ӘЛЕУМЕТ
ШЕТЕЛ. ЖЕТІСУЛЫҚ ЖУРНАЛИСТ ТҮРКИЯДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ |
Түркияның Анкара, Ыстамбұл және Анталиядағы дипломатиялық өкілдіктерінде сайлау уческелері жұмыс істеді. Ондағы науқан да жоғары деңгейде өтуде. Осы ретте, шетелде жүрген жетісулық әріптесімізден Түркиядағы сайлау қызығын сұрап білдік. "Өз елімдегі әрбір жаңалықты сізердің "Жетісу" газетінің желілік басылымынан оқып-біліп отырамын. Бұл жолы елдегі саяси науқанға қатысты да уақытылы ақпарат алып отырдым" деген Жансая Биқұрман ертемен барып өз таңдауын жасағанын жеткізді. "Мен үшін Қазақстанның саяси өміріндегі әрбір жаңалық маңызды. Себебі, Түркияның өзінде жергілікті халық кейде "түркінің қарашаңырағы" дегенде кеудемді мақтаныш билейді. Тіпті, сол адамдардың сол сөзді еш пафоссыз айтып тұрғанына көзім жететін. Енді, міне, сол ыстық Отанда тағы бір тарихи сәтке куә болып отырсыздар. Мен де өз таңдауымды жасадым", - дейді ол. Айта кетейік, аталмыш қалаларда 2 мыңға жуық жерлестеріміз дауыс беруге тіркелген. |
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Бүгін ел ертеңі үшін маңызды күн. |
Бүгін ел ертеңі үшін маңызды күн. Халықтың сайлауға қатысу белсенділігі жақсы. Жасы жүзден асқан Ақсу ауданындағы жалғыз Ұлы Отан Соғысы ардагері Гаврил Степанович Моисеев, өз таңдауын жасап, дауыс берді. Ғасыр жасаған қария ел үшін маңызды істен шет қалмады. Қапал ауылының тұрғынының үйіне арнайы құрылған комиссия мүшелері барды. Гаврил Степанович тұрғылықты мекен жайы бойынша үйінен дауыс берді. «Сайлау бұл ел үшін аса маңызды шара. Елдің болашағы үшін әрбір қазақстандық сайлауда өз дауысын беруге міндетті. Бұл ел ертеңіне деген сенімімізді нығайтады.»,-дейді ҰОС ардагері Гаврил Моисеев. Естеріңізге саламыз Ақсу ауданында 44 сайлау учаскесі жұмысын жалғастыруда. |
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Сайлауға қатысу менің теңізге тамшыдай болса да қосқан үлесім. |
Джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Үкілай Ахметуәлиқызы бүгін медальдарын мойнына тағып, ерекше сән-салтанатпен тұрғылықты мекенжайы бойынша Текелі қаласындағы №441 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. «Мен қазір Текелі қаласындағы Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде джиу-джитсудан жаттықтырушы болып жұмыс істеймін. Жасым 22-де. Сайлауға қатысып, дауыс беруді азаматтық міндетім деп санаймын. Спортшылар қауымы да еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Сайлауға қатысу менің теңізге тамшыдай болса да қосқан үлесім. Жаңарған, дамыған, әділетті Қазақстанда өмір сүргіміз келсе, бәріміз жұмыла үлес қосқанымыз дұрыс», – деді Үкілай. |
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Талдықорғандық жас отбасылар дауыс берді |
Эковолонтер, облыс әкімінің Көшбасшы- Үздік жас саясаткер номинантының иегері, әрі қаламыздың жас белсенді азаматы Ғазиз Аманжол 418 учаскеде отбасымен келіп, дауыс берді. Отасқанына 1 жыл толған отбасы саяси шараларда әрдайым белсенді. Кезектен тыс өткен Президент сайлау мен референдум барысында да өз азаматтық парыздарын орындаған белсенді отбасы. |
Толығырақ... Оқылды: 71 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың ақсулық аттасы еліміздегі елеулі оқиғадан тыс қалған жоқ, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі. |
