ӘЛЕУМЕТ

Аймақтық су айдындарында жыл басынан бері 14 адам суға кеткен

Жаздың ыстық күнінде адамдар өзендер мен көлдерге асығады. Салқын суға шомылу, ыстық құмда қыздырыну, көл немесе өзен жағасында серуендеу өте пайдалы. Мұндай демалыс кезінде су тек дос ғана емес, ол үлкен қауіп төндіретінін әрдайым есте ұстау керек. Тіпті тыныш су беті, айқын қауіпсіздікке қарамастан, қауіп-қатерге толы. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ғана облыстың су айдындарында 14 адам суға кетті (2020 жылы — 7 адам), оның ішінде 5 бала (2020 жылы — 2), 27 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала. Шомылу кезіндегі жазатайым оқиғалардың негізгі себебі-қауіпті жете бағаламау және қиын жағдайдан шыға алмау. Көбінесе адам жүзе алмағаны үшін емес, дүрбелеңге түскендіктен батып кетеді. Көбінесе қайғылы жағдайға мас болу, алыс қашықтыққа жүзу, дауыл ауа-райында шомылу, гипотермия, бұлшықет құрысуы, үрленетін жүзу құралдарының жарылуы, бала күтімінің болмауы, биіктіктен секіру сияқты себептер себеп болады. Судағы қауіпсіздікті медициналық пункт пен құтқару құралдары бар арнайы жа...
Толығырақ... Оқылды: 1502 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2021

Жастар-ел болашағы

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асатын жобаларға бөлінген қаржы көлемі 76 млн. теңгеге дейін жетіп отыр. 2020 жылы бұл сома 31 млн. теңгені құраған болатын. Қыруар қаржыға ауыз толтырып айтарлық 6 жоба іске асырылуда. Азаматтардың саяси белсенділігін арттыру мақсатында, жастар үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесе жұмыс атқарып отырған мекеме, Алматы облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Жетісу өлкесінде 1541 түлек, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім мекемесін тәмәмдапты. Дәл осындай, тар әлемнен даңғыл жол іздеп жүрген бозбала мен бойжеткендерге қолдау көрсету үшін «JAS QADAM» балалар үйлерінің түлектерін әлеуметтендіру және қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобасын жүзеге асыру қолға алынды. Аталған бастама текті халқымыздың "жетім көрсең, жебей жүр" деген тәмсілін басшылыққа алып жасалғандығын атап өткен жөн. "Болашақ - жастардың қолында" дегенді ескерген...
Толығырақ... Оқылды: 1548 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2021

2021 жылдың мамыр айында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша түскен жарналар 1,7 млрд. теңгені құрады

2021 жылдың мамыр айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгені құрады. Республика бойынша мамыр айында түскен жарналар сомасы (2021 жылғы 01-31 мамыр аралығында) 43,9 млрд.теңгені құрады. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, мамыр айында Алматы облысы бойынша 839,7 млн. теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 879,6 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады. МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы
Толығырақ... Оқылды: 1527 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2021

Алматы облысында коммуналдық кәсіпорындар мен әскери бөлімдер «Ashyq» жобасымен жұмыс істейді

Алматы облысында бірқатар коммуналдық мемлекеттік ұйымдар мен әскери бөлімдер қызметінде «Ashyq» жобасын енгізді. Мекемелер сандық жобаның ерікті қатысушылары болып табылады. Бұл туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов мәлімдеді. QR алған мемлекеттік кәсіпорындар арасында Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КМК, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімі» РММ, Іле ауданындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3660 әскери бөлімі» РММ, «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ. Облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Әсет Шаяхметовтың айтуынша, жобаға мәдениет және туризм нысандары белсенді түрде қосылуда. Қосымша бойынша Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы, Өтенай ауылының Мәдениет үйі, «Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ және басқалары жұмыс істейді. Жоба іске қосылған сәттен бастап өңірде...
Толығырақ... Оқылды: 1637 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2021

Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» кадр резервіне 24 адам іріктелді

«Азаматтарға арналған үкіметтің» кадр резервіне іріктеу 2021 жылғы 1 наурызда басталып, 30 сәуірде аяқталды. 1-12 наурыз аралығында тіркеуден өткен қатысушылардан жалпы 1873 өтінім келіп түсті. Президенттік кадр резервінің тәжірибесін ескере отырып, үміткерлер бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтті. Олар тест тапсырып, сарапшылармен сұхбаттасты. Қорытынды кезеңде үміткерлерді арнайы комиссия іріктеді, оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, БАҚ өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, HR-мамандар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесі мен басқармасының мүшелері кірді. Нәтижесінде Алматы облысы бойынша «Дарындылар пулына» 24 адам қабылданды. «Дарындылар пулы» жобасын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады, Мемлекеттік корпорацияда жұмыс істейтін қызметкерлердің жартысынан көбі жастар. Бұл жоба – ел жастарына қоғамдық жән...
Толығырақ... Оқылды: 1614 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.05.2021

Бала қауіпсіздігін сақтау - баршаға ортақ міндет

«Бала тәрбиесі - мемлекеттің негізгі міндеті». Ежелгі грек философы Платонның қанатты сөзі ҚР «Бала құқығын қорғау туралы» Заңның 24-бабында айқын көрсетілген. Бас құжатта «ата-ана немесе басқа да заңды өкілдер баланың жан-жақты дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын жасауға, баланы дұрыс тәрбиелеуге, оны күтіп бағуды жүзеге асыруға міндетті»,-деп жазылған. Қазіргі кезде ұрпақтың келешегінің кемел болуы үшін тек білім-ғылыммен айналысуына жағдай жасап қана қоймай, олардың жеке бас қауіпсіздігі басты назарға алынған. Соның айқын дәлелі, Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен баланың құқығын қорғау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында профилактикалық шараларды жүргізуі. Жыл басынан бері, департаментке балаларға қатысты 72 оқиға тіркелген, оның 45-і әлеуметтік желі арқылы келіп түскен. Департамент тарапынан 27 оқиға анықталып, шешімін тапқан болатын. Бұл өз кезегінде бала құқығын...
Толығырақ... Оқылды: 1583 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.05.2021

Құрметті отандастар!

Қасым-Жомарт Тоқаев: тарих сабағынан сабақ алып, осындай қайғылы оқиғалардың ешқашан қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Мемлекет басшысы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жасады, деп хабарлайды "Jetisý Media" Ақордаға сілтеме жасап. Құрметті отандастар! Бүгін, 31 мамыр – ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірін еске алу күні. Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы саяси қуғын-сүргін Кеңес Одағы дәуіріндегі миллиондаған азаматтың тағдырына таңба салды. Қазақстанда жүз мыңнан астам адам жазықсыз сотталып, оның төрттен бірі өлім жазасына кесілді. Еліміздің аумағында он бір еңбекпен түзеу лагері болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қасірет мекені КАРЛАГ пен АЛЖИР-де тоталитарлық жүйенің шексіз қатігездігін үнемі еске салып тұратын тарихи мемориалды кешендер ашылды. Зұлмат заманда тұтас халықтар қудалауға түсті. Туған жерінен зорлықпен көшірілген бес миллионға жуық адам қасиетті...
Толығырақ... Оқылды: 1550 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.05.2021

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛҒА ЖӘРДЕМДЕСКЕН АДАМДАР АҚШАЛАЙ КӨТЕРМЕЛЕНДІ

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев Antikor Ortalygy алаңында өткен брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдар қалай ынталандырылатыны туралы айтып берді. Жандос Жұмабаев бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы жұмыстың пәрменді тетіктерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу болып табылатынын атап өтті. Өз кезегінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу: 1) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлау; 2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру болып табылады; 3) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды. 2020 жылғы 15 ақпаннан бастап сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлағаны үшін сыйақының сараланған жүйесі жұмыс іст...
Толығырақ... Оқылды: 1553 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.05.2021

Қаржылық оңалту: «борышкерлерге берілген бір мүмкіндік»

Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша оңалту рәсімінде 41 млрд.теңгеден астам жалпы берешегі бар 18 кәсіпорын бар, оның ішінде салықтар бойынша берешектері 1 млрд. теңгені құрайды. Дәл осындай, төлем қабілеті төмен, жұмысы тоқыру үстінде тұрған кәсіпорындардың екінші тынысын ашуға ықпал ету, ҚР қолданысындағы «оңалту және банкроттық туралы» заңнамасында қаржылық оңалту рәсімін іске асыру көзделген. Заң шеңберінде оңалту рәсімі – сот тәртібімен қолданылатын рәсім, оның аясында борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдастыру-шаруашылық, басқару, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар қолданылады. Оңалту рәсімін қолданудың ерекшелігі, оны енгізген сәттен бастап берешектің барлық түрлері бойынша, оның ішінде банктік қарыздар мен салықтар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептеу тоқтатылады. Яғни, кәсіпорынның барлық қолда бар берешегі бекітілген...
Толығырақ... Оқылды: 1578 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.05.2021

Ұлттық халық санағы қалай өтеді?

«ҚАЗАҚСТАНДА ӘР КІМ МАҢЫЗДЫ!» деген ұранмен ұлттық халық санағы өткізіледі.Қазақстан Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес 2021 жылғы халық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында өтеді. Ұлттық халық санағы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі осы жылы маусым айының 1 мен 30 аралығында өтеді. Бұл кезде интервьюерлер тұрғындардың нақты санын анықтау мақсатында әрбір елді мекенді аралап шығады. Бұл кезеңде аудандастыруға дайындық жүргізіледі Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша халық санағының 1 кезеңін өткізу үшін 90 нұсқаушы-бақылаушы және 585 интервьюерлер лауазымына штаттан тыс қызметкерлермен келісім-шарт жасалып жұмысқа тартылып, олармен оқыту семинарлары өткізілді. Нұсқаушы-бақылаушылар 25 мамырдан бастап 8 шілдеге дейін 45 күн , ал интервьюерлер 1 нен -30 маусымға дейін 30 күн жұмыс істейді. Айта кетейік, ұлттық халық санағы 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін, 45 күн онлайн форматта өтсе, ал интервьюерлер 1-30 қазан аралығында планшетпен аралай...
Толығырақ... Оқылды: 1504 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.05.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.