ
Текелі: Өрлеу жолындағы игі істер |
Жер әсемі Жетісудың қай өңірін алмасақта өзіндік ерекшелігі бар. Көркем табиғаты көздің жауын алатын шаһардың бірі Текелі қаласы. Талдықорған қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан бұл қала күннен күнге көркейіп келеді. Ал, осы жеткен жетістікті ары қарай ұлғайту үшін қала басшысы Бахтияр Өнербаев бірқатар міндеттерді алға тартып отыр. Бұл туралы « Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Бахтияр Әлтайұлы өзі басшылық ететін қаланың тұрғындары мен қонақтарының назарына «Текелі қаласының он міндетін» ұсынды. Текелі қалшығын бес саусақтай білетін әкім мырзаның айтуынша, қала ішінде қоғамдық жерлерде, көшеде, аулада құқық бұзуышылықтар орын алады екен. Осыған орай аталған кемшіліктерд жою үшін он нақты міндетті қадап көрсетіп отыр. Олар мынандай: 1. Текелі – қауіпсіз қала! Мұндағы басты мақсат шаһардағы барлық қылмыс атаулының тамырына балта шабу. Ол үшін жауапты құзырлы органдармен бірлесе отырып кеселдің а... |
Толығырақ... Оқылды: 290 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.02.2020 |
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Жетісу өңіріне келді |
Өнер атаулының ішіндегі ең биігі – театр. Мәдениеттің ошағы саналған алтын орда ел руханиятына қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда бағыттары саналуан театрлар бар. Оның ішіндегі дарасы «Алатау» дәстүрлі өнер театры. 2016 жылы тамыз айының 18-ші жұлдызында Алматы қаласының 1000 жылдығына, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай театр есігін айқара ашты. «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ғимараты Алатау ауданы, Нұркент ықшам ауданында орналасқан. Театрда 724 орындық концерт залы, қосымша 154 орындық қызыл және 98 орындық көк залы бар. Озық архитектуралық үлгідегі, заманауи технологиялармен жабдықталған нысан 2014 жылы Алматы қаласының индустриалды-экономикалық даму бағдарламасы негізінде бой көтерген. «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дәлел Зейнешұлы болса, мәдени орданың бас режиссеры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, белгілі актер Ерлан Біләл. Аталған... |
Толығырақ... Оқылды: 270 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.02.2020 |
Этносаралық келісім – ел тұрақтылығының кепілі |
Берекені көздеген ел, мерекелі тірлік кешудің сан тараулы жолдарын білген. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық - біздің ең маңызды байлығымыз! Еліміздің басты қорғаушы күші - қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтауды қазақ халқы басты назарға алған. Қазақстан халқының бірлігі біздің берік достығымыз бен тұтастығымыздың, адал ниетіміз бен мақсат-мүддеміздің бірлігінің символы. «Қазақстан» деген қара шаңырақтың астында 130-дан астам ұлт пен ұлыс өмір сүреді. Олардың ортақ мәмілеге келуі ел ертеңі үшін аса маңызды. Ұлтаралық тыныштықты бір тезге салып, береке мен бірлікті ұстап қалу үшін 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, этносаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылған еді. Сол уақыттан батсап Ассамблея біздің ортақ үйіміз - Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрс... |
Толығырақ... Оқылды: 289 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.02.2020 |
Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының артықшылықтары қандай? |
«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыс ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары жан-жақты талқыланып келеді, деп хабарлайды «Jetisy Media» ҚазАқпарат ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Жаңа заңның қабылдануы қолданыстағы заңнамалық базаның ескіруімен байланысты болды. Атап айтқанда, жаңа заңда жиналысты өткізу туралы хабарлау рәсімі алғаш рет қолданылады. Талқыланып жатқан құжат бейбіт жиналыс өткізуді мақұлдау процесін еркін ырықтандыруға мүмкіндік береді. Заң жобасында бейбіт жиналыстарды тек хабарлау тәртібімен пикет түрінде өткізу мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен бірге, хабарлама беру тәртібі уәкілетті органнан қандай да бір жауап немесе келісім алмай-ақ, 250-ден көп емес адам қатысатын жиындарды өткізу үшін қарастырылған. Бейбіт жиналыстар, демонстрациялар, шеру... |
Толығырақ... Оқылды: 301 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.02.2020 |
Табиғатты қорғау саласында 365 заң бұзушылық анықталған |
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды, шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында экологиялық нормативтік талаптардың сақталуы қоғам үшін аса маңызды. Сол себепті Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады. Ел аумағы бойынша экологиялық мәселелер шаш-етектен. Мұндай жағдаяттар Алматы облысында да кездеседі. Мәселен, облыстағы елді мекендеріндегі коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу мәселесі, жерді қашықтықтан зондтау (Геопортал) жүйесі арқылы анықталған заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары бірінші орында тұр. Бұдан бөлек Панфилов уран кен орнының радиоактивті үйінділерін жою мәселесі де басты назарда. Сонымен қатар, Кербұлақ ауданының Сарыөзек кентінде, Ескелді ауданының Қарабұлақ кентінде және Қапшағай қаласының Заречное ауылында кәріз жүйелері мен тазарту құрылғыларының апатты жағдайы эколог мамандарды алаңдатып отыр. Жоғарыда көрсетілген экологиялық мәселелер бойынша жергілікті атқар... |