Ел үшін әрбір адамның дауысы маңызды. Мейлі ол ақын не әкім болсын. Екіаша ауылында қазақтың ғажайып ақыны мұзбалақ Мұқағалидың жырын жатқа оқитын Мұқағали Мақатаев есімді азамат тұрады. Бүгін елімізде орын алып жатқан саяси науқанға өз үлесімді қоссам деген ниетпен, ертемен келіп Жаңа Қазақстанды құру жолындағы таңдауымды жасадым,- дейді М.Мақатаев. Аты-жөні алып ақынды еске түсеретін ауыл азаматы өзі де өлең-жырдан кенде емес. |
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Көксу аудандық мәдениет қызметкерлері ән шашуын шашты. |
Көксу ауданындағы №235 сайлау учаскесінің алдына "Ұлыстың ұлы" күні наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатқан саяси науқанда сайлау учаскесіне келушілерге Көксу аудандық мәдениет қызметкерлері ән шашуын шашты. |
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
"Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" қағидаты толық іске асады. |
Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы мемлекеттік билік институттарын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Осылайша, "Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" қағидаты толық іске асады. Көксу ауданының “Құрметті азаматы” атағының иегері Болат Жұмаханұлы |
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
ЖЕТІСУДА КӨКПАРШЫЛАР СӘЙГҮЛІКТЕРІМЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ |
Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылының көкпаршылары атпен №147 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Өз таңдауын жасауға ат ауыздығымен алысқан 20-дан астам көкпаршы келді. Көкпаршы Қайрат Тоғысбаев: «Жылқы десе елеңдемейтін қазақ жоқ. Біз көкпаршылар атынан жастарға үлгі болсын деп сайлауға ерекше, дәстүрлі түрде жылқымен келдік. Еліміз үшін аса маңызды саяси науқанда әр адамның дауысы маңызды», - деп сайлауға қатысушыларға ұлттық рух сыйлады. Аттың құлағында ойнайтын азаматтар жұртшылықты дауыс беруге шақырды. «Жаңаталап ауылындағы сайлау учаскесінде 1000-ға жуық дауыс беруші бар. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі өз таңдауын жасады. Барлығы әділ өтіп жатыр, ешқандай тәртіпбұзушылық болған жоқ», - дейді сайлау учаскесінің төрағасы Шолпан Арпабаева. |
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Көпбалалы отбасы үшем ұлдарымен бірге келіп дауыс берді |
Алдабергенов ауылында тұратын Имангабуловтар отбасы № 110 сайлау учаскесіне үшем ұлдарымен бірге келіп, дауыс берді. Бес баланың анасы Маржан Имангабулова бірде-бір сайлаудан қалып көрген жоқпын дегенді алға тартады. Тіпті балаларын да белсенді болуға үндеп, оларға үлгі көрсетіп келеді. Бүгінде сайлау учаскесіне екі жастан асқан үшем ұлдарын – Ернұр, Бекнұр, Алинұрмен бірге келіпті. «Сайлау учаскесіне ерте келіп, өз таңдауымызды жасадық. Осындай шешуші сәттен қалыс қалмай саяси науқанға қатысуға тиістіміз. Өйткені, мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға жиі көңіл бөлінеді. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын деген ниетпен таңдау жасадық», - дейді ауыл тұрғыны Маржан. |
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
ҚҰМАЙ ТАЗЫ – ТҮЗ ЫРЫСЫ! |
Саятшы жігіт саятшылық құрып жүрген жерінен келіп, ел болашағы үшін дауыс берді. Саятшы, атбегі Тайбосынов Қуаныш Наурызбекұлы Қоянкөздегі №198 сайлау учаскесінде Жаңа Қазақстан үшін өз таңдауын жасады. Атадан қалған кәсіпті жоғалтпай, бала кезінен айналысып келеді. Бойындағы жеті қазынаның бірі саналатын қазақы тазыларға деген қызығушылығы ерекше екенін жасырмады. Қазір 2 құмай тазысы бар. Сайлау учаскесіне «Лашын» және «Сұнқар» деген тазыларын ала келіпті. |
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |