ӘЛЕУМЕТ
«БЖТ: Бейресмилер үшін жаңа тәртіптеме |
Еңбекші ауылдық округінде «Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ): бейресмилер үшін жаңа тәртіптеме» атты ауыл тұрғындары арасында насихаттау жұмыстары өткізілді. Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) режимі формальды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді . Табыс табу мақсатында бейресми кәсібін жүргізіп отырған, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбай, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін немесе олардың жұмысын атқаратын, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер болып танылады. Жаңа тәртіптемені «Бірыңғай жиынтық төлем» енгізу деп ұғынған абзал. БЖТ жобасы Үкіметте сәуірде-ақ таныстырылған болатын, әйтсе де ол кезде қоғамда мұны онша жағымды – «өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға салық» ретінде – қабылдай қойған жоқ. Шындығында, бұл – азаматтардың белгілі бір санатына арналған салықтық тәртіптеме.... |
Толығырақ... Оқылды: 414 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.08.2019 |
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ |
Еліміздің ішкі саясатының тұрақты болуы әр саладағы даму кезеңінің берік кепілі. Елбасы Н.Назарбаев орнатқан саясаттың негізгі мақсат-мүддесі еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтере отырып, әлемдік деңгейдегі дамыған елдердің қатарынан орын алу. Дау жоқ, жер-жердегі ішкі саяси ахуалдың тұрақты болуы уақыт ағымына сай ілгерілей түсуімізге бірден-бір дәнекер. Шындығында біздің ішкі саясатымыз экономика, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге негізделген. Жалпы, облыс көлеміндегі ішкі тұрақтылық пен ішкі саясаттың орнықтылығы жөнінде Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жаңыс Сапарғалиевтың қатысуымен аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында дөңгелек үстел өтті. Бұл жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, округ әкімдері мен бөлім, мекеме басшылары қатысты. «Негізгі міндетіміз – жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру болып табылады» деп, сөз бастаған Жаңыс Құдайбергенұлы қоғамдық-саяси ахуалдың алдын-алу шараларын т... |
Толығырақ... Оқылды: 392 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.08.2019 |
«Doing Business» рейтингісінің «Кәсіпорындарды ашу» индикаторы бойынша семинар өткізілді |
7 тамызда аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының мәжіліс залында Көксу аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінің «Кәсіпорындарды ашу» индикаторы бойынша семинар өтті. Бұл жиынға «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Көксу ауданы бойынша филиалының басшысы Айдос Мүлікбай, аудандық Әділет басқармасының басшысы Айтжамал Шегебаева, аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің бас маманы Қанат Сенадилов пен кәсіпкерлік бөлімі және жас кәсіпкерлер қатысты. Іс-шараның мақсаты – азаматтарға жеке кәсіпкерлік субъектілерін электронды тіркеу жолдарын түсіндіру. Кездесу барысында, Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінде еліміздің ұстанымын жақсарту мақсатында «Кәсіпорындар ашу» индикаторы бойынша аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар реті таныстырылып, кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту туралы тиімділігі, орта бизнеске ин... |
Толығырақ... Оқылды: 498 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.08.2019 |
ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ АУДАНДА |
Елбасының ұсынған «Құтты мекен» жобасы аясында партиялық бақылау комиссиясы аудан орталығына рейд жүргізді. 6 тамыз күні «Nur Otan» партиясы жанындағы партиялық бақылау қызметінің басшылығы жұмыс барысымен ауданға келді. Сапар барысында Балпық би ауылындағы салынып жатқан 50 және 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй құрылысының жұмыс қарқынымен танысты. Рейдке облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ермек Келімсейіт, филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, облыстық филиалдың партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Элеонора Талданбаева, аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халелов және аудандық партия бақылау комиссиясының төрағасы Орынхан Нұртаев қатысты. Нысандарды аралау барысында Ғалиасқар Төлендіұлы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысының және жолдардың орташа жөнделуіне баса назар аударып, мердігер мекеме басшыларына тапсырма да берді. Көпқабатты үйлердің құрылысына жауапты аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қажым... |
Толығырақ... Оқылды: 425 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.08.2019 |
Талдықорған қаласының әкімі 525 балаға қол ұшын созды |
Талдықорған қаласының әкімдігі мен «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қорының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Меморандумда аталған қоғамдық қордың көмегімен Талдықорған қаласының аумағындағы аз қамтылған, мүгедек, жетім және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсетілетіні айтылған болатын. - Құрметті қауым! Біз қасиетті мереке қарсаңында осындай қайырымдылық шарасын өткізуді жөн көрдік. Бұл акция Талдықорған қаласы әкімдігі мен «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қоры арасындағы ортақ келісім аясында іске асып отыр. Біз меморандумға қол қояр кезде көмекке мұқтаж жандарға 5000 мыңға дейін киім таратамыз деп келіскен болатынбыз. Қазіргі уақытта келісілген киімдердің 2600 данасы Талдықорған қаласына келді. Бүгін соның алғашқы легінде 525 балаға таратқалы отырмыз, - деді сөйлеген сөзінде қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов. Бұл көмек Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және а... |
