ӘЛЕУМЕТ

«Өзін-өзі тану» пәнінің тәрбие саласына тигізер маңызы

Мектеп – халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. «Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы - қаһарман», осылай екендігін тарих шежіресі көрсетіп отыр. «Бала тәрбиесі» киелі ұғым, онымен адам тағдыры шешіледі, ал білім тәрбие арқылы сіңеді. Егемен елдің келешегі – кемел біліммен ұлағатты тәрбиеге байланысты. Өскелең елдің болашағы оның жас ұрпағының білімділігі мен тәрбиелілігімен өлшенетіні бүгінгі таңда ақиқатқа айналып отыр. Білім берумен қатар саналы тәрбие беру- қоғамдық процесс, ол арқылы алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік маңызды тәжірибесі кейінгі ұрпаққа беріледі. Оқыту мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, тәрбие беру -баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Білімді жас ұрпақ тәрбиелеу тек қағидалармен шешілмейді. Мектеп қабырғасынан шыққан жас ұрпақ -білімді, мәдениетті, тәрбиелі болуы қажет, яғни мектептің өзі жекелей алғанда өзге білім ордалар...
Толығырақ... Оқылды: 1722 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021

Өнер мен мәдениет егіз ұғым

Қай кезеңде де қай елде болмасын мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы, бағдарлы болашағының бастауы. Мәдениеттің өсуі – елдің өсуі, ұлттың өсуі. Тәуелсіздігіне тәубе етіп, Мәңгілік Ел болуды мұрат тұтқан халқымыздың рухани бай дүниесінің өлшемі мен өресі де осы мәдениет пен өнер шоқтығында жатыр. Өнер мен мәдениет егіз ұғым. Бір-бірінсіз жетімсіреп тұратындай. Мәдениеттің мәйегі өнер арқылы дәріптеліп, халықтың құлағына жетіп жатады. Осы орайда, төскейінде берекенің қазаны қайнаған, босағасына бақ пен береке ұялаған, ақындық пен жыраулықтың ақ бесігі саналған киелі Көксу жерінде де мәдениет пен өнерді дамыту саласында атқарылып жатқан игі істер – ұлттық дәстүрді дамыту, өнер мен мәдениеттің өмірмен өзектестігін бағамдау, өнерді өнеге тұтқан елдің рухани дүниесін байыту мақсаттарын көздейді. 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға аудандық Мәдениет және тілдер...
Толығырақ... Оқылды: 1676 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021

ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Отбасы қай заманда да дені сау қоғамның және мықты мемлекеттің негізі болып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасырда қазақстандық тату отбасында патриотизм, еңбексүйгіштік, жаңа қоғам құру құндылықтарымен тәрбиеленген тұтас буын өсіп келеді. Қазақстанның болашағы өзара сыйластық пен татулыққа ұйыған. Жақындарына жанашырлық жасаумен бірге өзгелерге көмегін аямайтын, әркім өзінің сүйікті ісімен айналысатын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан бірлік пен келісім құндылықтары сақталған отбасы деп сеніммен айта аламын. Еліміздің тірегі болған осынау құндылықтар әрдайым біздің байлығымыз болып қала бермек. Сексен жыл! Бар болғаны сексен-ақ жыл. Бір ғасырды шаршысына толтыру үшін әлі де жиырма жыл керек. Бірақ сол сексен жылдың өзіне қанша ғасырдың тақиясына тар келмейтіндей мәнді мазмұн сыйып тұр. Ақ жаулықты анамыздың мерейтойында айтылар лебізді мұндай әдетпен бастауым тіпті де тегін емес. Шынында да, есептесек осындай уақытты есептейік. Осыдан тұп-тура сексен жыл бұрын 17-мамырда Жарлы...
Толығырақ... Оқылды: 1630 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021

Мемлекет көмегімен кәсіп ашты

Көксу ауданында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жұмысы қарқынды. 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арнайы мемлекеттік грант та қарастырылған. Осы уақыт ішінде аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 297 адам өз кәсібін ашып үлгерген. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа қатысып, өз кәсібін бастаған жандардың бірі - Жандос Қанабатыров. -Мен бұған дейін шекара қызметіндегі әскери адам болған едім. Қазіргі уақытта запастағы аға лейтенантпын. Алакөл ауданында, Павлодар, Алматы, Қостанай, Қызылорда қалаларында қызмет еттім. Алайда, берекенің бастауы ауыл деген тоқтамға келіп, 2013 жылдың қазанында Балпық би ауылына келіп, осында нәпақамды табуға бел будым. Алғашында ата-анамның шаруаларына көмектесіп жүрдім. Кейін келе, мал шаруашылығына бір жола кірісіп кеттім. Осы салаға мемлекеттен қолдау кө...
Толығырақ... Оқылды: 1607 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021

Мемлекеттік қызмет көрсету - басты міндетіміз

Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысының саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда. «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» - деп атап өткен. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет. Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның і...
Толығырақ... Оқылды: 1496 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021

1 маусым балаларды қорғау күні

Балаларды қорғау күні, жаздың бірінші күні, ең көне халықаралық мерекелердің бірі, 1950 жылдан бастап бүкіл әлемде атап өтіледі. Оны өткізу туралы шешімді Халықаралық демократиялық әйелдер Федерациясы 1949 жылдың қарашасында арнайы сессияда қабылдады. БҰҰ бұл бастаманы қолдап, балалардың құқықтарын, өмірі мен денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыттарының бірі деп жариялады. Халықаралық балаларды қорғау күні-бұл, ең алдымен, ересектерге балалардың өмірге, пікір және дін бостандығына, білім алуға, демалуға және бос уақытқа, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтан қорғауға, адамгершілік және әділ қоғам қалыптастыру үшін қажетті жағдай ретінде балалар еңбегін қанаудан қорғауға құқықтарын сақтау қажеттілігі туралы ескерту. 1959 жылы БҰҰ Бала құқықтары декларациясын қабылдады, оған ата-аналарды, мемлекеттік органдарды, жергілікті билік пен үкіметтерді, үкіметтік емес ұйымдарды балалардың құқықтары мен бостандықтарын тануға және оларды орындауға ұмтылуға шақыратын мақалалар...
Толығырақ... Оқылды: 1611 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021

Бала — көңілдің гүлі көздің нұры

Қоғам болып қолпаштап, ата-ана болып әлпештеп жүрген аяулы балапандар - адамзаттың болашағы, өмірдің жалғасы, елдің ертеңі. Олар – тыныштық пен мейірімнің символы. Сондықтан олардың бақытты болуы үшін аянбау асыл іс. Сондықтанда жыл он екі айдан жанға жайлы жаз маусымының 1 – күнін Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде қарсы аламыз. Бұл күн тарихына қысқаша тоқталып өтетін болсақ, 1949 жылы Парижде әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы болып, онда балалар бақыты, әлем тыныштығы жайында талқыланады. Себебі екінші дүние жүзілік соғыстан соң балалар денсаулығы алаңдатарлық мәселелердің бірі болған. Соғыстан соң қараусыз қалған балалардың көз жасы мен зары әлем жұртшылығы назарын еріксіз өзіне аударған болатын. Сөйтіп 1950 жылдан бастап – 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіле бастады. Содан кейі, 1989 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы балалар құқықтары туралы Конвенция қабылданып, Бұл құжатқа бүкіл әлем балаларын қорғау туралы заң мен жобал...
Толығырақ... Оқылды: 1511 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021

ҚАШЫҚТАН СОҒЫЛҒАН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңыраудың күміс үні сыңғырлады. Биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған балдырғандар мен оқу жылы жалғасатын оқушылар үшін соңғы қоңырау жазғы демалыстың басталғанын білдірсе, алтын ұясынан түлеп ұшқан түлектер үшін шын мәнісіндегі «соңғы қоңырау». Жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өтетін бұл шара көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлайтыны да рас. Өйткені, ақ бантик таққан арулар мен ақ жейделі ұлдар барлық шаһарлар мен өңірлердің сәні мен мәнін келістіретіні сөзсіз. Алайда соңғы екі жылда пандемияға байланысты тарихи салтанатты шара ерекше сән-салтанатымен, яғни кішігірім форматта өтті. Ауданымыздың барлық білім ошағында соңғы қоңырауға тек 9-11 сынып оқушылары қатысса, қалғандары үшін бұл сәт онлайн режимінде өткізілді. Иә, эпидемиологиялық жағдайға байланысты соңғы қоңырау қашықтан соғылды. Аталған жағдайға байланысты аудан әкімі Алмас Әділ жас түлектер және барша мектеп оқушылары мен ата-аналарды соңғы қоңырау мер...
Толығырақ... Оқылды: 1517 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021

ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Жалпы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өздерінің әр Жолдауында үнемі бұқаралық спортты дамыту керектігін баса айтып, осы салаға жауапты министрлікке, қала, облыс әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп келеді. Мәселен, Қасым-Жомарт Кемелұлының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында елімізде бұқаралық спортты дамытуға байланысты кешенді бағдарлама қабылдау керектігін жеткізді. «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қол-жетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағытты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек»-, деді Мемлекет басшысы Қазақ...
Толығырақ... Оқылды: 1554 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021

Алматы облысында медициналық құралдармен, санитарлық автокөлікпен қамту деңгейі 90%-ға жетті

Медициналық қызметтің қолжетімді болуы және 2025 жылға дейін шалғай елді мекендерді де толық қамту үшін 109 нысан салу көзделген, соның 23-і биыл салынады, сол қатарда 20 блокты-модульді медпункттер де бар. Бұл жайында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтан қаласында өткізген брифингі кезінде айтты, - деп хабарлайды Jetisy Media. Спикердің айтуынша, денсаулық сақтау саласында 2020-2021 жылдары коронавируспен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 14 млрд. теңге бөлінді. Талдықорған қаласында қысқа мерзімде 200 орындық модульді инфекциялық аурухана салынды. 3 томограф, 18 рентген-аппарат, 219 ИВЛ, 180 жедел жәрдем машинасы, 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. «Соның нәтижесінде медициналық құрал-жабдықтармен және санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету деңгейі 90% көтерілді», - деді А.Баталов. Сондай-ақ баяндамашы қазіргі кезде халыққа вакцина егу жұмыстарының белсенді жүріп жатқанын, 410 мың доза вакцина алынғанын айтты. Бірінші компоненті 211 мың...
Толығырақ... Оқылды: 1494 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.