Толығырақ... Оқылды: 260 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.02.2020 |
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жүгі ауыр |
Саясат сахнасында тәуелсіз ел ретінде төбе көрсеткен Қзақстанда егемендік алған жылдардан бері екі президент елдің көшін бастағаны белгілі. Танымы терең халқымыз тағдыршешті саяси науқанда тарихи таңдауын жасап, жаңа Президент ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлады. Мемлекет басшысы сайлауалды бағдарламасында ел іргесінде орнаған тыныштықты нығайтып, өркендеу мен өрлеу жолында тыңнан түрен салып, дамыған қоғам құруға бас-тайтынын айтты. Осы ойын жүзеге асыру мақсатында Қысм-Жомарт Кемелұлы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды. Бұл бастама түйткілді мәселелердің түйінін тарқататын, халықтың озық идеялары мен ұсыныстарын бір арнаға тоғыстыратын алаң болады деп мәлімдеген еді. Президент әділдіктің үстемдік құруын талап еткен халықтың мәселелері шындыққа жанасатынын жоққа шығармай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі осы бағытта жұмыс істейтінін жария еткен болатын.Ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықтың салтанат құруы бұл –ілгері жылжудың алғышарты. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің басты мис... |
Толығырақ... Оқылды: 218 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.02.2020 |
Болашақ өз қолыңда! |
«Party food» қоғамдық тамақтану орталығының ұйымдастыруымен « Өз өзіңді жаса!» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Шараға қаламыздағы Н.Ә.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі, Абай атындағы №1 білім ордасымен №9 мектептің 11 сынып оқушылары қатысты. Аталған семинардың басты мақсаты мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға қатысты кәсіби бағыт-бағдар беру болып табылады. Өмірдің жол айрығына келген бозбала мен бойжеткен үшін мамандық таңдау жауапты шаруа. Білігі мен білімін тоғыстыратын белгілі арнаны таппай жүрген қыз-жігіттерге тренингтің берері мол. Семинарды ұйымдастырушы компанияның жанынан құрылған «Бақыт » департаментінің психологтары Талдықорған қаласындағы «Party food» қоғамдық тамақтану орталығының бас ғимаратында жиналған жастармен кәдеге жарар құнды кеңестерімен бөлісті. Түрлі ойындар ойнату арқылы оқушылардың топпен жұмыс, ұйымдастыру қабілеттерін тексерді. Сонымен қатар, ойын ойнату арқылы ел тізгінін ұстар ж... |
Толығырақ... Оқылды: 253 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.02.2020 |
Шетелдік нөмірлермен автокөлікті уақытша тіркеу автокөлік иелерінің барлық мүліктік құқықтары мен мүдделерін ескереді |
ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев атап өткендей, ЕАЭО елдерінде сатып алу-сату шарты бойынша жеке меншікке автокөлік сатып алған, бірақ Қазақстанда сенімхат бойынша басқарушылар автокөліктерді ЕАЭО елдерінде есептен алып тастауға және осы бір жолғы акцияны пайдалануға мүмкіндік бар , деп хабарлайды «Jetisy Media» ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Бұл үшін азаматтар мамандандырылған ХҚКО-на келіп, қажетті құжаттар пакетін ұсынуы қажет. Бұл автомобильдерге арнайы түрдегі (сары түсті) және сериядағы (18 цифрмен) мемлекеттік нөмірлер беріледі, ал техникалық паспортқа аталған автокөлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі енгізіледі. Мұндай автокөлікті ҚР ІІМ базасында тіркеу жол қозғалысы ережелерін бұзудан алдын алу, тежеуші фактор болып табылады. Мұндай автокөлік иелерін жедел сәйкестендіру оларға ЖҚЕ жазасыз бұзуға мүмкіндік бермейді, бұл өз кезегінде ел жолдарындағы қауіпсіздікті арттырады, сондай-ақ жол-... |
Толығырақ... Оқылды: 249 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2020 |
ХҚО-ға барарда алдын ала кезекті брондауға болатынын білесіз бе? |
Қазір ХҚО-да кезекте тұрып, уақытыңызды жоғалтпау үшін ХҚО-ға барарда алдын ала кезекті брондауға болатынын білесіз бе? ❗Бұл қызмет egov.kz электронды порталы және телеграм бот EgovKzBot2 арқылы қолжетімді. Ол үшін: ✅Еgov.kz электронды порталына кіріп немесе телеграм бот EgovKzBot2 арқылы «ХҚО-ға кезекті брондау» тетігін басыңыз; ✅өзіңізге ыңғайлы, жақын орналасқан ХҚО бөлімін таңдаңыз; ✅ЖСН нөмірін енгізіңіз; ✅«Келуді жоспарлау» тетігін басып, тізімдегі қажетті қызметті таңдап, келу күні мен уақытын көрсетіңіз; ✅Соңында кезекті онлайн брондаудың өткені жөніндегі хабарлама келуі тиіс. ❗ХҚО-ға келгенде жеке куәлігіңіз бен бронь нөмірі бар талонды ұсыну жеткілікті. #менсияқтыжаса #цифрлыҚазақстан |
Толығырақ... Оқылды: 244 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2020 |
Үшінші тұлғаларға анықтамаларды онлайн қалай алуға болады |
Egov.kz порталынан Үшінші тұлғаларға анықтамаларды онлайн қалай алуға болады? ✅Өз атыңыздан үшінші тұлғаларға мәліметтерді көруге рұқсат беру үшін мәліметтерді сұратушы тарап порталда авторизациядан өтіп немесе тіркеліп, қызметке онлайн тапсырыс беру батырмасын басуы керек; ✅Сұрау жасатқан тарап сіздің ЖСН-ініңізді енгізуі қажет; ✅Берілген анықтамалар мен қызметтер ішінен «Мекенжай мәліметтерін сұрату» қызметін таңдап, ЭЦҚ-мен немесе смс-пароль көмегімен қол қоюы керек; |
Толығырақ... Оқылды: 243 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.02.2020 |