ӘЛЕУМЕТ
Бейбіт Исабаев сайлауда дауыс берді |
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы №389 сайлау учаскесіне келіп, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан учаскеде таңдау жасаған Бейбіт Исабаев: - Бүгін мен өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, жүрегім қалаған саяси партияға және жекелеген кандидаттарға дауыс бердім. Сол арқылы Қазақстанның болашағы үшін, жас ұрпақтың ертеңі үшін таңдау жасадым, - деді ол. Жетісу облысында барлығы 458 сайлау учаскесі, 443 мыңнан астам сайлаушы бар. Учаскелер таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап жұмысқа кірісті. |
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Текеліде бір мезгілде Мемлекеттік Ту шеруімен велосипедшілер дауыс берді |
Текеліде бір мезгілде Мемлекеттік Ту шеруімен велосипедшілер дауыс берді Бүгін Текелі қаласындағы №445 сайлау учаскесінде велосипедші жастар патриоттық рухты көтеріп, өз таңдауларын жасады. – «Мемлекеттік Туға қарап, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысы оянып, жүрегіне патриоттық сезім ұялары сөзсіз. Біз жастарымызға үлгі-өнеге көрсету мақсатында бір мезгілде көк Туымызды желбіретіп, дауыс беруге келдік. Барша жерлестерімізді таңдауларын жасауға шақырамыз» – дейді Ынтымақ Әленбек. |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Менің дауысым маңызды. |
Осылай деген Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова бүгінгі саяси оқиғандан қалыс қалған жоқ. Жаркент қаласындағы №317 сайлау учаскесінде ең бірінші болып дауыс берді. Әрбір сайлаушы азаматтардың дауыстары маңызды екенін жеткізді. "Дауыс беру дегеніміз болашақ үшін таңдау жасадық деген сөз. Сондықтан менің де сіздердің де дауыстарыңыз маңызды. Бүгінгі сайлау өте ерекше болды. Жекелеген азаматтар додаға түсіп жатыр. Жаңа Қазақстанның көрінісі осы" деді дала аруы атанған апа. Бүгінгі таңда ауданда 78 дауыс беру учаскесі болса, 84 мыңнан астам тұрғындар дауыс беру құқығына ие. #ЕлҮшінТаңдау,#ӨзКандидатыңдыТаңда,#Сайлауғабарамын,#ЖетісуСайлау |
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Соғысқа да, сайлауға да барған ардагер |
Бүгін – тарихи күн. Сарқан ауданы Қойлық ауылының тумасы 98 жастағы соғыс ардагері Берлібек Ысқақұлы №365 сайлау учаскесінде ең бірінші болып дауыс берген сайлаушы болды. Ақсақал еліміздің жаңа дәуірге қадам басып, шалғай жатқан ауыл халқының үніне құлақ асатын жанашыр депутаттар сайлауда жеңіске жететіндігіне сенім білдіріп, ақ батамен жалғады. «Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей атсалысуымыз керек. Менің жасым жүзге таяп қалса да ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті», деді Берлібек ата. Айта кетейік, Жетісу облысында тіркеу қорытындысы бойынша барлығы 538 депутаттыққа кандидат тіркелді. Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Жетісу облыстық бірмандаттық аумақтық №17 сайлау округінен – 13 кандидат сайлауға түседі. Онда 1 – кандидат «Аманат» партиясынан, 12 – кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша... |
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
18 жасар Жетісу облысының тұрғыны өз дауысын берді |
Бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтуде. Өз таңдауын жасауға алғашқылардың бірі болып 39 сайлау учаскесіне таңдау жасауға келген жақында 18 жасқа толған Дәулетқызы Әмина өз дауысын берді. «Бұл күннің менің өмірімде алар орны ерекше. Бүгін ел ертеңі үшін өз таңдауымды жасап, келешекке қарай нық қадам бастым деседе болады» — дейді сайлаушы. Сайлау учаскелеріне алғашқы болып келіп, дауыс бергендерге естелік сыйлықтар табысталды. Жалпы ауданда 44 сайлау учаскесі бар, таңғы сағат 7:00 бастап өз жұмысын бастады. Ауданда 7000 жуық жастар бар. |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Алғашқылардың бірі болып түйе асыраушылар дауыс берді. |
Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында дауыс берушілер үшін барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады. Күн мен түн теңеліп, Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында өтіп жатқан саяси науқанда нөмірі 419 сайлау учаскесіне келушілерге бір топ азаматтар ән мен жырдан шашу шашты. Алғашқылардың бірі болып түйе асыраушылар дауыс берді. Олардың қатарында 35 жастағы Байзақов Ұлан бар. Ол соңғы 15 жыл бойы түйе асыраумен айналысып келеді. Ұланның айтуынша түйені асырау оңай іс емес, ал осындай қос өркешті төрт түлік малдың иесі болу бір ғанибет дейді. Аптаның демалыс күндері орталық саябақтарға шығарып, балаларға қуаныш сыйлау ол үшін үлкен бақыт. Ал қызмет көрсетіп тапқан қаражатын түйенің жем-шөбіне, дәрі-дәрмегіне жұмсайды. #ЕлҮшінТаңдау #ӨзКандидатыңдыТаңда #Сайлауғабарамын #ЖетісуСайлау |
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова таңғы 7:00 де өз таңдауын жасады. |
Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова таңғы 7:00 де өз таңдауын жасады. 12 құрсақ көтерген әже қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада ең бірінші болып дауыс береді. “Мен референдумда президент сайлауында да өзім келіп дауыс бергем. Бүгін міне тағы да келдім. Бұл менің парызым. Әркім осылай таңдау жасау керек. Елдің ертеңі жастар. Жасым 101-ге келді. Сондықтанжасымды берсін” деп кейуана батасын берді. Сайлау учаскесі ең бірінші болып дауыс берген әжеге құрмет көрсетіп, сыйлық жасады. |
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Өз таңдауыңды жаса! Сделай свой выбор! |
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2023 |
Сайлаушылар тізімдеріне енгізу |
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2023 |
Сайлаушылар тізімдеріндегі өзіңіз туралы деректерді қалай тексеруге болады? |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.03.2023 |