Толығырақ... Оқылды: 369 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.08.2019 |
Жас жұптар жарысқа түсті |
Елбасы Н.Назарбаев жариялаған «Жастар жылы» аясында кейінгі толқын өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынасты бекіту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаздың жайма-шуақ күндерін көңілді өткізу және айдынды Алакөл ауданының туризм саласын дамыту мақсатанда Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Alakol TV» ақпараттық-танымдық телестудиясының ұйытқы болуымен көл жағалауында орналасқан Ақши ауылы, «Аяжан» демалыс орнында «Alakol Life» реалити-шоуы жалауын желбіретті. Аталмыш іс-шараға Алматы, Талдықорған қалалары мен Алакөл, Сарқан аудандарының жұптары қатысты. Олардың басты міндеті бір-бірлеріне деген сенім мен сезімнің арқасында байқаудың бас жүлдесін иемдену болды. Үш күнге созылған шараның әр тәулігі таңғы жаттығумен басталды. Бұл алдағы сайыстарға сақадай дайындық пен сергектік сыйлау үшін жасалған дүние. Жұптар арасындағы жарыс екі кезеңге бөлініп, қатысушылар алдымен демалыс орнының аумағында сайы... |
Толығырақ... Оқылды: 367 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.08.2019 |
Ескелді ауданында 4 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады |
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бірінші бағыты бойынша көпбалалы жанұяларға тұрғын үй сатып алу үшін Ескелді ауданына 50,0 млн.теңге бөлінген болатын. Оның ішінде 34,0 млн.теңге республикалық, қалған 16,0 млн.теңгесі облыстық бюджеттен. Аталмыш бағдарламның аясында Ескелді ауданына қарасты Қарабұлақ, Сырымбет, Бақтыбай, Ақын Сара ауылдарынан көпбалалы отбасыларға 4 тұрғын үй берілді. Аудан әкімі Рауан Рақымбеков баспаналы болған отбасыларды қуаныштарымен құттықтап, 5 бала өсіріп отырған ана Бибігіүл Бектурова, 4 бала тәрбиелеп отырған Аида Молдыбаева, 6 бала тәрбиелеп отырған Жанар Акилбаева және 5 бала өсіріп отырған Каукер Каримова атты көпбалалы аналарға үйдің кілтін табыстады. Үлкен қуанышқа жетіп отырған отбасылар аудан әкіміне алғыс айтып, жауапты жұмыста табыс тіледі. |
Толығырақ... Оқылды: 309 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.08.2019 |
Алматы облысының кәсіподақ орталығының белсенділігі артып келеді |
«Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Төрт жыл ішінде аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының құрметті ұйымдарының бірі болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚР Кәсіподақтар федерациясының құрылымындағы көшбасшылар үштігіне енді. Тәжірибесі мол орталық үнемі іздену үстінде және кәсіби өсуді, дамуды көздейді. Қазіргі уақытта кәсіподақтар – үкіметтік және бизнес өкілдерімен бірлесе заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруда жұмыс жасап келеді. Еліміздегі кәсіподақ жүйесіне оң өзгерістер еніп, жұмысы жаңа форматта жүргізіле бастады. Алматы облысының кәсіподақтар орталығы – облыстағы азаматтық қоғамның маңызды бөлігінің бірі. Орталық құрылғаннан бері мекемелердегі еңбек ұжымдарын кәсіподақ қозғалысына тарту, жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру, жұмыс жасап жатқан кәсіптік одақтардың қызметтерін ретке келтіру бойынша жұмыстар жасалуда. Бүгінгі таң... |
Толығырақ... Оқылды: 359 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.08.2019 |
Дүрия жамылған Көлсай |
Алматы мен Талдықорған қаласынан тур операторлар мен баспасөз өкілдерінің қатысуымен «Солтүстік Тянь-Шанның інжу-маржаны» саналатын Көлсай мен Қайыңды көліне ақпарат туры өтті. Шараны Алматы облыстық туризм басқармасы мемлекеттік мекемесінің облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы МКҚК ұйымдастырды. «Qazaq Travel» компаниясының өкілі Жандос Нуриев бастаған ұйымдастырушылар 2 күн бойы жол бастап, Көлсай мен Қайыңдының көркем тәбиғатын көрсетіп, Саты ауылының тарихынан сыр шертіп, қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырды. Айта кетерлігі, облысымызда курорттық аймақтардың инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қызу жүріп жатыр. «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи саябағына өткен жылы тақтайдай тегіс тасжол төселді. Ол өз кезегінде туристер санының артуына оң әсер еткен. Мәселен, осыдан 10 шақты жыл бұрын Көлсайға бір жылда 6 мыңдай саяхатшы атбасын бұрса, қазір күніне мыңдаған адам келіп-кетіп жатыр. Осы жөнінде кеңінен баяндаған парк директор... |
Толығырақ... Оқылды: 451 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.08.2019 |
Берік Уәли: Күн тәртібінде – ашықтық және қоғаммен кері байланыс |
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне 4 айдан асты. Жалпы, өзіңіз де білесіз, ақпараттық кеңістікте қалыптасқан дәстүр бойынша, үш айдың ішінде атқарылған шаралардың қорытындысы жасалатын еді. Алайда, жаңа Президенттің 100 күндік жұмысы жөнінде көп ресми ақпарат жарияланбады. Мұның қандай да бір себебі болды ма? Әлде Президенттің өзі айтпақшы, сөзден гөрі нақты іске ден қойды ма? – Ең алдымен, тәуелсіз Қазақстанның тарихында екінші президенттің сайлануы – еліміз үшін үлкен тарихи кезең. Өздеріңіз де куә болдыңыздар, барша халықтың алдында ант бергеннен кейін Қасым-Жомарт Кемелұлы Мемлекет басшысы ретінде бірден жұмысқа білек сыбана кірісіп кетті. Міне, сол уақыттан бері көптеген маңызды іс-шаралар атқарылды. Халықаралық кездесулер өтті, өңірлерді аралады, шетелдерге сапарлады, келіссөздер жүргізді. Президент қызметінің 100 күндігіне қатысты ресми БАҚ-та мақалалар жарияланып, телеарналарда сюжеттер беріліп жатты... |
Толығырақ... Оқылды: 329 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.08.2019 |